Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01406 Еңбек технологиясы және кәсіби бағдар в Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • қоғамдық қатынастардағы құбылыстар мен үдерістерге төзімді, әділетті қоғамдық сананың қалыптасуымен дүниеге көзқарасының шынайлылығы мен адалдығы рухани құндылық мәдениетінің бейнелену негізінде білім алушы тұдғаны дамыту, білім беру, тәрбиелеудегі педагогика және психология ғылымдарының іргелі және замануи теориялары мен тұжырымдамаларын философияның заңдарымен, әдіснамалық тұрғыларымен, қағидаларымен салыстыра үйлесімділігін анықтайды және түсіндіреді
  • білім алушылардың әлеуметтік, тұлғааралық қарым-қатынастарын, танымдық, тұлғалық дағдыларын, ұлттық құндылықтарын дамытуға, жеке дара қажеттіліктерін қанағаттандыратын, кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған оқу-тәрбие үдерісінің тәжірибесіндегі алуан түрлі нормативтік-құқықтық, оқу құжаттары мен нұсқаулықтарды ажыратады және көрсетеді
  • білім алушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескере қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құрудың, инклюзивті оқытуды қамтамасыз етудің тиімді формалары мен әдістерін жоспарлау және ұйымдастыру іс-әрекеттерінде ақпараттық ресурстардың замануи технологиялары мен көптілді мәдениет дағдыларын қолданады
  • білім алушыларды болашақ кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған еңбектің әр түрлі салаларына үйретудің дәстүрлі және замануи технологияларымен, олардың кәсіби уәжі мен қызығушылығын, бейімі мен икемділігін қалыптастыратын кәсіби бағдардың әдіснамалық және тәжірибелік құралдарын құрайды
  • білім алушылардың танымдық, тұлғалық дағдыларын қалыптастыру мен соның аясында кәсіби өзін-өзі анықтауға өндіріс пен қызмет көрсету салаларының ортақ еңбек мазмұнынан құралған пәндік білім берудің материалдарын, құралдарын, әдістерін және орындау тәсілдерін саралайды және негіздейді
  • оқу-тәрбие үдерісі мен кәсіби бағдар жұмыстарын жоспарлау, бағалау критерияларын, пән сабақтарына дидактикалық материалдарын дайындау, кәсіби өзін-өзі анықтауға қолданыатын ағарту, кеңес беру, диагностикалау әдістемелерін, оқытудың техникалық құралдарын, жасанды интеллект ресурстарын, оқу-әдістемелік кешендерді, бақылау мен бағамдау құралдары мен оларды өңдеу әдістемелерін өзбетімен қолданады
  • оқу үдерісі мен кәсіби бағдар жұмысын жоспарлау мен өткізу формаларын, белсенді әдістердің көмегімен тапсырмалар мен шаралар жүйесін, танымдық әрекет сапасын, білім алушылардың танымдық дағдылары мен кәсіби өзін-өзі анықтау; қасиеттерін бағалаудың өлемшарттарын; оқушылардың және өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға ғылыми жоба жұмыстарының мәселелі тақырып бойынша ғылыми аппаратын, зерттеу тәжірибесінің жоспарын, жаңа тұлғалық, танымдық және кәсіби өзін-өзі анықтау дағдыларын дамытуды бақылау мен рефлексиялау тәсілдерін, механизмдерін моделдейді
  • болашақ пән мұғалімі өндіріс пен қызмет көрсету салаларының материалдарын, құрал-жабдықтарын, аспаптарын, орындау тәсілдерін, реттеу мен жөндеу, бақылау мен өнім сапасын бағалау әдістерін көрсетеді; оқу үдерісінде бұйымдарды жасауға қажетті экономикалық, математикалық есептеулер, сызба бейнелерін, дизайнын цифрлық құралдардың көмегімен шығармашылықта сапалы жасайды
  • білім алушылардың сыни және сындарлы ойлауын дамытуға бағытталған дербес, сараланған, бейіндік тапсырмаларын; олардың жаңа танымдық, тұлғалық дағдыларын, кәсіби өзін-өзі анықтауға зерттеулер жүргізудің дербес инновациялық әдістемесін, зерттеу тәжірибе негізінде оқу-әдістемелік құралдарын, бағдарламаларын, жоспарларын, формаларын, оқу-әдістемелік кешенін құрайды, оның нәтижелерін басылымдар мен цифрлық технология құралдардың комегімен интернет желісіне жариялайды
  • оқушылармен біріге оқу - тәрбие іс-әрекеті мен кәсіби бағдар жұмыстарында қиындықтар тудырып отырған мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми жоба және зерттеулер ұйымдастырып, олардың нәтижелерін оқу-тәрбие үдерісі мен кәсіби бағдар жұмысына енгізеді; кәсіби өсу мақсатында біліктілікті арттырудың формалды және формалды емес түрлерін қолданады, кәсіби әдепті жетекшілікке алады
  • оқу-тәрбие үдерісі мен кәсіби бағдар жұмысында білім алушылардың құндылық ұстанымдарын, қажеттіліктерін, оқу мен оқыту барысындағы қалыптасқан танымдық дағдыларының, тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің деңгейлерін бағалау өлшемшарттары мен дескрипторлар негізінде өзінің және өзгелердің сабақтарының оқу-әдістемелік құжаттарын, кәсіби бағдар шараларының сценарийлерін және басқа да еңбектерін; өзінің жеке дамуын үздіксіз бағалайды
  • білім алушыларға жайлы және қолжетімді білім беру ортасын құрудың күшті және әлcіз жақтарын; өткізген сабақтарының, кәсіби бағдар шараларының мазмұнын; өзінің кәсіби еңбегіндегі іс-әрекеттерін, жеке дамуын болжамдайды және кәсіби дамуына жаңа міндеттер қоя алады
Top