8D02301 Филология в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қоғамның рухани жаңғыру жағдайында филология саласында ғылыми-зерттеу және кәсіптік қызмет үшін жаңа форматты «PhD» докторларын даярлау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D060 Филология
-
Білім беру саласы 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелері
Пән мақсаты – докторанттардың әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық ұстанымдары мен ғылыми негіздері аясында зерттеу жүргізуін қамтамасыз ететін құзыреттіліктер қалыптастыру. Әдебиет тарихын дәуірлеудің ғылыми критерийлері, әдебиет тарихын дәуірлеудің гетерогенді, тарихи-азаматтық, хронологиялық ұстанымдары, жанрлық принциптер, дәуірлерді бағыттар мен ағымдар тұрғысынан жіктеу дағдылары қалыптасады, нәтижесінде докторант ғылыми-зерттеу жұмысын ғылыми негіздейді.
Несиелер - 5
-
Мәтінді лингвистикалық зерттеу аспектілері
Пән мәтінге лингвистикалық тұрғыдан терең талдау жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында мәтіннің тілдік бірлік ретіндегі мәні, құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктері, мәтіннің тұтастығы мен байланыстылығы (когезия мен когеренттілік), мәтін категориялары (уақыты, кеңістігі, модальділігі, бағалауы және т.б.) жан-жақты қарастырылады. Курс барысында көркем әдеби мәтіндерге баса назар аударыла отырып, қазақ тіліндегі мәтіндерді семантикалық, прагматикалық, грамматикалық және коммуникативтік бағытта зерттеу тәсілдері үйретіледі. Сондай-ақ мәтіннің жанрлық-стильдік ерекшеліктері, автор мен адресат арасындағы қарым-қатынас, мәтінішілік және мәтінаралық байланыстар талданады.
Несиелер - 5
-
Академиялық хат
Пән ғылыми бағыттағы әртүрлі мәтіндерді (ғылыми мақала, баяндама, пікір, әдеби шолу, эмпирикалық зерттеу және т.б.) жазу дағдыларын қалыптастыруға және олардың құрылымы мен ерекшеліктерін терең меңгертуге бағытталған. Пән мазмұнына ғылыми жазылым үдерісінің барлық кезеңдері – тақырып таңдаудан бастап, мақаланы халықаралық басылымда жариялауға дейінгі кезеңдердегі өзекті мәселелер кіреді. Докторанттар сыни ойлау, жүйелі және дәлелді жазу, ғылыми дискурсты қалыптастыру, мәтінді талдау, бағалау және ғылыми стильде оқи білу дағдыларын дамытады. Халықаралық деңгейдегі рейтінгісі жоғары журналдардағы ғылыми мақалалардың құрылымымен, стильдерімен танысады.
Несиелер - 4
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пән докторантты зерттеу үдерісін түсіндіруге және ғылыми мәтіндерге талдау жасау, әдіснама жазу, зерттеу жоспарын құру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән зерттеу дизайны, дерек жинау, сапалық және сандық әдістер, зерттеу этикасы мен деректерді талдау бойынша кешенді білім береді, нәтижесінде докторанттың ғылыми жұмысын жүйелі жазуына негіз қалайды.
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді коммерцияландыру
Пәннің мақсаты – педагогикалық технологиялардың коммерциялық әлеуетін, оның пайдалылығы мен әлеуетті құнын бағалаудың негізгі әдістерін, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру кезеңдерін, ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру модельдерін меңгеру. Зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру процесінде зияткерлік меншік объектілерін және оларды пайдалану құқықтарын қорғауды біледі. Ғылыми зерттеулер мен педагогикалық әзірлемелер нәтижелерін коммерцияландырудың бизнес-жоспарын құрудың теориялық және әдіснамалық аспектілерін, мемлекеттік құрылымдармен, компаниялармен, ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды үйренеді.
Несиелер - 5
-
Тіл ғылымындағы антропоөзектік парадигма
Пәннің мақсаты – докторанттардың тіл жүйесі мен тілдің антропоөзектік идеясы аясында дербес ізденуі мен зерттеу жүргізуін қамтамасыз ету. Ғылыми парадигмалар тұрғысынан қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелері, полипарадигмалық зерттеулер, антропоөзектік парадигманың мәні, қазіргі тіл біліміндегі антропоөзекті парадигма және осы ғылыми пәннің категориялық аппаратын құрайтын ұғымдар, антропоөзектік парадигманың төрт бағыты туралы кешенді білім қалыптасады, нәтижесінде докторант ғылыми-зерттеу жұмысын ғылыми негіздейді.
Несиелер - 6
-
Әдебиеттанудың жаңа тенденциялары мен бағыттары
Пәннің мақсаты - әдебиеттану ғылымының бүгінгі келелі мәселелерін жан-жақты талдау, түсіндіру, оларды соңғы жылдары жарық көрген монографиялармен, зерттеу мақалалармен, мәнді, маңызды еңбектерді таныстыру, бүгінгі әдебиеттану бағытын аңғартатын пікірлер мен негізгі идея, басты ағымдарды түсіндіру, өзара салыстыру, алда тұрған өзекті мәселелерді айқындау. Нәтижесінде зерттеудің жаңа әдістемелері мен әдіс-тәсілдерін меңгереді.
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Халықаралық академиялық стандарттарға сай ғылыми мәтіндер құрастырады.
- Академиялық жазылым талаптары мен өзінің ғылыми саласының ерекшеліктеріне сәйкес жеке зерттеу жоспарын жобалайды.
- Ғылыми зерттеу нәтижесін коммерцияландыру мақсатында мемлекеттік құрылымдармен, компаниялармен, ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жолдарын қарастырып, бизнес жоспар құрастырады.
- Әртүрлі ғылым шеңберінде білімдерін, зерттеушілік, эмоционалды және әлеуметтік интеллектісін, кәсіпкерлік дағдыларын дамытады.
- Тұлғааралық коммуникация, лингвистикалық және әдеби мәтінді талдауға байланысты білім негіздерін тәжірибеде қолданады.
- Жаһандану мен интеграция жағдайында отандық ғылым дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын, ғылыми танымның әдіснамасын, әлемдік және қазақстандық ғылым жетістіктерін сараптайды.
- Өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында іргелі отандық және шетелдік ғылым жетістіктерін қолданады.
- Филология ғылымындағы концепция, теория мен бағыттарға, құбылыстар мен үдерістерге сыни тұрғыдан талдау жасайды.
- Ғылым дамуының негізгі принциптерін, тіл білімі мен әдебиеттанудың жаңа бағыттарын саралайды.
- Ғылыми жұмыс жүргізу әдістері мен құралдарын зерттеу жұмыстарын дайындауда және оның нәтижелерін өңдеуде қолданады.
Ұқсас БББ
8D02301 Филология
Торайгыров университеті
8D02301 Филология: қазақ филологиясы
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
8D02301 Филология
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
8D02301 Филология
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
8D02301 Филология
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
8D02301 Филология: қазақ филологиясы
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
8D02301 Қазақ филологиясы
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті