Жаңа білім беру бағдарламасы

6B06103 Ақпараттық жүйелер және технологиялар в Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

Пәндер

  • Алгебра және геометрия

    Бұл пәнде элементарлық және сызықтық алгебраның, аналитикалық геометрия мен векторлық алгебраның негізгі ұғымдары қарастырылады. Матрицалар мен анықтауыштар, сызықтық теңдеулер жүйесі, векторлар және олардың қасиеттері, түзу мен жазықтықтың теңдеулері, кеңістіктегі геометриялық объектілер, сондай-ақ координаттар жүйесінде фигуралар арасындағы өзара орналасу қатынастары зерттеледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алгоритмдер және деректер стуктурасы

    Бұл пәнде алгоритмдердің негізгі ұғымдары, олардың түрлері мен қасиеттері қарастырылады. Қарапайым және күрделі деректер құрылымдары (тізімдер, стек, кезек, ағаштар, графтар және хэш-кестелер) зерттеледі. Алгоритмдердің тиімділігі, күрделілік талдауы (асимптоталық талдау), іздеу және сұрыптау әдістері, рекурсия, бөліну және біріктіру стратегиялары, динамикалық бағдарламалау және графтық алгоритмдер сияқты тақырыптар қамтылады. Студенттер алгоритмдерді құру, оларды жүзеге асыру және нақты есептерге қолдану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Программалау негіздері

    Бұл пәнде программалаудың негізгі ұғымдары мен принциптері, мәліметтер типтері, айнымалылар, шартты операторлар, циклдер, массивтер, функциялар және енгізу/шығару операциялары қарастырылады. Қарапайым алгоритмдерді құру және оларды бір программалау тілінде (Java) жүзеге асыру үйретіледі. Студенттер логикалық ойлау, мәселені талдау және программалау арқылы шешу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық анализ

    Пән шексіз жиындар, шек ұғымы, функциялар және олардың қасиеттері, туынды және дифференциал, функцияның графигін зерттеу, интеграл және оның қолданылуы, бір айнымалы және бірнеше айнымалы функциялардың анализі сияқты негізгі ұғымдарды қамтиды. Сандық қатарлар, функциялар қатары, қатардың жинақтылығы, сондай-ақ нақты және кешенді сандармен жұмыс істеу әдістері оқытылады. Бұл курс студенттерге математикалық ойлау қабілетін дамытуға және қолданбалы есептерді шешуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Бағдарламалау тілдері және технологиялары

    Бұл пән әртүрлі бағдарламалау тілдерінің теориялық негіздерін, олардың синтаксисі мен семантикасын, парадигмаларын (процедуралық, объектіге бағытталған, функционалдық, логикалық) зерттейді. Компиляторлар мен интерпретаторлардың жұмыс істеу принциптері, тілдердің салыстырмалы талдауы, заманауи бағдарламалау технологиялары (IDE, нұсқаларды басқару жүйелері, автоматтандырылған тестілеу, құрастыру құралдары) қарастырылады. Студенттер нақты тілдерде ( C++) бағдарламалау тәжірибесін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дискретті математика

    Бұл пән логика негіздері, жиындар теориясы, қатынастар мен функциялар, комбинаторика, графтар теориясы, ағаштар, булев алгебрасы және формальды тілдер сияқты дискретті құрылымдарды зерттейді. Сондай-ақ математикалық индукция, рекурсия, алгоритмдер мен есептелімділік негіздері қарастырылады. Пән бағдарламалау, деректер құрылымы, криптография және алгоритмдік ойлау үшін теориялық негіз береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық үрдістер негіздері

    Бұл пән ақпаратты өңдеу, беру, сақтау және қорғау процестерінің негізгі теориялық және практикалық аспектілерін қарастырады. Ақпарат ұғымы, оның өлшем бірліктері, энтропия, кодтау және декодтау әдістері, ақпараттық жүйелердегі деректер ағындары, шу және ақпаратты қалпына келтіру әдістері зерттеледі. Ақпараттық қауіпсіздік негіздері мен заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Объектіге бағытталған бағдарламалау

    Бұл пән объектіге бағытталған бағдарламалау (ОББ) негіздерін, оның ішінде инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм ұғымдарын үйретеді. Студенттер сыныптар мен объектілердің көмегімен күрделі бағдарламалық жүйелерді жобалау және жүзеге асыру әдістерін меңгереді. Қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерінде ОББ-ны қолдану дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық жүйелер теориясы

    Бұл пән ақпараттық жүйелердің теориялық негіздерін, олардың құрылымы мен қызмет ету принциптерін қарастырады. Ақпараттық ағындар, жүйелік талдау, модельдеу әдістері, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату процестері зерттеледі. Ақпараттық жүйелердің жіктелуі, архитектурасы, өмірлік цикл кезеңдері және олардың ұйымдастырушылық құрылымдағы рөлі талданады. Пән ақпараттық жүйелерді жобалау мен басқарудың теориялық базасын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Операциялық жүйелер

    Бұл пәнде студенттер операциялық жүйелердің құрылымы мен функцияларын, соның ішінде процессорды жоспарлау, жадыны басқару, файлдық жүйелер мен енгізу-шығару құрылғыларын басқару принциптерін зерделейді. Сонымен қатар, көптапсырмалылық, ресурстарды бөлу, жүйелік шақырулар мен ядро деңгейіндегі механизмдер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Операциялық жүйелерді администірлеу

    Бұл пән операциялық жүйелерді конфигурациялау, баптау және әкімшілендіру дағдыларын қалыптастырады. Студенттер пайдаланушы және құқықтармен жұмыс істеу, жүйелік ресурстарды басқару, қауіпсіздік саясатын орнату және жүйелік қызметтерді бақылау мен ақауларды жою тәсілдерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық жүйелердің құрал-жабдықтары

    Бұл пән ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және сүйемелдеу үшін қолданылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығын зерттейді. Программалық құралдар (CASE-құралдар, жобалау және модельдеу жүйелері, деректер базасы басқару жүйелері), аппараттық компоненттер, интерфейстер және олардың өзара әрекеттесуі қарастырылады. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау, автоматтандыру және қолдау үшін қолданылатын заманауи технологиялар мен платформалар талданады. Студенттер нақты құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік-саяси, экономикалық-құқықтық және экологиялық білім модулі (Тіршілік қауіпсіздігі, экология және тұрақты даму/ Инклюзивті білім беру/ Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері/ Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері/ Ғылыми зерттеу әдістері және жасанды интеллект)

    Модуль білім алушылардың қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси, экономикалық-құқықтық және экологиялық үдерістер туралы тұтас түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Модуль аясында қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерліктің негіздері, құқықтық жүйе мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, инклюзия мәселелері, тұрақты даму, экология және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі қарастырылады. Ғылыми зерттеу әдістері мен жасанды интеллект технологияларын қолдануға ерекше назар аударылады. Білім алушылар сыни ойлау қабілетін, құқықтық және экологиялық жауапкершілікті дамытып, ғылыми талдау мен цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектурасы

    Студент бұл пән аясында компьютерлік жүйелердің құрылымдық деңгейлері мен олардың өзара әрекеттесуін зерттейді. Пән микропроцессорлар, жедел және тұрақты жад, шиналар жүйесі мен енгізу-шығару құрылғыларының жұмыс принциптерін түсінуге бағытталған. Компьютердің ішкі құрылымы мен архитектуралық ерекшеліктерін талдау арқылы студенттер аппараттық деңгейде жүйені жобалау және оңтайландыру негіздерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Графикалық пайдаланушы интерфейсі

    Пайдаланушы интерфейстерін жобалау және бағдарламалау негіздерімен таныстырады. Студенттер графикалық элементтермен, оқиғалармен басқару модельдерімен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеріп, қолжетімді әрі интуитивті интерфейстер жасау дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ақпараттық жүйелердің инфрақұрылымы және құралдарымен қамтамасыз ету

    Пән ақпараттық жүйелердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық элементтер мен технологиялық құралдарды зерттейді. Негізгі тақырыптар: серверлік және желілік инфрақұрылым, бұлтты және виртуалдандыру технологиялары, сақтау жүйелері, қауіпсіздік шешімдері, бағдарламалық платформалар мен сервистер. Ақпараттық жүйелерді орналастыру, масштабтау, техникалық қызмет көрсету және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету стратегиялары қарастырылады. Студенттер инфрақұрылым мен құралдарды жобалау және таңдау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік графика және дизайн

    Графикалық редакторлар мен дизайн құралдары арқылы визуалды мазмұн әзірлеу және өңдеу тәсілдерін меңгеру қарастырылады. Студенттер түс теориясы, композиция негіздері, интерфейс элементтері және инженерлік жобаларға арналған визуалды шешімдермен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Веб-әзірлеудің толық стек технологиялары

    Бұл пәнде веб-қосымшаларды клиенттік және серверлік деңгейде әзірлеуге қажетті толық стек (Full-Stack) технологиялар кешені қарастырылады. HTML, CSS, JavaScript негіздері, Frontend-фреймворктер (React, Angular, Vue), Backend технологиялар (Node.js, Express, Django), деректер базаларымен жұмыс (MongoDB, PostgreSQL), RESTful API, аутентификация және веб-қосымшаларды орналастыру (deployment) тақырыптары қамтылады. Студенттер интерактивті және функционалды веб-қосымшаларды толық циклде әзірлеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Деректер базасы және деректер базасын басқару жүйелері

    Бұл пәнде деректер базасын жобалау, құру және басқару негіздері қарастырылады. Реляциялық деректер модельдері, ER-модельдеу, SQL тілі, транзакциялар мен индекстеу, мәліметтер тұтастығы мен қауіпсіздігі мәселелері қамтылады. Сонымен қатар, ДББЖ архитектурасы, заманауи ДҚБЖ (MySQL, PostgreSQL, Oracle және т.б.)-мен жұмыс істеу дағдылары қалыптастырылады. Студенттер нақты жобалар арқылы деректер базасын жобалау, сұраныстар жазу және басқару тәжірибесін игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Веб-әзірлеудің заманауи технологиялары

    Пән заманауи веб-қосымшалар әзірлеуде қолданылатын жаңа технологиялар мен әдістемелерді қамтиды. Негізгі тақырыптар: бір беттен тұратын қосымшалар (SPA), JAMstack архитектурасы, прогрессивті веб-қосымшалар (PWA), статикалық сайт генераторлары, Frontend және Backend заманауи фреймворктері (Next.js, Nuxt.js, Svelte, NestJS), API-интеграциялар, DevOps құралдары, CI/CD үдерістері және веб-қосымшаларды контейнерлеу (Docker). Студенттер веб-жобалардың толық циклін заманауи тәсілдермен жүзеге асыруға үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Деректер базасы және бизнес-аналитика

    Бұл пәнде деректер базасын бизнес-аналитика мақсатында қолдану, құрылымдық және құрылымсыз деректермен жұмыс істеу әдістері қарастырылады. Деректерді модельдеу, сұраныстарды жазу (SQL), көпөлшемді талдау (OLAP), деректер қоймаларын жобалау, ETL-процестері, BI-құралдар (Power BI, Tableau) және визуализация әдістері талданады. Студенттер бизнес-шешімдер қабылдауға бағытталған деректерді жинау, өңдеу және талдау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық жүйелердегі бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау

    Бұл пән ақпараттық жүйелерге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау принциптері мен әдістерін қамтиды. Құрылымдық және объектіге бағытталған жобалау тәсілдері, UML диаграммалары, талаптарды талдау, архитектураны жобалау, модульдерге бөлу және интерфейстерді анықтау, жобалық құжаттама әзірлеу мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, бағдарламалық жасақтама сапасын қамтамасыз ету, қайта пайдалану және жобалау үлгілері (design patterns) де зерделенеді. Студенттер нақты жобаларды модельдеу және жобалау тәжірибесін игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жүйелік скрипт жазу және автоматтандыру

    Бұл пән операциялық жүйелерде автоматтандыру және жүйелік әкімшілендіру мақсатында скрипт жазу негіздерін үйретеді. Негізгі тақырыптар: командалық жол интерфейсі (CLI), Bash және PowerShell скрипттері, файл жүйесімен жұмыс, процестерді басқару, тапсырмаларды жоспарлау (cron, Task Scheduler), журналдарды өңдеу, автоматты резервтік көшіру, бағдарламалық орнату мен жаңарту. Студенттер нақты сценарийлер арқылы жүйелік тапсырмаларды автоматтандыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау

    Курс ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын, қауіп-қатерлерді анықтау, бағалау және олардан қорғану әдістерін үйретеді. Студенттер шифрлау, аутентификация, желілік қауіпсіздік, рұқсатты басқару және ақпаратты қорғау саясаты сияқты механизмдермен танысады. Цифрлық ортада ақпараттың құпиялығы, тұтастығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жүйелік бағдарламалау

    Жүйелік программалау курсы операциялық жүйе мен бағдарламалық құралдар арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін төмен деңгейлі бағдарламалар жазу дағдыларын дамытады. Студенттер файлдық жүйелермен жұмыс, үдерістерді басқару, жадты басқару және жүйелік шақыруларды қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау

    Бұл курс компьютерлік жүйелер мен желілерде ақпаратты қорғау тәсілдерін үйретеді. Студенттер зиянды бағдарламалармен күресу, желілік шабуылдарды анықтау мен алдын алу, шифрлау технологиялары және кіруді басқару әдістерімен танысады. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты мен қауіп-қатерлерге жауап беру алгоритмдері де қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Деректерді талдау негіздері

    Пәнде деректерді талдаудың негізгі ұғымдары мен әдістері қарастырылады. Негізгі тақырыптар: деректер түрлері, деректерді жинау және алдын ала өңдеу, статистикалық сипаттама, деректерді визуализациялау, корреляциялық және регрессиялық талдау, кластерлеу және классификация негіздері. Python бағдарламалау тілі мен кітапханалары (Pandas, NumPy, Matplotlib, Scikit-learn) арқылы практикалық тапсырмалар орындалады. Студенттер деректерден түсінік алу және қарапайым аналитикалық шешімдер жасау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бизнес-процестерді модельдеу

    Бұл пәнде ұйым ішіндегі бизнес-процестерді талдау, құжаттау және модельдеу әдістері қарастырылады. Студенттер бизнес-процестерді графикалық түрде көрсету үшін BPMN (Business Process Model and Notation), UML диаграммалары, DFD (Data Flow Diagram) және басқа модельдеу әдістерін меңгереді. Сонымен қатар, процестерді оңтайландыру, автоматтандыру мүмкіндіктері және модельдер негізінде шешім қабылдау әдістемесі қарастырылады. Практикада ARIS, Bizagi, Draw.io секілді құралдар қолданылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • UI/UX және Юзабилити

    Курс қолданушы интерфейсі (UI) мен қолданушы тәжірибесін (UX) жобалау принциптерін және юзабилити негіздерін қамтиды. Студенттер интуитивті интерфейстер жасауды, пайдаланушы қажеттіліктерін ескеруді және өнімділік пен ыңғайлылықты арттыру әдістерін меңгереді. Прототиптер әзірлеу мен тестілеу құралдары қолданылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • 3D модельдеу және 3D басып шығару

    Курс үш өлшемді нысандарды модельдеу және оларды 3D-принтерде басып шығару үдерістеріне бағытталған. Студенттер CAD жүйелерімен жұмыс істеуді, модельді жобалауды, өңдеуді және 3D-басып шығаруға дайындауды меңгереді. Технологияларды инженерлік, өндірістік және білім беру салаларында қолдану қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Big Data

    Бұл курс үлкен деректерді сақтау, өңдеу және талдау әдістерін қамтиды. Студенттер Hadoop, Spark, NoSQL сияқты технологиялармен танысады және құрылымдалған әрі құрылымдалмаған деректермен жұмыс істей білуге үйренеді. Сонымен қатар, үлкен деректер негізінде шешім қабылдау және болжам жасау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Блокчейн технологиясы

    Пән блокчейн технологиясының теориялық негіздерін, архитектурасын және қолдану салаларын қамтиды. Негізгі тақырыптар: блокчейннің жұмыс істеу принципі, орталықтандырылмаған желілер, консенсус алгоритмдері (Proof of Work, Proof of Stake және т.б.), смарт-келісімшарттар, криптовалюта экожүйесі, қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ блокчейнді қаржы, логистика, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларында қолдану. Студенттер Ethereum және басқа платформаларда тәжірибелік жобалар әзірлейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жасанды интеллект жүйелері

    Бұл пән жасанды интеллекттің негізгі әдістері мен модельдерін, соның ішінде білімге негізделген жүйелерді, эвристикалық іздеу алгоритмдерін, машиналық оқыту негіздерін және интеллектуалды агенттерді қамтиды. Студенттер ЖИ жүйелерін жобалау және қолдану тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Компьютерлік желілерді жобалау

    Бұл пәнде компьютерлік желілердің архитектурасын, құрылымын және жұмыс істеу принциптерін ескере отырып, тиімді және қауіпсіз желіні жобалау әдістері үйретіледі. Негізгі тақырыптар: желілік топологиялар, маршрутизация және коммутация, IP-мекенжайлау және ішкі жүйелерді бөлу, VLAN және VPN технологиялары, желілік қауіпсіздік, QoS параметрлері және желілік жобалау құжаттамасы. Cisco Packet Tracer, GNS3 секілді құралдар арқылы практикалық жобалар орындалады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Интерактивті мультимедиа және иммерсивті технологиялар

    Бұл пән студенттерді заманауи мультимедиа құралдарымен, интерактивті жүйелермен және иммерсивті технологиялармен (виртуалды шындық, кеңейтілген шындық, аралас шындық) таныстырады. Пән барысында студенттер визуалды және дыбыстық контент жасаудың, интерактивті интерфейстерді жобалаудың, XR технологияларын қолдану арқылы цифрлық орта құрудың теориялық негіздері мен практикалық әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жобалық менеджмент негіздері

    Бұл курс жобаларды басқарудың негізгі ұғымдары мен әдістеріне бағытталған. Студенттер жобаның өмірлік циклі, мақсаттарды қою, ресурстарды жоспарлау, тәуекелдерді бағалау және жобаның тиімді орындалуын бақылау тәсілдерімен танысады. Сонымен қатар, заманауи жобалық басқару құралдарын қолдану дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Терең оқыту

    Терең оқыту курсы нейрондық желілердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін зерттеуге бағытталған. Студенттер көпқабатты нейрондық желілерді, кері тарату алгоритмдерін, CNN, RNN және басқа да заманауи модельдерді қолдану арқылы күрделі деректерді өңдеу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Инфокоммуникациялық жүйелер мен желілер

    Пәнде заманауи инфокоммуникациялық технологиялардың негіздері, олардың құрылымы, жұмыс істеу принциптері және қолдану салалары қарастырылады. Негізгі тақырыптар: ақпаратты беру арналары, телекоммуникациялық желілер архитектурасы, протоколдар, мәліметтерді мультиплекстеу, цифрлық беру жүйелері, желілік инфрақұрылым, QoS (қызмет сапасы) параметрлері және ақпараттық қауіпсіздік негіздері. Студенттер әртүрлі инфокоммуникациялық жүйелерді модельдеу және талдау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Agile әдістері және IT өнімдерін әзірлеу

    Курс икемді бағдарламалық жасақтама әзірлеу әдістерімен және IT өнімдерін басқару тәсілдерімен таныстырады. Студенттер Scrum, Kanban, Lean сияқты Agile фреймворктерін меңгеріп, командалық жобаларда жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар, өнімнің өмірлік циклін басқару, MVP әзірлеу және пайдаланушымен кері байланыс орнату тәжірибелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Data mining

    Курс деректерді іздеу, талдау және жасырын заңдылықтарды табу әдістерін үйретеді. Студенттер классификация, кластерлеу, регрессия, ассоциациялық ережелерді анықтау секілді әдістермен жұмыс істеуді меңгереді. Практикада Python, R, немесе Weka құралдарын пайдаланып, нақты деректер жиынтығымен жұмыс жасайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сандық қаржы жүйелері

    Бұл пән қазіргі заманғы қаржы жүйелеріндегі цифрлық технологияларды қолдану ерекшеліктерін қарастырады. Негізгі тақырыптар: цифрлық төлем жүйелері, электрондық ақша және криптовалюта, финтех платформалар, смарт-келісімшарттар, блокчейн технологиясы, қаржылық деректерді қорғау және киберқауіпсіздік, сондай-ақ сандық банкинг пен онлайн-қызметтерді басқару. Студенттер нақты кейстер мен симуляциялар арқылы цифрлық қаржы шешімдерін талдайды және жобалайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • AR/VR технологиясы

    AR (кеңейтілген шындық) және VR (виртуалды шындық) технологияларымен таныстыратын бұл курс студенттерге осы технологияларды әзірлеу, модельдеу және білім беру мен өнеркәсіптегі қолдану салаларын түсінуге мүмкіндік береді. Практикалық бөлімінде AR/VR жүйелерін құруға арналған құралдармен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлік, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, инклюзивті білім беру, экологиялық тұрақтылық және тіршілік қауіпсіздігі салаларында алынған білім мен құралдарды қолданып, қолданбалы міндеттерді талдау және шешу үшін заманауи ғылыми әдістер мен жасанды интеллект технологияларын пайдалану.
  • Ақпараттық жүйелер мен технологиялардың теориялық негіздерін, соның ішінде алгоритмдер, деректер құрылымы, дискретті математика және математикалық талдау әдістерін инженерлік есептерді шешуде қолдана алады.
  • Бағдарламалау тілдері мен парадигмаларын (процедуралық, объектіге бағытталған, жүйелік), бағдарламалық жасақтаманы жобалау және әзірлеу құралдарын қолдана отырып, тиімді бағдарламалық өнімдер жасай алады.
  • Деректер базасы жүйелерін, бизнес-аналитика және Big Data құралдарын пайдалана отырып, деректерді жобалау, сақтау және өңдеу процестерін орындай алады.
  • Ақпараттық жүйелер архитектурасын, инфрақұрылымын, операциялық жүйелерді және желілік құрылымдарды жобалап, әкімшілік ете алады.
  • Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорғау әдістерін және заманауи криптографиялық технологияларды қолдана алады.
  • Қолданбалы бағдарламалар мен интерфейстерді әзірлеу үшін UI/UX, мультимедиа, 3D модельдеу, AR/VR технологияларын қолдана отырып, қолданушыға ыңғайлы жүйелер жасай алады.
  • Жасанды интеллект, тереңдетілген оқыту және интеллектуалды жүйелерді жобалау арқылы күрделі ақпараттық мәселелерді шешуге қабілетті.
  • Ақпараттық жүйелер мен IT өнімдерді Agile әдістері негізінде жобалап, командада жұмыс істей отырып, жобалық менеджмент құралдарын пайдалана алады.
Top