Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01502 Физика в QYZPU

Пәндер

  • Академиялық жазылым

    Пән академиялық контексте жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады. Пән ғылыми мәтіннің құрылымын, зерттеу және дәлелдеу әдістерін, дәйексөздер мен сілтемелер ережелерін зерттеуді қамтиды. Магистранттар ғылыми эсселерді, рецензиялар мен зерттеу мақалаларын жоспарлау, жазу және редакциялау әдістерін, академиялық этика мәселелерін және жұмысты пішімдеу ережелерін меңгереді. Тәжірибелік тапсырмалар мен кері байланыс арқылы магистранттар академиялық пікірталас аясында өз ойларын анық, логикалық және дәлелді жеткізу қабілетін дамытады. Пән зерттеу негізінде магистрант үшін қажетті академиялық жазылым қабілеттері, дағдылары мен құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат етеді.

    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру

    Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру курсында ХХІ ғасырдағы ғылымның даму ерекшеліктері: Қазақстан Республикасы мен шетел (Жапония, Европа, АҚШ, Қытай, Ресей және т.б.) ғылымдарындағы басым бағыттар, ғылыми жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, сонымен қатар тәжірибелік мәліметтерді өңдеу әдістері қарастырылады

    Несиелер - 4
  • Физикалық кристаллография және нанотехнология негіздері

    Пәнді оқу барысында келесі мәселелер қарастырылады: Наножүйе туралы түсінік және оның даму тарихы. Нанообъектілер мен наножүйелерге мысалдар қарастырылып, олардың технологияда қолдануы мен дамуының болашағына көңіл бөлінеді. Наноөлшемді материалдар түзілуінде кристалл беттерінің, көлемінің маңызы көрсетіліп келесі мәселелерқарастырылады: Нанообъект механикасы. Кедергі күші. Кулондық әсерлесу. Ван-дер-Ваальс күші. Магистранттар келесі тәсілдермен және аспаптармен танысады: Электрондық микроскопия (ПЭМ және СЭМ). Электрондық спектроскопия.Сканирлеуші зондалы микроскопия: Атомдық микроскопия. Атомдық күштік әсерлесу спектроскопиясы

    Несиелер - 5
  • Күрделі физикалық есептерді шешу практикумы

    Көп деңгейлі физикалық есептерді шығару әдістемесінің теориялық негіздерін оқып үйрену. Тапсырмалардың құрылымы және жіктелуі. Есептерді талдау және есептерді шешудің жалпыланған әдісі. Физикадан есептерді шешу әдістері. Физикадан графикалық есептерді шешу әдістері

    Несиелер - 5
  • Өрістің кванттық теориясы

    Пәнді оқу барысында магистранттар еркін өрістердің кванттық теориясымен танысады. Толқынды өріс және толқынды функциялардың трансформациялық қасиеттері туралы түсінік қалыптастырылады. Бұл пәнде магистранттар өрістердің негізгі түрлерін: скалярлар, векторлар, спинорларды зерттейді. Бос өрістердің лагранжиандары туралы түсінік алады.

    Несиелер - 5
  • Сандық зерттеулер және деректерді талдау

    Пәннің мақсаты білім беру және әлеуметтік ғылымдар саласындағы сандық талдау әдістерін меңгеруге бағытталған. Магистранттар сандық зерттеу жоспарлаудың негіздерін, деректер жинау құралдарын (анкета, сауалнамалар) әзірлеу, іріктеу принциптері, сондай-ақ деректерді статистикалық өңдеу әдістерін заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып үйренеді. Арнайы назар гипотезаларды құрастыруға, нәтижелерді түсіндіруге, статистикалық болдамдарды тексеруге және деректерді визуализациялауға бөлінеді.

    Несиелер - 5
  • Әдебиеттерді талдау, білім беру саласындағы теориялық және тұжырымдамалық негіздер

    Пәнді оқу барысында магистранттар ғылыми зерттеулерге сыни талдау жасайды, өзіндік зерттеу тәсілдерін әзірлейді және білім беру саласындағы негізгі тұжырымдамалар мен тенденцияларды түсіну үшін салыстырмалы талдау дағдыларын қолданады. Әрбір тапсырма сыни тұрғыдан ойлау және ғылыми материалдармен аналитикалық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған, бұл магистранттарға пән саласын тереңірек түсінуге ғана емес, сонымен қатар өздерінің ғылыми жобаларын жасауға дайындалуға көмектеседі.

    Несиелер - 4
  • Физиканы оқытуда CLIL әдісі

    Білім алушы ағылшын тілін оқып, төртінші индустриялық революцияның қазіргі әлемдегі техникалық серпілісін бағамдайды. Оқытудағы CLIL пәндік тілдік кіріктірілген оқыту әдістемесін қолдану нәтижелеріне шолу, нәтижені қорыту және педагогикалық даярлықтың жаңа сапасына қол жеткізу мақсатында физиктерді даярлаудың көп деңгейлі білім беру жүйесінің мүмкіндіктері анықталады.

    Несиелер - 5
  • Конденсрлі орта физикасы

    Конденсерлі орта физикасының теориялық және эксперименттік аппараты химия, материалтану, инженерия, нанотехнология, атом физикасы, ядролық физика тіпті биофизикада қолданылатындықтан бұл пән физика ғылымының ең белсенді дамып келе жатқан саласы болып табылады. Пән магистранттарға күшті байланысы бар өзара әрекеттесетін өте көп бөлшектер туралы білім береді. Пән конденсерлі орта физика бөлімдерінің келесі реттілігімен құрылады: заттардың құрылымдық бөліктері, бөлшектер байланысының физикалық және химиялық негіздері, бөлшектердің өзараәрекеттесуі, сұйықтар мен қатты денелер, конденсерлі орта физикасының әртүрлі бағыттары мен қосымшалары. Өз кезегінде, осы тараулардың әрқайсысы заманауи конденсерлі орта физикасының мәнін ашатын көптеген тақырыптар мен тақырыпшалардан тұрады.

    Несиелер - 5
  • Физиканы оқытудағы интерактивті визуализациялау

    Физика курсындағы Механика, Молекулалық және термодинамика, Электр және магнетизм, Оптика бөлімін оқыту кезінде оқыту сапасын жоғарылату үшін және физикалық процестерді терең түсіну үшін физика бөлімдерінің тақырыптары бойынша жасалған интерактивті визуализациялау өте маңызды. Сондықтан визуализациялау мен интерактивтілікпен біріктіре отырып, лектордың жетекшілігімен компьютерде Механика, Молекулалық және жылу физикасы, Электр және магнетизм, Оптика бөлімдерінен виртуалды-интерактивті зертханалық жұмыстар жасалынып құрылады. Осы лекциялық курста магистранттар физиканың аталған бөлімдерінің түрлі тақырыптарын, процестерді интерактивті визуализациялау түрлерімен толық танысады.

    Несиелер - 4
  • Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы

    Пән магистранттарға жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы саласындағы терең білім беруге бағытталған. Оқыту барысында оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістері, білім беру бағдарламаларын жобалау, студенттердің оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері және көшбасшылықтың психологиялық аспектілерін, оның ішінде мотивация, көшбасшылық, коммуникация және қақтығыстарды басқару мәселелерін талдайды.

    Несиелер - 4
  • Жылу физикасының негіздері

    Термодинамика: жұмыстық денелер қоспасы, жылу сыйымдылық, термодинамика заңдары, термодинамикалық процестер мен циклдар, нақты газдар мен булар, ағындар термодинамикасы, жылу техникалық құрылғылардың термодинамикалық талдауы, фазалық ауысу, химиялық термодинамика. Жылу электр құрылғыларының циклдары. Жылу алмасу теориясы: жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену, жылу тасымалдану. Масса алмасу негіздері. Жылу және масса алмасу құрылғылары. Жылу алмастырғыш аппараттарды есептеу негіздері. Отын және жану негіздері. Жылыту түзгіш құрылғылар, суытқыш және криогенді жабдық техника. Өнеркәсіптегі жылуды қолдану. Қоршаған ортаны қорғау. Энергия үнемдеу негіздері. Қосымша энергия ресурстары. Энергия үнемдеудің негізгі бағыттары

    Несиелер - 5
  • Механика және молекулалық физиканың арнайы тараулары

    Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері: Механика және молекулалық физиканың арнайы тараулары атты курсында тарауларын тереңірек түсіну болып табылады. Оқу нәтижесінде магистранттар жүйелі ойлауға қол жеткізу, дағдыларды дамытуға ықпал етуі керек. Аргументтерді дәлелдеу джағдыларын дамыту, деректерді жинау, өндеу және құбылысты сандық және сапалық талдауды қолдану дағдыларын қалыптастыру.

    Несиелер - 4
  • Электрмагнетизм мен оптиканың арнайы тараулары

    Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері: Электрмагнетизм мен оптиканың арнайы тараулары атты курстарында физика пәнінің тарауларын тереңірек зерттеу болып табылады. Оқу нәтижесінде магистранттар электромагниттік өрістің күрделі тақырыптарын, электр және магнетизм және кванттық оптиканың құбылыстарын терең түсінуі керек. Құбылысты сандық және сапалық талдау үшін зерттеу деректерін жинау дағдыларын дамытуға ықпал ету.

    Несиелер - 5
  • Жалпы физика курсын тереңдетіп оқыту әдістемесі

    Пән мазмұнында физиканың маңызды бөлімін оқып-үйренудің ерекшеліктері ашылады, мектеп практикасында ең қиын, бірақ әдіснамалық және іс жүзінде маңызды мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Оқу материалын іріктеу, оқыту әдістемесін құру принциптері талқыланады, физиканың жеке бөлімдері бойынша есептерді шешуге оқытудың әдістемелік тәсілдері қарастырылады

    Несиелер - 5
  • Цифрлық ресурстарды пайдаланып физиканы оқыту

    Цифрлық білім беру саласындағы заманауи инновациялық-технологиялық бағыттағы ізденушілікті дамытады. АКТ-мен жұмыс жасау негіздерін әдістемелік тұрғыда меңгереді. Оқыту барысында цифрлық ресурстардың мүмкіндіктері мен цифрлық платформаларды қолдану жолдарын зерделейді

    Несиелер - 5
  • Сапалық зерттеулер және деректерді талдау

    Пән білім беру зерттеулерінде қолданылатын сапалы әдістерді тереңдетіп оқытады. Магистранттар сұхбат, фокус-топтар, бақылау және құжаттарды талдау сияқты әртүрлі мәліметтер жинау әдістерімен таныстырылады. Сапалы ақпаратты жинау, жазу және талдау процесін зерттеу, нәтижелерді түсіндіру және сапалы деректерден қорытынды жасау дағдыларын дамытады. Сапалық әдістерді қолдану кезінде зерттеу нәтижелерінің негізділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету принциптерін талдайды және меңгереді. Магистранттар сапалық тәсіл, теориялық негіз, зерттеу сұрақтарын құрастыруды үйрену дағдыларын қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пән супер-базалық стандарт кемінде (В1) деңгейін меңгеруді қамтамасыз етуге, магистранттардың лингвистикалық емес оқыту бағыттары бойынша мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Магистратураның пәндік саласына сәйкес нақты лексиканы, терминологияны және коммуникациялық стратегияларды зерттеуді қамтиды. Магистранттар болашақ мансабында туындауы мүмкін кәсіби мәтіндермен, құжаттамалармен және коммуникациялық жағдайлармен танысады.

    Несиелер - 4
  • Экологияның физикалық негіздері

    Физиканы оқыту үрдісінде экологиялық білім берудің педагогикалық негіздерін қарастырады. Білім берудің әр түрлі сатыларында жаңа әдістер мен технологияларды қолдану және білім беру үрдісін ұйымдастыру, жүзеге асыру. Қоршаған ортаның ластануының физикалық факторлары. Білім алушыларда экологиялық білім негіздерін қалыптастыру және адам өмірінде экологиялық әлеуеттің маңызы. Қоршаған орта мен табиғатты қорғау

    Несиелер - 4
  • Баламалы энергия көздері

    Пәнді оқу барысында білімалушы баламалы энергия көзі саласының қазіргі жай-күйі, энергетика саласындағы проблемалар мен даму тенденциясы, энергетикалық құрылғылардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеп, оқуды үйренеді

    Несиелер - 5
  • Зерттеу дизайны және этикалық нормалар

    Магистранттар зерттеу сұрақтарын құрастыруды, әдістемені таңдауды, деректерді жинау құралдарын әзірлеуді және деректерді талдау процедураларын жоспарлауды қоса алғанда, зерттеу дизайнының әртүрлі аспектілерін зерттейді. Сонымен қатар, пән деректердің құпиялылығы, зерттеуге қатысушылардың құқықтары мен әл-ауқаты сияқты білім беру зерттеулерін реттейтін этикалық нормалар мен стандарттарға баса назар аударады. Оқыту білім беру саласында жоғары сапалы және этикалық зерттеулер жүргізу үшін магистранттарға қажетті дағдыларды бере отырып, ғылыми жобаларды жобалау және жүзеге асыру үшін алынған білімді практикалық қолдануды қамтиды.

    Несиелер - 6
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым тарихы мен философиясы пәні магистранттарға ғылыми әдістердің дамуы жағдайындағы ойлау эволюциясы туралы түсінік береді. Магистранттар сыни ойлау және салыстырмалы талдау дағдыларын қолдана отырып, негізгі философиялық ұғымдарды және олардың ғылыми жаңалықтарға әсерін талдайды. Олар ғылыми парадигмаларды қалыптастырудағы идеологиялардың әсерін бағалайды, білімге әртүрлі көзқарастарды салыстыру және бағалау үшін интеллектуалды дағдыларды пайдаланады. Тарихи контексттерді талқылау және зерттеу арқылы магистранттар ақпаратты талдау және синтездеу дағдыларын, философия мен ғылымның байланысын терең түсінуді дамытады.

    Несиелер - 4
  • Жоғары мектепте физиканы оқыту әдістемесі

    Пән магистранттардың жоғары оқу орны жағдайында оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті терең білім мен дағдыларын дамытуға бағытталған. Осы пән аясында магистранттар дәстүрлі және инновациялық әдістерді қамтитын қазіргі заманғы оқыту әдістерін, соның ішінде дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, жобалық оқыту, кейс-метод, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасанды интеллекті (ЖИ) қолдануды зерттейді. Сонымен қатар, белсенді оқыту әдістерін енгізуге, мәселен, проблемалық, зерттеу және қашықтан оқытуға ерекше назар аударылады. Магистранттар қазіргі заманғы оқыту әдістері мен технологияларын, білім беру процесін басқаруды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және оқу жетістіктерін бағалау әдістерін қолдану дағдыларын, сондай-ақ тиімді білім беру ортасын қалыптастыруды меңгереді.

    Несиелер - 4
  • Заманауи физиканың өзекті мәселелері

    Пән физика ғылымның даму межесіне қатысты стандартты болжаулар аясындағы тұжырымдарға негізделеді. Табиғатпен физика диалогы: негізгі кезеңдер және танымның заманауи әдістемесі. XXI ғасыр физикасындағы когнитивтік принциптер. Эволюция процестерінің физикасы. Сингулярлы оқиғалардың космологиялық гипотезасы. Қазіргі заманғы физика және резервтік эволюция идеялары. Негізгі тасымалдаушылар физикасы және аксиоматикалық теориясы. Наноөлшемді процестердің, күрделі жүйелер физикасы. Қазіргі заманғы физикада жаңа білім құру мәселесі қарастырылады.

    Несиелер - 5
  • Физикалық білім берудегі бақылау мен бағалау әдістері

    Білім беру жүйесіндегі бақылау мен бағалаудың орны, білімді бағалау жүйесі, бағалау нәтижесі, оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері, Quizlet, Quizziz, Letstest сияқты басқа да Интернет желісіндегі интерактивті онлаин-сервистерді қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Оқыту нәтижелерін жобалау мен бағалауды ұйымдастыруда заманауи әдістерді қолдану дағдылары қалыптасады

    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманғы ғылым философиясының өзекті мәселелерін, бағдарлау және сөйлеу коммуникациясының кәсіби негіздерін (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) іскерлік хат алмасумен жұмыс істеу дағдысын (хат, электрондық пошта және т.б.) менгереді;
  • Педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, оқыту әдістерін, басқару және меңгеру үрдістерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын кәсіби қызметінде пайдаланады;
  • Оқу және ғылыми процесті жобалау, ұйымдастыру және іске асырылуын бағалау тәсілдерін қолданады;
  • Заманауи білім беру әдістері мен технологияларын педагогикалық қызметінде, оның ішінде оқу процесін диагностикалау және сапасын бағалауда қолданады;
  • Оқытудың әдістемелік үлгілерін, әдістемелерін, технологияларын және әдістерін іске асырады
  • Физиканың заманауи мәселелерін шешуде теориялық және практикалық білімі мен ғылыми дағдыларын қолдана алады;
  • Әдістеме (тәсілдер, принциптер, логика, зерттеу әдістері, деректерді талдау, нәтижелерді тестілеу және т.б.) және ғылыми зерттеулерде этикалық принциптерді сақтаудың маңыздылығы туралы білімін көрсетеді ; қойылған ғылыми тапсырмаға сәйкес сандық немесе сапалық зерттеулерді жобалай алады, болашақ кәсіби қызметтің практикалық мәселелерін шешу үшін әдістемелік білімді (Action Research) синтездейді (Lesson study).
  • Заманауи компьютерлік технологияларды өзінің кәсіби қызметінде, оның ішінде күрделі физикалық құбылыстар мен процестерді модельдеу мен визуализациялауда пайдаланады.

Ұқсас БББ

Top