6B01404 Визуалды өнер, көркем еңбек және графика в Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау саласындағы оқу-тәрбие міндеттерін шешуге қабілетті жаңа формациядағы маманды, педагогты қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Академиялық сурет 1
Студенттерді суреттің негізгі категорияларымен таныстыру, графикалық материалдарды қолдана білу, көрнекілік бейнелеудің әдістерімен құралдарын қолдана білу, жазықтық бетінде үшөлшемді көлемнің сызықты- құрылымдық және жарықты- көлеңкелі пішінін көрсете білу болып табылады. Әртүрлі пішіндердің құрылысың кеңістіктік пішінінің қозғалысын, әртүрлі элементтердің пропорционалдық қатынас түсініктерін дамытуға көмектеседі. Геометриялық фигураларды жазу арқылы жарық пен көлеңке арасындағы қатынасты табу. Тұрмыстық заттарды бейнелеу мен зерттеу негіздерімен таныстырып, көлемді-кеңістікте натюрморттарды орындау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Пластикалық анатомия
Курстың мақсаты білім алушыларды адам скелетінің құрылымы, оның бейнелеу өнеріндегі танымдық мәнін ұғындырады. Пәнді оқу барысында омыртқа бағанасы, кеуде клеткасы, жамбас, қол сүйектері, иық белдеуі, бас сүйегінің құрылысындағы ерекшеліктерін, скелет пен бұлшық массивтеріне негізделе фигураны кескіндеуге, дене мускулатурасы, жамбас, жіліншек бұлшық еттері орналасуын, мойын, бас, бет бұлшық еттері, дене пропорциясы, ауырлық орталығы, жануарлар мен құстардың тірек-қимыл жүйесінің анатомиясы анықтауға үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Композиция
Курста білім алушылар композицияның ұғымдық аппаратының түсініктерін, түрлері мен типтерін, композицияның заңдылықтары мен принциптері, композиция ережелері мен техникасын қарастырады. Оқу барысында ырғақ. контраст, нюанс, сәйкестік, пропорция, масштаб элементтерінің ерекшеліктерін бейне кескінінде қолдануға үйренеді. Фронтальды, көлемдік және тереңдік-кеңістіктік композицияларды орындауға дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология, тіршілік қауіпсіздігі және тұрақты даму
Пән экология және экожүйелердің тұрақты дамуының негізгі ұғымдарын, сонымен қатар қоршаған ортаның ластануын және оның адам денсаулығына әсерін бағалау әдістерін, жағымсыз факторлардан қорғау мәселелерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жоюды, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын зерттейді. Пән тұрақты дамуды құру және қазіргі және болашақ ұрпақтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қабылданған шешімдерге экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторларды біріктіру қажеттілігін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Білім алушыларды дамытудың жас ерекшелік және физиологиялық ерешеліктері
Оқу пәні психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Курстың барысында білім алушылардың дамуын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады. Олардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады. Жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Оқу пәні заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімін қалыптастыруға бағытталған. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мәнмәтінінде педагог қызметінде қолдана алады. Болашақ педагогтар білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесуді және қарым-қатынасты дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал ету тәсілдеріне дағдыланады. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасу формалары мен әдістерін қолданады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Академиялық сурет 2
Адамның қаңқасы пропорциясының ерекшеліктерін, оның фигураларын, тірі табиғатын, адамның негізгі қозғалыстарын, пропорцияларын, адам фигурасының кеңістіктікте орналасуын, олардың жас ерекшеліктерін сәби, жас кезен, орта кезен, қарттық кезеңді зерттеп бейнелеу, олардың әрқайсысы алдыңғысымен қисынды байланысқан және бұрын алынған дағдыларды дамытады немесе сурет техникасы мен оның қасиеттерін меңгеруде жаңа тәжірибе береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Академиялық кескіндеме 1
Сурет пішіннің конструкциясы, заттардың құрылған формасы туралы жалпы түсініктер. Пропорциялар. Заттардың шамалас формаларының қатынасы. Сәуле мен көлеңке және түстік перспектива заңдылықтарын орындау. Түске, оның табиғатына, спектріне, түсті қабылдаудың жарық түсіру әсері туралы түсінік беру. Академиялық кескіндеменің түрлі техникаларымен таныстыру және қолдану, кескіндеменің эстетикалық мәнін ашуды білу. Кезеңдермен жұмыс жасауды үйрету. Суретті компановка жасауды, түрлі формадағы заттарды, парақты қалай орналастырған дұрыс екенін (горизонталь немесе вертикаль,). Пигменттердің калористикалық араласу қабылдамаларын және олардың мүмкіндіктерін, түстердің сәйкес мінездемелерін және оларды адаммен қабылдауын білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Курс барлық білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған және жасанды интеллекттің күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қалай қолданылатынын түсінуге мүмкіндік береді. Курстың мақсаты – білім алушыларды жасанды интеллекттің негізгі қағидаларымен таныстырып, оны әртүрлі салалардағы нақты міндеттерді шешуде қолдану дағдыларын дамыту. Курсты меңгеру барысында білім алушылар деректерді талдау, ЖИ-технологияларын бейімдеу және оларды кәсіби процестерге интеграциялау бойынша құзыреттерге ие болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Робототехника АКТ негіздерімен
Курстың мақсаты роботтардың түрлері, олардың дамуындағы модификациялары, роботтардың жіктелуі, LEGO конструкторлары, қауіпсіздік ережелері, Lego - роботтарының құрылысының ерекшеліктері, Lego Mindstorms стандартты модельдері туралы білімдерін қалыптастырады. Бағдарламалық жасақтаманы, бағдарламалау мен басқару ортасын, NXT және EV3 интерфейсін, NXT немесе EV3 блогын пайдаланып роботты бағдарламалауға үйренеді. Датчиктердің түрлері мен параметрлерін, нұсқаулыққа сәйкес робот моделдерін құрастыруға, роботтарды жобалауға, компьютерлік қосымшаның көмегімен роботтарды бағдарламалауға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Оқу курсы оқытудың әртүрлі теориялары мен педагогикалық үлгілеріне жетелейтін тұлғаның тұжырымдамалық бейнелері сияқты педагогика ғылымының негіздерін меңгеруге бағытталған. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ педагогтар әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сызба геометриясы және инженерлік графика
Курс білім алушылардың кеңістіктегі және жазықтықтағы бейне кескіндерінің орналасуын, өзара орналасуын және қилысу ерекшеліктері туралы білімі қалыптасып, оларды жазық бетте орындау тәжірибесіне дағдыланады. Курстың барысында сызба кескіндерін орындаудың нормаларын ескере, проекциялық сызба: пішін, қәріп, сызықтар, шеңберді бөлу, түйіндесу, қима, тілік, көріністер, оларды орындау тәсілдеріне, машина жасау, құрылыс, топография сызбаларын орындау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқыту әдістері мен технологиялары
Оқу курсы оқытудың стратегиялары мен әдісснамасын жан-жақты ашып, зерделеп түсінуге, оларды нақты педагогикалық жағдайларға, мектептің нақты шарттарына және оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін инновациялық әдістерді таңдауға, оқыту мен бағалау үдерісін оқып үйренеді. Білім беру үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде қолайлы инклюзивті, физикалық және онлайн оқыту ортасын құра, дидактика, оқыту технологиялары мен оқушыларды ынталандыру әдістері бойынша қажетті білімдерге, оқу үдерісінде жүзеге асыру тәсілдемелерін, оқушыларға қажетті педагогикалық көмек көрсете алу тәжірибесіне дағдыланады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Оқытуды жоспарлау мен даралау
Курстың мақсаты оқыту саласындағы білім беру бағдарламаларымен, білім берудің белгілі бір деңгейін, дамытудың педагогикалық қағидаларына және шарттарына негізделе жоспарлау үдерісін меңгереді. Педагогикалық және өз бетінше ізденістерге негізделген оқыту технологияларын қолдану және оқыту үдерісіне оқушылардың жан-жақтылығын және инклюзия қағидаларын ескере отырып, оқытуды дараландырудың тәжірибесіне үйренеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Экономика, құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері
Пән білім алушыларға экономика, құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері туралы кешенді түсінік қалыптастыруға бағытталған. Нарықтық тетіктер, мемлекеттің экономикадағы рөлі, азаматтық және еңбек құқығының негіздері, кәсіпкерлік бастамалар, бизнес-жоспарлау, жеке бюджет, жинақтау, салық салу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушыларда ұтымды қаржылық әрекет ету, құқықтық бағдарлану және кәсіпкерлік ойлау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық кескіндеме 2
Төрт, бес заттардан құрылған натюрморт жазу арқылы түстермен заттардың көлемі мен пішінін кескіндеуді, жобалық жұмыста түсті-әуе перспективасын қолдануды білу, кескіндемедегі перспективалық негіздерді және түзу-сызық кескін пішінін үйрету. Студенттерді айналадағы іс-әрекеттерді, архитектуралық ортаны заттардың көрермендік қабылдау мәдениетін үйретіп, дамыту. Адамдардың фигураларын және заттарды бейнелеуді үйрету, көрермендік есте сақтауды дамыту, есте сақтау бойынша жұмыс жасауды үйрету. Палитрадағы әрбір бояудың мүмкіндіктерін терең зерттеуіне мүмкіндік жасау, түс табудағы студенттердің шеберліктерін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқу шеберханасының практикумы
Курс білім алушылардың оқу шеберханасын ұйымдастыру, оның құралдары, жабдықтары, материалдары, қауіпсіздік техникалары, лауазымдық тұлғаның міндеттері, материал дардың құрылымы және қатты материалдардың физикалық-механикалық қасиеттері, материалдарды қолмен және механикалық өңдеудің технологиялық операциялары. туралы білімдерін қалыптастырады. Оқу курсы барысында конструкциялық материалдардан шеберханаға қажетті аспаптарды дайындауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Материалдарды көркем өңдеу бойынша практикум
Курстың мақсаты шеберхананы ұйымдастыру, аспаптар мен жабдықтар, техника қауіпсіздігі, көркем бұйымдар жасаудың көркем әрлеу техникасы, декоративті мотивтері, әр түрлі материалдардан бұйымдар жасау тәсілдері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Соның аясында жұмыстарды көркем өңдеу мен әрелу, бағалау тәсілдеріне дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Перспектива
Курстың мақсаты кеңістіктегі шынайы бейне нысандарының адам қабылдауындағы өзгеріс күйлерінің заңдылықтарын ұғындыруға және бейне кескінін орындауда перспектива заңдылықтарын сауатты қолдану тәжірибесіне дағдыландырады. Курстың барысында білім алушылар түзу мен нүкте перспективасын, түзудің кескіндеудегі ереше жағдайларын, бұрыштық перспективаны, жазық фигуралардың перспективасын, шеңбер перспективасын қарастырады. Сонымен бірге, нысандардың перспективасын құру тәсілдерін, интерьер перспективасын құру, интерьердің фронтальды, бұрыштық перспективасын, көлеңкелердің перспективасын бейне кескіндерінде қолдану тәжірибелеріне дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Визуалды өнері 1
Білім алушылардың графика бойынша бейнелеу өнері сауаты негіздерімен таныстырады, өмір шындығы көріністерін, табиғатты және өнердегі бояу түстерін оның сезімдік әсерін студенттердің көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде қалыптастыру. Жалпы өнер тарихын меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Түстану
Курстың мақсаты білім алушылардың түстану саласының ұғымдық аппаратын, түс туралы түсініктерін, түстің пайда болуы мен дамуын, түстің адам өміріндегі мәнін ұғындырады. Оқу курсы барысында түстің физикалық негіздерін, түсті қабылдау ерекшеліктерін меңгертеді. Тәжірибелік сабақтарда түстер шеңберін, түстер үйлесімділігін анықтауға, колориметрия негіздерін түсіндіруге, түс және жасанды орта арасындағы байланыстарын, ерекшеліктерін айқындауға, жарықтандыру кезіндегі түс өңінің өзгері күйлерін ажырата алуға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стартапты ұйымдастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару
Пән білім алушылардың стартапты құру, дамыту және тиімді басқару бойынша құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Мақсатты аудиторияны анықтау, команда құру, бизнес-идеяны іске асыру, құндылық ұсынысын әзірлеу және сыбайлас жемқорлық қатерлерін болдырмау тәсілдері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар ашық, тұрақты және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлік жобаны әзірлеу дағдыларын иеленеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
Курстың мақсаты болашақ мұғалімдерді көркем еңбек оқу пәні бойынша жаңартылған білім беру аясындағы форматта сабақтардың оқыту әдістемесін жасаудың теориялық негіздерін ұғындырады. Курстың оқу барысында көркем еңбек бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау, олардың: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді түрлерін құрудың әдістемелік тәсілдеріне, белсенді әдістерді, кері байланыс және рефлексия әдістерін, критериалды бағалау механизмін, қалыптастырушы бағалауға тапсырма құру, оны бағалау тәжірибелеріне үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұйымдарды модельдеу,жобалау және тігу
Курс өнеркәсіптік бұйымдарды инженерлік-көркемдік жобалау принциптерін, бұйымдарды эскиздік жобалауын, бұйымның базалық конструкцияларының модельдік түрлендіру алгоритмдерін, модель конструкциясына қойылатын талаптарын, бастапқы конструкцияның силуэтті пішінінің өзгеруімен және өзгертусіз конструктивтік модельдеу әдістерін, бұйым бөлшектерінің конструкциясын модельдер мен үлгілер бойынша әзірлеуін, әдістерін қарастырады. Тігін машинасына арналған жұмыс орнын ұйымдастыру, тігін машинасының құрылысы мен жұмыс жасау принциптері, техника қауіпсіздігі, машиналардың ақаулары және оларды жою тәжірибелеріне үйренеді. Бұйымды пішу және тігу технологиялық процестерді орындау тәсілдері бойынша тәжірибеге дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Материалтану негіздері мен материалды өңдеу технологиясы
Курста білім алушылардың конструкциялық материалдардың түрлері, құрылысы, физикалық-техникалық және технологиялық қасиеттері және олардың өңдеу барысындағы құрылымдық өзгеруі күйлері туралы білімдері қалыптасады. Оқу барысында конструкциялық-технологиялық материалдар және олардан жасалған бұйымдардың негізгі түрлері, материалдарды технологиялық өңдеу түрлерін қарастырады. Білім алушыларды әр түрлі конструкциялық материалдарды қолмен және механикалық өңдеу құралдарын, олардың түрлерін, қолдану тәсілдерін, техника қауіпсіздіктерін, жұмыс орнын ұйымдастыру, жоспарлау, бұйым жасаудың технологиялық процестерін орындау дағдыларына үйретеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Визуалды өнері 2
Студенттердің мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейту, Пластикалық пішін өнері туралы ұғым қалыптастыру. Студенттердің көлемді бейнелерді салумен, мүсіндік бейненің түрлерімен, көлемнің кеңістікпен, жарықпен байланысты, мүсінде қолданылатын көркемдік материалдармен, олардың қасиеттерімен таныстыру. Шығармашылық жұмыс, визуалды элементтерді дербес таңдауға мәнерлі құралдары және олардың комбинациялары, ең тиімді техникасын орындау үшін шығармашылық жұмыс таңдауда бағыт бағдар беру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сәндік-қолданбалы өнер
Курстың мақсаты білім алушылардың сәндік-қолданбалы өнердің даму тарихы, оның тарихи құндылықтары, түрлері, бұйым үлгілеріндегі декоративтік мотивтері мен оның композициялық ерекшеліктері, жасау тәсілдері туралы білімін қалыптастыру. Курстың оқу барысында сәндік-қолданбалы өнердің жеке түрлері бойынша бұйымдарды жобалау мен жасау тәсілдеріне және бұйым жасау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Оқу курсында оқыту үдерісінде білім алушылардың әртүрлілігін түсінеді, сондай-ақ олардың өмірі мен оқу жағдаяттарын ескеру мүмкіндігіне ие. Білім алушылар тиісті АКТ, үйретуші және көмекші технологияларды қолдана отырып, оқушыларды оқытуды және оларды білім беру үдерісіне қосуға қолдайды. Қауымдастық пен ынтымақтастықта, психологиялық және этикалық тұрғыдан олардың әл-ауқатын қолдайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Тағам дайындау технологиясы мен үй мәдениеті
Курста білім алушылар шикізат пен полуфабрикатты алғашқы өңдеудің технологиялық процессі, азық түлікті жылы өңдеу, дәмхана өнімдерін дайындаудың технологиялық процессі, суп, соус, көкөністер мен қозқұйрықтан тағам мен гарнир жасауу, түйіршік азықтардан тағам мен гарнир дайындау, еттен тағам дайындау, тәтті тағамдар дайындау, сусындар, қамырдан тағамдар жасауға үйренеді. Оқу курсының барысында электр аспаптары мен тұрмыстық техниканы пайдалану және жөндеу, жөндеу және тұрмыстық жұмыстар, интерьерді ұйымдастыру және жоспарлау, үй экологиясы, ландшафты дизайн, жеке гигиена, киімді күту және сақтау оқу материалдары қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Педагогикалық зерттеулер
Бұл курс педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздеріне үйретеді. Түрлі сенімді көздерден теориялық білімді іздеу және сыни тұрғыдан іріктеу дағдысын меңгереді, педагогикалық ойлау мен практиканы дамытуда зерттеу нәтижелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады, зерттеулерге негізделген оқыту мен білім алуға, сондай-ақ осы дағдыларды үздіксіз дамытып, өздерін кәсіби тұрғыдан жетілдіруге ықпал ету дағдыларын тәжірибелейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік графика
Курста білім алушылар компьютерлік графика курсының негізгі терминдері, мәні мен рөлі, оның негізгі заңдылықтарын қарастыра отырып, замануи КОМПАС 3D және AutoCAD оқу бағдарламалымен сызба кескіндерін орындауға дағдыланады. Оқу барысында сызба бағдарламаларының опцияларын меңгере сызба кескіндерін екі, үш өлшемді сызбаларды орындау моделдерін оқып үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Визуалды өнері 3
Сәулет өнері қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарының әр түрлі типтеріне қойылатын талаптардың кешенін анықтау, адамның, ғимараттардың және әр түрлі динамикалық қызметгік процестер жағдайындағы өзара әрекетінің технологаялық, физиологаялык және психологиялық параметрлерін анықтау. «Құрылым» («конструкция», материялтану) — ғимараттардьң және қызметгерінің уақыт бойынша және пайдалану процесіндегі өзгерістеріне сейкес құрылымдық жүйесін әзірлеу, берілген қасиеттермен казіргі жоғары тиімді жобалар жасау «Үйлесім» («композиция») — қазіргі архитектуралық үйлесімнің жене оның принциптерінің табиғатьн анықтау, архитектураның эстетикасын қабылдау психологаясының ең жаңа деректерін пайдалану арқылы әзірлеу, лондшафты дизайн өнерін үйрету. Графикалық дизайн үлгісін дайындау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Графика және жобалауды оқыту әдістемесі
Курстың мақсаты көркем еңбек оқу пәні бойынша жаңартылған білім беру аясындағы форматта сабақтардың оқыту әдістемесін жасаудың теориялық негіздерін ұғындырады. Курстың оқу барысында көркем еңбек бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау, олардың: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді түрлерін құрудың әдістемелік тәсілдеріне, белсенді әдістерді, кері байланыс және рефлексия әдістерін, критериалды бағалау механизмін, қалыптастырушы бағалауға тапсырма құру, оны бағалау тәжірибелеріне үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Дизайн негіздері
Курстың мақсаты білім алушылардың дизайн ұғымдық аппаратымен және оның мәнін ұғындырады. Курстың оқу барысында дизайн түрлері және олардың ерекшеліктерін, көркемдік технологиялардың негізгі түрлері, дизайн объектілерін дайындауға арналған функционалдық және эстетикалық талаптарын, дизайн объектілерінің түсі және безендірілуін қарастырады. Бұйым дизайнының моделдеу және жобалау кезеңдеріне үлгілі бұйымдар жасау тәжірибесіне үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Компьютерлік жобалау
3D дүниесі бойынша тұжырымдаманы, қолданбалы бағдарламалары, Edit Mesh модификаторы, ArchiCAD тұжырымдамасын оқып үйренеді, қолданбалы бағдарламалармен визуалды моделдерді жасау тәсілдерін орындайды, АКТ ның қолданбалы бағдарламаларымен үш өлшемді нысандардың бейнелерін тұрғызуға дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеулер, даму және инновация
Бұл курс ғылыми дәлелдеудің технологиясы мен әдістеріне үйрену үшін шағын зерттеу жобасын әзірлеуге үйренеді. Олар өздерінің зерттеу тақырыбын/сұрақтарын анықтайды, әдебиеттерге шолу жасайды және зерттеу этикасын қоса алғанда, деректерді жинау және талдау әдіснамасын жасайды. Этикалық жүргізілген зерттеулер және әзірлемелердің негізінде педагогикалық іс-әрекетін дамытып, жаңарта алады, зерттеу жобаларын жүзеге асыра алады. Өздерінің зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін әртүрлі кәсіби тәсілдермен және арналармен ұсына алады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогикалық дизайн
Курста білім алушыларға педагогикалық дизайн ұғымдық аппараты мен оған түсінік, мәнін ұғындырады. Курстың оқу барысында пәннің оқу процесін жобалау, оның принциптері, білім беру дизайнерлерінің мақсаты мен міндеттері, педагогикалық дизайн түрлері: ADDIE, SAM, SMART, LA, олардың кезеңдері мен ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен бірге, білім алушылар әр түрлі формалы және мазмұнды контенттер жасауға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана сабақққа қажетті демосабақ, дидактикалық материалдарды әзірлеуге дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұйым дизайны (сала бойынша)
АКТ қолданбалы бағдарламаларын қолдана отырып киімнің үлгілерін көркем жобалау дағдыларына баулу болып табылады. Оқу барысында нысанды формалау, киімді құрудың композициялық құралдарын, киімді жасау қағидалары мен стилдерін, шығармашылық дизайн жұмысның әдістері мен тәсілдеріне үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім беру менеджменті
Пәнді зерделеу студенттерге кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджменттің құрылымы мен мазмұны, принциптері, функциялары мен әдістері, білім беру ұйымдары басшыларының басқару қызметін ғылыми ұйымдастыру, жүйелік көзқарас негізінде басқару шешімдерін қабылдау процесі мен технологиясы, білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік қолдау, педагогикалық маркетинг жоспарлау құралы ретінде, кәсіптік білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын басқару, педагогикалық менеджмент жүйесіндегі жеке тұлғаның және ұжымның рөлі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби табыстылық менеджменті
Студенттерге кәсіби жетістіктің теориялық және қолданбалы модельдерінің тетіктерін жан-жақты түсінуге, жеке компанияларда да, қоғамда да қолдануға болатын іскерлік жазбаша бизнес және мансаптық коммуникация стратегияларын, кәсіби көшбасшылық және тиімді командалық жұмыс дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі таныстырудың, идеяларды қалыптастырудың және іскер адамның имиджін қалыптастыруға бағытталған шығармашылық ойлаудың маңызды дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- кең ой-өрісі мен ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми , экономикалық пәндер саласында базалық білімге ие болу
- көркем-технология және педагогикалық шығармашылықты дамытуға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекеттегі әдіснамалық және көркем-технологиялық білім меңгерген
- заманауи техникамен жұмыс істейді, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады
- педагогикалық іс-әрекеттегі көркем білім берудің, психологиялық және әдістемелік ерекшеліктердің, тұлғаның психикалық дамудың негізгі заңдылықтарын және ережелерін жалпыламалайды
- сыни ойлау үшін дағдыларын: байқаушылық, түсіндіру, талдау, қорытындылар шығару, баға беруге оқу-тәрбие үдерісінде қолданады
- креативтілік сапасы, бір аспектіден екіншісіне өту, идеяларды ұсыну, мәселенің мәнін көру қабілеті бар, академиялық адалдықтың қағидалары мен мәдениетін түсінеді
- креативтілік сапасы, бір аспектіден екіншісіне өту, идеяларды ұсыну, мәселенің мәнін көру қабілеті бар, академиялық адалдықтың қағидалары мен мәдениетін түсінеді
- кәсіби педагогикалық іс-әрекетте қолдануға, оқу үдерісінде дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған визуалды, көркем және технологиялық ойлау дағдыларын пайдаланады
- кәсіби міндеттерді шешуге ғылыми зерттеу әдістерін қолданады
- нақты жағдайды ескере отырып, кәсіби мінез-құлықтың оңтайлы моделін таңдайды және жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясын әзірлейді
- оқу шеберханасын құру және жабдықтауда технологияларды реттеу мен пайдалануда оқытушылық және оқу-тәрбие қызметін көрсетеді
- білім алушыларды тәжірибеге даярлау үшін визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау іс-әрекеттерін жасайды, баяндайды, бағалайды.