6B01402 Музыкалық білім в ШымУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи музыкалық, коммуникативтік, цифрлық, кәсіпкерлік құзыреттіліктері мен инклюзивті музыкалық білім беру дағдыларына ие, музыкалық-оқытудың жоғары сапалы контентін құруға және музыкалық-білім беру үрдісін ұйымдастыруға қабілетті педагог-музыкантты даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B006 Музыка мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Музыка пәнін оқыту әдістемесі
Ноталық сауатты меңгеру, музыканың жанрлық түрлерін айыра білуді қалыптастыру, музыкадағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету, Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну,тұлғаралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай білу, Оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну, талдау, Осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білім түсініктерін көрсету, оқу – практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану,
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Хор класc және хормен жұмыс жасау практикумы
Болашақ кәсіби мамандарды кәсіби музыка өнерінің өсу жолдары, Қазақстан композиторларының шығармаларының стилдік түрлері, хордағы сольфеджио, шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін сипаттау, қазақ композиторлары мен музыкатанушыларының білімін көрсету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе (CLILL әдістемесін оқыту)
Білім алушылардың өмір талабына сай ғылыми ойлау қабілетін жетілдіреді. Теориялық білімдерін тәжірибе жұмыстарымен ұштастыруға баулиды. Мамандыққа кіріспе пәнінің негізгі ерекшелігі мұғалім мен білім алушылардың талаптарын, мақсаттары мен, мүмкіндіктерін қарастырады. CLIL әдісінің негізгі мақсаты: – оқытушының сөйлесуін азайтып, керісінше білім алушылардың бір-бірімен сөйлесу дағдысын қалыптастырады. Бұл технологияны қолдана отырып тез арада қажетті мәліметтерді табады. Шығармашылық, тәжірибелік қабілеттіктері артады. Білім алушыларды қазіргі заман талабына сай, білімді өздігімен меңгереді, өзін бағалайды, өз жетістігін көре алады және ізденіске бағыттайды. Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес білім алушылардың білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Хор жүргізу
Ноталық сауатты меңгеру, музыканың жанрлық түрлерін айыра білуді қалыптастыру, музыкадағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету, кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай білу, озық білімге негізделген, білімі мен түсініктерін көрсету және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін технологияларын пайдалану; қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдалану,
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыка теориясы және сольфеджио
Курстың мақсаты музыка теориясы саласында білім алушылар музыкалық сауаттылық біліміне ие болады, музыкалық-теориялық терминдермен танысады. Білім алушылар музыканың қарапайым теориялық негіздерін біледі және музыкалық шығарманың жеке көркемдік интерпретациясын меңгереді. Музыка теориясының негізгі заңдылықтарын игеру мақсатында зерттеледі. Білім алушыларға алғашқы музыкалық сауаттылықты игертеді. Музыкалық принциптер мен әдістерді, жүйе құру мен дағдыларды қалыптастырады. Білім алушылар әр түрлі ладтарды, интервалдарды, аккордтарды, олардың әуезді және гармониялық құрылымдарын үйренеді. Музыканы тыңдау арқылы дыбысты ажыратуға, жазуға және дауыспен бірден оқуға модуляцияларды айтуға бейімдейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
Руханиятқа, білім, ғылымға еліміздің әлеуметтік, саяси мен экономикалық жаңғыруына озық технологиялардың дамуы мен дүниетанымның өсуі негізінде заман талабына сай көзқарастар негізінде адамның ұлттық санасын жетілдіру. Білім алушы рухани жаңғырудың бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы сияқты бағыттарын меңгере алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ансамблдік орындау
Білім алушылардың ансамбльдік орындауы мен ән салуы дауыстың тазалығы, үйлесімділігі арқылы шеберліктері мен дағдыларын дамытады. Ансамбльмен жұмыс істеу әдістерін үйретеді. Таза айту дағдыларын (бір дауысты және көп дауысты) музыкалық есту, тыңдау, есте сақтау қабілеттерін айқындайды. Орындаушылық шеберлікте жоғары және төменгі әншілік форманталарды дұрыс пайдалана алады. Жұмсақ және қатты атакаларды орындауға арналған жаттығуларды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Вокалды ансамбль
Вокалды ансамбль ұжымымен жұмыс жүргізуде орындаушылық біліммен қаруланады. Ансамбльдің таңдаулы шығармаларымен жұмыс жүргізеді. Білім алушылар вокалды-хор дағдыларын игереді және шығарманы кәсiби деңгейде орындауды үйретеді. Қазақ, орыс және шетел композиторларының таңдаулы шығармаларымен, вокалды ансамбль әндерімен таныстырып, практикалық жұмыс жүргiзуге дайындайды. Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалана отырып, шығарманы орындаушылықпен айналысуға дайындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Негізгі музыкалық аспап (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз)
Музыкалық білімнің негізгі түсініктерін, заңдарын және теориясын біледі. Жеке-дара сабақтарының түрлері әр білім алушылардың мүмкіндігіне назар салып, жан-жақты зерттейді. Музыкалық алған білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына сүйенеді. Музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, музыкалық домбыра, баян, фортепиано, қобыз аспаптарын шебер ойнауға дағдыланады. Кәсіби дайындығының деңгейі мен орындаушылық шеберлігі анықталады. Музыканы дұрыс жазып, орындау үшін музыка теориясын жете меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Мектеп жасындағы балалардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері мен әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтарын зерттейді. Өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым – қатынасы, мектеп оқушыларының денсауығын сақтайды және нығайтады. Дене тәрбиесі мен шынықтыру әдістерін пайдаланады және балалар мен жасөспірімдер ағзасының қоршаған ортаға бейімдейді. Балалардың мүмкіншілігін арттырып, денсаулығын қорғау мен жақсартуға үлес қосады. Балалардың физиологиялық қабілетін дамуын толыққанды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін қабілеттілікті арттырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Музыкалық аспаптар
Музыкалық нотаға ие болу, музыканың жанрлық түрлерін ажырата білу қабілетін қалыптастыру, музыкадағы озық білімге сүйене отырып, зерттелетін салада білім мен ұғымдарды ұсыну, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің мағынасын түсіну, қолдану оқу және практикалық және кәсіби мәселелерді шешуге арналған теориялық және практикалық білім, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу және түсіну, талдау. Теориялық және практикалық білімдерді зерттелетін аймақтағы оқу, практикалық және кәсіби мәселелерді шешуге, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі байланыстарды білуге және түсінуге, талдауға қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Оқыту үдерісінде білім алушыларға бизнесті жүргізу идеялары және кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білім беріледі; білім алушыларға кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат ұсыналады; білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың заманауи теорияларымен таныстырады; білім алушылар капиталды бюджеттеу, айналым капиталын басқару, біріктіру және корпоративтік қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қаржылық шешімдерді бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және құқық
Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін сақтау, қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму үрдістерін біледі; білім алушыларды құқық және экономика саласында алған білімін кәсіби қызметінде қолдануды, экономика және құқық саласындағы оқиғалар мен зерттеулер нәтижелерін талдауды меңгереді; қоғамдағы экономикалық және заңдық тұрғыда байқалатын фактілерді дәлелдеуді және бағалауды үйренеді; экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытады; заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешуде инновациялық идеяларды қалыптастырады; өз көзқарасын дұрыс қорғауды, жаңа шешімдер ұсынуды, басқа адамдарға қатысты толеранттылықты көрсетеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балалар хорымен жұмыс жасау
Балалар хор ұжымымен жұмыс жүргізуде орындаушылық біліммен қаруланад. Балалар хоры таңдаулы шығармаларымен жұмыс жүргізеді. Білім алушылар хор дағдыларын игереді және шығарманы кәсiби деңгейде орындауды үйретеді. Қазақ балалар композиторларының хор шығармаларымен, хордың музыкалық шығармаларының шығу тарихымен таныстырып, практикалық жұмыс жасауға дайындайды. Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалана отырып, шығарманы орындаушылықпен айналысуға дайындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Балалар дауысымен жұмыс жасау әдістемесі
Балалардың дауыс аппаратын дұрыс қою арқылы тыныс алудың диаграммасын дамытуға баулиды. Балаға бойын тік ұстау мәдениеті мен әншілік дағдыларды меңгертеді. Екпінді дұрыс қою, орфоэпия (дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы) және ойдың тиянақтылығын жеткізе білу ерекшеліктері сақталады. Балалар даусымен жұмыс істеуде қарапайым вокалдық жаттығуларды орындаудағы эмоционалды жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Артикуляциялық аппараттың белсенді жаттығулары әншінің әнді дұрыс айта алуына көмектеседі. Балалар композиторларының әндерін үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогика
Педагогика пәнін оқытудың мақсаты тұтас педагогикалық үдеріс жағдайында болашақ мұғалімдердің практикалық іс-әрекетке теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерінің жүйесін қалыптастырады. Білім алушылардың кәсіби жеке (функцияналдық сауаттылық, адамгершілік қарым-қатынас, педагогикалық ойлау, педагогикалық әдеп, толеранттылық) тұлғалық сапасын қалыптастырады. Білім алушылардың шығармашылық, ғылыми ізденіс жұмыстарға, өздігінен білім алуына дайындайды. Педагогика негізінен пәнаралық байланыс талабын орындауды жүзеге асыратын білімдер жүйесіндегі ғылым ретінде интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ музыкасының әдебиеті
Қазақ музыкасының әдебиеті қазақ халқының дәстүрлі ырымдары мен әдет-ғұрыптарын насихаттайды. Аспаптық музыка саласындағы тарихи әндер, күйлер және салт-дәстүрлерімен таныстырады. Лирикалық әндердің қазақ музыка әдебиетінде өзіндік орны бар екенін дәлелдейді. Қазақтың бай дәстүрлерін халық мәдениетінің өнердегі қалыптасып дамыған кезеңдерін зерттейді. Болашақ кәсіби мамандарды кәсіби музыка өнерінің өсу жолдарымен таныстырады. Қазақстан композиторларының шығармашылығының музыкалы-стилдік түрлерін ажыратып сипаттайтын дәрежеге жетеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ежелгі дәуірдегі қазақ музыкасы
Ежелгі дәуірдегі қазақ музыкасы қазақ халқының көне музыкалық мұрасын, оның шығу тегі, тарихи кезеңдерімен таныстырады. Студенттер ежелгі музыканың жанрлық ерекшеліктерін, ладтық-ырғақтық құрылымын, тарихи дереккөздер мен археологиялық мәлеметтер негізінде музыканың қоғамдық қызметін талдайды. Ұлттық музыкалық сананы қалыптастыруға және тарихи сабақтастықты түсінуге бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлемдік музыка тарихы
Ноталық сауатты меңгеру, музыканың жанрлық түрлерін айыра білуді қалыптастыру, музыкадағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету, Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну, оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну, талдау, Оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну, талдау, ЖОО білім беру мекемелерінде зерттейді, бағалайды, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дауыс қою және вокал
Дауыстармен танысады, дауыс диапозоны, тембрі мен бояуын анықтайды. Тыныс алу мен дыбысты үйлестіруге жаттығады. Дауыс аппараттарымен жұмыс жасауда сөз, дикция, артикуляция дыбыстық-резананстық дағдыларын дамытады. Жоғары ән айту тесситурасы қалыптасады. Шығармашылық жаттығулар мен қарапайым арпеджионы хроматикалық шкала фрагменттерін пайдалана отырып, қарқынды жұмыс жасауға үйретеді. Дауыс қоюда вокалды ән айту қабілетін, тыныс алудың әдістерін, жаттығулар мен вокал дауыстарын біртіндеп дамытады. Вокалдық жүйе таза және мәнерлі орындаудағы динамиканы сақтауға үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дауыс айқындау
Әншінің әншілік дағдыларын ұстаздық қызметте дауысты шебер пайдалана білуге үйретеді. Дауысты айқындау вокалдық, техникалық жағынан жетілдіреді. Музыка пәні мұғалімдерін көркем орындаушылыққа тәрбиелейді. Әртүрлі сипаттағы вокалдық шығармалар мен мектеп әндерін көркем орындаудың негізгі заңдылықтарын игереді. Ноталық материалдарды қағаз бетінен оқиды, шығарманы басқа тональностьқа көшіріп аспапта ойнайд. Әр түрлі фактурада жазылған шығармаларды кітаптан еркін оқуға үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Тәрбиелеудің қазіргі тұжырымдамалары мен үлгілеріне, мектептің тәрбие жүйесіне, мақсат қою және жоспарлау, бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізуге сипаттама беріледі. Тәрбиелеу үдерісінің мәнін, тәрбиелеу нысандарын, әдістері мен құралдарын түсіндіреді. Сынып ұжымындағы оқушылардың өзара әрекеттесу белгілерін, сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен, балалар бірлестіктерімен қарым-қатынасын анықтайды. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің негізгі бағыттары бойынша тәрбие жұмысының жоспары мен өзін-өзі бағалау құралдарын пайдалана отырып, оқу жұмысын талдайды және бағалайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Инклюзивті педагогика
Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар балаларды білім беру ортасына кіріктірудің теориялық және практикалық негіздерін меңгереді. Инклюзивті білім берудің философиясы, қағидаттары, нормативтік-құқықтық негіздері, педагогикалық-психологиялық қолдау тәсілдерімен танысады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып, аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларды сүймелдеу, «АСБ бойынша халықаралық жұмыс әдістемелері (АВА, РЕСS, TEACCH, сенсорлық интеграция) жолдарын қарастырады. Білім алушыларды саралап және бейімдеп оқыту әдістерін жоспарлау, жеке білім беру траекторияларын құру, қолжетімді оқу ортасын ұйымдастыру, командалық сүйемелдеу қағидаттарын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Адал азамат
Білім алушыларды адалдық еңбекқорлық, азаматтық жауапкершілік, патриотизм сияқты құндылықтармен тәрбиелеуге бағыттайды. Білім алушылардың әлеуметтік белсенділік және волонтерлік қызмет жобаларын әзірлейді, және іске асырады. Мектепішілік, сыныпта және сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға үйретеді. Тәрбие үдерісіне отбасы мен қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығын нығайтуда дәрістер, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы құндылықтарды дарыту мәселелерін талдайды. Құндылыққа негізделген тәсілдерді негізгі оқу пәндеріне кіріктіре алуға үйренеді. Әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы құндылықтарды енгізуді қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Баян класы
Баян аспабының шығу тарихы мен даму кезеңдері жайлы ақпаратпен танысады. Баян аспабының құрылымы, баспа қатарлары, ноталардың баспаларда орналасу ретімен жұмыс жасайды. Орындаушының дұрыс отырысы мен қол қойылымдары туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырады. Музыка саласында баян аспабының өзіндік ерекшеліктері: аккордтық, мелодиялық және ритмикалық мүмкіндіктері білім алушылардың орындаушылық шеберлігін арттырады. Баян аспабында ноталық сауаттылықты қалыптастырады, ноталарды оқу, ырғақтық сезімін дамыту және музыкалық шығармаларды талдау дағдыларын меңгертеді. Импровизация жасау және жаңа әуендер шығару қабілеті артады, ансамбльде, оркестрде баян аспабында орындаушылық шеберлігін дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дирижерлау техникасының негіздері
Дирижерлау техникасын жетік меңгереді, хорға арналған репертуарды талдайды және жаттайды. Музыкалық шығармаларды хорға лайықтап өңдейді, дирижерлық тәсілдерді меңгереді және мақсаттары қарастырылады. Барлық музыкалық өлшемдермен танысып, схемаларды көрсете білу қабілетін музыкалы-эстетикалық және өзіндік ерекшелітерін айқындайды. Дирижерлау техникасы мен жұмыс - тыныс алу, дем алу, тізбекті дем алуға үйретеді. Хор партитурасын оқуға дағдыландырады. Ноталық материалдарды қағаз бетінен оқуға үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Домбыра ансамблі
Домбыра ансамблі пәні білім алушылардың домбыра аспабында ойнау дағдыларын дамытады. Қазақтың халық әндері, күйлері және композиторлардың шығармалары орындалады. Домбыра аспабында қағыстарды, штрихтарды, позицияны үйренеді. Музыкалық сауаттылықты арттыру, нотаны парақтан бірден оқу, аспапта ойнау шеберлігінің техникасы артады. Білім алушылардың педагогикалық ансамбльдік репертуарды меңгеру қабілетілігі дамиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұрақты даму мақсаттары: (тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология)
Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгереді. Ғылыми зерттеулердің әдістерін оқытылатын салада қолдануды қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлыққа саналы және адамгершілікпен қарсы тұру қабілетін меңгереді. Өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптері мен жұмыс әдістерін сыни тұрғыдан бағалайды. Өзінің педагогикалық тұрақты дамуын (экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі), ұйымшылдығы мен кәсіби әл-ауқатының дамуы үшін жаңа мақсаттар қоя алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қосымша музыкалық аспап
Музыкалық аспаптарда ойнаудың әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктерін түсіндіреді. Әртүрлі штрихтарды ырғақтық дұрыс орындаудағы музыкалық шығарманың мазмұндық бейнесінің динамикасымен жұмыс жасауды меңгереді. Шығарманың мазмұны мен стилін, бейнесін түсіндіріп көрсете біледі. Композиторлар туралы қысқаша мәліметтер мен шығарманың орындалу ерекшеліктерімен танысады. Шығарманың динамикалық, ырғақтық, көркемдік тұтастығын көрсетуге үйретеді. Көркем мәнерлеу құралдарын ажырату (регистр, темп, динамика, лад, ритм, фактура т.б.) шығарманы орындауда стильдік, жанрлық ерекшеліктеріне көңіл бөлуді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыка тарихы
Музыка тарихының қалыптасуының тарихи кезеңдерін, кәсіби музыкалық мәдениеттің пайда болуымен таныстырады. Тарихтың қалыптасуы мен даму кезеңдерін зерттейді. Білім алущылардың жалпы музыкалық және мәдени деңгейін арттыруға ықпал етеді. Еуропа, Батыс Еуропа, орыс музыка тарихымен танысады. Шығармалардың негізгі музыкалық-мәнерлі құралдарының сипаттамасын талдайды. Әлемдік маңызы бар композиторлардың өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мағлұмат алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект
Бұл пәннің мақсаты-студенттерге жасанды интеллект (AI) туралы негізгі білім мен түсінік беру. Пән студенттердің жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарын түсінуін дамытуға бағытталған. Пәннің міндеті-студенттерге интеллектуалды жүйелерді таңдауға, конфигурациялауға және пайдалануға, оларды жобалауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, lағдылар мен қабілеттерді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Фольклорлық ансамбль
Білім алушылардың музыкалық-фольклорлық аспаптарда шығарманы эмоциялық тұрғыда сезініп, дұрыс түсінеді. Шығармашылық мәнде ойнау қабілетін дамытады. Әрбір музыкалық аспаптардың орындалу ерекшеліктерін танып, талдай білуге өздерін бейімдейді. Кез-келген көне музыкалық аспапта ойнай алатын қабілетті кәсіби орындаушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Орындаушылық шеберлігін шыңдайды, музыкалық шығармалардың көркемдік орындаушылығын дамытады. Ансамбльді ұйымдастыру және бірге жұмыс жүргізудің жетекшісі және дирижерлық аппаратты меңгертуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дирижерлық шеберлік
Орындаушылардың ансамбльдік дирижерлық шеберлік үйлесімі мен орындаушылық шеберлігін қамтамасыз етеді. Шығармаға өзінің көркемдік түсінігін беруге талпындырып, музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаруды үйренеді. Музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына бет құбылысы (мимико), қол қимылдары арқылы дирижердың іс-әрекетін сипаттайды. Білім алушылар шығармаларды жоғары профессионалдық деңгейде көркем орындау дағдыларын меңгереді. Хор ұжымымен жұмыс істеуге қажетті есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттерін қалыптастырады, вокалдық-хор дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектептегі музыкалық білім
Музыкалық білім беру саласындағы жалпы теориялық негіздерді оқытады. Әдістемесін білім алушыларға сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру түсіндіріледі. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сай мектепте музыкалық білім беруді жоспарлау әдістемесінің теориялық негіздерін меңгертуге ықпал етеді. Теориялық ғылыми педагогикалық зерттеулерді жүргізу әдістерін көрсетеді. Мектепте музыканы оқыту барысында оқушы бойына музыка мәдениеті мен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырушы маман ретінде тәрбиелейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектептегі музыка пәні
Оқушылардың музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастырады. Шығармашылық қабілетін дамытады және музыкада рухани-адамгершілік тәрбиесін жүзеге асырады. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылардың дауыс мүмкіндігін дұрыс дамытып, көркем әрі сауатты орындау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ансамбль класы
Бірнеше орындаушының бірлесіп музыкалық шығарма орындау дағдыларын қалыптастырады. Музыкалық білім беруде ұжымдық орындаушылық мәдениетті, музыкалық есту қабілетін, ырғақтық дәлдікті және серіктеспен үйлесімді әрекет етуді дамытуға бағыттайды. Фортепианода, домбырада, баянда, қобызда ойнауды үйренеді. Ансамбль класы кәсіби орындаушымен қоса, ұжыммен жұмыс істей алатын музыкалық ойлауы дамыған студенттерге орындаушылық шеберлік дағдыларын игертеді. Музыкалық аспаптарда шебер ойнауды музыканы естуге, ырғақты сезінуге сатылап үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Музыка пәнін жаңаша мазмұнда оқыту технологиялары
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін білуге үйретеді. Оларды бастауыш мектептің оқу-тəрбие үдерісінде шығармашылықпен қолдануға міндеттейді. Қазіргі заманғы озық технологияларды мектеп тəжірибесінде тиімді қолданады және жан-жақты оқып-үйренуді талап етеді. Білім сапасын арттыруда мұғалім тұлғасы дамиды. Шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндігін жетілдіру мақсатында қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады. Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша жобада ұйымдастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ музыкасының фольклоры
Ноталық сауатты меңгеру, музыканың жанрлық түрлерін айыра білуді қалыптастыру, музыкадағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету, Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну, оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну, талдау, Оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну, талдау, ЖОО білім беру мекемелерінде зерттейді, бағалайды, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оркестр класы
Ноталық сауатты меңгеру, музыканың жанрлық түрлерін айыра білуді қалыптастыру, музыкадағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету, озық білімге негізделген, білімі мен түсініктерін көрсету және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін технологияларын пайдалану; Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну, қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдалану, Білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді мектеп және ЖОО білім беру мекемелерінде зерттейді, бағалайды, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Гармония
Гармония – білім алушылардың музыкалық және жалпы ой-өрісін дамытады. Музыкалық талантын шыңдауға ынталандырады. Білім алушылардың музыкалық сезімталдығын түрлі өнер құбылыстарын, кәсіби ойының өсіп-жетілуіне көмектеседі. Пәннің заңдылықтары мен қасиеттерін игереді. Белгілі бір мелодияға (музыка әуеніне) гармониялық сүйемел жазуды үйренеді. Музыкалық шығармаларды алуан түрде гармонизациялайды, көркемдік мазмұнын ұғындыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Музыкалық психология негіздері
Арнайы музыкалық-психологиялық білімін сезіне отырып музыка табиғатының ерекшеліктерін анықтайды. Музыканы сезінудің психологиялық қабілетін арттырады. Музыкалық саналы ойлауын және қарым-қатынасын зерттейді. Білім алушыларға психологиялық заңдылықтарды меңгертеді. Музыкалық қабылдау, орындау, шығармашылық үдерісінің психологиялық негіздерін түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Музыкалық этнография
Музыкалық этнография ұғымы қазақ музыкасының тарихи даму кезеңдерімен ерекшеленеді. Жыраулық өнердің мәдени философиялық аспектісі тарихи аспектіде талданады. Музыкалық этнография қазақ халқының өмірінен орын алған ғұрыптық әндері мен күйлері: «Бәдік», «жарапазан», «жар-жар», «сыңсу», «бесік жыры», «той бастар», «беташар», «естірту», «жоқтау» т.б.насихаттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Музыкалық шығармаларды талдау
Музыкалық форма теориясының негіздерімен және музыкалық формалар тарихын дамытудың кезеңдерімен танысады. Музыкалық идеялардың ішіндегі полифониялық және гомофониялық формалардың циклдік және опералық түрлерін ажыратуға үйретеді. Музыкалық форманы ұйымдастырудың композициялық деңгейлері мен музыканың жанрлық жүйесі, сөйлеу интонациясы, музыка мен поэтикалық мәтін сөздерінің өзара әрекеттесуінің синтетикалық-синкретикалық формалары ажыратады. Тұтас музыкалық шығармалар мен олардың фрагменттерін талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп әндерін талдау
Мектеп әндерін вокалдық және әдістемелі-теориялық тұрғыда талдайды. Сопрано, альт, ерлер партияларымен жұмыс жасайды. Вокалды-хор міндеттерін меңгеру нәтижесіндегі алған білімдерін мектептерде және бала бақшаларда қолданады. Білім алушыларды кәсіби мамандыққа даярлауды шыңдайды. Мектеп әндерін талдау музыкалық шығармаларды немесе белгілі бір әуендерді аспаптарда ойнап, іс жүзінде көрсетеді. Музыкалық шығармаларды немесе жеке бір әуендерді белгілі бір биіктіктерге ауыстырып жазады және аспаптарда ойнатып немесе дауыспен айтқызып үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп ән репертуары бойынша практикумы
Әрдайым шеберлікті жетілдіріп, шыңдап отырады. Көркем-идеялық мазмұны мен стилі әр түрлі мектеп әндерінің репертуарын толықтырып отырады. Музыка сабақтарын талапқа сай жүргізуде дұрыс репертуар таңдауға үйретеді. Орындаушылық, жұмыстарды табысты орындай алатын кәсіби тұрғыда дайындауға ықпал етеді. Музыка мамандарының сапалы репертуар таңдауын дайындауда сауатты шеберлікті күшейтеді. Музыкалық аспаппен ән репертуарындағы қиындығы, түрлі музыкалық жанрлардағы музыкалық мектеп әндерін дұрыс таңдауды үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі
Білім алушылардың аспапта орындаушылық дағдыларын дамытуға бағыттайды. Музыка мұғалімі музыка өнерінің теориясы мен практикалық дағдыларын үйретеді. Шетел, орыс композиторларының классикалық шығармаларын арнайы аспапқа лайықтап жазылған вариациялық формадағы күрделі шығармаларды орындауға дайындайды. Білім алушылардың техникалық дағдыларын дамытады, музыкалық шығармалармен жұмыс жасап, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады. Транспозициямен композициялық эксперименттерге таңдау жасауға бағыттайды. Білім алушылармен жұмыс істеуде оқытудың әдіс-тәсілдерімен сауатты жасауды меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектептегі музыка сабағын ұйымдастыру
Музыка сабағын ұйымдастыруда әр түрлі іс-әрекеттерді пайдаланады. Сабақты ұйымдастырудың тиімді әдістерін дұрыс қолдануды үйретеді. Сабақтағы оқыту әдістері мен мақсат-міндеттерді шешуге бағыттайды. Оқушылар түрлі әдістерді қолдану барысында білімді алады, әдістерді меңгереді, музыканы тыңдайды және практикалық сабақтарды жүйелі орындайды. Сабақты ұйымдастыруда оқушылардың музыка өнеріне деген саналы қарым-қатынасын дамытады, ой-өрісін кеңейтеді және іскерліктерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлем халықтарының кәсіби музыка өнері
Музыка өнері туралы эстетикалық, теориялық ғылымдар дами бастады. Кәсіби музыкада адамға сазды әуенімен әсер ететін дыбыстық көркем бейне қалыптасады. Музыкада адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Әлем халықтарының кәсіби музыкасы заманауи бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлем музыкасының мәдениетімен әдебиетімен таныстырады. Әр түрлі музыкалық жанрларды меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Музыкалық цифрлық практикум
Музыкалық цифрлық практикум курсында білім алушылар циклдік алгоритмдердің құрылымымен, желідегі ақпарат алмасудың программалық қосымшаларымен танысады. Желіде тілдесу мен желідегі ақпарат жолдарымен, жобаны бірлесіп орындауда мессенджер қолдану жолдарымен танысады. Scratch-те ойын құру барысында циклдік алгоритмді қолдануды, желідегі тілдесудің қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйретеді. Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауды үйренеді. Ойын сценарийін әзірлеу жолымен, PowerPoint программасын басқаруды, жоба жұмысын презентациялауды, слайдтар жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Музыкалық цифрлық технологиялар
Білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында, мекемелерінде компьютерлік музыкалық бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы, АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Музыкадағы дыбыстар ерекшелігімен оларға цифрлық сипаттама береді. Ішектердің тербеліс теориясы, музыкалық дыбыстың жоғары-төмендігінің физикалық шамаларға тәуелділігі музыкалық технологиялармен айқындалады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақ, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытады.
- Экономика, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша білімдерін көрсетеді, жеке адам мен қоғамның экономикалық қызметіндегі этикалық нормалар мен моральдық құндылықтардың мәнін түсінеді. Қаржылық сауаттылық, бизнесті жоспарлау және ұйымдастырудағы бастапқы дағдыларын қалыптастырады, қоғамның экономикалық өміріндегі көзқарастарын дамытады.
- Жеке іс-әрекеттеріне түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданады. Интернет-ресурстары, ақпаратты іздейді, сақтайды, өңдейді, қорғайды және тарату бойынша бұлтты, мобилді қызметтерді қолданады. Өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамытады.
- Білім алушылар жасанды интеллектті білім беру процесіне енгізудің этикалық және әлеуметтік аспектілерін түсінеді. Білім алушылар педагогикалық қызметке жасанды интеллектті енгізу және инновациялық білім беру шешімдерін әзірлеу үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болады.
- Музыкалық білім беруде әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті өзінің моральдық, азаматтық оқыту дағдыларын дамытады. Мансаптық өсу үшін өмір бойына жеке білім беру траекториясын құрады. Қазіргі әлемде ұтқырлыққа, сыни ойлау мен физикалық өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.
- Музыка мұғалімінің педагогикалық шеберлігін меңгеру, оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндігін кеңейту үшін оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
- Музыкалық іс-әрекетте, стильдер, жанрлар мен формалардың ерекшеліктері арқылы музыкалық тіл табиғатының бірлігі мен тұтастығы идеясын түсіндіреді. Музыкалық ұйымдастырушылық арқылы орындаушылық үрдісте орын алатын құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдар байланыстарын басқарады, талдайды.
- Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық мәселелерін түсінеді.
- Музыкалық-педагогикалық әдіснамалық ғылымдарды игереді. Әдіснамалық - теориялық маңызы бар іргелі ғылыми ұғымдарды таниды, түсінеді. Музыкалық білім берудің жаһандық және жергілікті мәселелерін шешеді, интеграциялайды өзіндік ұстанымын дәлелдейді.
- Музыкалық білімде әдіснама мен талдауды, ғылыми зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолданады, жаңа білімді түзеді. Оқу-практикалық, кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қалыптастырады. Құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті біледі және түсінеді.
- Озық білімге негізделген, ғылыми зерттеу бағытындағы білім түсініктерін көрсетеді. Оқу – практикалық, кәсіби міндеттерді шешеді, теориялық, практикалық білімді қолданады. Оқуды өз бетінше жалғастыраду үшін қажетті оқыту дағдыларды, фактілерді құбылыстарды, теорияларды, олардың арасындағы күрделі тәуелділікті біледі және түсінеді.
Ұқсас БББ
6B01402 Музыкалық білім
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01402 Музыкалық білім
Шәкәрім университеті
6B01402 Музыкалық білім
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Қозыбаев ат. СҚУ)
6B01402 Музыкалық білім (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01402 Музыкалық білім
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті