7M01502 Физика (1) в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі заманғы қоғамның талаптарына сәйкес кәсіби және жеке қасиеттерге ие білім беру физикасында жоғары білікті магистрларды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M011 Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Менеджмент
Курс менеджменттің мазмұнын ашып, қазіргі заманғы басқарудың негізгі принциптері мен әдістерін, сондай ақ ұйымның өмір сүруін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдыларын, басқару жүйелерін және жобалық талдауды қалыптастырады, сондай-ақ басқарудың даму тарихын қарастырады. болашақ менеджерлердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Физиканы оқытудағы интерактивті визуализациялау
Физика курсындағы «Механика», «Молекулалық және термодинамика», «Электр және магнетизм», «Оптика» бөлімін оқыту кезінде оқыту сапасын жоғарылату үшін және физикалық процесстерді терең түсіну үшін физика бөлімдерінің тақырыптары бойынша жасалған интерактивті визуализациялау өте маңызды. Визуализациялау – физикалық процесті жақсы түсіну үшін көмегін тигізеді, ал процеске интерактивті түрде араласу, яғни функционалды байланыстың параметрлерін өзі өзгертіп отыру, ол материалды терең меңгеруге көмектеседі және зерттеушілік қабілетті дамытады. Сондықтан визуализациялау мен интерактивтілікпен біріктіре отырып, лектордың жетекшілігімен компьютерде «Механика», «Молекулалық және жылу физикасы», «Электр және магнетизм», «Оптика» бөлімдерінен виртуалды-интерактивті зертханалық жұмыстар жасалынып құрылады. Осы лекциялық курста магистранттар физиканың аталған бөлімдерінің түрлі тақырыптарын, процесстерді интерактивті визуализациялау түрлерімен толық танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шетел тілі (кәсіби)
Меңгерілген тілдік білім мен сөйлеу біліктерін жүйелеу. Шет тілінде ауызша қарым-қатынас формаларының дағдыларын жетілдіру, баяндамалар мен хабарламалармен таныстыру, кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру. Жазбаша дағдыларды жетілдіру. Қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби саладағы коммуникативтік міндеттерді шешуді жетілдіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Білім сапасын бақылау мен бағалаудың синергетикалық жүйесі
Оқу нәтижелерін бағалаудың түрлері, формалары және ұйымдастырылуы. Білім сапасын бақылаудың мәні, функциялары және талаптары. Бес балдық шкаланың даму кезеңдері. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері. Дәстүрлі бес баллдық бағалаудың функциялары мен кемшіліктері. Оқу нәтижелерін бағалаудың қазіргі заманғы тәсілдері. Білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде рейтингтік бақылау жүйесі. Рейтингтік бағалау жүйесін ұйымдастырудың шарттары және оның артықшылықтары. Рейтингті бағалау жүйесін жобалау кезеңдері. Тестілеу оқу нәтижесін бағалау құралы ретінде. Тестілеудің психологиялық аспектілері. Портфолио оқыту нәтижелерін жиынтық бағалау құралы ретінде.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазіргі кездегі физиканың өзекті мәселелері
Пән физика ғылымның даму межесіне қатысты стандартты болжаулар аясындағы тұжырымдарға негізделеді. Табиғатпен физика диалогы: негізгі кезеңдер және танымның заманауи әдістемесі. XXI ғасыр физикасындағы когнитивтік принциптер. Эволюция процестерінің физикасы. Сингулярлы оқиғалардың космологиялық гипотезасы. Қазіргі заманғы физика және «резервтік» эволюция идеялары. Негізгі тасымалдаушылар физикасы және аксиоматикалық теориясы. Наноөлшемді процестердің, күрделі жүйелер физикасы. Қазіргі физикада жаңа білім құру мәселесі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Физика және оның әдіснамалық негіздері
Арнайы салыстырмалылық теориясын әлемдік эфир мәселесін, арнайы салыстырмалылық теориясын қарастырады. Уақытқа байланысты іргелі мәселелерді түсіндірудегі жалпы салыстырмалылық теориясының ролі. Ғылыми-техникалық прогрестің теориялық базасы тұрғысындағы кванттық физика. Шредингер теңдеуі. Толқынды физика. Анықталмағандық қатынас және одан шығатын салда. Лазер физикасы. Ықтималдық заңдылықтарының іргелілігі. Динамикалық физикалық теориялардан статистикалық заңдар мен теорияларға өту мәселесі, сақталу заңдары және ықтималдық. Бейберекеттік пен реттілік. Өздігінен реттелу теориясы. Синергетика. Қажеттілік пен кездейсоқтылықтың диалектикасы. Сәйкестік қағидасы тағылымдық процестің диалектикасы. Кванттық механикадағы сәйкестік қағидасы. Механиканың әртүрлі модельдері, классикалық механика, релятивистік механика, кванттық механика теориялары мен практикалық қолданылу аясы қарастырылады. Физиканың дамуы мен сәйкестік қағидасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Басқарудың психологиялықтеорияларының дамуы. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері. Басқарушылық ісәрекетті талдау. Менеджердің тұлғалық ерекшеліктері. Басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Меншік психологиясы. Басқарушының кәсіби іс-әрекеті. Басқару субъектісінің қызметтері. Басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. Қызметкерлердің психологиялық сипаттамалары. Қызметкерлерді ынталандыру психологиясы. Ұйымның адам ресурстарын басқару технологиясы. Ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау. Ұйымдағы дау-дамалар психологиясы. Тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологиялары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Жоғары мектепте физиканы оқыту әдістемесі
«Жоғары мектепте физиканы оқыту әдістемесі» курсында физика заңдылықтары мен ұғымдарын оқытудың инновациялық әдістері меңгеріліп, табиғатта жүретін құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыда оқытуға және болашақ физика мамандары үшін кәсіби іс-әрекетке бағытталған құзыреттіліктер қалыптастырылады. Жоғары мектепте оқу процесін қазіргі талаптарға сай ұйымдастырудың педагогикалық заңдылықтары, пəн бойынша теориялық білім, дағды, икемділік деңгейі анықталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру
«Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру» курсында ХХІ – ғасырдағы ғылымның даму ерекшеліктері: Қазақстан Республикасы мен шетел (Жапония, Европа, АҚШ, Қытай, Ресей және т.б.) ғылымдарындағы басым бағыттар, ғылыми жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, сонымен қатар тәжірибелік мәліметтерді өңдеу әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ашық бейсызық жүйелерінің физикасы
«Ашық бейсызық жүйелердің физикасы» курсында Чарльз Дарвин және Людвиг Больцман: ашық жүйелер физикасының бастамасы қарастырылады. Ашық жүйелердің күрделілігі және синергетика. Хаос және реттілік. Өздігінен реттелу. Ашық жүйелердегі энтропияның рөлі. Динамикалық хаос және оның сындарлы рөлі. Күрделі қозғалыстарды динамикалық және статистикалық сипаттау. Ашық жүйелердің энтропиясы және информация. Больцман энтропиясы. Ляпунов функционалы. Энтропия және Гиббс теоремасы. Ақпарат қосындысының және энтропияның сақталу заңы. Фрактал геометриясы және физика. Фрактал құрылым ретінде. Хаусдорф өлшемділігі. Фракталдардың ұқсастық өлшемі. Мандельборт жиынтығы. Табиғи фракталдар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жылу физикасының таңдаулы бөлімдері
Термодинамика: жұмыстық денелер қоспасы, жылу сыйымдылық, термодинамика заңдары, термодинамикалық процестер мен циклдар, нақты газдар мен булар, ағындар термодинамикасы, жылутехникалық құрылғылардың термодинамикалық талдауы, фазалық ауысу, химиялық термодинамика. Жылу электр құрылғыларының циклдары. Жылуалмасу теориясы: жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену, жылу тасымалдану. Массаалмасу негіздері. Жылу және массаалмасу құрылғылары. Жылуалмастырғыш аппараттарды есептеу негіздері. Отын және жану негіздері. Жылыту түзгіш құрылғылар, суытқыш және криогенді жабдықта техника. Өнеркәсіптегі жылуды қолдану. Қоршаған ортаны қорғау. Энергия үнемдеу негіздері. Қосымша энергия ресурстары. Энергия үнемдеудің негізгі бағыттары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Баламалы энергия көздері
Жел энергиясы. Баламалы энергия көзі. Күн энергетикасы. Геотермалдық энергетика. Ағынды сулар энергетикасы. Толқын қуаты. Градиент - температуралық энергетика. Биомасса энергетикасы. Биоотын. Жердің жылулық энергиясы. Атмосфералық электр тогы. Өзендер энергиясы. Гидротермиялық жүйелер. Вулкан негізді ыстық жүйелер. Жоғары жылу ағынды жүйелер. Әлемдік мұхит энергиясы. Күн энергиясы. Атомдық энергия. Сутегі энергетикасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Заманауи философияның, менеджменттің және жеке тұлғаны психологиялық басқару мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, шет тілінде сөйлеу кәсіби қарым-қатынас теориясы мен практикасын түсіндіреді.
- Білім беру ұйымдары субъектілерінің қарым-қатынас жүйесін және басқару әдістері мен жеке тұлғаның кәсіби сапаларын бағалау әдістерін меңгереді, шет тілінде зерттеу нәтижелерін баяндайды.
- Ғылыми және инновациялық мәселелерді шешу үшін қажетті классикалық және теориялық физиканы көрсету
- Қарастырылып жатқан құбылыстың және процестің физикалық және педагогикалық мағынасын, ғылыми зерттеулердің нақты міндеттерін, педагогикалық тапсырмаларды интерпретациялау
- Қолданбалы және эксперименталды мәселелерді, ғылыми және инновациялық міндеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шешу
- Зерттеу жұмыстары нәтижелерін физиканың ғылыми-зерттеу заңдылықтарына сәйкес негіздеу және ұсыну
- Сыни көзқарас тұрғысынан инновациялар мен ғылыми зерттеулердің тиімділігін талдау және бағалау
- Ғылыми-зерттеу, инновациялық іс-әрекетті (ғылыми семинарлар, конференциялар және т.б.) жобалау және ұйымдастыру
Ұқсас БББ
7M01502 Физика
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
7M01502 Физика
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01502 Физика
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01502 Физика
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M01502 Физика
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01502 Физика
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01502 Физика педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01502 Физика педагогтарын даярлау
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті