Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02301 Филология в QYZPU

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым мен білім беру үдерісінің өзара байланысын, ғылым тарихы мен философиясының өзекті мәселелерін, сөйлеу коммуникациясының кәсіби негіздерін, білім беру трансформациясы жағдайында этикалық және құқықтық стандарттарды сақтай отырып, жасанды интеллектіні пайдалануда ғылыми нәтижелерді білім мазмұнына интеграциялайды.
  • Педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, әр түрлі қабілеттері бар студенттерді ескере отырып, инклюзивті қағидаларға сәйкес оқыту әдістерін, басқару және меңгеру үрдістерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын кәсіби қызметінде пайдаланады
  • Ғылыми-зерттеу жұмысының барлық кезеңінде этикалық нормаларды сақтай отырып: зерттеу құрылымын, әдіснамасын, деректерін және қорытындыларын академиялық стандарттарға сай ұсынады.
  • Тіл білімі мен әдебиеттанудың іргелі қағидаларын, ғылыми басымдықтарын анықтайды.
  • Ғылыми нәтижелерді көпшілік алдында заманауи үлгіде таныстыру мақсатында академиялық мәтінді дайындаудың, жазудың, редакциялаудың негізгі ұстанымдарын, ережелерін талдайды.
  • Тіл ғылымындағы жаңа бағыттарға, ұлттық тілге қатысты ғылыми зерттеулерге сыни тұрғыдан талдау жасап, зерттеу жүргізеді.
  • Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық негіздерін, қазіргі білім беру парадигмасындағы жаңа бағыттарды, дискурстық зерттеулер жүргізуді кәсіби деңгейде қолданады.
  • Тіл заңдылықтары мен әдебиеттанудың өзекті мәселелерін интерпретациялауда интербелсенді әдіс-тәсілдерді ғылыми зерттеулерде пайдаланады.
  • Ғылыми көзқарастар негізінде тіл-адам-мәдениет-этнос төрттігінің тұтастығын, тілдің функционалдық, грамматикалық, коммуникативтік аспектісін, дискурсты және қазақ әдеби тілінің стильдерін теориялық-практикалық тұрғыдан зерттейді.
  • Тілдік қызметтің нейробиологиялық негіздерін, ми құрылымдары мен когнитивтік процестердің тілдік әрекетке әсерін талдайды.
  • Кәсіби коммуникацияның түрлі саласындағы тіл тазалығын сақтауға, тіл мәдениетін игеруге, іскери міндеттерді шешуде, ғылыми полемикада сандық технологияларды тиімді пайдаланады.
Top