Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02201 Тарих в Торайгыров университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Тарихнамалық, деректанулық талдау, тарихи процестерді объективті бағалау дағдыларын меңгерген, кәсіби қызметте қалыптасқан құзыреттіліктерді пайдалануға жеке дайындығын көрсететін, отандық тарихтың әдіснамалық тұжырымдамаларына сәйкес адамзаттың тарихи өткенін қайта түсіндірудің жаңа үрдістерін танымал ететін тарих ғылымы саласында білікті кадрлар даярлау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B034 Тарих
  • Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар

Пәндер

  • Археология

    Пәннің мақсаты-ежелгі дәуірдегі адамзат қызметінің материалдық қалдықтарын зерттеу арқылы өткенді білу. Пәнді оқу барысында студенттер келесі білім, дағдылар мен икемдерді игереді: археология пәні; аймақтар бойынша археологиялық дереккөздердің мәні, оларды жалпылау, көршілес аймақтармен этно-мәдени байланыстарды салыстыру және ажырату, олардың археологиялық өңдеу ерекшеліктері мен зерттеу әдістері, теориялық жалпылау нәтижелерінің әдіснамалық тұстары, тарихи-мәдени және материалдық ескерткіштердің құндылығы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңнамалық негіздері. Теориялық курсты игерудің логикалық жалғасы оқу тәжірибесі болып табылады, оның барысында далалық тәжірибе жағдайында теориялық білім бекітіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы

    Пәннің мақсаты: адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы туралы негізгі білімді қалыптастыру. Пәннің мазмұнына адамзаттың ерте тарихын заманауи тұжырымдама тәсілдері тұрғысынан "тарихқа дейінгі кезең", "прототарих" ұғымдарды зерттеу мәселелері, зерттеу саласының кезеңделуі мен хронологиясы, пәндік деректердің ерекшелігі және олардың ежелгі кезеңді қалпына келтіру мүмкіндіктерн анықтау мәселелрі кіреді. Пәнді оқу барысында студенттер тарихнамалық зерттеулерді талдайды және олардың негізінде адамзат эволюциясының бастапқы кезеңінің мәні мен рөлі туралы пайымдаулар қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алғашқы қоғам тарихы

    Мақсаты- пәнаралық сипатағы ғылым ретінде адамзаттың алғашқы тұрмыс тарихы туралы студенттердің білімдерін қалыптастыру. Пәннің мазмұны адамзат қоғамының қалыптасу үрдісі мен заңдылықтарын, негізгі әлеуметтік–экономикалық құрылымдардың дамуы, қоғамның рухани өмірінің пайда болуы мен эволюциясы туралы білімді қамтиды. Пәнді оқу барысында студенттер кезеңнің периодизациясы пен хронологияны, тарихи дереккөздері мен ерекшеліктерін анықтайды; социогенез, техногенез, антропогенез, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы, нәсілдің қалыптасуы мен дамуы және т. б. негізгі ұғымдар мен үрдістердің ерекшелігін меңгереді; нәтижесінде экономиканың, материалдық мәдениеттің, отбасы мен некенің қалыптасуы мен қалыптасу мәселелерін, өнердің, діннің пайда болуын, алғашқы тұрмыс қоғамның ыдырау жағдайларын және бастапқы өркениеттің пайда болуын талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан археологиясың дамыту

    Пәннің мақсаты-Қазақстан археологиялық өткені ерекшеліктерін зерттеу. Мазмұны тас, қола, ерте темір ғасыры және орта ғасырлардағы Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеу мәселелерін қамтиды. Пәнді оқу барысында студенттер тарихи заңдылықтар мен олардың салдарын анықтайды – жылқыны қолға үйрету мәдениетін, атқа міну және көшпенділік мәдениетін қалыптастыру, түркі-моңғол кезеңіндегі мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы, Қазақ хандығы дәуіріндегі ескерткіштерді және олардың отандық тарихты түсіндіру үшін маңызы. Дүниежүзі тарихы мен тан тарихының басқа тарихи кезеңдерімен тығыз байланыста білімдер, икемдер мен дағдылар байланыстырылып, жаһандық тарихи проблемалар туралы пайымдаулар қалыптасады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихқа кіріспе және ғылыми зерттеулер негіздері

    Курстың мақсаты – студенттерде тарихтың адамзаттың өткені туралы ғылым ретінде түсініктерін қалыптастыру, тарихи ұғымдар мен терминдердің негіздерімен таныстыру, отандық тарихи ғылымының тұжырымдамаларын зерттеу, тарихи зерттеулердің ерекшеліктерін анықтау, негізгі тарихи дереккөздер мен тарихнамалық зерттеулерді талдау, жалпылау және бағалау негізінде тарихи зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін ашу. Пәнді оқу барысында студенттер тарихи ғылымының маңызын түсінеді, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамытады; ғылыми білімге тартылады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және ғылыми-қолданбалы қызметке дайындығын анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әлемдік діндер тарихы

    Мақсаты: студенттере діндердің пайда болу, дамуы және қызмет ету заңдылықтары, олардың қоғам тарихындағы әр түрлі көріністері, дін мен мәдениеттің басқа салаларында өзара байланысы мен өзара әрекеттесуі туралы білімдерін қалыптастыру. Курстың мазмұны ежелгі, ортағасырлық жаңа және қазіргі кезеңнің даму ерекшеліктермен және олардың байланыстарымен танысуға, зерттеуге және салыстыруға мүмкіндік береді. Курсты оқу барысында студенттер "әлемдік діндер" ұғымын анықтайды, олардың діннің жалпы теориясындағы орнын талдайды, оның ерекшелігін әртүрлі тәсілдерімен түсіндіреді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Антропология

    Мақсаты: студенттерде антропология ғылым тарихы, қазіргі жағдайы және даму перспективалары туралы негізгі білімдерін қалыптастыру. Пәннің мазмұнына антропологияның адам туралы ғылыми білім жүйесі ретіндегі құрылымы туралы деректер енгізілді, антропологияның ғылыми мүдделері мәселелері, қазақстандық антропология ғылымының негізгі жетістіктері ашылды, антропологиялық зерттеулердің принциптері мен әдістері туралы түсініктер, Қазақстан антропологиясының негізін қалаушы О.И. Исмағұловтың ғылыми қызметі туралы мәліметтер берілді. Пәнді оқу барысында студенттер нақты тарихи материалды қолдана отырып қазақ халқы шығу тегінің антропологиялық аспектілерін анықтайды және талдайды, қазіргі қазақтардың антропологиялық сипаттамасы туралы пайымдаулар қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Этноконфликтология

    Курстың мақсаты: этникалық қақтығыстардың сипаты мен дамуы негізгі тенденциялары туралы тарихи аспектілерді зерттеу; этникалық қақтығыс жағдайларын талдау мен реттеудің негізгі құралдарын игеру. Курстың мазмұны этникалық қайшылықтардың пайда болу тарихын және сабақтас ғылымдардың, саясаттанудың, мәдениеттанудың, әлеуметтанудың және этнопсихологияның қазіргі жетістіктерін ескеруді, ұлтаралық қатынастарға тиімді әсер етудің тарихи факторларын және олардың этникалық қақтығыстарды қазіргі шешудегі рөлін білуді қамтиды. Курс нәтижесінде студенттер этносаралық қатынастарды реттеудің заманауи әдістерінің мәселелері туралы теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын және пайымдауларын көрсетеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Қосалқы тарихи пәндер

    Пәннің мақсаты: студенттерде қосалқы тарихи пәндер ерекшелігі туралы теориялық және әдістемелік білімді қалыптастыру. Пәннің мазмұнына қосалқы тарихи пәндерді зерделеу тарихы, зерттеу пәні мен әдістері туралы мәліметтер, бұл пәндердің бір-бірімен, сондай-ақ археология, этнология, алғашқы қоғам тарихы, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы, мұрағаттану және мұражайтану сияқты тарихи ғылымдармен өзара байланысы мәселелері қарастырылған. Курсты оқу барысында студенттер тарихи дереккөздерді іріктеу және жіктеу принциптерімен танысады, дереккөздердің алуан түрлерін жинақтайды және талдайды, оларды ғылыми зерттеулерде және кәсіби қызметінде пайдалануға дайындығын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесі

    Пәнді оқытудың мақсаты студенттерде мұрағат ісін дамуының теориялық және әдістемелік бағыттары туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны: құжаттармен жұмыс істеудің ғылыми негіздері, мұрағаттық технологиялар саласындағы заманауи жетістіктер туралы білімді игеру, мұрағаттық құжаттармен ғылыми жұмыс процестері мен әдістерін зерттеу. Курс нәтижесінде студент мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады, құжаттардың сипаттамасын жүргізеді, мұрағаттық құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат жасайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Этнология

    Курстың мақсаты – этнология ғылымы туралы жүйелі білім қалыптастыру, әлемнің этникалық бейнесін дамытудың негізгі мәселелерімен, тенденцияларымен және заңдылықтарымен таныстыру. Курстың мазмұнында этнологияның этнос - халықтар туралы ғылым ретіндегі сипаттамасы ашылады, этнологиядағы ғылыми тұжырымдамалар ашылады, этногенез мәселелері және халықтардың этникалық тарихының негізгі кезеңдері қамтылады; этникалық қауымдастықтар немесе жекелеген аймақтар тұрғындарының экономикалық-мәдени сипаттамасы берілген. Курсты оқу барысында студенттер ұғымдық аппаратты, әлем халықтарының мәдениетін зерттеудің заманауи әдістерін, тәжірибелік жұмыста этнологиялық білімді пайдаланудың негізгі технологиялары меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Антропология мен діндер тарихы

    Курстың мақсаты - діни антропологияның негізгі ұғымдарын игеру; дін антропологиясының генезисімен, проблематикасымен, әдістерімен және идеяларымен таныстыру; дін ерекшелігін ескере отырып, әлемдік діндердегі адам бейнелері туралы идеяларды қалыптастыру. Курстың мазмұны: адамға философиялық көзқарастың мәнін түсінуге; философиялық-антропологиялық ілімдердің тарихын білуге; философиялық антропологияның тұжырымдамалық ұғымдарын игеруге; адам болмысының ерекшелігін білуге; маңызды философиялық-антропологиялық мәтіндерді талдау әдістерін игеруге, антропологиялық теорияларды бағалауға ықпал етуі керек. Пәнді игеру барысында студенттер адамды түсінудің философиялық-антропологиялық, теологиялық және діни-философиялық тәсілдерінің бірлігі мен айырмашылықтарын анықтайды, сондай-ақ дін тарихы бойынша білімдерін толықтырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Антик өркетиеті

    Пәннің мақсаты-студенттердің антик өркениетінің Ежелгі дүние тарихы мен мәдениетіндегі феноменалды құбылыс ретінде, оның саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуының ерекшелігі туралы тұтас түсініктерін қалыптастыру. Курстың мазмұны антика өркениеті тарихи барысының негізгі көріністерін анықтау негізінде жүйелі сипаттама жасауға мүмкіндік беретін өркениеттік тәсілді қолдануды қарастырады. Курсты оқу барысында студенттер жазбаша дереккөздерді талдайды, өркениеттің пайда болу, гүлдену және құлдырау себептерін, адамзат тарихындағы ерекше рөлін түсіндіреді, антик өркениеті тарихи құбылысының гректер мен римдіктердің менталитетімен байланысын анықтайды. Студенттер антик өркениетті зерттеу саласындағы әлемдік ғылымдағы негізгі жетістіктер мен пікірталас мәселелері туралы пікір қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Ежелгі дүние тарихы

    Пәннің мақсаты: студенттерде ежелгі өркениеттердің тарихи даму жолдары туралы тұтас түсінік қалыптастыру. Курсты оқу барысында студенттер ежелгі Шығыс, Грекия және Рим қоғамдары дамуындағы жалпы заңдылықтаыр мен ерекшеліктерін анықтап, талдайды. Мазмұнына келесі мәселелер еңгізілді; ежелгі Шығыстың жетекші елдерінің, грек мемлекеттерінің және Рим әлемдік державасының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени тарихының негізгі бағыттары, оларда алғашқы мемлекеттілік пен өркениеттің пайда болуынан бастап, олардың құлдырауымен және тарихи сахнадан жойылуымен аяқталатын фактологиялық материалдар. Бастапқы дереккөздер негізінде студенттер ежелгі мемлекеттер мен қоғамдар туралы пайымдаулар жасайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Нумизматика

    Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерде нумизматика және нумизматикалық зерттеу әдістері туралы теориялық білімдерін қалыптастыру. Курстың мазмұнына нумизматиканы зерттеу тарихы, ақша айналымы және монета соғу ісінің қалыптасуы, монеталар туралы түсінік, олардың түрлері, оларды жасау техникасы және елдердің экономикасын дамытудағы рөлі мәселелері кіріктірілген. Пәнді оқу барысында студенттер нумизматикалық дереккөздердің ерекшеліктерін, оларды зерттеу әдістерін талдайды, іргелес қосалқы пәндердің материалдарын қолдана отырып, тарих ғылымында нумизматикалық зерттеулердің маңызы туралы пікір қалыптастырады, кәсіби қызметте жазбаша және заттай дереккөздермен жұмыс істеу дағдыларын қолдануға дайындығын білдіреді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Қазақстанның ежелгі тарихы

    Пәннің мақсаты - Қазақстанның ежелгі тарихы негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен тарихи үрдістерін зерттеу. Пәнді оқу барысында студенттер заманауи тарихи ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, ежелгі дәуір тарихи - этномәдени үрдіс фактілерін, оқиғалары мен құбылыстарын, сипатын, ерте мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуын, қазақ халқы қалыптасуының бастапқы кезеңдерін зерделейді, Отан тарихын зерделеудің тұжырымдамалық тәсілдерінің негіздерін меңгереді, ежелгі дәуірдегі Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени дамуы, дала өркениетінің мәдени құндылықтарының байлығы туралы түсініктерді қалыптастырады. Білімді игеру шектес пәндермен тығыз байланыста іске асырылады: археология, алғашқы қоғам тарихы, әлеуметтану, саясаттану және басқалар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы

    Пәннің мақсаты: ортағасырлық Қазақстанның тарихын зерттеу (VI кезең – XVIII ғ.басы), тарихи процестердің негізгі бағыттарын ашу, Қазақстан аумағында болған тарихи оқиғаларды көрсету. Ортағасырлық Қазақстан тарихы курсы нақтылы тарихи материалдарға сүйене отырып, қазіргі Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттердің қалыптасу барысын шынайы, барлық қайшылықтарымен бірге зерделейді. Тарихи материалды ғылыми, тарихшылды тұрғысынан зерттей отырып, студенттердің тарихи санасы қалыптасуына, қазіргі Қазақстан Республикасындағы қойылған міндеттерді шешуге әсер етеді. Пәнді оқу барысында студенттер отандық тарихтың мәселелері бойынша жаңашыл тарихи зерттеулермен танысады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 4
  • Түркі өркениетінің тарихы

    Мақсаты: түркі өркениетінің пайда болу, даму тарихын және әлеуметтік-мәдени негіздерін зерттеу. Пәнді оқу барысында студенттер тарих ғылымының жаңа әдіснамасына сәйкес әдебиетті, түркі халықтарының шығу тегі мен бірлігі мәселелері бойынша дереккөздерді; ежелгі және орта ғасырлар кезеңіндегі түркі мемлекеттілігін және олардың өзара байланысын, сабақтастығын; түркітануды ғылым ретінде, оның мәні мен пәні, пәннің тарихы, көрнекті түркітанушы ғалымдар туралы мәліметтерді меңгереді; түркі халықтары тарихы туралы нақты мәліметтерді пайымдайды, этникалық және мәдени түркі қауымдастықтарының этнографиялық сипаттамалар жасайды. Студенттер ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі кезеңдегі түркі мемлекеттерінің тарихы туралы білімдерін заманауи тарихи-мәдени және саяси процестер аясында біріктіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Орта ғасырлардағы Азия және Африка тарихы

    Курстың мақсаты - Азия және Африканың ортағасырлық мемлекеттері тарихи дамуының ерекшелігі туралы терең түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студенттер заманауи әдіснамалық тәсілдер тұрғысынан араб-мұсылман, үнді-буддалы, қытай-конфуциялы өркениеттерінің өрлеуіне ықпал еткен факторларды анықтайды, талдайды және пайымдайды, сондай-ақ аймақтың халықаралық экономикалық және саяси байланыстарының даму ерекшеліктерін анықтайды. Студенттер алған білімдерін кейінгі тарихи курстарды зерттеуде, теориялық және практикалық кәсіби қызмет үрдісінде, зерттеу және аналитикалық жұмыста пайдаланады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 4
  • Экологиялық менеджмент

    Пәнді зерделеудің мақсаты табиғатты қорғау қызметін басқарудың сапалы жаңа идеологиясының қажетті атрибуты ретінде саналы экологиялық дүниетанымды қалыптастыруды қамтамасыз ету, экологиялық тәуекелдерді бағалау кезінде тиімді басқарушылық шешімдерді енгізу, ұйымдар қызметінің экологиялық маңызды аспектілерін және экологиялық міндеттерді шешуді анықтау болып табылады. Даму кезеңдерін, функцияларды, инфрақұрылымды және экологиялық менеджмент принциптерін зерделеуді, табиғи ресурстарды, экологиялық залалдарды, шығындарды экономикалық бағалауды және қаржыландыру мен есептілік мәселелерін қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Жаңа ғасырдағы бүкіләлемдік тарихы

    Пәннің мақсаты – постколониализм дискурсындағы case-study әдісін қоолану арқылы заманауи Шығыс пен Батыстың мемлекеттік-саяси институттары, мәдени-ділінің тарихи қалыптасуына ықпал тигізген замануи жаһандық мәселелеріне талдау жасау. Қазіргі өзара байланыстағы, өзара әсерін тигізетін жаһандық үрдістер барысында студенттер семестр бойы замануи мәселелерін анықтап, олардың себептерін Жаңа заманда айқындап, SWOT-талдау жасап, бірлескен зерттеу кейстарын құрып, пікірталас өткізіп мәселерді шешетін өз көзқарастарын ұсынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Орта ғасырлардағы Еуропа тарихы

    Мақсаты - ерте, дамыған және кейінгі орта ғасырлардағы Еуропа елдерінің тарихи дамуын зерттеу. Мазмұны тарихи-географиялық факторды, экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуды ескере отырып, осы мемлекеттердің, халықтар мен ұлттардың пайда болуының тарихи заңдылықтарын зерттеуді талап етеді. Пәнді нақты тарихи материалда зерделеу кезінде студентте ортағасырлық қоғамның пайда болуы, дамуы және ыдырау себептері туралы, тарихи ұғымдар, категориялар мен процестер бойынша тарихи түсініктер қалыптасады, тұжырымдамалық аппаратты игереді, өздік түрде тарихи талдау, ортағасырлық еуропалық қоғамның оқиғалары мен процестерін жалпылау және бағалау дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 4
  • Кәсіпкерлік іс-әрекетінің негіздері

    Пәннің мақсаты: студенттерді бәсекелестік ортада кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларына үйрету. Пәннің мазмұны: Кәсіпкерлік ойлау негіздері, нарықтық жүйе және оның жұмыс істеу механизмі, кәсіпкерлік қызмет және ұйымдастыру нысандары, кәсіпкерлік қызметтің экономикалық негіздері, өндіріс шығындары және фирманың табысы, өндіріс факторларының нарығы (жер, еңбек, капитал), кәсіпкерлік идея және оны таңдау, құнды ұсыныс, тауар, бренд, брендинг, түрлері мен типтері, бизнес қызметті жоспарлау және басқару, кәсіпкерлік қызмет маркетингі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 4
  • Кәсіпкерлік құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалардың мазмұнын зерделеу; кәсіпкерлік қатынастардың ерекшеліктерін зерделеу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін қалыптастыру. Пәннің мазмұны: Бұл оқу пәні студенттерге Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы институттары нормаларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жалпы түсінігін түсінуге мүмкіндік береді, кәсіпкерлік кодекстің нормаларын басқа нормативтік құқықтық актілердің нормаларымен сәйкестендіруді үйренеді. кәсіпкерлік қызмет саласы. Кәсіпкерлік қатынастардың ерекшеліктерін және оларды құқықтық реттеу ерекшеліктерін зерттеу, сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша білім жүйесін қалыптастыру. Сондай-ақ іскерлік ортадағы нақты жағдайларды шешу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Экономика және бизнес негіздері

    «Экономика және бизнес негіздері» пәнінің мақсаты студенттердің нарықтық шаруашылық жүргізу жағдайында кәсіпорынның жұмыс істеуінің экономикалық тетігін зерттеу негізінде экономикалық ойлауды дамыту болып табылады. Кәсіпкерлік ұғымы-кәсіпкерліктің анықтамасы, түрлері, даму тенденциялары, рөлі. Нарықтық экономиканың негізгі ұғымдары. Бизнестің ұйымдастырушылық негіздері. Факторлар мен экономикалық ақпаратты талдау негізінде бизнестің әртүрлі аспектілері бойынша дербес шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Бизнестің қаржылық негіздері. Бизнесті дамыту стратегиясын әзірлеу. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Экология негіздері

    "Экология негіздері" пәнін меңгеру мақсаттары: - материалдар мен нанотехнологиялар туралы ғылымның әр түрлі пәнаралық бағыттарының практикалық негіздерін меңгеру үшін қажетті көлемде студенттердің экология бойынша білім алуы; - экологиялық қауіпсіздікпен байланысты мәселелерді сауатты қабылдауға және шешуге мүмкіндік беретін жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Start up жобаларының экономикалық негіздемелері

    Пәнді оқытудың мақсаты инвестициялық-инновациялық Startup жобаларды әзірлеу бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру болып табылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент білуі керек: - макро -, мезо - және микро деңгейде экономика үшін бизнес-кәсіпкерлікті дамытудың рөлі мен маңызы; - Startup жобаларды іске асырудың модельдері, түрлері және нысандары; - Startup жобаларды әзірлеу әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Теориялық деректану

    Пәнні мақсаты тарих ғылымының дербес саласы ретінде деректанудың теориялық және әдіснамалық мәселелерін зерттеу болып табылады. Пәннің мазмұны деректанудың қалыптасу және даму тарихын, тарихи дереккөздердің ерекшелігін, типологиясын, оларды зерттеу әдістерін мгеруді көздейді. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы бойынша деректану білімі ерекшелігін ашатын тақырыптар да қамтылған. Пәнді оқу барысында студенттер дереккөздердің мәні, олардың тарихи үрдісті зерттеудегі рөлі бойынша білімдерін көрсетеді, дереккөздерді сыни талдау, деректану синтезі дағдыларын қалыптастырады, Отан тарихының дереккөз қорының ерекшелігі туралы пайымдаулар қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 4
  • Казахстан археографиясы

    Пәннің мақсаты: тарихи деректерді тарихи-құжаттық сараптау саласында негізгі археографиялық білімді қалыптастыру. Курстың мазмұны: археография бойынша негізгі терминология; тарихи деректерді сараптау саласындағы ғылыми және практикалық тәсілдер, отандық археографияның даму тарихы және оның дамуындамұрағат және ғылыми мекемелердің рөлі; тарихи-деректі сараптама жүргізуге және Қазақстандағы тарихи деректерді ғылыми жариялауға қойылатын негізгі талаптар. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер тарихи деректерге тарихи-құжаттық сараптама жүргізудің негізгі әдістерін жүйелейді және қолданады; алған дағдылары мен білімдерін кәсіби қызметте пайдалануға дайын екендіктерін көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 4
  • Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың тарихы

    Мақсаты: Қазақстанда жаңа діни ағымдардың пайда болуы мен таралуының тарихи, әлеуметтік-мәдени аспектілерін зерттеу. Курстың мазмұны дін дағдарысының мәселелерін, жаһандану контекстіндегі діни өмірдің жалпы идеясын, қазіргі діни экстремизм мәселелерін, қазіргі мәдениеттегі діннің орнын, дәстүрлі және дәстүрлі емес формалардағы діндарлықтың әртүрлі құбылыстарын зерттеуді қамтиды. Қазіргі Қазақстандағы діндарлық феномені туралы түсінік, "ислам фундаментализмі" және " ислам радикализмі, "көші-қон исламы". Курсты зерделеу нәтижесінде студенттер Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың даму тенденцияларын талдайды және пайымдайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 4
  • Тіршілік қауіпсіздігі

    Пәнді оқудың мақсаты студенттерді адамға және қоршаған ортаға жағымсыз факторлардың әсер етуінің нормативтік және рұқсат етілген деңгейлерімен таныстыру, өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде адам қызметінің қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету саласындағы күрделі оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды зерттеу, жіктеу және жүйелеу, бар қауіптер мен қауіптердің алдын-алу, оқшаулау және жою шараларын әзірлеу болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Тарихи ғылымдағы инновациялық әдістер

    Мақсаты - тарих ғылымының инновациялық әдіснамалық тәсілдердің мәні туралы түсінік қалыптастыру. Курстың мазмұны тарих ғылымы әдіснамалық аспектілерінің негізгі бағыттарын, жетістіктерін және пікірталас қырларын қамтиды. Пәнді оқу барысында студенттер тарихи зерттеудің формациялық, өркениеттік, антропологиялық, жаһандық тәсілдері ерекшеліктерін анықтайды; ғылымның микротарихи, макротарихи аспектілерін, күнделікті тарихтың ерекшеліктерін және тарих ғылымының қазіргі заманғы әдіснамасының басқа да мәселелерін зерттейді және талдайды. Курсты игеру нәтижесінде, тарихи әдебиеттерді зерттей отырып, студенттер тарихтың инновациялық әдістері тұрғысынан тарихи оқиғалар туралы пайымдаулар көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    "Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" пәнін оқытудың мақсаты студенттердің қоғамдық және жеке құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, сонымен қатар әлеуметтік қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қазақ халқының рухани мәдениеті

    Мақсаты-қазақ рухани мәдениетінің құндылық-мағыналық мазмұны мен тарихшылдығын, бай мұраның мазмұнын, өркениеттік теория аясында халықтың мәдени дамуының заңдылықтары мен үрдістерін зерделеу. Курсты оқу барысында студенттер ежелгі кезеңінің рухани мазмұнын анықтайды, көшпенділер мәдениетінің негіздерін, сақ-үйсін және ежелгі түркі дәуірі тайпаларының өнері мен мифологиясын,; қазақ ауызша мұрасының маңызын, отаршылдық дәуіріндегі мәдени құндыдлығын, жалпы мұсылман жаділшілдіктің ажырамас бөлігі ретіндегі қазақ ағартушылығының мәнін, шығыс-батыс өркениеттік диалог пен синтез проблемаларын зерттейді. Нәтижесінде студенттер қазақ халқының рухани мәдениеті мен сабақтас пәндер тарихының негізгі тарихи ұғымдарын, теориялық және әдіснамалық негіздерін қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Қазақстанның жаңа тарихы

    Мақсаты - отаршылдық кезең кезіндегі Отандық тарихы үрдістерін тарихи ғылымның қазіргі әдіснамалық тәсілдері тұрғысынан қайта зерделеу. Пәнді зерттеу барысында студенттер қоғамның ішкі саяси үрдістері және көршілес мемлекеттермен сыртқы қатынастары, Ресей бодандығын қабылдауының тарихи алғы шарттар, сол дәуірдегі тарихи тұлғалардың ролі, отаршылдық саясат ұғымы мен негізі, ұлт азаттықкүрес маңыздылығы, дәстүрлі қазақ қоғамының өзгерістері, ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы қазақ зиялылары қалыптасуы, қызметі, және т.б. мәселелер бойынша білімдері мен түсініктерін көрсетеді. Студенттер пәнді игеру нәтижесінде отаршылдық кезеңдегі Отандық тарихтың тарихи үрдістері туралы ұғымы қалыптасады, оларды бағалау нәтижесінде өзіндік пікір білдіре алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 4
  • XV-XVІІІ ғғ. қазақ хандықтары тарихы бойынша шығыс дерекнамалары

    Пәннің мақсаты XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандықтары тарихының шығыс деректері бойынша студенттердің ғылыми білімін қалыптастыру. пән мазмұнына қазақ мемлекеттілігі қалыптасуы мен даму үрдісін деректану және тарихнамалық талдау, XV-XVIII ғасырда қазақ хандықтары тарихы бойынша шығыс дереккөздерінің сипаттамасы, сол кезеңдегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметі бойынша мәселелеренгізілген. Пәнді оқу барысында студенттер тұжырымдама-ұғым білімдерін игереді, осы мәселенің тарихнамалық эволюциясы туралы пікір қалыптастырады; кезеңді зерттеудің қазіргі жағдайы мен негізгі әдіснамалық және тұжырымдамалық аспектілері туралы жүйелі білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 4
  • Қазақстандағы ислам тарихы

    Курстың мақсаты: исламның пайда болуы, діннің догматикалық негіздерінің тарихы, олардың қызметі мен қоғамның барлық салаларындағы маңызы туралы объективті ақпарат беру. Курстың мазмұны келесі бөлімдерді игеруді қамтиды: исламның мәні және оның қазіргі әлемдегі орны; Қазақстанда исламның қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары: түркі-моңғол кезеңі, Қазақ хандығы; отаршылдық жағдайында исламның даму ерекшеліктері; кеңес заманындағы ислам; исламдағы бағыттар; қазіргі Қазақстан аумағында исламның таралуы; Қазақстандағы исламның ерекшеліктері: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі. Курсты оқу барысында студенттер Қазақстандағы ислам дамуының тарихи факторлары туралы пікір қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Еуропа мен Американың жаңа және қазіргі заман тарихы

    Пәннің мақсаты - Еуропа мен Американың жаңа және қазіргі заман тарихы саласында жүйелі білім, икемдер мен дағдыларды қалыптастыру, пәнді зерттеу барысында студенттер XVII-XXI ғасырлардағы Батыс қоғамының тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, индустриялды өркениеттің, либералды демократияның қалыптасуы мен жетілуі процестерін зерттейді, талдайды және бағалайды, батыс қоғамы дамуының магистральдық жолын сипаттайтын процестерді жүйелейді, ХХ-ХХІ ғасырлардағы батыс қоғамын зерттеу бойынша тарих ғылымы саласынның әдіснамалық негіздерін түсіну мен білу деңгейін көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Қазақстанның кеңестік кезендегі ұлттық мәдениеті

    Бұл пәннің мақсаты -кеңес кезеңдегі ұлттық мәдени құрылыс саясатының ерекшеліктерін зерттеу. Курстың мазмұны тоталитарлық жүйенің қалыптасуы, өркендеуі және қайта құру кезіндегі ұлттық білім беру, мәдениет мен өнер ісінің тарихи даму ерекшеліктерін тарихтың отандық әдіснамасы тұрғысынан зерттеуді қамтиды. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер Кеңес дәуіріндегі қазақ ұлтының мәдени өркендеу үдерістерін реттейтін негізгі тарихи оқиғалар туралы білімдерін көрсетеді. Сондай-ақ ұлттық мәдениетті дамыту үшін тарихи жағдайларды жасаған қазақ қоғамдық-саяси қайраткерлерінің, ғылыми зиялы қауымның рөлін бағалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы

    Пәннің мақсаты - тарих ғылымы әдіснамасының даму тарихы туралы түсінік қалыптастыру. Курстың мазмұны тарихи ғылым дамуындағы негізгі теориялық бағыттарды және олардың өкілдерін, тарихи таным принциптерін, тарихи үрдістің категориялары мен заңдарын зерттеуді қамтиды. Пәнді оқу барысында студенттер тарихи мектептердің негізін қалаушылардың еңбектерін зерттейді, олардың принциптік аспектілерін ажыратады, заманауи тарихи танымға қосқан үлестерін талдайды. Нәтижесінде студенттер тарихи үрдіс пен тарихи танымның ерекшелігі туралы өз пікірлерін қалыптастырады, оларды заманауи адамзат қоғамының тарихи процестерін бағалау үшін пайдаланады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Қазақстандағы дәстүрлі емес діни ағымдардың тарихы

    Мақсаты: Қазақстандағы дәстүрлі емес діни ағымдардың пайда болуы мен таралуының тарихи, әлеуметтік-мәдени факторларын зерттеу. Курстың мазмұны дәстүрлі емес діни ағымдар мен табынушылықтың қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайларын, оларды жіктеу және қазіргі тарихи жағдайлардың қызметі мәселелерін зерттеуді қамтиды. Кейбір дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттамасы, дәстүрлі емес табынуды ұйымдастыру түсінігі мен түрлері, табынушлық идеологиясының ерекшеліктері зерттеледі. Ислам факторының, христиан, буддизм басқа да бағыттағы жаңа табынушылық және әлемдегі секта сипатындағы өзгеше бағыттары ықпалының өсудің негізгі себептері талданады. Курс нәтижесінде студенттер Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың жаһандық тарихи мәселелері туралы пікір қалыптастыру және талдау қабілетін игеруде

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

    Пәннің мақсаты-Азия мен Африканың жаңа және қазіргі тарихы туралы базалық білімді қалыптастыру, оның барысында студенттер Азия мен Африка аймағын отарлау ерекшелігін, экономика, басқару саласындағы дағдарыстық құбылыстарды анықтайды және талдайды, дағдарыс пен ұлттық сананың өсуі арасында себеп-сал байланыстарын анықтайды, отарланушы мемлекеттер мен қоғамдардың тәуелсіздігі үшін күрестің ерекшеліктерін бағалайды, оларды отарсыздандырудың нәтижелілігін заманауи тарихи тұжырымдамалар тұрғысынан талдайды, қазіргі заманғы тарих ғылымының жаһандық мәселелері бойынша пайымдаулар қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Қазақстанның ХХ ғасырдағы этносаяси үрдістер

    Пәннің мақсаты-этникалық әртүрлілікті қалыптастыруға және ел аумағында этносаралық өзара іс-байланыстың нақты моделін құруға ықпал еткен Қазақстандағы этносаяси процестер мен көші-қон қозғалысының ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. Пәннің мазмұны Қазақстандағы кеңес кезеңде және қазіргі дәуірде этникалық өзгерістердің тарихи аспектілерін ашуды қамтиды. Пәнді оқу барысында студенттер ХХ ғасырда Қазақстан аумағындағы этнос пен этносқа қатыстық дәрежесі бойынша негізгі тұжырымдамалары туралы білімдерін, ұлттық саясат мәнін және оны іске асырудың әлеуметтік-саяси салдарын көрсетіп, қазіргі Қазақстанның этникалық топтарының этносаяси дамуының негізгі үрдістері ерекшелігі туралы пайымдаулар қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Жоба 1 (Мұражайлардағы мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеудің негізгі дағдылары)

    Жобалау қызметінің мақсаты "мұрағаттану және музейтану" пәні бойынша теориялық білімді бекіту және оларды практикада қолдану болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларымен танысу, тарихи деректерді пайдалану барысында сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және зерттеу тақырыбы бойынша тарихнамалық талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 2
  • Европа мен Америка тарихындағы индустриализация процестері

    Пәннің мақсаты-ХІХ-ХХ ғасырлардағы индустриалды Батыс қоғамдарының қалыптасуы мен өркендеуі ерекшелігін көрсететін табиғи тарихи процестерді анықтау. Пән мазмұнында халықаралық сауда дамуына ықпал ететін тарихи аспектілер, өндірісті жетілдіру, ғылым мен техниканы дамытудың қозғаушы күші ретінде Батыстың либералдану үрдістері қамтылған. Тарихи материалдар негізінде студенттер тарихи фактілерді анықтайды және талдайды, ғылыми–техникалық прогрестің қалыптасуының тарихи жағдайларын жинақтайды және бағалайды, тарих ғылымының заманауи тұжырымдамаларын ескере отырып, өз пікірлерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Тарихи өлкетану

    Курстың мақсаты-заманауи әдіснамалық әдістерді қолдана отырып, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі өлкенің тарихи дамуы туралы білімді қалыптастыру. Пәннің мазмұнына өлкетану бойынша зерттеулердің теориялық қырлары, өлке тарихы мен мәдениетінің негізгі мәселелері, олардың отандық және дүниежүзілік тарихқа сәйкестігі мәселелері енгізілген. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер аймақтың даму ерекшеліктерін анықтайды, жергілікті тарихи тұлғалардың қызметін талдайды, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси процестерді бағалайды, Отан тарихының тарихи кезеңдері тұрғысынан аймақтың рухани-мәдени, қасиетті құндылықтарын танып біледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 3
  • Қазақстанның тәуелсіздік тарихы (ХХ-ХХI ғғ.)

    Мақсаты: ХХ-ХХІ ғасырлардағы тәуелсіз Қазақстан дамуының негізгі кезеңдері, жетістіктері мен мәселелері туралы студенттердің білімін қалыптастыру. пән мазмұны мемлекеттіліктің қалыптасу және даму үрдістерін және қазіргі Қазақстан тарихындағы тарихи-мәдени процестерді кешенді және жүйелі зерттеуді қамтиды. Пән материалдарын зерделеу нәтижесінде студенттер жүйелі, ивент - және сыни талдау негізінде еліміздің тарихи оқиғаларын адамзаттың әлемдік-тарихи дамуының бір бөлігі ретінде бағалайды; Қазақстанның қазіргі тарихының себептері мен салдарын тарихи талдау дағдыларын көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Тарихнама

    Пәннің мақсаты: тарих ғылымы даму үрдісінің негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын зерделеу негізінде отан және дүниежүзі тарихтың ғылыми тұтастығы туралы түсініктерді қалыптастыру. Пәннің мазмұны тарихнаманың тарихи ғылыми танудың маңызды саласы ретіндегі ерекшелігін білуді, тарихи ой дамуының негізгі кезеңдерін зерделеуді, революцияға дейінгі, кеңестік кезеңдегі және тәуелсіздік дәуіріндегі Отан тарихы ғылымының қалыптасуын және негізгі өкілдерінің ғылыми қызметі туралы мәліметтерді қамтиды. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер ұғым мен түсініктерді қолданады, негізгі тарихи мектептердің ерекшеліктерін анықтайды, оқу-зерттеу және кәсіби қызметте тарихнамалық талдау дағдыларын қолданады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Қазақстанда модернизациялау тарихының тарихнамасы

    Пәннің мақсаты- Қазақстандағы тоталитарлық қоғамның қалыптасу және кеңестік жаңғыру кезеңін тарихи білім эволюциясы және бағалау туралы теориялық-әдіснамалық негіздерді қалыптастыру. Пәннің мазмұнында қазақ болмысын ескере отырып, "кеңестік жаңғырту" ұғымын ашу, жаңғыртудың негізгі кезеңдерін зерделеу, ХХ ғғ 20-40 жылдардағы оқиғаларды түсіндіруде маркстік және отандық әдіснаманың тарихнамалық еңбектерін талдау көзделген. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер Кеңес кезеңінің тарихи материалдарын сыни талдау дағдыларын көрсетеді, анықталған жаңа дереккөздерді ескере отырып, кеңестік жаңғыртудың жаңа интепретациясы туралы түсінік қалыптастырады, кәсіби қызметке дайындығын көрсетеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Шет елдер тарихының тарихнамасы мен деректануы

    Пәннің мақсаты: шет елдер тарихи ғылымының даму процесі туралы білім мен түсініктер жүйесін, сондай-ақ тарихи және тарихнамалық дереккөздермен жұмыс істеу дағдылары мен икемдерін қалыптастыру. Курстың мазмұны шетелдік тарихнаманың жетекші мектептердің негізгі тарихнамалық тұжырымдамаларын, өкілдерінің теориялық, әдіснамалық және нақты тарихи көзқарастарын зерттеуді қамтиды. Зерттеулердің дерек қорын, деректанулық талдау әдістерін, тарихи білім беру жүйесін кеңейту заңдылықтары қарастырылады. Оқыту нәтижесінде студенттер жалпы тарихтың деректану және тарихнамалық мәселелерін талдайды, алған білімдерін зерттеу жұмыстарында тарихнамалық шолулар жазу үшін қолданады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның ХХ ғ. басындағы тарихи тұлғалар

    Мақсаты: ХХ ғ. басында Қазақстанның саяси, әлеуметтік-мәдени үрдісінде тұлғаның рөлін тарихи талдау. Пән мазмұны тарихи тұлғаны зерттеудің теориялық-тұжырымдамалық және әдіснамалық негіздерін; әртүрлі саяси ағымдардың тарихи тұлғалары мұрасын салыстырып талдауды мәселелерін қамтиды. Қазақ ұлты көрнекті қайраткерлері, ішінде Алаш өкілдері де, қазақ большевиктері де индустриалды әлемдегі көшпелі халықтың даму бағыттары мен траекторияларын анықтаған дала өркениетінің өкілдері ретінде қарастырылады. Семестрдің қорытындысы бойынша студент тарихи тұлғаны зерттеуде теориялар мен әдіснаманы еркін қолданады, тұлғаның қалыптасуы тарихи алғышарттарын анықтайды, жеке тұлғаны дәуірдің көрнекті өкілі ретінде сипаттайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4
  • ҚР әлемдік қоғамдастықта

    Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасының әлемдік саясаттағы рөлі мен орнын айқындау, сыртқы саясаттың қазақстандық моделінің қалыптасу үрдісін қарастыру. Пәнді игеру барысында ҚР тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісін қарастыру, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы ұстанымын талдау, Қазақстанның интеграциялық бастамаларын қарастыру. Семестрдің қорытындысында студент тарихи алғышарттарын ескере отырып халықаралық жағдайларының объективті талдайды, баяндамалар жасайды, әлемдік саясат тұрғысы туралы еркін талдау жасайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 3
  • Муражай ісі және ескерткіштерді қорғау

    Пәннің мақсаты: әлемдік және отандық тарихи-мәдени ескерткіштер мұрасын сақтау саласында жүйелі теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру. Пәннің мазмұны тарихи-мәдени мұраны сақтау теориясы мен тарихы саласындағы негізгі әлемдік және отандық ережелер мен тұжырымдамаларды олардың алуан түрлілігінде білуді, әлемдік мұражай кеңістігінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы түсініктерді қамтиды. Пән нәтижесінде студенттер осы ғылыми бағыттың тарихы мен әдіснамасы туралы білімдерін көрсетеді, тарихи-мәдени объектілерді қорғау, пайдалану, зерделеу және консервациялау саласында жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Мұрағаттану және мұражайтану

    Пәннің мақсаты: мұражайтану және мұражай байланысын орнату саласында білімді, мұражай экспозициялары құрылымын, мазмұны мен құрастыру ерекшеліктерін, мұражайлардың мәдени-білім беру қызметінің мәні мен ерекшеліктерін қалыптастыру. Негізгі мәселелердің мазмұны: коллекция құбылысы қалыптасуының теориялық және тарихи заңдылықтары, көркем мәдениет пен мұражай ісінің тарихы, жинақтау ісі мен мұражайдың әлеуметтік-мәдени институт ретінде қалыптасуы. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер көркемдеу әдістері негізінде мұражай экспозицияларын, мұражай сайттарын талдайды; нақты білім беру кеңістігі тұрғысынан мұражай ағарту қызметінің әртүрлі технологиялары мен әдістемелерін құрастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректануы

    Пәннің мақсаты - Қазақстанның деректану және тарихнама салалары туралы теориялық-әдіснамалық білімді қалыптастыру, жүйелеу және еліміздің тарих ғылымы жетістіктерін анықтау және проблемалық саласын негіздеу. Курстың мазмұнына Қазақстан тарихи ғылымы қалыптасу мәселелері, дереккөз қорын қалыптастыру кезеңдері және оның тарихи кезеңдер бойынша ерекшеліктері, тарих ғылымындағы отандық әдіснаманың қалыптасу мәселелері енгізілген. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер Қазақстанның тарихи үрдістерін түсіндіру мен бағалауда отандық әдіснама бойынша білімін көрсетеді, оқу–зерттеу қызметі мен кәсіби қызметтегі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша деректану және тарихнамалық талдау дағдыларын пайдаланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Алаш тарихнамасы

    Пәннің мақсаты студенттерде Алаш қозғалысы, партиясы қоғамдық-саяси қызметі, Алаш-Орда автономиясы тарихы бойынша ғылыми білімдерін қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны қозғалыс пен партия көшбасшыларының белсенді қоғамдық-саяси қызметінің қалыптасуы алғышарттарын ашуға, Алаш-Орда мысалында қазақ мемлекеттіліг ретінде даму эволюциясын ашуға, қозғалыс көшбасшыларының қызметін және олардың ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі басқа саяси күштермен өзара іс-қимылын сипаттауға мүмкіндік беретін белгілі тарихнамалық еңбектерді зерделеуді көздейді. Пәнді оқу барысында студенттер тұжырымдамалық және ұғымдық саланы игереді, Алаш мәселесіне қатысты тарихнамалық талдау жүргізеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 8
    Несиелер - 5
  • Кереку-Баян өлкесіндегі ағартушылықты дамыту

    Курстың мақсаты тарихи ғылымның жаңа әдіснамалық тәсілдер тұрғысынан Кереку-Баян өлкесінің көрнекті өкілдерінің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметін зерттеу және бағалау. Пәннің мазмұны М.Шорманов, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Қ. Сәтбаев, Ж. Аймауытов және басқа да тұлғалардың тарихи қалыптасуы жағдайларын білуді, олардың ағартушылық, білім беруді дамыту, аймақ пен ел тарихындағы мәдени-ағартушылық және ғылыми үлестерін зерделеу туралы көзқарастарын талдауды қамтиды. Курсты игеру нәтижесінде студенттер тарихи дереккөздермен, мұрағаттық құжаттармен, мұражай экспонаттарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады, негізгі тарихи ұғымдар мен тарихи терминология, тарихтың теориялық және әдіснамалық негіздері және сабақтас пәндер саласындағы білімдерін кеңейтеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 8
    Несиелер - 5
  • Алаш қозғалысының тарихы мен тарихнамасы

    Пәннің мақсаты: ұлттық идея ретінде Алаш қозғалысының деректану қоры мен тарихнамасы саласында құзыреттілікті қалыптастыру. Курстың мазмұны Алаш мәселесі бойынша деректану және тарихнамалық талдауды, жарияланған құжаттарды, ҚР мұрағаттарының материалдарын және Алаш тарихы бойынша нарративті дереккөздерін зерделеуді; кеңестік және посткеңестік кезеңдердегі Алаш қозғалысының тарихнамасын талдауды, Алаш қозғалысын зерттеудегі қазіргі заманғы үрдістерді айқындауды қамтиды. Курсты оқу нәтижесінде студент дереккөздер мен тарихнамалық зерттеулерді талдау дағдыларын көрсетеді, Алаш тарихы бойынша тарихнама және заманауи зерттеу мәселелері бойынша пікірталас жүргізу дағдысын жетілдіреді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 8
    Несиелер - 5
  • Павлодар Ертіс өңірінің тарихы және тарихнамасы

    Пәннің мақсаты – күнделікті өмір мен діл мәселесін ашатын микротарих зерттеу әдіснамасы тұрғысынан Павлодар-Ертіс өңірі тарихи үрдістерін қарастыру. Атаулы үрдістер жергілікті аймақтың ерекшелігін сипаттайды, сонымен қатар жалпыұлттық тарихи ғылымға сайкестірілген. Пәннің мазмұны жергілікті үрдістерге күәгер болған замандастардың публицистикалық, көркем әдебиетінде көрініс табу, олардың тарихи ғылыми еңбектердегі репрезентациясы да қарастырылады. Студенттер тарихи өлкетану, тарихнамалық таладау әдістерін қолданып өлкенің шамалы қарастырылған және нақты зерттелмеген мәселелері бойынша өзіндік зерттеулерін іске асырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 8
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Университеттік, аймақтық, республикалық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру мен қатысу кезінде азаматтық және патриоттық, "Рухани Жаңғыру" - қоғамдық сананы жаңғырту, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы идеяларының негізінде көшбасшылық қасиеттерді көрсету
  • Өз көзқарасын дәлелдеу, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, үрдістерді адамзат қоғамының қазіргі даму процестері контекстіндегі тарихи дереккөздер негізінде бағалау
  • Қазақстан Республикасы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін ескере отырып, стартап-жобаларды әзірлеу, оның ішінде экология және табиғатты пайдалану саласында және оларды экономиканың әртүрлі салаларында іске асыру
  • Негізгі тарихи білімдерді, икемдері мен дағдыларын және ғылыми-зерттеу қызметінің тәжірибесін меңгеру
  • Тарихи ғылымда және сабақтас пәндерде (этнология, мұрағаттану, география және т. б.) тұжырымдамалық тәсілдер мен әдіснамалық аспектілерді салыстыру
  • Жүйелік ойлауды, байқау, талдау, жалпылау, сыни тұрғыдан ойлау арқылы бағалау дағдыларын қолдану, өзін-өзі дамытуға қабілетті
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде (А2, B1, B2 деңгейі), оның ішінде кәсіби салада коммуникацияның негізгі дағдыларын меңгергендігін көрсету
  • Күнделікті жағдайларда өндірістік мәселелерді шешу үшін алған білімдерін жүйелеу және кәсіби қызметте логикалық ойлауды қолдану
  • Нақты міндеттерді шешуде заманауи цифрлық технологияларды ескере отырып, пәнаралық өзара іс-қимыл дағдыларын пайдалану
  • Терминологиялық аппаратты пайдалану, дереккөздерге негізделген тарихи процестерді талдау және жоғары ойлау мәдениеті бар кең ой-өрісті көрсету
  • Жаһандық тарихи проблемаларды талдау және пайымдау, ғылыми-зерттеу және қолданбалы салада заманауи әдіснамалық тәсілдерді қолдану, оларды кәсіби қызметте пайдалану мақсатында қалыптасқан құзыреттерді көрсету
  • Алынған білімді әлеуметтік нормалармен байланыстыра отырып синтездеу, топта жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну
Top