Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 7M01701 – Қазақ тілі мен әдебиетібілім бағдарламасының басты мақсаты: - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылым саласы үшін жан-жақты ғылыми-педагогикалық дайындығы бар, кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіби дайындығы терең ғылыми, педагогикалық кадрларды дайындау; - ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастыру және инновациялық технологияларды қолдану; - магистрлердің негізгі және арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру; - магистранттарға филологиялық үдерістер мен құбылыстарды талдаудың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік әдістерін меңгерту.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 3

    Жоғары мектептегі оқу-тәрбиелеу үдерісін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгертіп, оларды ізгілендіру мен демократияландырудың қазіргі үрдістерін сипаттап, оқытушылық және әдістемелік қызметке дайындауға бағдарланған. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамаларына негізделе отырып, педагогикалық қызметтің дара жеке шығармашылық стиліне бағдар береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері, жетекші іс-әрекеттің құрылымдық психологиялық аспектілері, заманауи ұйымды тиімді басқарудың әдістері мен қағидаларын саралауға бағытталған. Өзгермелі ортада ұйымды тиімді басқарудың әдістері мен қағидаларын меңгерту арқылы тәжірибеде басқару шешімдерін қабылдау біліктілігі, басқару қызмет дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 5

    Ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білім қалыптастырады. Ғылыми ойлау мәдениеті, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, ғылыми мақала, тезистер жазу, конференция, симпозиум, дөңгелек үстел, пікірталастарда сөйлей білу машықтарын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • 5301 Тіл білімінің жаңа бағыттары
    Несиелер: 8

    Әлемдік линвистиканың дамуына сәйкес тіл білімінде жаңа бағыттар қалыптасқан. Осыған сәйкес тіл білімінің жаңа бағыттарын, олардың зерттелуін магистранттарға таныту мақсаты көзделіп отыр. Бұл бағыттардың методологиялық негіздері, атап айтқанда таным теориясы мен ғылыми-теориялық ұстанымдары, зерттеу әдістері айқындалып, тәжірибеде талдау, сараптау, жинақтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • 5301 Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 8

    Түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тілінің тарихына қатысы бар кезеңдер сараланып, әр кезеңге тарихи, сипаттамалы әдістер арқылы хронологиялық ұстаным негізінде талдау жасалады. Қазақ тілінің даму тарихы түркі тілдерімен бірлестікте алып қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Шетел тілін жалғастырушы деңгейде кәсіби түрде меңгертіп, магистранттардың білім бағдарламасының бағытына сәйкес ғылыми-ұғымдық аппаратын еркін пайдалануына, ғылыми ақпаратты пайдалану, негіздеу, сендіру, ғылыми полемика, академиялық жазу біліктерін жетілдіруге бағытталады. Магистрант оқитын шетел тіліндематериалды ғылыми мазмұндаудың функционалдық-стильдік сипаттамаларын біліп, мамандығының жалпы ғылыми терминологиясын игереді, кәсіби деңгейде халықаралық ынтымақтастық шеңберіндеіскерлік хат жазысунегіздерін игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • 5304 Атырау ақын жырауларының поэтикасы
    Несиелер: 5

    Курсты оқыту барысында өлке ақын-жырауларының өмірі мен жырларын терең таныстыру мақсаты көзделеді. Ақындар жырларының қандай тарихи жағдайларды бейнелейтінін көрсетіп, шәкірттердің өздеріне жырлар болмыс-бітімін анықтауды меңгерту. Шығармалардың тақырыбы мен идеясын әдебиет теориясының әдіс –тәсілдерінің қалыптасқан негізгі тарауларын қамтитынын белгілеу. Поэзиядағы тіл көркемдігіне теориялық талдаулар беріп, қандай көркемдік құралдары қолданылғандығын ашу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • 5311 Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
    Несиелер: 7

    «Әдебиеттанудың жаңа бағыттары» пәні кәсіби әдебиетіміздегі жаңа бағыттарды көркемдік ізденістер негізінде қарастырады. «Әдебиеттанудың жаңа бағыттары» пәнінің мақсаты магистранттардың теориялық білімін, әдеби-эстетикалық түсінігін нығайта отырып, меңгерген білімін әдебиеттану саласындағы ізденістерін зерттеуде қолдануға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • 5303 Көркем шығарманы әдеби-теориялық талдау негіздері
    Несиелер: 5

    Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстологияның практикалық ерекшеліктерін ашып беру және көркем шығарманы анрлық түрлеріне сай қаламгердің шығармашылық лабораториясын талдау теориясын терең игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • 5311 Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 7

    «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәнінің мақсаты қазақ әдебиетін дәуір бойынша оқытуда айқындалатын көркемдік ерекшеліктерді негізге ала отырып меңгерту. Жекелеген көркем шығармалардағы стильдік, поэтикалық ерекшеліктерді халықтық философиямен байланыста қарастыра отырып, тұжырымдау дағдысын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • 5304 Атырау ақын- жазушылар шығармашылығын зерттеу және ғылыми көркемдік таным ерекшеліктері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ақын –жазушылардың шығармаларын зерттеудің әдіс-тәсілдерін үйрету, шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаудың жолдарын меңгерту. Шығарма жазуда қандай теориялық әдістерді қолданғандығын анықтап, талдау тәсілдерін ұғындыру. Сөйтіп, көркем туындының қаламгер шығармашылығында және қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын белгілеу үшін шығарманың көркемдік болмыс-бітімі мен сөз қолданысындағы теориялық негіздерді пайдалану шеберлігін игере білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • 5305 Сөз мәдениетіндегі лингвоэкология аспектілері
    Несиелер: 5

    Сөз мәдениетінің лингвоэкологиялық аспектілері пәнін оқыту барысында тіл тазалығы сөз мәдениеті пәнінің зерттеу пәні, нысаны ретінде басшылыққа алына отырып, тілдің ортаның сөз мәдениетін сақтауда талап етілетін лингвистикалық талаптар бойынша тілдік нигилизммен күрестің әдіс-тәсілдері, тілдің өміршеңдігін сақтайтын тілтанымдық ұстанымдар жүйесі меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • 5204 Латыннегізді әліпби және қазақ жазуы
    Несиелер: 5

    Әліпби теориясы, әліпбидің фонологиялық негіздері, қазақ мәдениеті қолданған әліпбилердің фонема-графема қатынасы, әліпби таңдау принциптері айқындалады. Латыннегізді жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелеріне қатысты тілдік нормалар меңгертіліп, жылдам оқу, сауатты жазу дағдылары қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • 5303 Әдеби теориялық талдау түрлері
    Несиелер: 5

    Қазіргі филология ғылымының даму бағдарлары мен заңдылықтарын зерттеу сипатында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр ерекшеліктерін тереңірек тану мақсатында әдеби туындыларды кешенді талдау жасауды жүзеге асырады. Сонымен бірге көркем шығарма механизмінің заңдылықтары жөнінде түсіндіріліп, көркем шығарманы зерттеу жүйелерін де қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • 5204 Қазақ жазуы: теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері, фонемографиялық жазу типі түрлерінің онтогенездік дамуы сарапталады. Нәтижесінде қазіргі қазақ жазуының мәртебесі, емле ережелерінің уәжі туралы толыққанды мәлімет беріліп, жаңа емлемен сауатты жазу нормалары игертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • 5305 Лингвоэкология
    Несиелер: 5

    Лингвоэкология пәнін оқыту барысында тілді сақтау және оны өзге (сырт) тілдердің басқыншылығынан қорғау мәселелері туралы білім беріледі. Тілдің белгілі бір тілдік қоғамда дамуына, яғни қолданылу өрісіне шектеу қоятын кері ықпалдар анықталады. Тіл тазалығының бұзылуының нәтижесінен туындаған тілдік дағдарыстың қоғамдық-саяси, тарихи-әлеуметтік негіздері айқындалып, ұлттық тілдің өміршеңдік қасиетін жоюға бағытталған, нақты айтқанда тіл тазалығына нұқсан келтірген басқыншы тіл ұстанымдары аталып көрсетіледі. Тіл тәуелсіздігін сақтаудың ғылыми-әдіснамалық лингвистикалық әдіс-тәсілдері игертіліп, сөз этимологиясы, лингвомәдениеттанымдық зерттеу ұстанымдары меңгерт��леді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • 6304 ЖОО жаңартылған білім мазмұны бойынша тілді оқытудың әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Жоғарғы оқу орындарында қазақ тілін оқыту және үйретудің қазіргі заманғы жаңаша әдістерін методикалық тұрғыдан үйретудікөздеп, бұл орайда қазақ тілінің салаларын жаңаша оқытуға үйретуді мақсат етеді. Курстың методологиялық және теориялық негіздері тілді оқыту әдістемесінің соңғы кездегі озық технологиялары мен заманауи әдіс-тәсілдеріне негізделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • 6301 Қазақ поэзиясының поэтикалық жүйесі
    Несиелер: 5

    «Қазақ поэзиясының поэтикалық жүйесі» поэзия құрылымы өлең сөзбен жазылатын ерекшелігіне қарай логикасының, яғни ой тізбегінің жүйелілігін қарастырады. Магистрантқа пән өлең сөз құрылымының ерекшелігін меңгертеді. Өнер тегінің жанрлық түріне қарай теориялық әдістердің қолданылу ерекшелігі, яғни, поэзия композициясындағы ой сабақтастығы мен тұтастығын жүйелі түрде тануға баулиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • 6302 Лингвомәдениеттану және танымдық тіл білімі
    Несиелер: 8

    Ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы мәдениеттану аспектісінде қаралады. Тілдің ұлттық табиғаты, оның ұлт өміріндегі рөлі мен қызметі танымдық, этикалық, эстетикалық категориялар арқылы тілтаным мен мәдениеттаным сабақтастығында қарастырылады. Лингвомәдениеттану ғылымының теориясы мен терминдік жүйелері ұлттық тілді этногрфиялық, тарихи-лексикологиялық, этимологиялық кешенді зерттеуге бағыт-бағдар береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • 6303 Жоғары оқу орнындағы интербелсенді оқытудың әдістері
    Несиелер: 5

    Магистранттардың интербелсенді әдістеменің теориясы мен практикасын жан-жақты игеріп, интербелсенді әдістеме тұрғысынан мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында сабақ ұйымдастыру білігін қалыптастыруына жағдайлар жасау. Магистранттардың иетербелсенді әдістеменің теориялық негіздерімен толыққанды танысып, өзіндік түсінік пен пікірін қалыптастыруға бағыт береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • 6303 ЖОО жаңартылған білім мазмұны бойынша әдебиетті оқытудың әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасының заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын, құзыреттілікке және сапаға бағытталған білім мазмұнының жүйесімен оқыту және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • 6302 Этнолингвистика
    Несиелер: 8

    Ұлттық менталитет пен ұлттық тілдің байланысын этнос болмысымен сабақтастыра отырып, тілдің терең мазмұндық құрылымын тануға, этностың болмысынан туындап, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұраны тіл арқылы әр қырынан сараптауға үйрету. Ұлттық тіл мен ұлттық дүниетаным сабақтастығы негізінде этнолингвистикалық тілдік талдау жасауға бағыттау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • 6304 Жоғары оқу орнындағы грамматиканы интербелсенді оқытудың әдістері
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі грамматикасын, оның салаларын интербелсенді оқыту әдістемесінің негізгі тәсілдерін оқыту – бұл пәннің негізгі мақсаты болып табылады. Қазіргі жаңаша оқытудың заманауи методикалары бойынша дәріс, семинар, практикалық сабақтардың түрлерін өткізуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • 6301 Қазіргі қазақ прозасының поэтикалық жүйесі
    Несиелер: 5

    «Қазіргі қазақ прозасының поэтикалық жүйесі» пәнінің мақсаты прозалық көркем шығармалардың бейнелеуші – көркемдеуші құралдары мен түрлерін, жанр табиғаты мен құрылымын, портрет пен пейзажды, ішкі монолог пен диалогті, авторлық баяндаудың типтері мен түрлерін қарастыруға бағытталған. Магистрант пәнді игере отырып, оның әдеби шығарманың құрылымын, жазушы стилін, шеберлігін айқындаудағы ғылыми-практикалық мәнін меңгереді. Шығармалардағы қамтылып отырған кезеңнің әлеуметтік-психологиялық жай-жағдайы, халықтың тұрмысы мен этнографиясы арқылы поэтика мәселелерін қарастыруды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    ғылымның тарихы мен философиясының іргелі негізі мен ұғымдық аппаратын, ғылыми ізденіс қызметінің принциптерін білу арқылы әдістемелік және әдістік білімдерді ғылыми -ізденістік және ғылыми-педагогикалық қызметте қолдану, сонымен қатар ғылыми зерттеу және ЖОО арнайы пәндерді жүргізу барысында шетел тілін кәсіби деңгейде еркін игеру

  • Код ON2

    жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы, жоғары мектеп педагогикасының теориялық және әдістемелік негіздерін меңгеріп, кәсіби тәжірибеде қолдану, сонымен қатар болашақ қызметі мен докторантурада оқуын жалғастыру үшін қажетті білімді тереңдетіп, кеңейтуге қабілетті болу; -менеджменттің теориялық, әдістемелік негіздерін білу арқылы түрлі тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас салаларында заманауи ұйымды тиімді басқарудың әдістері мен қағидасын, әдістемесін меңгеру

  • Код ON3

    қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарын, негізгі концепциялары мен даму тенденцияларын білу, алған білімдерін өздерінің зерттеу және пәнді оқыту жұмыстарында қолдану; -тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық мәселелерін жетік меңгеріп, шумер, көне түркі, орта ғасыр және қазақ мәдениетінің байланысын зерделеу; -тіл тарихындағы трансформациялық өзгерістерді түсініп, тілдің тарихи қабаттарында қалыптасқан атаулардың этимологиясын ғылыми тұрғыда негіздей білу

  • Код ON4

    қазіргі әдебиеттанудың бағыттарын, негізгі теориялары мен концепцияларын, даму тенденцияларын білу, қазақ әдебиеті туындыларын жаңаша талдап, түсіну және философиялық мәнін ашу; - әдебиет тарихын дәуірлеуде теорияға негізделудің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ажырата білу

  • Код ON5

    лингвомәдениттану ғылымының теориялық жетістіктерін қолдана отырып, мәдениет феномендерін тілдік талдау; -ұлттық құндылықтар арқылы этностың тілдік әлемін меңгеру және ұлттық тіл мен ұлттық болмыстың тұтастығын түсіну

  • Код ON6

    жазудың ұлттық бірегейлікті, бұқаралық сананы қалыптастырудағы қызметі мен маңызы, қазақ жазуының латын әліпбиіне өту шешімінің тарихи негіздемесі туралы іргелі, қолданбалы білімді меңгеру; -қазақ тілі емле ережелерінің басты және қосалқы ғылыми ұстанымдары, қазақ емлесіндегі дәстүр мен жаңашылдық, қазақ тілі емлесіндегі жаңалықтардың лингвистикалық негіздерін білу; - тіл ғылымы мен қоғам өміріндегі жазудың қызметін түсініп, жазу тарихына қатысты тарихи білім жүйесін меңгеру

  • Код ON7

    қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің дәстүр мен жаңашылдық үрдістегі даму процесін және көркем шығарманы стильдік, жанрлық ерекшеліктерін орай кешенді әдеби-теориялық тұрғыда талдай білу; -әдебиет кезеңдерін Рухани жаңғыру тұрғысынан өңір қаламгерлерінің шығармашылығымен бірлесе қарастыруға, зерттеуге аспектілік әрі кешендік тұрғыдан келе білу және әдеби даму тұрғысында бірлікте, байланыста, сыни тұрғыда байланысына баға беру

  • Код ON8

    өзге тілдің фонетикалық, грамматикалық заңдылықтарын қабылдау барысында өзіне тән тілдік нормасынан ажырап қалған ұлттық тілдің лингвоэкологиялық мәселелерінен хабардар болу; -сөз мәдениеті пәнінің зерттеу нысаны, сондай-ақ, тіл тазалығын зерттейтін саласы – лингвоэкология пәнінің өзекті мәселелері туралы білім жүйесін игеру

  • Код ON9

    проза жанрын сюжеттік желі бойынша ғана танымай, негізгі идеясының көркемдегіш құралдар арқылы астарлы мәнін түсіну; -өлең сөздің сюжетті түрі мен композициялық құрылымын ажырата білу

  • Код ON10

    ЖОО қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың дәстүрлі және белсенді әдістерінің мән-мазмұнын түсіну, жаңартылған білім мазмұны бойынша жаңа технолоиялар арқылы қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың озық әдіс-тәсілдерін игеру; -интербелсенді әдістемені теориялық тұрғыдан негіздеп, оның артықшылықтары мен өзектілігін дәлелдеп, сабақ жоспарлай білуі мен практикасына қолдану; -интерактивті оқыту әдістерінің болашақ маман құзіреттілігін қалыптастырудағы маңыздылығын, артықшылығын тұжырымдау

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)
Магистратура

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701701 7M01701701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)
Магистратура

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Магистратура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Торайгыров университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қайнар академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (1 жыл)
Магистратура

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Шымкент университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Магистратура

"Сырдария" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті бейіндік
Магистратура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Ғылыми-педагогикалық бағыт)
Магистратура

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top