Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01508 Химия в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

  • Педагогика

    Аға буынның әлеуметтік тәжірибелерді белсенді меңгеруі және өмір мен еңбек үшін қажетті әлеуметтік тәжірибені белсенді меңгеруі заңдылықтарын зерттейтін пән барлық жас топтары мен оқу-тәрбие мекемелері үшін ортақ болып табылатын оқыту мен тәрбиелеудің принциптерін, формалары мен әдістерін зерттейді және қалыптастырады. Педагогикалық білімнің бұл саласы оқыту мен тәрбиелеудің іргелі заңдарын зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Металдар және бейметалдар химиясы.

    Негізгі және қосымша топша металдарының маңызды қосылыстары жай заттардың атомдарының қасиеті, электрондық конфегурациясын салыстыру. Металулдардың табиғи қосылыстары. Металлдардың және олардың басты қосылыстарының қолданылуы.Құймалар. Сиректер элементтері.Ашылу тарихы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Елбасы тағылымы

    Бұл пәннің мазмұны Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығын, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына бағытталған Елбасының инновациялық жобаларын зерттеуге, «Бақорда», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» ұғымдарын жіктеуге қабілеттіліктерді қалыптастыруға, Елбасы шығармаларының ғылыми-әдістемелік маңыздылығын анықтауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Бейорганикалық химияның теориялық негіздері

    Атом-молекулық ілім, химияның негізгі стехиометриялық заңдары, атомдық және молекулалық массаларды анықтау әдістері, элементтердің жер қыртысында және космоста таралуы, периодтық заң және периодтық жүйе, атомдардың периодтық өзгеретін және периодтық өзгермейтін қасиеттері, химиялық байланыс, валенттік байланыс теориясы, молекулалық орбитальдар теориясы, комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауыр металдар химиясы

    Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсуінің маңызды көздері.Табиғи көздер.Техногенді көздер.Атмосферадағы ауыр металдардың миграциясы.Атмосферадағы ауыр металдардың тіршілік формалары.Ауыр металдардың атмосфералық химиясы.Атмосферадан жасалған тұрақты металдар. Топырақтағы және топырақ компоненттеріндегі ауыр металдар. Топырақтағы ауыр металдардың құрамы және оларды табу түрлері. Ауыр металдардың құрамы мен миграциясына топырақ факторларының әсері.Қазақстан топырағының ауыр металдармен ластануы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары

    Қазіргі неорганикалық химияның басты міндеттері. Химиялық теориялардың әртүллі деңгейлері. Энергияны тасымалдау және сақтау.Генерирлеу үшін неорганикалық жүйелерде физикалық және химиялық айналымдардың қолданылуы. Көпэлектронды атомдардың энергетикалық диаграммалары. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс.Комплексті қосылыстардың изомериясы. Кристалдардың құрылымы және химиялық байланысы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Координациялық қосылыстар химиясы

    Координациялық химия-негізгі ұғымдар,номенклатурасы,даму тарихы Координациялық қосылыстар жүйесі және синтездеу тәсілдері.Комплексті қосылыстардың құрлысы мен қасиеттері. Комплекс түзу реакциялары.Комплексті қосылыстардың қолданылуы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Периодтық жүйе элементтерінің химиясы

    Элементтердің химиялық класссификациясы. Жай заттардың және химиялық қосылыстардың табиғатта кездесуі және оларды алудың жалпы принциптері. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары, олардың генетикалық байланысы, классификациясы және JUPAC бойынша номенклатурасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Экономикалық-құқықтық және экологиялық білім негіздері

    Экология және өмір қауіпсіздігі, құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экономика, кәсіпкерлік және көшбасшылық саласындағы принциптер мен негізгі әдістерді қамтитын кешенді пән. Нормативтік құқықтық актілерді қолдану ерекшеліктері. Экологиялық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері, экологиялық құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аналитикалық химия

    Аналитикалық химияның теориялық негіздері;Пролитикалық тепе-теңдік, ккомплекс түзілутепе-теңдігі, тотығу-тотықсыздану тепе-теңді-гі, сұйық және қатты фазалар арасындағы тепе-теңдік; Сапалық және сандық анализ. Химиялық элементтерді бөліп алудың, бөлудің жәнеконцентрлеудің әдістері: тұндыру, экстракция, хроматография, иондық алмасу және т.б. Маңызды катиондарды және аниондарды анықтауреакциялары, органикалық қосылыстардың маңызды функциялық топтарын анықтайтын реакциялар

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өлшенетін экспериментті жоспарлау және ұйымдастру.

    Экспериментті жоспарлау әдістері мен принциптерін маман аналитикалық химияның әр түрлі есептерін құру. Химия, физикалық химия және химиялық технологиядағы математикалық модельдерді құру әдістемесінің негіздері, оларды шешудің негізгі сандық әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектеп химия пәнінен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру әдістері

    Химия пәніндегі зерттеу әдістерінің жүйесі. Әдебиеттермен жұмыс істеу техникасы және химиялық апараттар. Ғылыми зерттеулердің басты этаптары. Мектеп химия пәнінен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру әдістері,ғылыми жобаларды өңдеудің талаптары, әдебиеттермен жұмыс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жас ерекшелік психологиясы және физиология

    Пәнді оқу барысында адам дамуының тұтастық, онтогенездегі адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін тереңдетіп меңгерулеріне мүмкіндіктер береді. Адам өмірінің дамуының негізгі жас ерекшеліктері, әртүрлі жас кезеңінде пайда болатын тұлғаның ең маңызды психикалық сипаттары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    Курс кәсіби шетел терминологиясын, пәндік-тілдік материалдарды, негізгі категориялық - ұғымдық аппараттардың негіздерін қарастырады. Пән мазмұнының құрамдас бөліктері: оқыту деңгейінің мазмұнын анықтайтын коммуникативтік сала (қарым-қатынастың әлеуметтік - тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби саласы); қарым-қатынастағы әңгіме тақырыбы мен топиктер жиынтығы; қарым-қатынастың қарапайым жағдайлары болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Пән бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

    Сабақтан тыс жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері, оның мақсаты, міндеттері, принциптері, мазмұны, әдістері, формалары мен түрлері. Химия пәнінен сыныптан тыс немесе сабақтан тыс жұмыс – бұл сабақ кестесінен тыс, оқу жоспарынан тыс, қарапайым сынып сабақтарынан тыс өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларының жүйесі. Оқушылардың олимпиадаларын ұйымдастыру және өткізу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Заттарды бөлу және тазарту әдістері

    Зертханада қолданылатын қондырғылар, құралдар,,зертханалық жұмыстардың жалпы әдіс тәсілдері,техникалық каіпсіздік ережелері органикалық заттарды бөлу және тазарту әдістері .Кристалдау, еріткіштерді таңдау , сублимация,экстракция, айдау, фракциялық айдау, ректификация,азеотропты қоспаларды бөлу, су буымен айдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-техникалық ақпараттарды іздестіру әдістемесі

    Зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейінде қолданылатын әдістер;олардың мәні, мүмкіндіктері мен шектеулері. Индукция және дедукция.Талдау және синтездеу. Абстрагирлеу. Дүние жүзіндегі ғылыми-техникалық және ақпараттар жүйесі. Химиядан білім беру аймағындағы құжаттар. Библиографиялық және реферативтік басылымдар. Интернет жүйесінен ғылыми-ақпараттарды іздестіру әдістемесі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Хроматографиялық анализ әдістері

    Физикалық әдістердің теориялық негіздері, химияда қолданылатын қазіргі заманғы зерттеу әдістерінің құралдары және сызба құрылымы. Хроматографиялық анализдің негіздері ,түрлері, ұстанымдары. Газдық хроматография, сандық және сапалық хроматографиялық талдау , сұйықтықтағы хроматография, қағаздағы хроматография, сорбенттердің жұқа бетіндегі хроматография.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру, инклюзивті білім берудің құқықтық-нормативтік қамтамасыздандыруда кездесіп отырған кедергілерін жою, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Химияны оқыту әдістемесі

    Курстың бағдарламасы Химияны оқыту әдістемесі педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктеріне сәйкес химия және педагогикадан студенттердің химиялық білімін одан әрі жетілдіруді көздейді. Курс креативті ойлауды дамытуға, студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, химияны өмірмен байланыстыруға, болашақ мұғалімге белсенді педагогикалық қызметке арналған білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Химиядағы нанотехнология.

    Нанотехнологияның химияда қолданылуы. Наноматериалдарды алу, құрамында органикалық емес кластерлерден құрылған таза металдармен, балқымаларымен, өтпелі топтардың элементтерінің металдарынан тұратын оксидтермен, карбидтермен және сульфидтермен, сондай-ақ көміртегі және органикалық молекулярлық кластерлер түзілген. Нанотұйықталған атом қабықтары, ең алдымен, көміртегі типті фуллерендер және олардың туындылары: түрлі өлшемді құрылымды, диаметрі және хиральді нанотүтікшелерді алу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Абай әлемі. Жаңа қазақ жазуы

    Бұл кіріктірілген пәнде Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезовтың шығармашылық мұрасының философиялық және көркемдік негіздері мен тарихи фактілер және латын графикасы негізінде қазақ алфавитін меңгеру, орфографияның ережелері, орфографиялық және орфоэпиялық нормалары көрсетілген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кванттық механика және компьютерлік химия

    Квантты теория негіздері. Кейбір қарапайым жүйелер үшін Шредингер теңдеуі. Квантты механикадағы сутегі атомы. Қозған күйдегі сутегі атомының магнитті моменті. Зееман эффектісі. Электрон спині. Спиннің формализмі. Көпэлектронды атомдар. Шредингер теңдеуі мен көпэлектронды функцияның қасиеттері. Көпэлектронды толқындық функцияның антисимметриясы. Бірэлектронды Хартри жақындауы. Слейтер атомдық орбитальдары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Химияны оқытудағы қазіргі заманғы технологиялар

    Химия дидактикасының негіздері, қазіргі білім беру технологиялары және оларды химияны оқыту процесінде қолдану ерекшеліктері, химия бойынша білім алушылардың білімі мен іскерлігін бақылау және есепке алу әдістері, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып ауызша, жазбаша жауаптарын бағалау критерийлері;

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Химиядан мектеп оқушыларының өздік жұмыстарының формалары және ұйымдастырылуы

    Оқушылардың өздік жұмыстарын сабақтың әр түрлі кезеңдерінде, сабақтан тыс уақыттарда ұйымдастыру, түрлері,ұйымдастыру формалары және соған байланысты мәселері. Орта мектепте химияның мазмұнын, деңгейін және орнын негіздеу, оқу материалдарында өздік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы, олардың түрлері,өткізу әдістемесі .

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Химиялық зерттеулердің физикалық әдістері

    УК, ИК және КР–спектроскопия. Масс–¬¬¬спект¬рометрия. Дифрактометрия. Магнетохимиялық және и электрооптикалық зерттеу әдістері. Резонанстық әдістер. Диполдық моменттерді анықтау. Химияда қолданылатын физикалық әдістердің теориялық негіздері, қазіргі заманғы физикалық зерттеу құралдарының құрылымы мен сұлбалары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Физикалық химиядан есеп шығару әдісі

    Физикалық химияллық есептерді шешуге қойылатын жалпы әдістік талаптар. Физикалық химиялық есептердің жүйесі. Олардың химияны оқыту әдістемесіндегі орны. Химиялық есептерді шешу тәсілдері. Пәнаралық мазмұндағы есептерді және өте күрделі есептерді шығару. Физикалық химияллық есептерді шешуге қойылатын жалпы әдістік талаптар. Физикалық химиялық есептердің жүйесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Химиялық экология

    Табиғатта химиялық өзара әрекеттесудің негізгі ұғымдарының тұжырымдарын зерттеу. Түрлерді сақтау үшін күрестегі химиялық қару. Митоксиндер, фитоксиндер және антибиотиктер. Теңіз омыртқасыздары токсиндері. Артроподттағы химиялық құралдар. Омыртқалы уландырғыш. Миметизмнің кейбір түрлері. Биолюминесценция. Омыртқасыздар үшін стеролдардың экологиялық мәні. Феромондар .

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі

    «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» пәні екінші курс студенттерін мамандығында қолданылатын техникалық терминдерімен таныстыру. Осы терминдерді пайдаланып орысша, қазақша техникалық мәтіндерді бір тілден екінші тілге аударуға жатықтыру. Өз беттерімен техникалық мәтіндерді қазақ тілінде құрып жазуға үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ерітінділер теориясы.

    Ерітінділердің жалпы сипаттамасы; ерітінділер концентрациялары және олардың бір-бірімен өзара байланыстылығы; парциальды мольдік шамалар; Конгруэнтті және инконгруэнтті қосылыстардың түзілуі; қатты ерітінді түзетін екі компонентті жүйелердің балқу диаграммасы; қатты ерітіндінің үзіксіз қатарын түзетін екі компонентті жүйелердің балқу диаграммасы; екі және үш сұйықтықтың бір-бірінде ерігіштігі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Пән бойынша электрондық білім қорлары

    Осы курс педагогикалық бағыттағы мамандық студенттерінің заманауи ақпараттық, коммуникативтік және білім беру технологиялары аумағындағы икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін оқытуға бағытталған. Компьютерді оқыту үрдісінде қолданудың әдістемелік және дидактикалық мүмкіндіктері, сандық білім беру ресурстарын (СББР) білім беру үрдісіне қолдануды қарастыратын педагогикалық технологиялар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Табиғи қосылыстар химиясы

    Табиғи қосылыстардың биологиялық функциясын, химиялық өзгерістерін және химиялық құрылысы. Бейорганикалық тектес табиғи қосылыстар. Минералдар, тұздар. Табиғи органикалық қосылыстар. Өсімдіктектес органикалық қосылыстар. Алкалоидтар, пигменттер, көмірсулар, витаминдер. Жануартектес органикалық қосылыстар. Липидтер, балауыздар, стероидтар, белоктар (ақуыздар), нуклеин қышқылдары, ферменттер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаратылыстану

    «Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұны табиғатты ғылыми тұрғыдан танудың әдістерін ашады; физика, химия, биологияның іргелі бөлімдерінен түсініктері, философияның негізі (базалық ұғымдары, категориялары), әлеуметтану негіздері (әлеуметтік теория ,әлеуметтік процесстер) қарастырылады. Аталған курс студенттердің қоршаған әлемнің құбылыстары мен мәселелерін кеңінен кешенді қарауға, дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Химиялық кинетика.

    Химиялық кинетика және оның негізгі ұғымдары мен түсініктері; Химиялық кинетиканың постулаттары. Жабық жүйеде өтетін реакциялардың кинетикасы. Күрделі реакциялардың кинетикасы. Реакция жылдамдығының әр түрлі факторларға тәуелділігін зерттеу. Химиялық кинетиканың теориялары. Активті комплекс теориясы. Макрокинетика. Кинетикалық параметрлер. Кинетикалық параметрлер мен заттардың реакцияласу қабілетінің байлынысы. Гетрогенді процестердің жылдамдық константасын анықтау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Элементорганикалық қосылыстар химиясы

    Элементорганикалық қосылыстарды жіктеу. Литийорганикалық қосылыстар. Магнийорганикалық қосылыстар. Мысорганикалық қосылыстар. Алюминийорганикалық қосылыстар. Фосфорорганикалық қосылыстар. Ауыспалы металдардың органикалық қосылыстары. Элементорганикалық қосылыстар химиясының жалпы мәселелері. Элементорганикалық қосылыстардың электрондық құрылысын, қасиеттерін, реакция механизмі, қолдану аймағы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физикалық және коллоидты химия

    Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері және заңдары, термодинамикалық функциялар, гомогенді және гетерогенді жүйелердегі химиялық тепе-теңдік. Ерітінділер. Фазалық тепе-теңдік. Біркомпонентті, екі және үшкомпонентті жүйелердің күй диаграммасы. 2 және 3 компонентті сұйықтықтарда өзара еру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңартылған білім мазмұнының технологиясы және өлшемдік бағалау

    Курс оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ең маңызды ережелері мен әдістерін табысты қарауға мүмкіндік беретін мәселелердің кең ауқымын қамтиды; білім алушылардың назарын осы үдерістің маңызды заңдылықтарына бағыттайтын жалпы әдістемелік ұсынымдарды сипаттау.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының модульдері бойынша тұжырымдамалық түсінік қалыптастыру. Критериалды бағалау технологиясының педагогикалық-ұйымдастыру негіздерін анықтау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Химиялық экотоксикология

    экотоксикалық әсер факторлары және негізгі экотоксиканттар; жиілік, ұзақтығы, доза, дозаның эффектімен байланысы; ағзада экотоксиканттардың болу этаптарын қарастыру; экотоксиканттардың негізгі топтарының химиялық табиғатын және механизмін оқыту, негізгі экотоксиканттардың химиялық табиғаты және әсер ету сипаттамасы; негізгі экотоксикокинетиктер, экотоксикодинамикалар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Химия есептерін шығару әдістемесі

    Химиялық есептерді шығаруға арналған жалпы әдістемелік талаптар. Химиялық есептер жүйесі, олардың химияны оқыту әдістемесі курсындағы орны. Химиялық есептерді шығарудың көмегімен жалпы дидактикалық принциптерді жүзеге асыру. Химиялық есептердің анализі. Химиядан есептер шығаруда физикадан және математикадан білімдерді пайдалану. Химиялық есептерді шығару жолдары. Химия сабағында есептерді пайдалану әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Күрделілігі жоғары химия есептері.

    Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары. Атом құрылысы. Химиялық байланыс: ВБ және МО әдістері. Радиоактивтілік. Заттың химиялық формуласын анықтау. Ерітінділер. Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер. Параллель немесе тізбектесе жүретін реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер. Орынбасу реакциялары теңдеулері бойынша есептеулер. Химиялық реакцияның жылдамдығы және химиялық тепе-теңдік. Тотығу-тотықсыздану реакциялары бойынша есептеулер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Органикалық химия

    Ашық және тұйық тізбкті көмірсутектер және олардың туындылары,номенклатурасы, физикалық-химиялық қасиеттері. Гетерофункционалды қосылыстар (оксиқышқылдары, аминқышқылдары, көмірсутектер). Органикалық химия теориясының қазіргі күйі.Стереохимиялық теория (конформация, конформациялық анализ). Реакциялар мен реагенттердің классификациясы. Органикалық қосылыстардың молекулаларындағы электронды эффектілер. Индукциялық, мезомерлі эффектілер, кеңістік эффектілер, таутомерлі эффектілер. Электрофильды және радикалды бөлшектер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бейінді сыныптарда химиядан элективті курстар

    Қазіргі мектептегі химия білімінің концепциясы. Кәсіптік және базалық мектеп. Даму тиімділігі. Жоғарғы сыныптардағы курстардың түрлері. Оқушыларды кәсіптік және кәсіп алды этаптарында дайындаудың элективтік курстары. Элективті курстардың бағдарламаларын талдау. Құрастыру және қолдану әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Химиядағы математикалық статистика

    Ғылыми және кәсіптік эксперименттің опитмальды шарттарын іздеудегі математикалық аппарат. Типтік профессионалды есептерді шығару кезінде математикалық әдістерді қолдану; пәндік аймақтың санағымен схема, диаграмма, график, кестелер арқылы көрсетілген ақпаратты интерпритациялау. экспериментальды мәліметтердің математикалық өңделу процессін болжау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мұнай химиясы.

    Термодинамика, химиялық кинетика және катализ бөлімдерінің негізгі ұғымдары мен заңы, математикалық көрсетілімі. Заттың дисперсті жағдайы жайлы ілімінің негізінде жатқан экспериментальды функциональды деректер. Мұнайдың құрылысы, физикалық-механикалық және химиялық қасиеттері, мұнайды сақтау мен өңдеудің қазіргі заманғы тәсілдері, қауіпсіздік техникасы ережелері.ҚР Мұнай өнеркәсібі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы

    ЖМҚ негізгі түсініктері және анықтамалары. Полимерлердің физикалық қасиеттері және құрылымы. Полимерлерді синтездеудің негізгі әдістері: полимеризация (радикалды, сополимерлі, ионды) және поликонденсация. Полимерлердің химиялық айналулары. Полимерлердің шынайы ерітінділеір және коллоидты жүйелер. ЖМҚ жеке өкілдері (полиэтилен, полипропилен, полистирол, синтетикалық каучуктер, поливинилхлорид, синтетикалық талшықтар және т.б.), оларды синтездеу әдістері, қасиеттері және қолданылу аудандары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биологиялық химия

    Биорганикалық қосылыстардың физико-химиялық қасиетін, биологиялық маңызды қосылыстардың органикалық химия әдістерінің құрылысы мен функциялық зерттеудің негізгі әдістерін, оны табиғи көздерден бөліп алу әдісі. Биологиялық химия пәні өсімдіктер, жануарлар және адам ағзасындағы биохимиялық реакциялардың өту заңдылықтарын, химиялық құрамын зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сынамаларды алу және дайындау әдістері, биометрия негіздері.

    Атмосфералық ауаның шекті сапасы және шекті әсер ету. Химиялық технология, нефтехимия және биотехнологияда ауаның ластану көзері Атмосфералық ауаға шекті әсер ету. Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздер. Атмосфералық ауа сапасын экологиялық нормалау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Табиғи объектілер анализі

    Табиғи объектілерді зерттеу әдістерінің жіктелуі; өсімдік және жануарлар объектісінің элементтік құрамын оқу; топырақты зерттеу әдістері; ауаны зерттеу әдістері; суды зерттеу әдістері; табиғи объектілерді экологиялық бағалау және нормалау; экологиялық зерттеулердегі құрал және өлшемдер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Радиохимия

    Радиохимияның даму тарихы; радиохимия пәні және міндеттері, радиохимиялағы зерттеу объектілері; радиохимияның негізгі түсініктері; ядерлік айналулар химиясы, иондаушы сәулелердің заттармен әрекеттесуі, радиационды-химиялық айналулардың сандық сипаттамалары, радиационды-химиялық айналулардың негізгі түрлері, радиоактивті ыдырау заңы; ядерлік айналулар нәтижесінде алынған атомдар химиясы; радиоактивті элементтер химиясы, ядерлі реакциялар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі

    Танымдағы эксперименттің ролі. Химияны оқыту жүйесіндегі көрнекілік тәжірибелер,зертханалық және практикалық сабақтар.Мектептегі химия кабинетініњ құрал жабдықтары. Қажетті реактивтер мен құралдар жиынтығы. Химиялық кабинеттегі оқушыныњ жұмыс орны. Орта мектепте химиядан зертханалық жұмыстарды және практикалық сабақтарды өткізу ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары математика

    Математикалық анализдің негізгі әдістері мен ұғымдары, сызықтық алгебра, дискретті математика, дифференциалды теңдеу теориясы. Сызықты алгебра. Анықтағыштар және матрицалар теориясы. Жазықтықтағы және кеңістіктегі аналитикалық геометрия. Дифференциалды және интегралды есептеулер. Қатарлар теориясы. Дифференциалды теңдеулер. Ықтималдылық теориясының және математикалық статистиканың элементтері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Гидоросфера химиясы

    Гидросфера химиясының түсініктері және негізгі заңдылықтарын, суды зерттеу әдістерін, сулы объекттерді тазарту әдістері. Гидросфера және оның құрамы, судың қасиеттері және оның табиғаттағы айналымы, гидросфераға антропогенді әсерлер, дүниежүзілік мұхиттың ластану ерекшеліктері, гидросфераға ластаушы заттардың түсу көздері, су қоймаларын тазарту әдістері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шағын жинақты мектепте химияны оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі

    Ауылдық жерлердегі аз комплектілі мектептерде химияны оқытудың ұстанымдары, мақсаттары мен оқыту жүйесі; химия курсының мазмұнын ғылыми негізде анықтауды; қол жетерлік ұстанымына және логикасына сай оқу материалын оқыту процесіне ендіруді; химияны оқыту әдістерін; алгоритмдік оқыту; бағдарламалап оқыту; зерттеп оқыту және т.б. оқыту түрлері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экспериментті математикалық модельдеу

    Генералды жиынтық және іріктеу, статистикалық қатар, таралудың статистикалық функциясы, статистикалық жиынтық, өлшеу шамаларының жақындатылған мәнін және тікелей біркелкі немесе біркелкі емес нүктелердің жағдайында жақындатылған дисперсия мәндерін анықтау,сенімділік интервалы, олардың химияда қолданылуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Химиялық технология

    Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері: үздіксіздік принципі, тоққа қарсы, қайнаған қабат, реакцияның жылуын қолдану, өндіріс қалдықтарын және т.б. пайдалану. Жердің минералды ресурстары және оларды тиімді қолдану. Пайдалы қазбалар химиялық өнеркәсіптің шикізаты ретінде. Бейорганикалық және органикалық заттардың химиялық өндірісі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жаратылыстанудың ғылыми негіздері

    Студенттерді әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесінің дамуының негізгі кезеңдерімен, осы бейнені сипаттайтын іргелі ұғымдары мен принциптермен таныстыру; сондай-ақ жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдардың өзара байланысын көрсету. Табиғатты ғылыми тұрғыдан танудың әдістерін ашады; физика, химия, биологияның іргелі бөлімдерінен түсініктері, философияның негізі (базалық ұғымдары, категориялары), әлеуметтану негіздері (әлеуметтік теория ,әлеуметтік процесстер) қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР отындық ресурстары

    ҚР отынды химиялық жолмен өндеу өнеркәсптердің даму тенденциялары. Мұнай және газды өндейтін өнеркәсіптердің салалары. Ауыр органикалық синтездің салалары. ЖМҚ және полимерлердің өндірісі. Химиялық технологияның ғылыми негіздері,химиялық-технологиялардың негізгі схемасы,негізгі қондырғылары, шикізатты әзірлеу және даярлау әдістерін, өндіріс қалдықтарын өңдеуді және қоршаған ортаны қорғау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бейінді сыныптағы химия пәні мазмұны

    Бейінді сыныптардағы химияны оқытудың мазмұны ,инвариативті бөлімі Химия тілі,Химия түсініктері,Заңдар,деректер, теориялар. Вариаьтивті құраушысының химиялық мазмұны,,бейінді бағытталған ерекшелігі. Жаратылыстану- математика және гуманитарлық бағыттардың оқу-әдістемелік кешендерінің сипаты,құрылымы мазмұны. Жаратылыстану- математика және гуманитарлық бағыттар бойынша оқу үрдісінің формаларын ұйымдастырудың әдістемесін игеруі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Минералдар химиясы.

    Кіріспе. Минералдар-жерді құраушы заттар. Минералдардың химиялық құрамы. Минералдардың ашылу тарихы. Минералдардың түрлері. Минералдардың қасиеттері мен құрамына қарай жіктелуі. Минералдардың табиғатта таралуы. Минералдардың кристалдық құрылымы. Минералдардың құрылысын зерттеу әдістері. Минералдық заттарды химиялық өңдеу. Минералдардың физикалық қасиеттері. Систематикалық минералогия. Сульфидтер, оксидтер, гидроксидтер, бораттар, фосфаттар, силикаттар мен сульфаттар- минералдық заттар.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Агрохимия

    Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру процесінде өсімдіктердің, топырақтың және тыңайтқыштардың өзара әсерлесу мәселелері. Өсімдіктердің химиялық құрамы, өнім мен дақылдардың сапасын қалыптастырудағы қоректендірудің негізгі элементтерін шығару және олардың рөлі, қоректендірудің биологиялық ерекшеліктері,реттеу тәсілдері; топырақ пен тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, тыңайтқыштардың топыраққа айналуының және мінез-құлқының ерекшеліктері, олардың топырақ пен өсімдіктің қасиеттеріне әсері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР химия өнеркәсібі

    ҚР химиялық өнеркәсібінің даму тенденциялары. Түсті және қара металдардың кеңдерін байыту әдістері. Түсті және қара металургияның салалары. Минералды тыңайтқыштардың өндірісі. Күкірт қышқылының өндірісі. Отынды химиялық жолмен өңдеу. Ауыр органикалық синтездің салалары. Қоршаған ортаны қорғау әдістері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Химиялық синтез

    Бейорганикалық және координациялық қосылыстарды синтездеу жолдары жайлы маңызды ақпарат көздері. Бейорганикалық синтездің теориялық негіздері. Бейорганикалық заттарды тазартудың, концентрлеудің, бөлудің негізгі әдістері. Химиялық тасымал реакциялар. Газды фазадағы реакциялар.синтездің қатты фазалық әдістері. Сусыз бейорганикалық қосылыстарды синтездеу әдісі. Оксидтер, галогенидтер, гидридтер, гидроксидтер, қышқылдар, тұздар сияқты жай заттарды алу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Топырақ химиясы

    Курс аумақтардың топырақ жамылғысын дербес талдау үшін студенттердің дағдыларын және қабілеттерін дамыту, олардың көмегімен мәліметтерді түсіну, экологиялық жағдайының топырақ қасиеттерін, топырақ қорғау шараларын құрастыруды және олардың жинақталған білімін кәсіби қызметінде қолдана алуды көздейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық эксперимент және эксперимент мәліметтерін өңдеу

    1. Студенттерді педагогикалық зерттеулер әдіснамасы мен оның кезеңдерімен таныстыру, бақылау, педагогикалық эксперимент, алынған мәліметтерді математикалық өңдеу әдістерінің ерекшеліктерін ашады. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары – курстық және дипломдық жұмыс. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеудің әдістері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектеп химия кабинеті және онда жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасы.

    Химия кабинетіне қойылатын талаптар. Химия кабинетінің құрал-жабдықтары. Қауіпсіздікке жалпы талаптар. Реактивтерді сақтау топтары. Химиялық құралдармен, ыдыстармен, химиялық заттармен жұмыс жүргізуге және ұйымдастыруға талаптар. Химиялық ластануды жою тәсілдері. Өртті сөндіру әдісі. Химия пәнінің мұғалімінің міндеті. Химия кабинетінің лаборантының міндеті. Химиялық эксперименттер жүргізу кезінде химия кабинетінде еңбекті қорғау. Қауіпсіздік ереже түрлері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зат құрлысы

    Кванттық механиканың негізгі идеялары. Сутек сияқты атомдар үшін Шредингер теңдеуі. Көп электронды атомдар. Атом термасы туралы түсінік.Химиялық байланыс теориясы және оның міндеттері. Валенттік байланыс әдісі Молекулалы орбитальдар әдісі (негізгі идеялар). МО ЛКАОәдісіндегі молекулалы орбитальдарды жуықтап сипаттау. МО әдісіндегі көп атомды молекулалар. Көп атомды молекулалардағы молекулалық орбитальдар. Орбитальдардың гибридтенуі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік - гуманитарлық және экономикалық ғылымдар саласында, кәсіби-педагогикалық және әлеуметтік мәселелер мен тапсырмалардың тиімді шешімдерін қабылдау кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды қолдану.
  • Іргелі пәндер бойынша теориялық материалдарды тәуелсіз іздеу, талдау және қажетті ақпаратты іріктеу, оның трансформациясы, сақталуы және берілуі жүйеленуі.
  • Оқу ортасында академиялық және кәсіби мақсаттар үшін қазақ, орыс және шет тілдерінің бірінде диалог құру.
  • Кәсіптік мақсаттарда теориялық және практикалық тапсырмаларды түсіндіру кезінде химия және аралас жаратылыстану ғылымдары пәндері саласындағы негізгі ережелер, ұғымдар мен заңдарды, жаратылыстық ғылыми терминдерді кіріктіру.
  • Білім беру ресурстарын оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияларды және заманауи ақпарат құралдарын пайдалана отырып әзірлеу.
  • Әлеуметтік-тұрмыстық, кәсіби және ғылыми қарым-қатынас саласында оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық, психологиялық және әдістемелік нормалары мен тәсілдерін қолдану.
  • Тәжірибелік-зерттеу жұмысының нәтижелерін есеп, ғылыми баяндама, хабарлама, қорытынды түрінде түсіндіру.
  • Жалпы білім беру мекемелерінде қолданылатын әртүрлі білім беру технологиялары кезінде бағалау жүйесі мен критерийлерін құрастыру.
  • Қазақстан Республикасының ұлттық басымдықтарын және білім беру субъектілерінің (пәндік бағыттардың) білім беру әлеуетін ескере отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру.
  • Магистратурада күнделікті кәсіби қызметті және үздіксіз білім алу үшін химиялық пәндердің мектеп және университеттік бағдарламаларының барлық мәселелері бойынша оқу материалын байланыстыру.
  • Компьютерлік бағдарламалармен практикалық жұмысты орындау кезінде химиялық нысандарды сипаттау үшін кванттық механика, нанотехнология саласындағы білімді қолдану.
  • Кәсіптік мақсаттарда химиялық пәндердің негізгі заңдылықтары мен түсініктерін қолданып, эксперименттік, есептеу және күрделілігі жоғары есептерді шешу.
Top