Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

  • Қашықтықтан оқыту жағдайында кәсіби құзыреттілік негіздерін оқыту
    Несиелер: 5

    Пән кәсіби білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған маманның бойында кәсіби құзыреттіліктердің негіздері жайлы білім жүйесін қашықтықтан оқыту жағдайында қалыптастыруға бағытталған. Курс барысында магистранттар құзырет және құзыреттілік ұғымдары, ақпараттық құзырет, коммуникативтік құзырет, әлеуметті-құқықтық құзырет, арнаулы немесе кәсіби құзырет, қазақ тілі мен әдебиеті маманының моделі, құзіреттілік тәсіл идеясы, кәсіби құзыреттілік компоненттері, кәсіби білім; кәсіби біліктілік; маманның кәсіби құнды қасиеттері, мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың деңгейлері, пәндiк, аналитикалық бақылау, ұйымдастырушылық, коммуникативтiк, бейiмділік, ынталық немесе психологиялық, жекетұлғалық, ғылыми-iзденiстiк деңгейлер, маманның құзырлығы мен тұлғалық сапалары туралы білімді қашықтықтан оқыту жағдайында меңгереді. Пән оқыту мен әлеуметтену үдерістері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеттерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
  • Жоғары мектепте филологиялық пәндерді оқытудың интербелсенді әдістері
    Несиелер: 5

    Пән білім берудегі жаңа тенденцияларды негізге алып, жоғары оқу орындарында филологиялық пәндерді оқытудың интербелсенді әдістеріне қатысты терминдер мен ғылыми ұғымдар, басты қағидалар және философиялық, педагогикалық, методологиялық негіздерімен таныстыру туралы білім жүйесін қалыптастыруға, олардың мән-мағыналары мен ерекшеліктерін саралап көрсетуге бағытталған. Курсты оқу барысында магистранттар жоғары мектептегі филологиялық пәндерді оқыту әдістерін, жоғары оқу орнындағы оқытудың белсенді әдістерін, оқытудың интерактивті әдістері мен формаларын, білім алушылардың бірлескен әрекет дағдыларын дамытуды меңгереді. Жоғары оқу орындарында интербелсенді оқу/оқытудың ерекшеліктерінің, негізгі идеялары мен әдіс-тәсілдерінің, жалпы оқу біліктері мен дағдыларының (талдау, жинақтау, мақсаттар қою т.б.), заманауи технологияларының, білім беру міндеттерін шешудің теориялық-әдіснамалық негізі қалыптасады.

    Селективті тәртіп
  • Абайтану тарихы және даму бағыттары
    Несиелер: 5

    Пән қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының үлкен саласы абайтанудың алғашқы дәуірі, қалыптасуы мен даму тарихын, даму бағыттарын қарастырып, абайтану ғылымын қалыптастырудағы М.Әуезовтің еңбектерімен таныстыруға, абайтанудағы М.Әуезовтің 2 салада қатар жүргізген ғылыми әрі творчестволық, көркемдік тұрғыдан зерттеп жазған ғылыми еңбектерін, көркемдік туындыларын талдап саралауға бағытталған. Курс барысында білім алушы Абайтану саласының қазақ әдебиеттану ғылымының іргелі саласы екендігі, Абай мұрасының насихатталуы, Абайды танудың алғашқы кезеңі, Абайтану және Алаш әдебиеті, Абайтанудағы М.Әуезов кезеңi (1933-1961), Абайтанудың М.Әуезов дәуiрiнен кейiнгi даму жолы туралы теориялық білімді меңгереді. Абайтану тарихын теориялық тұрғыдан зерттеуші ғалымдар еңбектеріне, абайтану ғылымының тарихи кезеңдерінің басты сипаттарына, негізгі ерекшеліктеріне, филологиялық концепцияларға, ғылыми идеяларға сындарлы талдау жасаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
  • Ғылымдағы компьютерлік үлгілеу және бағдарламалық жасақтама
    Несиелер: 5

    Пән жоспарлы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, кәсіби-педагогикалық қызметтің тиімділігін тексеру бойынша нәтижелерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән білім сапасын диагностикалық бағалау нәтижелерін өңдеудің бағдарламалық құралдарының мүмкіндіктерін, ЖОО web-ресурстарының, энциклопедиялардың, ғылыми-көпшілік журналдардың ақпараттық әлеуетін, жариялау тәсілдерін, виртуалды бағдарламалық қамтамасыз етуді, Google сервистерін, Skype бағдарламаларын, вебинарларды жобалау қызметінде пайдалану процесін айқындайды.

    Селективті тәртіп
  • Әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Пән тілдің функционалды жағын зерттеуге, әлеуметтік лингвистиканың терминдері мен ұғымдарын қарауға, нақты қоғамдағы әртүрлі тілдік жағдайларды талдауға бағытталған. Курсты оқу барысында магистранттар әлеуметтік тіл білімінің зерттелу сипаты, гендерлік тіл білімі және оның қалыптасу тарихы, тілдің қоғамдық табиғаты мен әлеуметтік қызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тіл экологиясы мәселелері, тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері, билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдану, мултьлингвизм процестері туралы теориялық білім қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
  • Корпустық лингвистика
    Несиелер: 5

    Пән корпустық лингвистиканың негізгі түсінігін, мәтін корпустарының типологиясын, ауызекі сөйлеу мен аудио-мұрағаттар корпустарын, қазақ ауызекі сөйлеу мен мультимедиялық корпустарды және тілдік материалда компьютерлік технологияларды қолдану кезінде мәтіндердің әртүрлі корпустарының материалдарын сауатты пайдалану үшін көмектесетін қазақ тілі мәтіндері корпустарының:даму тарихы мен болашағын меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Академиялық жазу тәжірибесі және ғылыми зерттеулер әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру әдістері мен әдістемесін зерттеуге, зерттелетін процесс шарттарын қалыптастыру ерекшеліктері туралы білімді тереңдетуге, зерттелетін проблеманың құрылымдық-мазмұндық теориялық моделін әзірлеуге, зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері негізінде тәжірибелік-эксперименталдық қызметті жүзеге асыруға, жаңа теориялық және практикалық ғылыми нәтижелерді алуға бағытталған. Пәнді оқу сондай-ақ білім алушылардың академиялық сауаттылығын дамытуға, олардың форматтары, өлшемдері, жанрлары, академиялық жазу стилінің ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етеді. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттарда ғылыми, кәсіби, зерттеу мәтіндерін жазу, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу, практикалық міндеттерді шешуде зерттеу әдістерін қолдану, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын өз бетінше құру құзыреттілігі дамиды.

    Селективті тәртіп
  • Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм
    Несиелер: 5

    Пән қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм ағымдарының ерекшелігіне, пайда болу мен даму сипатына, қазіргі әдеби процестегі көрінісіне жан-жақты тоқталып, постмодернизм құрайтын интертекстуалдылық, ойын, метапроза, пастиш т.б. секілді элементтерін талдауға, магистранттарды шетел әдебиетінің тарихына тән ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы Батыс және Шығыс әдебиеттеріндегі қазіргі заманғы үрдістермен таныстыруға, әдебиеттанудың бүгінгі жетістіктеріне толық жауап беретіндей білім жүйесін беруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Шет тілі (кәсіптік)
    Несиелер: 5

    Курс білім алушыларды грамматиканы, лексикалық материалды, әртүрлі стильдегі мәтіндердің ерекшеліктерін (ресми-іскерлік, көркем, ғылыми-функционалдық), академиялық жазу нормаларын, оларды кәсіби және өзге де қызметте пайдалану мүмкіндіктерін оқу арқылы өзге тілді коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Пән меңгерілген тілдік білім мен сөйлеу біліктерін; шет тіліндегі әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынас, презентациялар, хабарламалармен және баяндамалармен сөз сөйлеу, кәсіби қарым-қатынас жасау үшін қажетті ауызша қарым-қатынас формаларының дағдыларын; кәсіби қарым-қатынас жасау үшін қажетті жазбаша дағдыларын (іскерлік хат, хабар, кәсіби бағыттағы мәтіндерді талдау және т.б.); қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби саладағы коммуникативтік міндеттерді шешу дағдыларын жүйелендіруге мүмкіндік береді.

  • Қашықтықтан оқыту платформалары арқылы тіл және мәдениетаралық коммуникацияны оқыту
    Несиелер: 5

    Пән қашықтықтан оқыту платформалары арқылы мәдениетаралық өзара әрекет жасау субъектілері ретінде білім алушылардың сөйлеу қарым-қатынастарының мәдениетін жетілдіруге және қарым-қатынастық, мәдениетаралық біліктілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс барысында магистранттар қашықтықтан оқыту платформалары негізінде мәдениетаралық қарым-қатынас, мәдениет және коммуникация ұғымдары туралы түсінік қалыптастырып, мәдениетаралық қарым-қатынас теориясының даму тарихы, мәдениетаралық қарым-қатынас және мәдениеттердің өзара әрекет жасауы, вербалдық қарым-қатынас және тілдік қарым-қатынас мәдениеті, вербалды емес қарым-қатынастың ұлттық-мәдени ерекшелігі және мәдени нормалар мен мәдени құндылықтардың мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлі туралы ғылыми тұжырымдарды меңгереді. Мәдениетаралық қарым-қатынасты үйретуде лингвоелтанымдық ақпараттарды қолданудың және сөйлесім әрекетінің түрлері негізінде білім алушылардың қарым-қатынастық және мәдениетаралық біліктілік негіздерінің теориялық, практикалық және әдіснамалық негіздерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
  • Компаративистика
    Несиелер: 5

    Пән қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық білімдегі салыстырмалы талдаудың теориясы мен әдіснамасын, компаративистиканың пәнаралық білім саласы ретінде қалыптасу тарихы мен логикасын зерттеуге бағытталған. Курсты меңгеру барысында магистранттар әдебиеттану ғылымында орын алған салыстырмалы тарихи әдіс туралы, әдебиетті басқа халықтардың әдебиетімен салыстыра зерттеудің және салыстырмалы әдебиеттанудың жеке әдеби фактілерді ұлттық тарихи контекстен, дүниетану жүйесінен, жазушы стилінен бөліп алып қараудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
  • Ғылыми зерттеудің методологиясы
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми-зерттеу мәдениетін, әдіснамасын, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу саласындағы білім, білік және дағды жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Курс барысында білім алушы тақырып таңдау, ғылыми жұмысты дайындаудың әдіс-тәсілдері, ғылыми пікірлер мен көзқарастардың жинақталуы, ғылыми еңбектердің саралануы мен талдануы, ақпараттық іздестіру ерекшеліктері, ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ресімдеу және ұсыну, теориялық және эксперименттік зерттеулер әдіснамасы, ғылыми зерттеулерді модельдеу, еңбекті жазу барысында сандық, бақылау, тарихи, сауалнама алу, талдау, жинақтау әдіс-тәсілдерін қолдану, әдебиеттермен жұмыс жасау туралы білім жүйесін меңгереді.

    Селективті тәртіп
  • Тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттар
    Несиелер: 5

    Пән магистранттарға тілдің антропоөзектік саласында лингвистикадағы адамның тілдік факторы, адам арқылы тілдің табиғатын ашу мәселелерін жан-жақты меңгертуге бағытталған. Курсты оқу барысында білім алушылар тілдегі антропоөзектіліктің адам болмысын табиғат әлеміндегі өзге де болмыстарға қарсы қоя отырып, адамды ғаламның кіндігі (орталығы) ретінде қарастыратын өмірдегі болып жатқан құбылыстардың себепшісі ретінде адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт екендігі және тілдік ішкі жүйеден тілдік табиғатты зерттеуде антропоөзектік талдауға көшумен сипатталатын қазіргі лингвистикалық парадигма түсінігі, антропоөзектік зерттеулер саласындағы отандық және шетелдік лингвистердің негізгі жетістіктері, тіл біліміндегі жаңа бағыттар мен теориялық тұжырымдар, лингвистикалық бағыттар арқылы адам феноменін ғаламның басқа да феномендеріне қарсы қоя отырып, адамды ғаламның орталығы ретінде танылуы туралы білім жүйесін меңгереді. Лингвистикалық зерттеулердің антропоөзектік парадигмасын, когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық, психолингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, этнопсихолингвистикалық, прагматикалық аспектілердің териялық-әдіснамалық негіздерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
  • Ұлттық ономастиканың лингвомәдени негіздері
    Несиелер: 5

    Пән жалқы есімдердің лексика-семантикалық, грамматикалық және этномәдени сипаттары жайлы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Курс барысында магистранттар ономастиканың зерттеу нысанасы мен зерттелу тарихы, ономастикалық номинация, тіл жүйесіндегі жалқы есімдер, онимдік негіздердің семантикасы, жалқы есімдердің тілдік құрылымы мен стилистикасы, кірме атаулар, ономастикалық әдістер мен тәсілдер, ономастикалық зерттеулердің негізгі бағыттары мен аспектілері, ономастикадағы синхрония мен диахрония, антропонимия, топонимика саласы, топонимдердің стратиграфиясы, мағынасы мен құрылымы, ұлттық ономастиканың лингвомәдени сипаты туралы білімді меңгереді. Ономастикалық деректерді талдаудың лингвистикалық заңдылықтары негізінде, олардың лексикалық, морфологиялық сипаты мен ұлттық ерекшеліктерін айқындаудың теориялық, практикалық және әдіснамалық негіздерін қалыптастырады. Ономастикалық реалиялар лингвоелтану аспектісінде мәдениетті тіл арқылы және керісінше мәдениет арқылы тану жолы ретінде талданады.

    Селективті тәртіп
  • Әлемдік фольклордың теориясы мен типологиясы
    Несиелер: 5

    Пән әлемдік фольклордың философиялық және эстетикалық мәні, ұлттық сөз өнерінің қайнар-бастаулары мен ілкі кезеңдері, әлемдік фольклортану тарихындағы ғылыми мектептер, фольклор мен өнер, фольклор мен мәдениет арасындағы сабақтастық жайлы теориялық білім беруге бағытталған. Курсты оқу барысында магистранттар фольклор және фольклористика ұғымдарын, отандық және әлемдік фольклортанудың ғылыми бағыттарын, қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдерін, қазақ фольклорының зерттелу тарихын, фольклор туралы ғылымның қалыптасу тарихын, қазіргі фольклортанудың өзекті мәселелерін меңгереді. Тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы, талдау, синтез, бақылау, эксперимент жасау т.б. теориялық-әдіснамаларды, зерттеу жұмысының икем-дағдыларын, кәсіби қарым-қатынас жағдайларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Пән қазіргі басқару қызметінің психологиялық механизмдері және ұйымдардағы адамдардың мінез-құлқын басқару жүйесі туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Курс барысында магистранттар басқару психологиясын меңгереді, психологиялық жағдайларды талдауды жүзеге асырады, басқару ерекшеліктерін, психологиялық жағдайды диагностикалау мен болжауды, басқарудың ішкі жүйесінің өзгерістерін, бағынышты қызметтің бағдарламаларын қалыптастыруды, басқару қажеттіліктері мен қабілеттерін, диагностикалық құралдарды құру тәсілдерін, менеджерлерді оқытудың белсенді әдістерін әзірлеуді, консалтинг түрінде іс жүзінде іске асыруды зерделейді. Пән қоғамның қазіргі даму жағдайында басқару процесінің психологиялық мазмұнының теориялық-әдіснамалық негіздерін қалыптастырады.

  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 3

    Пән қазіргі әлеуметтік және тұлғалық болмыстың маңызды факторы ретінде Ғылым туралы жүйелік түсініктерді қалыптастыруға, тарихи дамудың негізгі тенденциялары мен негіздеріне, ғылымды зерттеуде негізгі ғылыми мәселелер мен пікірталас мәселелеріне, қазіргі ғылыми танымның әдіснамалық негіздеріне бағытталған. Курста ғылымның қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, рухани процестерге ықпал ету мәселелері оқытылады.

  • Психолингвистика
    Несиелер: 5

    Пән тіл біліміндегі психологиялық теорияның ғылыми негіздерін меңгертуге, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары жөнінде білім беруге бағытталған. Курс барысында магистранттар психолингвистика ғылымының нысаны мен пәні, оның зерттелу тарихы, алғышарттары, психолингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы, сөйлеу мен ойлау, коммуникацияның бейвербалды экомпоненттері, бала тілінің онтогенезі, ментефактілер, коммуникативтік акт, дискурс туралы білімді меңгереді. Пәнді оқу арқылы көптеген сыртқы және ішкі факторларды ескеретін, психикалық феномен болып табылатын тіл қызметінің ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық білім қалыптасады.

    Селективті тәртіп
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 5

    Пән магистранттардың педагогика мен педагогикалық шеберліктің теориялық негіздері туралы, жоғары мектепте оқыту үшін оқу-тәрбие үрдісін басқару туралы іргелі білім алуға; кәсіби қызметте заманауи педагогика принциптері, дәстүрлі және инновациялық формалары, жұмыс әдістері, жоғары мектептің педагогикалық міндеттерін шешуде әдістемелік тәсілдер туралы білімді қолдану қабілетін дамытуға, сонымен қатар жоғары кәсіби білім беру мәселелерін шешуге, оның әрі қарай даму перспективаларын анықтауға; адам туралы ғылым жүйесіндегі және педагогтың практикалық қызметіндегі жоғары мектеп педагогикасының орнын, рөлі мен маңызын түсіндіруге бағытталған.

  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән тіл білімі ғылымының даму заңдылықтары негізінде қазақ тіл білімі тарихының дәуірлеу мәселелерінің жүйесін айқындауға, тереңдетіп оқытуға, ғылыми пайымдаулар жасауға бағытталған. Курсты оқу барысында магистранттар қазақ тілінің тарихына қатысты шумер тілі, тайпалық одақтардың тілі және түркі халықтарының тарихында белгілі қағанаттардың ресми тілі дәрежесіне көтерілгені жайлы теориялық мағлұмат алып, шумер мәдениеті мен әдебиетін оқыту, қазақ тілінің тарихи тамыры көне дәуірлерге кететіндігі жайлы тілдік фактілерді, түркі жазуының тарихындағы шумерлердің рөлі және шумер тілі мен көне түркі тілінің ортақ лексикасы мен заңдылықтары, қазақ тілшілерінің тілдің тарихын дәуірлеуде оның теориялық негіздерін біліктілікпен ұштастыруларының әдіс-тәсілдеріне тән ерекшеліктері, тілдің тарихын дәуірге бөліп зерттеудің кеңестік идеология тарапынан күштеп тежелуінің табиғаты туралы білім жүйесін меңгереді. Пән тіл білімі тарихын дәуірлеудің хронологиялық, тарихи және көркемдік даму түрлерін типологиялық тұрғыдан пайымдаудың теориялық және әдіснамалық негіздерін қалыптастырады.

  • Лингвомәдениеттану
    Несиелер: 5

    Пән тілдік бірліктерді жүзеге асыру тәсілдерін зерттей келе, мәдениетті сақтауға және таратуға ықпал етеді. Зерттеу барысында лингвомәдениеттанудың пәнаралық сипаты белгіленіп, негізгі мәдени-ұлттық ұстанымдары анықталады. Пән бойынша келесі тақырыптар қарастырылады: ХХ ғасыр мәдениетінде тілге деген қатынас трансформациясы; тіл – мәдениет – адам – этнос; лингвомәдениеттанудың қалыптасуы және оның лингвистикалық-мәдениеттану пәндері арасындағы орны; этнолингвистиканың лингвомәдениеттанудың қалыптасуындағы орны; лингвомәдениеттанулық ізденістердің теориялық негіздері; мәдениет пен тіл: өзара қатынас мәселелері.

    Селективті тәртіп
  • Алтай тілдерінің тарихи-салыстырмалы грамматикасы
    Несиелер: 5

    Пән алтай тілдерінің шығу төркінін тану, сол арқылы түркі тілімен туыстас тілдердің даму жолы туралы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Тіл арқылы ата-бабамыздың дүниетанымын бағамдап, мәдени мұраны, алтай төркіндес тілдерді, туыстас түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы, алтай тілдерінің жүйесіне тән дыбыстық, лексикалық және грамматикалық ерешеліктерді, алтай тілдерін салыстыра зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдістің негізінде және компоративистикалық әдіснама негізінде түсіндіруді, тілдік деректерді салыстыра отырып зерттеуді, алтай тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін меңгереді. Салыстырмалы-тарихи, компоративистикалық, дискриптивті әдістер негізінде алтай төркіндес тілдердің, түркі тілдерінің тілдік жүйесінің, даму заңдылықтарының теориялық-әдіснамалық негізі қалыптасады.

    Селективті тәртіп
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы заңдылықтары негізінде қазақ әдебиеті тарихының дәуірлеу мәселелерінің жүйесін айқындауға, тереңдетіп оқытуға, ғылыми пайымдаулар жасатуға бағытталған. Магистрантар әдеби мұраны игеру ісіндегі әдебиет тарихын дәуірлеудің ұстанымдарын, үлгілерін және ғылыми тұжырымдарды меңгереді. Әдеби мұраны игеруге байланысты түрлі кезеңдерде орын алған дұрыс болмаса бұрыс (сыңаржақ) теориялардың әдебиет тарихын жүйелеуге тигізген ілгерішіл немесе кертартпа ықпалдарын зерделейді. Бұл ретте әдебиет тарихын дәуірлеудің хронологиялық, тарихи және көркемдік даму түрлерін типологиялық тұрғыдан пайымдау негізін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
  • Терминжасамның теориялық мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән терминдердің жасалуы, олардың жаңа білім берудегі әлеуеті мен білім беру мүмкіндіктерін меңгеруге бағытталған. Курс барысында білім алушылар терминология ғылымының зерттелуі, қазақ терминологиясының қалыптасу жолдары, қазіргі қазақ тіл біліміндегі терминжасам мәселесінің өзектілігі, қазақ лексикасының қазіргі кездегі терминденуі, қазақ тіліндегі терминденуші лексика көздері және терминжасамның амал-тәсілдері туралы теориялық білімді меңгеріп, терминология саласындағы лексикографиялық жұмыстың теориялық, практикалық және әдіснамалық негіздерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
  • Білім беру электрондық басылымдары мен интернет-ресурстарды пайдалану және жасау
    Несиелер: 5

    Пән әдістемелік тәсілдер негізінде электронды басылымдарды әзірлеу кезінде бағдарламалау процесін оқытады. Пән білім беру электронды басылымдарының мәні мен ерекшелігін, электрондық басылымдарды біріздендіруді, электрондық білім беру басылымын әзірлеу және сараптау технологиясын, білім беру электронды басылымдарының қасиеттерін жүзеге асыру үшін бағдарламалау; бақылау бағдарламаларын әзірлеу, дыбыстық үзінділерді цифрлау, дайындық бейіні бойынша оқу-әдістемелік құралдар жасау үшін қарастырады.

    Селективті тәртіп
  • Код ON11

    филология ғылымдары саласындағы зерттеулердің өзектілігі мен нәтижелілігін бағалау

  • Код ON2

    кәсіби қызметте ғылыми зерттеулерді жүргізудің әдіснамасы мен әдістемесі және академиялық жазудың форматтары мен талаптары, жанрлары, стилінің ерекшеліктері туралы білімдерін пайдалана отырып, өзіндік ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру құзыреттіліктерін көрсету

  • Код ON11

    ғылыми-педагогикалық қызметте жоғары мектептің педагогикасы мен психологиялық білімдерін, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың қазіргі заманғы әдістемесін, кәсіби қызметте қашықтықтан оқыту технологиялары мен платформалары, ұйымды басқару әдістері мен құралдары туралы білімді қолдану

  • Код ON6

    тіл білімі саласындағы іргелі білімді пайдалана отырып, этнос, мәдени лексика, ономастика теориясы мен әдіснамасын, қазіргі лингвомәдени және ономастикалық зерттеулердегі тілдің кумулятивті функциясын интерпретациялау

  • Код ON9

    тіл және әдебиет тарихының теориялық негіздерінің, кезеңдеу мәселелерінің іргелі білімін көрсете келе, қазақ тілі мен әдебиетінің түрлі салаларының қазіргі заманғы теориялық және қолданбалы мәселелерін, филология және олардың өзара байланысы саласындағы ғылыми парадигмалардың құрылымы мен функцияларын талдау

  • Код ON10

    оқытудың классикалық, заманауи және интербелсенді әдістерін, ақпараттық, қашықтықтан оқыту технологиялары мен платформаларын пайдалана отырып, қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы білім беру қызметін дәлелді түрде жүзеге асыру

  • Код ON8

    ғылыми эстетиканың теориялық мәселелері саласындағы зерттеушілердің еңбектерін талдау

  • Код ON4

    қазіргі әдеби, тілдік бағыттардың, ағымдардың, мектептердің ерекшеліктерін, әдіснамалық және теориялық негіздерін тұжырымдау

  • Код ON3

    тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы іргелі білімді пайдалана отырып, қазіргі филологияның өзекті мәселелерін шешу

  • Код ON1

    қазақ тілі мен әдебиетінің әртүрлі салаларындағы заманауи теориялық және қолданбалы мәселелерді анықтау және зерттеу қызметінің принциптері, әдістері мен құралдарының жиынтығын қолдану негізінде оларды шешу жолдары

  • Код ON12

    диалог, хат алмасу, келіссөздер жүргізу үшін, кәсіби міндеттерді шешу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияны көрсету

  • Код ON5

    әлемдік ғылым жетістіктерін игеру және өзінің ғылыми ізденістерінің нәтижелерін ілгерілету үшін дәйексөздеудің халықаралық жүйесінің деректері мен материалдарын пайдалану

  • Код ON6

    фольклорды зерттеу саласындағы ғылыми мектептердің қалыптасу тарихы мен бағыттары бойынша іргелі жүйелендірілген білімді игере отырып, қазіргі заманғы фольклортану мәселелерін ерекшелеу

  • Код ON7

    Интернет, web-ресурстардағы іздеу жүйелері туралы мәліметтерді жүйелендіре келе, кәсіптік-педагогикалық қызметтің тиімділігін тексеру бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өңдеудің бағдарламалық құралдарын пайдалану

  • Код ON8

    тілдердің тарихи шығу тегін зерттеу барысында зерттеудің салыстырмалы-тарихи әдісін қолдана отырып, тілдік туыстықты дәлелдеу әдістемесі негізінде талдау жүргізу

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)
Магистратура

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701701 7M01701701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)
Магистратура

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Магистратура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Торайгыров университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қайнар академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (1 жыл)
Магистратура

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Шымкент университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Магистратура

"Сырдария" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті бейіндік
Магистратура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Ғылыми-педагогикалық бағыт)
Магистратура

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top