Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тілі мен әдебиетінің теориясы мен әдіснамасын терең меңгерген, ғылыми зерттеушілік және көшбасшылық дағдылары қалыптасқан, еңбек нарығы талаптарына сай, кәсіби құзыреттіліктерге ие , бәсекеге қабілетті педагогика ғылымдарының магистрін даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Жаратылыстану және педагогикалық ғылымдардың тарихы мен философиясын, мәдениет пен өркениеттегі жаңа еуропалық ғылымды, ғылыми білімнің құрылымын, нақты ғылымдардың философиялық мәселелерін, XXI ғасырдағы коммуникациялық технологияларды және олардың қазіргі ғылымдағы рөлін қарастырады. Жаратылыстану және педагогикалық ғылымдардың қазіргі өзекті әдістемелік және философиялық мәселелерін шешу жолдарын анықтайды, сыни ойлау мен логикасын дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Линвистикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Тіл біліміне бағытталған философиялық және жалпығылыми әдіснаманың теориялық негіздері; заманауи лингвистиканың қағидалары мен постулаттары; заманауи лингвистикалық ғылым дамуының негізгі үрдістері; лингвистикалық зерттеудің әдіснамасы, әдістемесі, әдісі, нысаны және олардың дамуы
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттің зерттелу тарихы
Әдебиетің зерттелу тарихы – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді. Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жоғары мектеп педагогикасын оқыту әдістері мен технологиялары
Жоғары оқу орындарында қолданылатын оқытудың заманауи әдістері білім алушылардың сыни ойлауын дамытуға, өз бетінше ізденуге және практикалық дағдыларды меңгереді. Оқыту әдістері зерттеу қабілеттерін дамытуға және шығармашылық ойлауды жетілдіруді қалыптастырады. Оқытудың инновациялық технологияларының тиімділігі білім беру сапасына, оқу үдерісіне енгізілген әдістер мен технологиялардың білім алушылардың дағдыларына әсерін сипаттайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жоғары мектептің педагогика мен психологиясы
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының әдіснамалық және теориялық-тұжырымдамалық негіздерін меңгереді. Жоғары мектептің педагогика және психологиялық заңдылықтарын қолданады. Жоғары білім беру саласында педагогикалық және психологиялық қызметті жүзеге асырады. Жоғары мектептің оқу сапасын диагностикалау жолдарын меңгереді. Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіби құзыреттілігін және педагогикалық шеберлігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ поэзиясының поэтикасы
Көркем әдебиетті, әсіресе поэзияны талдау мен түсінудің терең теориялық және әдістемелік негіздерін үйретеді. Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесін, бейнелі тілін, стильдік ерекшеліктерін, жанрлық табиғатын поэтикалық құралдар арқылы зерттеуге бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шет тілі (Кәсіби)
Курстың мақсаты: Кәсіби және академиялық салада шетел тіліндегі қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру және дамыту. Заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып кәсіби және академиялық мәдениетаралық ауызша және жеке қарым-қатынастың жалпы принциптерімен таныстыру, ғылыми ақпаратты шет тілінде жазбаша түрде көрсетуге үйрету мақсатында оқытылады. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тілді лингвомәдени талдау
Адамның мәдениет пен тiлдегi болмысы, ұлттық тіл мен мәдениет, шетел және ұлттық ғылымдағы лингвомәдениет туралы зерттеулері, лингвомәдениеттанудың негізгі ұғымдары, тілді ұлт тарихымен, концепт арқылы көрінетін мәдениетімен, салт-дәстүрімен, рухани болмысымен сабақтастыра қарастыру мәселелерін қарастырады. Тілді ұлт тарихымен, концепт арқылы көрінетін мәдениетімен, салт-дәстүрімен, рухани болмысымен сабақтастыра қарастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттану ғылымындағы әдіснамалық мектептер
Магистранттар әдебиеттану ғылымының тарихында көптеген мектептер мен ағымдар болған анықтайды. Бағыттар қатар да, әр кезеңде де өмір сүріп кейде бірін-бірі ауыстырып та отырады. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт мәтінді бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді. Көркем әдебиеттің даму процесі мектептің жалғандығын айтылмаш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ прозасының даму тарихы
Қазақ прозасының қалыптасу, даму тарихы, сипаты мен өзіндік ерекшеліктері, қазақ прозасындағы қалыптасқан дәстүр мен жалғастық мәселесі қарастырылады. Қазіргі қазақ прозасындағы жаңашыл-модернистік сипаттағы жазушылардың шығармашылығы, олардың шығармаларындағы тілдік-стильдік ерекшеліктер, әдеби әдіс-тәсілдердің жаңашыл сипаты, бұл топтағы жазушылар туралы бүгінгі әдеби сындағы ой-пікір алуандығы туралы сөз болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ тілінің жалпы курсы
Бұл пән магистранттарға қазақ тілінің барлық салаларынан жалпы мағұлмат береді. Сондай-ақ білім алушылар бакалавриатта қазақ тілі салалары бойынша алған білімдерін ары қарай тереңдетіп, ғылыми бағытқа бойлайды. Тілдің ғылыми теориялық негізін, тілдегі барлық құбылыстарды, тілдің даму бағыты мен тілдік үдерістерді терең танып түсінуге және тіл біліміндегі жаңа зерттеулерді оқып талдауға бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әдебиетті жоғарғы мектепте оқыту әдістемесі
Әдебиеттің тарихы, теориясы, сыны, оқыту әдістемесі ғылымының кәсіби білімді тереңдету мақсатын көздейді. Әдебиет тарихын дәуірлеу туралы әдебиеттану ғылымындағы ғылыми бағалаулардың жүйесін саралап таныту. Тақырыптарды оқытуда сол дәуірдің тарихи-әлеуметтік жағдайына көркем әдебиеттіңсабақтастық байланысына сипаттама беру. Әдебиет сабағының көркем шығарманы өнер туындысы ретінде танымдық, тәрбиелік мәнін терең бағалап танытудағы орны.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет
Еуропалық «ренессанс», орыстың «возрождениесі», қазақша «қайта өрлеу дәуірі» деп аталған әлемдік мәдениеттегі зор өзгерістер кезеңі тарихының басты ерекшеліктері мен терминнің түп мағынасы, қазақ әдебиетіндегі қайта өрлеу дәуірінің көшбасшысы Абай ренессансы сынды мәселелер қарастырылады. Еуропалық ренессансқа дейін Азия мәдениеті, шығыс қиырдағы Қытай мәдениеті әлдеқайда ерте дамығаны жайлы мәліметтер беріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Әлемдік және қазақ әдебиетінің тарихи даму заңдылықтарына байланысты талдаулар ұсынылады. Әдебиет тарихын дәуірлеуге байланысты жазылған іргелі зерттеулердің теориялық-методологиялық ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері, олардың әдебиеттану ғылымын дамытудағы ықпалы туралы кең көлемді мәліметтерді жинақтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Тілдің тарихи даму заңдылықтарын, кезеңдену принциптерін, тарихи-лингвистикалық процестерді зерттейді. Тіл тарихының кезеңдерін жүйелі түрде қарастырып, оның теориялық, методологиялық негіздерін түсіндіруге бағытталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
Бұл пәнді меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми-ақпараттық мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән магистрантардың ғылыми стильде жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тіл білімінің өзекті мәселелері
Тіл білімінің, ғылымдар жүйесіндегі алатын орны, тілдің табиғаты мен қоғамдық орны, тілдің дамуы, жалпы тіл білімінің өзекті мәселелері жайлы түсінік қалыптасады. Тіл білімінің жаңа бағыттары, олардың зерттелуі, ғалымдардың ой-пікірлері қарастырылады. Этнолингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, компьютерлік линвистика т.б. тіл білімінің жаңа бағыттары туралы мағлұматтар беріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект
Қазақ тілін оқытуда жасанды интеллектіні қолдану жылдам нәтиже береді. Жасанды интеллект компьютерлер мен басқа да машиналарды адамның интеллектуалды қабілеттеріне ұқсас әрекеттерді орындауға қабілетті ету мақсатында жасалған технологиялар мен әдістердің жиынтығын меңгереді. Жасанды интеллект қазіргі заманғы технологиялардың негізін құрайтын әрі қоғамның әр түрлі салаларына ықпал ететін ғылым мен өнеркәсіптің болашағы болып табылатындығын танып біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Жоғары мектеп маманы ретінде қазақ тілі курстарын меңгертуде магистранттарға білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық, әдістемелік талаптарын, оқыту үдерісінің ерекшеліктерін, жаңа технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеру негізінде магистранттарды өзіндік ізденіс пен шығармашылыққа үйретеді. Отандық және шетелдік озық тәжірибелерді талдау, бағалау негізінде магистранттардың теориялық сыни ойлауын, креативтік қабілеттерін дамытуға, кәсіби шеберлігін шыңдауға бағыт береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт
Магистранттар әлеуметтік лингвистиканың басты теориялық қағидалары мен ұғым-түсініктерімен, терминологиялық жүйесімен танысады. Пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлі турасындағы теориялық көзқарастар мен пікірлерді сараптайды. Әлеуметтік лингвистиканың тіл білімінің саласы ретінде қалыптасу, даму жолдарынан мәлімет ала отырып, отандық әлеуметтік лингвистиканың жетістіктері мен алдағы міндеттерінен хабардар болады. Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу әдістерін, тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ономастика мәселелері
Ономастиканың дербес ғылым және пән ретінде өзіндік қалыптасуы мен даму тарихы бар. Сипаттамалы онамастика жалқы есімдердің түрлері мен типтерін, морфологиялық ерекшеліктерін қарастырған болса, осы ғылымның даму барысында ономастикалық атаулардың этнолингвистикалық және лингвамәдениеттанымдық аспектілірді зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми дүниетанымы туралы білім жүйесі бар, жалпы әдістемелік ғылымдардың негіздерін, адамзаттың философиялық ойларының даму үдерістерін өз бетінше талдай білу қабілетін көрсетеді.
- Шетел тілдерінің бірінде кәсіби қызметіне қатысты құжаттар мен жұмыстардың мәнін түсіне отырып, ғылыми-зерттеу, педагогикалық әдістемені меңгереді. Заманауи ғылыми негізде кәсіби қызметінде пайдаланады.
- Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының теориялық негіздерін меңгереді. Жоғары мектепте педагогикалық және психологиялық қарым-қатынасты, педагогикалық шеберлікті жүзеге асырады.Оқытудың теорияларын, белсенді әдістері мен инновациялық технологияларын меңгереді.
- Жаңа идеяларды құру және ғылыми-педагогикалық-зерттеу жұмыстарын өз бетінше жүргізу қабілетін, сонымен қатар ғылыми ұжымда жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.
- Ғылыми-педагогикалық жүйелер саласында заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен жаңа білімдер мен тәжірибелік дағдыларды өз бетінше игереді, оларды практикалық қызметте пайдаланады. Жасанды интеллект саласында ұлттық әлеуетті дамытуға бағытталған лигвистикалық зерттеулерді қалыптастырады.
- Білім алушыларға білім беру үдерісінің ерекшелігін, тәрбие міндеттерін және тұлғаның дамуын ескере отырып, заманауи педагогикалық технологияларды сұрыптап пайдаланады.
- Қазақ тілі мен әдебиетін жоғары оқу орнында оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгереді. Заманауи ғылыми парадигмалар аясында қазақ филологиясы саласындағы кешенді ғылыми зерттеу процесін өз бетінше жоспарлап, жүзеге асырады.
- Зерттеу тақырыбына сәйкес тіл-әдебиет білімінің ғылыми зерттеу әдісін таңдайды, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасайды. Ақпаратты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды, шешімдерді нақты әрі тиянақты түрде игереді. Тіл және әдебиет теориясы туралы жүйелі түсінікке ие болады, филологиялық және гуманитарлық білім саласындағы заманауи ғылыми зерттеулерге сыни баға беруді үйренеді.
Ұқсас БББ
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Торайгыров университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)