6B05102 Биотехнология в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Биотехнология саласында заманауи кәсіби дағдылары бар жоғары білікті кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 241
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
Биотехнология негіздері
Пәнді оқыту мақсаты - биологиялық өндірістің технологиялық негіздерімен таныстыру, шикізатты дайындау, алғашқы өнімді немесе біріншілік культураны дайындау, бионысандарды дақылдап оларды бөліп алу сатыларын, тазалау және соңғы өнімді тұрақтандыру, сонымен қатар жаңа заттарды өндіру қабілеттеріне немесе жаңа қасиеттеріне ие модифицирленген бионысандарды алу әдістерін таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Биотехнологияға кіріспе
Курс «Биотехнология» бағыты бойынша оқуды бастаған студенттерде ғылым мен өндіріс саласы ретінде биотехнологияның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары және оның адамзаттың қазіргі қызметіндегі орны туралы барабар идеяларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жануарлар морфологиясы
«Жануарлар морфологиясы» пәні студенттердің ауылшаруашылық жануарлары мен құстарының организмінің анатомиялық құрылымын, морфологиялық ерекшеліктері мен физиологиялық процестерін зерттеуде іргелі және кәсіби білімдерін қалыптастыруға арналған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғарғы математика
Жоғары математика курсы сызықтық және векторлық алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық талдау, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика бөлімдерін қамтитын математикалық білімнің негізі болып табылады. Математиканың теориялық негіздерін білу және практикалық есептерді шешуде тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру негізгі және кәсіби пәндерді зерделеуге және ғылыми және техникалық облыстарда математикалық әдістерді пайдалануға қажеті болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Микробиология
Білім алушыларға жалпы микробиология, морфология, физиология, микроорганизмдер генетикасы негіздерін оқытуға көмектеседі. Микроб клеткасына әртүрлі факторлардың әсері, микроорганизмдердің N, C, P, S, Fe қосылыстарының және басқа элементтердің айналуына қатысуын, сапрофитті және патогенді микроорганизмдердің әртүрлі топтарын және қоздырғыштарды, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларына қарсы микробты препараттарды зерттеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физика және биофизика негіздері
«Физика және биофизика негіздері» пәні студенттерге биологиялық заңдар мен заңдылықтардың физикалық негіздерін түсінуге және оларды ветеринарияда, биотехнологияда, агрономияда және экологияда қолдануға бағытталған іргелі физикалық заңдар туралы білім алуға мүмкіндік береді. Классикалық және қазіргі физика мен биофизиканың негізгі заңдылықтары туралы түсініктерді қалыптастыруға және оларды кәсіби қызметте, сондай-ақ өлшеу мен зерттеудің физикалық әдістерінде қолдануға дағдыландырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы және молекулалық генетика
Курс тірі организм белгілерінің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Жасушаның генетикалық элементтерін, белгілердің тұқым қуалаушылық түрлерін, генетикалық материалдың сипатын, прокариоттар мен эукариоттар геномының құрылымын, гендік инженерияның негізгі кезеңдерін, мутациялық өзгергіштік түрлерін, генетикалық полиморфизмнің маңыздылығын және эволюциялық факторлардың ағзаға әсер ету деңгейлерін, тұқым қуалайтын ақпаратты ДНҚ-дан РНҚ-ға беру, содан кейін белгілі бір ақуызға көшу процесін игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі
Курс қауіпсіздіктің кәсіби мәдениетін қалыптастырады және алған білімдерінің жиынтығын кәсіби қызметте қолдану, кәсіби қызмет саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біліктілік пен дағдылар қабілеттілігі түсініледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Пән жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі ұғымдарымен, тарихымен және негізгі бағыттарымен таныстырады. Интеллектуалды жүйелерді құрудың әртүрлі әдістерін, соның ішінде машиналық оқытуды, терең оқытуды, табиғи тілді өңдеуді және компьютерлік көруді қарастырады және жасанды интеллекттің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Барлық табиғат қорғау іс-шараларының, оның ішінде адамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралардың теориялық негізі болып табылатын экологиялық білім негіздерін қалыптастыру, сананы экологияландыру және экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, болашақ маманға экологиялық білімді жан-жақты қалыптастыру сонымен қатар қоғамның экологиялық дағдарыстан шығуына және орнықты даму жолында қозғалысқа жәрдемдесуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Пән студенттерде кәсіпкерлік қызмет негіздерін түсінуді қалыптастыруға, табысты бизнес үшін негізгі дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған. Курстың мақсаты студенттерді кәсіпкерліктің негізгі аспектілерімен таныстыру, соның ішінде бизнес-идеяны қалыптастыру және оның нәтижесінде бизнес-жоспар құру. Курс барысында студенттер бизнес-жоспарларды әзірлеу және талдау, кәсіпкерлік жобаны басқарудың стратегиялық және тактикалық тәсілдерін қолдану, бизнес мәселелерін тиімді шешу дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика
«Экономика» пәні жеке адамдардың, жекелеген кәсіпорындардың және мемлекеттің экономикалық қызметі жүзеге асырылатын қоғамның экономикалық өмірі туралы негізгі білімді меңгеруге бағытталған. Пән студенттердің экономикалық ой-өрісін дамытуға және шектеулі табиғи ресурстар жағдайында ұтымды шешім қабылдауға ықпал етеді. Пән экономиканың жұмыс істеуі туралы алған білімдерін мамандық таңдауда және одан әрі білім алуда бағдарлау үшін пайдалануға дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биохимия
«Биохимия» пәні студенттің негізгі білімін, тірі ағзаны құрайтын молекулалардың құрылымы мен химиялық қасиеттері, ондағы метаболизм процестерінің заңдылықтары, сондай-ақ жануарлардың тіршілік әрекетін реттеудің әртүрлі механизмдері мен ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыруға, арнайы пәндерді кейіннен зерделеу үшін теориялық негізді қалыптастыруға арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейорганикалық және органикалық химия
Пән химияның негізгі заңдары мен ұғымдарын, өзара өзгеру заңдылықтарын, жалпы химиялық қасиеттерін, бейорганикалық қосылыстардың құрылымын қарастырады. Сондай-ақ органикалық қосылыстардың жіктелуін, олардың физика-химиялық қасиеттерін, органикалық қосылыстар кластары арасында жүретін реакцияларды зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Бакалаврларда құқықтық сауатты ойлауды дамыту, практикалық міндеттерді шешудегі ғылымның рөлі туралы мағыналы түсінік қалыптастыру, теориялық білімді бекіту, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте практикалық дағдыларды игеру. Курстың негізгі мәселелері сыбайлас жемқорлық құбылысын зерттеудің заманауи тәсілдерін зерттеуге арналған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибеде халықаралық құқық пен қазақстандық заңнаманы қалыптастыру және қолдану мәселелері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыруға үйрету, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді тәсілдері, қаржылық өнімдер мен қызметтерді пайдалану тәртібін білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азаматтық құқық
Азаматтық құқық құқықтағы салалық ғылымдардың ең маңызды саласы. Азаматтық құқықтың мәні азаматтық заңнаманың нарықтық экономикаға зор әсерімен анықталады. Пәнді оқу барысында студент азаматтық құқық түсінігі, қайнар көздері, қағидалары, азаматтық құқықтық қатынас элементтері, жеке тұлға, заңды тұлға, кәсіпкерлік түсінігі, шарт, мәміле, міндеттеме түсінігі, оны орындауды қамтамасыз ету әдістері, интеллектуалдық меншік, мұрагерлік құқық туралы мәліметтер алып шығады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зоология
Пән жануарлардың ішкі және сыртқы құрылымын, олардың түрлерінің әртүрлілігін, таралуын, дамуын, пайда болуын, қоршаған ортамен қарым-қатынасын, табиғаттағы маңыздылығын және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін зерттейді, сонымен қатар эволюциялық дүниетанымды қалыптастырады. Оқу нәтижесінде студенттерде омыртқалы жануарлардың алуан түрлілігі, биологиялық объектілердің әртүрлілігі туралы; жануарлар материалындағы эволюцияның негізгі бағыттары мен заңдылықтары туралы; табиғаттағы және адам өміріндегі жануарлардың табиғатты ұтымды пайдалану негіздерін білудің ажырамас бөлігі ретіндегі рөлі туралы идеялар қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биотехнология нысандары
Пән бойынша биотехнологияның негізгі нысандары - жасушалар, бактериялар, ашытқылар, зеңдер, балдырлар, қарапайым өсімдіктер мен жануарлар дақылдары, вирустар, саңырауқұлақтар қарастырылады. Оқытудың мақсаты биотехнологияның негізгі нысандарының морфологиясы, өсуі, көбеюі және тамақтануымен оқып, игеру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдіктердің систематикасы және ботаника
Ботаниканы жүргізу: ботаника бөлімдері; өсімдік организмдерін ұйымдастыру деңгейлері, биосферадағы және адам өміріндегі өсімдіктердің рөлі. Өсімдіктердің вегетативтік және генеративтік органдарының морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Өсімдіктердің көбеюі. Өсімдіктер жүйесінің негіздері. Олардың негізгі тұқымдастары. Дәрілік өсімдіктер, олардың түрлері және химиялық құрамы. Улы өсімдіктер, олардың түрлері және химиялық құрамы. Зиянды өсімдіктер, олардың түрлері және химиялық құрамы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дара даму биологиясы
«Дара даму биологиясы» курсы білім алушыларға онтогенездің алғашқы эмбриональді кезеңдеріндегі организмінің дәйекті морфологиялық өзгерістерін, онтогенездің негізгі заңдылықтарын игеруге мүмкіндік беретін даму биологиясы саласындағы білім мен дағдыларды қалыптастырады. Студенттер қоршаған орта факторларының жеке дамуға, гаметогенездің кезеңдері мен ерекшеліктеріне, жыныстық циклдарға және олардың гормоналды бақылауына, қолдан ұрықтандыруға және оны практикалық селекцияда қолдануға әсер ету сипатын зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Микроорганизмдер биотехнологиясы
Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдердің метаболизмінің әртүрлілігін, оларды өсіру әдістерін қарастырады. Биотехнологиялық өндірістің негізгі сатыларын, сонымен қатар маңызды өнімдерді: микроорганизмдердің биомассасы, ақуыз, антибиотиктер, биопрепараттар, вакциналар, ашыту өнімдері, пробиотиктер және пребиотиктер және т.б. алатын өндірістік үрдістерді зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Клеткалық биотехнология
Курс студенттердің жануарлар мен өсімдіктердің биотехнологиясы саласында құзыреттілігін қалыптастырады. Бұл курста тірі организмдердің генетикалық және жасушалық биотехнологиясының жетістіктеріне негізделген дәстүрлі және соңғы технологиялар көрсетілген. Рекомбинантты ДНҚ, трансгенді жануарлар мен өсімдіктерді алу сияқты биотехнология әдістері қарастырылады. Экологиялық, ауыл шаруашылығы, шикізат проблемаларын шешуде биотехнологиялық процестерді пайдалану мәселелері қаралады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ауылшаруашылығы биотехнологиясы
Курс өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру әдістерін жетілдірудегі биотехнологияның рөлі, маңызы мен қызмет туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Курста мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласындағы биотехнологияның негізгі мәселелерін шешу жолдары; жемшөпті неғұрлым ұтымды өндіру және пайдалану тәсілдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен малдарының өнімділігін арттыру үшін биотехнологиялық әдістер мен заманауи құралдар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер биотехнологиясы
Пәнді оқытудың мақсаты - өсімдіктер биотехнологиясы саласында қолданылатын заманауи әдістер мен әдіснамаларды оқып үйрену. Курсты оқу барысында студенттер өсімдік жасушаларын in vitro жағдайында өсіру әдістерін меңгереді. Қоректік орталар және олардың құрамы, каллус алу және оны өсіру әдістері. Жасуша культурасы жүйелері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биостатистика (мал шаруашылығы)
Бастапқы биологиялық деректерді топтастыру әдістерін, белгілердің таралу түрлерін талдауды, сондай-ақ алынған биостатистикалық деректерді биометриялық өңдеу бойынша жұмыстар жүргізуді зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Молекулалық биология
Курс молекулалық биологияның теориялық негіздері мен негізгі әдістері туралы түсініктерді қалыптастырады. Молекулалық биология нуклеин қышқылдарының ақуыздар құрылымы мен қасиеттерін, матрицалық (қалыпты) синтезді, генетикалық материалдың құрылымы мен қызметін, жасушалар мен олардың органеллаларының құрылымы мен жұмысының молекулалық негіздерін, жасушалардың өсуі, дамуы, бөлінуі және өлу құбылыстарын зерттейді. Курстың негізгі мақсаты тірі жасушада болатын химиялық процестің логикасын түсіну, олардың реттелуін және жасушадағы ақуыз синтезін түсіндіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биопрепараттар дайындау технологиясы
Пәннің мақсаты - микробиологиялық биотехнологияда микроорганизмдерді қолдану бағыттары туралы, атап айтқанда биологиялық өнімдер өндірісінде түсініктерін қалыптастыру. Тірі организмдердің биологиялық және генетикалық процестерін зерттеуде микроорганизмдердің пайдалы қасиеттерін көрсету. Оқшауланған жасушаларды немесе олардың компоненттерін биологиялық өнімдерді жасауда қолдана білу, заманауи технологияларға негізделген биологиялық өнімдерді құру мүмкіндіктерін көрсете, генетикалық инженерия мен молекулалық биотехнологияны қолдана отырып медицинада, ветеринарияда және мал шаруашылығында қолданылатын биологиялық өнімді пайдалану және алу жолдарын сипаттау. Теориялық білімді вакциналарды алу кезінде практикалық қолданумен байланыстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Агробизнесті ұйымдастыру
Бизнестің жекелеген түрлерін зерделеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін жоспарлау мен өндіруді, нарықтық тауар алмасуды, қаржыландыруды басқаруды ұйымдастыруды, коммерциялық келісімдер жасасу тәсілдерін, іскерлік келіссөздер жүргізуді, жалпы кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тиімділігін қарауды зерделеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биотехнологиядағы процестер мен аппараттар
Курс аппаратты-технологиялық процесстердің ғылыми принциптерін түсінуге, қондырғылардың негізгі технико-экономикалық көрсеткішерін бағалау арқылы, ең керектісін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биотехнология саласындағы процестердің қарқындылығын және үнемділігін арттыратын жасырын күштерін табуға, керекті шығынды азайтуға, өнімді арзандатып, өндіру пайдалығын арттыратын дағдыларды үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ашыту биотехнологиясы
Пән негізгі ашыту өндірісінің толық сұлбаларын қарастырады. Ашыту процестері негізінде биотехнологиялық өндірістерді жетілдіру жолдары талданады. Ашыту өндірістері негізінде алынған өнімдердің әртүрлілігі туралы деректер келтіріледі. Өндірісті бақылаудың микробиологиялық және биохимиялық әдістері оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы
Курс студенттерде қолда бар мал тұқымдарын сапалық жақсарту және өнімділігі жоғары, экономикалық тиімді мал тұқымдары мен тұқым ішілік типтерін шығару туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, курс жануарлардың өнімділік, конституциялық қасиеттерін және алдыңғы буындармен салыстырғанда жаңа ұрпақтарда ең жақсы малдарды алу әдістерін зерттейді. Курс малдардың биологиялық ерекшеліктерін, азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларын ескере отырып, олардың сапасын жақсарту принциптері мен әдістерін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жасушаларды оқшаулау және культивирлеу әдістері
Курс студенттердің тірі организм тіндерінен немесе мүшелерден жасушалардың әртүрлі түрлерін оқшаулаудың заманауи әдістерін және оларды өсіру шарттары туралы деректерді жүйелеуде дағдыларын қалыптастырады. Іn vitro жасушалардың тіршілік әрекетін оқшаулау мен қолдаудың заманауи әдістерімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар зерттеледі, жасушаларды өсіру үшін қоректік ортаны құрудың негізгі принциптері қарастырылды, жануарлар мен өсімдіктер жасушаларын өсіру әдістері талданады, жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының сипаттамалары мен жұмыс жағдайлары туралы негізгі білім ұсынылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Биотехнологиядағы ғылыми зерттеулердің негіздері
Осы пән бойынша студенттер ғылыми зерттеулердің негізгі тәсілдерін, соның ішінде зерттеу тақырыбын таңдауды, гипотезаны әзірлеуді, деректерді жинау әдістерін таңдауды және нәтижелерді талдауды үйренеді. Олар сондай-ақ деректерді талдауға және зерттеу нәтижелерінен қорытынды жасауға көмектесетін статистика мен эксперименттік зерттеулердің негіздерін зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тағамдық микробиология
Курс тағам өнімдерінің технологиялық процестерінің микробиологиясын, өндірістің санитарлық-микробиологиялық аспекттерін; тазалықты көрсеткіш микроорганизмдерді бөліп алу және олардың идентификациясының дәстүрлі және жаңа әдістері бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады; тағамдық өнімдердің микробтармен ластану себептерін анықтауды және олардың алдын алуын, күресу шараларын ұйымдастыруды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бионанотехнология
Курсты оқу студенттерде бионанотехнология туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Бионaнотехнология биологияны еске сaлaтын, әдістер мен жолдaрды, принциптерді қолдaнaтын, қaжетті aтомды қaйтa құруды іске aсырaтын нaнотехнологияның тaрaуы, оның бөлімі. Бионaнотехнология сонымен қaтaр, биотехнологияның туысы, ол aтомдық деңгейде синтездейтін биологиялық объектілерді модифицирлеуге мүмкіндік береді. Осы пәнді оқыту нәтижесінде студенттер биологиялық құрылымдарды ұйымдастырудың негізінде жатқан физикалық құбылыстарды; биологиялық құрылымдардың түрлері мен қасиеттерін білетін болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық биотехнология
Пәннің міндеттері – дәрілік заттар алудың заманауи технологиялары туралы білім алу, медициналық және ветеринариялық биотехнологияда қолданылатын әдістерге сипаттама беру, сонымен қатар теориялық білімдерін биотехнологиялық зертханалар мен өндірістегі практикалық дағдылармен байланыстыру, микробиологиялық процестердің принциптері мен сипаттамалары туралы түсінікке ие болу, микроорганизмдердің жоғары өнімді өндірістік штамдарын алу, өсіру және сақтау әдістерін тәжірибеде қолдану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тағам биотехнологиясы
Пән тағам өнімдерін өндіруде қолданылатын дәстүрлі биотехнологиялық процестердің азық-түлік тауарларының тұтынушылық қасиеттерін қалыптастырудағы рөлі, тағам биотехнологиясының қазіргі жетістіктері және оны дамытудың негізгі бағыттары туралы білімді; биотехнологиялық процестер туралы білімді тағам өнеркәсібі саласындағы практикалық мәселелерді шешу және салдарын бағалау үшін қабілеттерді қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиялық биотехнология
Курс болашақ биотехнологтарды қоршаған ортаны техногендік ластанудан тазарту және қалдықтарды қайта өңдеу үшін биологиялық әдістерді қолдану мәселелерін білумен қамтамасыз етеді. Студенттерде биотехнологияны дамытудың негізгі жетістіктері, бағыттары мен перспективалары туралы түсінік қалыптастыру, экологиялық мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қолдануға үйрену. Студенттердің заманауи биотехнологияның жетістіктері және қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану үшін биотехнологиялық процестерді қолданудың практикалық дағдылары туралы теориялық білім алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Генетикалық инженерия негіздері
Пән студенттерде генетикалық инженерияның әдіс-тәсілдері бойынша базалық білімді қалыптастырады. Генетикалық инженерияның жетістіктеріне негізделген дәстүрлі және соңғы технологияларды оқиды, сондай-ақ білім алушыларды биотехнологиялық өнімдерді алудың жаңа тиімді жолдарын әзірлеумен, заманауи биотехнологияларды, оның ішінде нанобиотехнологияларды, рекомбинантты ДНҚ технологияларын, жасушалық технологияларды құрумен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көбею биотехнологиясы
Пән білім алушыларға нарықтың сұранысына сай генотипі құнды ауыл шаруашылығы малдарының санын қарқынды көбейтудің заманауи әдіс тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді және биотехнология ғылымы бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Сондай-ақ, студенттер клетка және молекула деңгейдегі әртүрлі биологиялық обьектілерге микроманипуляциялық жұмыстар жүргізу арқылы бағалы биологиялық ерекшелігі бар организм алу жолдарын үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Эмбриоинженерия
Курс студенттерге эмбриоинженерияның әдіс-тәсілдері мен жетістіктері туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Курсты толық аяқтаған студент жануарлар ағзасынан генетикалық ресурсты алудың жолдары мен мүмкіндіктері бойынша түсінігі болады және адам талабына сай экономикалық тұрғыдан тиімді организмдерді алудың молекулалық және жасушалық биотехнология әдістерін меңгереді. Сондай-ақ студенттер биотехнологияның жалпы мәселелері бойынша теориялық білім алады және мал шаруашылығындағы эмбриондарды трансплантациялау және эмбриоинженерлік зерттеулер бойынша практикалық дағдыларға ие болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Гендік инженерия
«Гендік инженерия» курсы студенттерге бактериялық және эукариоттық жасушалардағы генетикалық материалды құру, клондау және экспрессиялау бойынша теориялық білімін жоғарылатады, сондай-ақ жаңа генетикалық бағдарламасы бар организмдерді құрудың теориялық негіздерін терең зерттеу бойынша практикалық дағдыларға ие болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Молекулалық биотехнология
Курс студенттерде молекулалық биотехнология, микробиология, биохимия, генетика, вирусология және басқалардың дамуы нәтижесінде пайда болған және дамып келе жатқан ғылым саласындағы соңғы жетістіктері туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Курста рекомбинантты ДНҚ технологиясының көмегімен адамға қажетті өнімдерді қалай жасауға болатындығы туралы түсінік беріледі. Молекулалық биотехнология негіздерімен және осы негізде биотехнологиялық процестерді жетілдіру мүмкіндігімен байланысты мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстан тарихы, биофизика, математика, биохимия, философия, экология, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, тіршілік қауіпсіздігі туралы білімі мен түсінігін дәлелдеу, мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде кәсіби әңгімелер жүргізуді, зерттелетін сала бойынша ЖИ элементтерін қолдану, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси, психологиялық тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды түсіндіру, ақпараттық аспектілері және салауатты өмір салты, сонымен қатар, инклюзивті білім беру жағдайында студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруда құзыреттілікті дамыту.
- Биотехнология мамандығының танымдық кіріспесін зерттеу үшін оқыту дағдыларын пайдалану, биотехнологиялық зерттеулердің объектілері, негіздері туралы білімді көрсету және зерттелетін саладағы морфологиялық, биохимиялық, микробиологиялық, зоологиялық, ботаникалық, генетикалық мәселелерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану.
- Агробизнесті ұйымдастырудағы кәсіби мәселелерді шешуде теориялық, практикалық білімді қолдану және әртүрлі салалардан алынған биологиялық объектілерді (жасушалар мен молекулалардың деңгейіне байланысты) пайдалану нәтижесінде ерекше қасиеттері бар өнімді алудың биотехнологиялық әдістерін талдау.
- Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру кезінде кәсіби деңгейдегі білімді қолдану, сондай-ақ эксперименттік-зерттеу жұмысының аналитикалық әдістерін пайдалана отырып, биотехнологиялық объектілерді (ауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, экология, азық-түлік және ветеринария) зерттеудің заманауи ғылыми әдістерін меңгеру, тірі организмнің жасушаларын оқшаулаудың, өсірудің биотехнологиялық әдістері мен зерттелетін объектілердің нанотехнологиялық талаптары туралы білімді көрсету.
- Зерттеудің генетикалық әдістеріне, белгілердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылық заңдылықтарына, биотехнологиялық өнімдердің сандық деректерін биометриялық өңдеуге мысалдар келтіру, сондай-ақ алған білімдерін тереңдету үшін қажетті оқыту дағдыларын қолдану.
- Биотехнологиялық процестерге арналған жабдықты (өсімдік шаруашылығындағы микроклоналды көбею, жануарларды клондау, ветеринария препараттарын алу және тамақ өнеркәсібі үшін ашыту дақылдарын) пайдалана отырып, эксперимент жасау дағдыларын меңгеру.
- Ауыл шаруашылығы малдарының эмбриондарын молекулалық, жасушалық микромонипуляциялар (генетикалық және гендік инженерия) жасау арқылы экономикалық тиімді организмдерді алу әдістерін талқылау, сондай-ақ этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешеннің әртүрлі салаларында қолданылатын биотехнологияның негізгі бағыттары мен принциптерін жіктеу.
- Тірі организмнен белгілі бір қасиеттері бар генетикалық материалдарды оқшаулау, құрастыру, культивирлеу, клондау және оны басқа бөтен клеткаға енгізу нәтижесінде генетикалық түрлендірілген организмдер алу принциптерін түсіну, сонымен қатар рекомбинантты РНҚ мен ДНҚ алу әдістері мен технологияларына қатысты мәселелерді кәсіби деңгейде шешу.
Ұқсас БББ
6B05102 Биотехнология сала бойынша
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B05102 Биотехнология
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B05102 Биотехнология
Торайгыров университеті
6B05102 Биотехнология
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
6B05102 Биотехнология
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B05102 Жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B05102 Биотехнология
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
6B05102 Биотехнология
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B05102 Биотехнология
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті