Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05102 Жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жануарлар биотехнологиясы мен биоинформатика бойынша теориялық және қолданбалы аспектілері бойынша іргелі білімі бар, ғылыми-зерттеу, жобалау институттарында, биотехнологиялық және ауыл шаруашылық бейіндегі өндірістік кәсіпорындарда, селекциялық орталықтарда, білім беру ұйымдарында оқытушы ретінде кәсіби дағдыларды дамытуға және қолдануға қабілетті бакалаврларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математика
Жануарлардың көбеюі мен даму биологиясы
Жасушалық биология
Жалпы микробиология
Химия
Биотехнология нысандары және олардың өндірістегі қолданылымы
-
2 Оқу жылы
Биотехнология негіздері
Жануарлар биохимиясы
Физика
Органикалық химия
Қаржылық сауаттылық негіздері
Кәсіпкерлік және бизнес
Жалпы және молекулалық генетика
Молекулалық биология
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Биостатистика
Биофизика
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Ауыл шаруашылығы жануарларды өсіру және селекциялау
Ғылыми зерттеу негіздері
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
-
3 Оқу жылы
Мәліметтер базасы және биоинформатиканың негізгі құралдары
Биотехнологиядағы модельдік жануарлар
Жануалар физиологиясы
Мал шаруашылығындағы заманауи биотехнология
Ауылшаруашылық биотехнологиясы
Иммунология негіздері
Бейімделудің және резистенттіліктің физиологиялық механизмдері
Иммунологиялық зерттеулердің әдістері
Қолданбалы энзимология
Экологиялық биотехнологияның қолданбалы аспектілері
Жануарлардың генетикалық инженериясы
Санитарлық микробиология
Өндірістік микробиотехнология
-
4 Оқу жылы
Азық-түлік биотехнологиясы және биоқауіпсіздік
Медициналық және ветеринарлық биотехнология
Инфекцияға қарсы препараттар биотехнологиясы
Паразитология
Генетикалық зерттеулер мен жануарлардың практикалық селекциясындағы молекулалық маркерлер
Мал шаруашылығына арналған ферменттер өндірісінің биотехнологиясы
Ветеринариялық микробиология және вирусология
Балық аквакультурасының биотехнологиясы
Бағаналы жасушалардың биологиясы
Тәжірибені жоспарлау және орындау әдістемесі
Жануарлардан алынатын шикізат пен өнімдерді зерттеу әдістері
Жемшөп пен жемшөп қоспаларының биотехнологиясы
Медицина және ветеринариядағы пробиотиктер
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
- Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі. Жаңа ғылыми білімді қалыптастыру, ғылымды іске асыру нысаны, әртүрлі факторлардың объектілеріне әсерін бағалауды жүзеге асыру, ғылым мен практика үшін сенімді дәлелденген және пайдалы шешімдер алу мақсатында құбылыстар арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеу.
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
- Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
- Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
- Зерттеу мақсаттарын тұжырымдау және оны жүзеге асыру процесін жоспарлау. Жүргізілетін зерттеулердің және (немесе) әзірлемелердің мәні бойынша ақпараттық ресурстарды, ғылыми, тәжірибелік және аспаптық негіздерді пайдалану, биологиялық объектілерді (прокариот, эукариот және жануарлар) бақылау, сипаттау, идентификациялау және ғылыми жіктеу, прокариотикалық және эукариотикалық жасушалардың дақылдарымен жұмыс істеу әдістерін, қалыпты жағдайда және патологиялық процестердің дамуы барысында жануарлардың жасушалары мен тіндерінің морфо-функционалдық жағдайын бағалауды меңгеру; жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика саласындағы қолданбалы міндеттерді шешу мақсатында іргелі биологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білімді қолдана білу. Молекулалық, жасушалық, организмдік және популяциялық деңгейлерде талдаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерді дербес ұйымдастыруға және жүргізуге қабілетті болу, медициналық, ветеринариялық және өнеркәсіптік биотехнологиялар саласындағы жасанды интеллект жүйелерін құру, қолдау және пайдалану жобаларын басқару.
- Зерттеу міндеттерін шешу үшін ақпараттық іздестірулер жүргізу, жүргізілетін зерттеулер және (немесе) әзірлемелер бойынша ақпараттық ресурстарды, ғылыми, тәжірибелік және аспаптық негіздерді пайдалану,биотехнологиялық препараттар мен өнімдерді алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану; қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін биотехнологиялық әдістерді нақты қолданудың оңтайлы парадигмасын таңдау; жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы биотехнологиялық өндірістерді кәсіби пайдалану; шикізатты, дайын өнімді және технологиялық процестерді стандартты және сертификаттық сынақтан өткізу; биотехнологиялық өндірістегі өндірістік қуаттардың техникалық сипаттамаларын білу.
- Теориялық және әдістемелік талдау жүргізу, өзара байланысты немесе бірінен соң бірі жалғасатын құбылыстар мен процестерді талдау, мал өнімділігін арттыруда талдау жүргізу және олардан алынатын өнімнің сапасын биотехнологиялық әдістермен арттыру мүмкіндігін талдау және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында генетикалық детерминация бағдарламаларын басқару. Күйзеліске, ауруларға төзімді жануарларды жасау үшін түрлі in vitro технологияларының тиімділігін салыстыру, экономикалық құнды генотиптерді құру үшін оларды жетілдіру. Жануарлардың репродуктивті қызметін бақылау әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану және генетикалық құндылығы жоғары жануарларды тездетіп көбейту үшін биотехнологиялық әдістерді қолдану.
- Математика, физика, химия, органикалық химия биологияның негізгі ұғымдары туралы негізгі білімді көрсетіп, іргелі және қолданбалы пәндерді біледі.
- Жүргізілетін зерттеулер және (немесе) әзірлемелер тақырыбы бойынша ақпараттық ресурстарды, ғылыми, тәжірибелік-эксперименттік және аспаптық базаларды пайдалану, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен арнайы бағдарламаларды деректердің биоақпараттық талдауын жүргізу үшін қолдану; табиғатты қорғау биотехнологияларының негіздерін білу; биотехнологиялық процесті моделдеу және оларды басқару, биотехнологиялық процесс пен жабдықтарды жүргізу, оңтайландыру және масштабтау теориясын білу; қазіргі заманғы аспаптар мен әдістерді пайдалана отырып, биотехнологиялық өндірістердің шикізаты мен дайын өнімдеріне талдау жүргізу, биомассаның және өнімнің барынша шығуын анықтау үшін ферментация процесінде қоректік орталарды оңтайландыру бойынша міндеттерді шешу.
- Зерттеу мәселелерінің шешімдерін талдау, синтездеу және оңтайландыру, ғылыми әдебиеттермен және басқа да ақпарат көздерімен өзіндік жұмыстың базалық дағдыларын көрсету; ғылыми жарияланымдар мен есептерді дайындау дағдысын меңгеру, кәсіби қызметке барынша дайындығын көрсету.