6B05208 Экология және табиғатты пайдалану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім мен инновацияны тығыз интеграциялау қағидалары бойынша экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласында білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B051 Қоршаған орта
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B052 Қоршаған орта
Пәндер
-
Қоршаған ортаның биологиялық компоненттері
Пәннің мақсаты: тірі ағзалардың жіктелуі, тіршілік формалары туралы базалық білім беру, олардың қоршаған ортада таралу заңдылықтарын түсіну, биоценотикалық рөлін бағалауға үйрету. Биология саласындағы негізгі ұғымдардың теориялық білімі практикалық сабақтарда бекітіледі және жаратылыстану-ғылыми дүниетанымы қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Мақсаты: Экологиялық пәндерді түсіну, экологиялық мәселелерді шешу және бағалау үшін білімді қалыптастыру. Пәннің мақсаты мен міндеттері, ережелері, заңдары, ағзадан бастап биосфераға дейінгі биологиялық жүйелердің қалыптасуы мен қызметі, олардың қоршаған ортамен өзара әсері туралы білім беру, студенттерді химия, биология, физика негіздері, жаратылыстану ғылымдары концепциясының теориялық негіздерімен таныстыру. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары арқылы экологиялық пәндер жүйесіне бағыттау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химия
Мақсаты: Қоршаған ортаны жаратылыстану ғылыми негізде түсінуге бағытталған химия саласындағы білімді қалыптастыру. «Химия» оқу пәні химияның негізгі заңдары мен ұғымдарын зерттейді, атомның құрылысын, химиялық байланыс түрлерін, ерітінділерді қарастырады. Химиялық тепе-теңдік, химиялық реакциялардың термодинамикалық және кинетикалық параметрлері туралы ілімнің негізін баяндайды, қоршаған ортаның органикалық және бейорганикалық ластаушылары мәселелерін қарастырады. Алынған білімдер зертханалық жұмыстарда қоданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биоэкология
Пәннің мақсаты: студенттерге биоэкологияның негізгі ережелері туралы базалық білім беру және биоэкологиялық мониторинг жүргізу біліктерін қалыптастыру. Курс экологияның қалыптасу кезеңдері, модельдері,заңдылықтары, организм мен орта, тірі ағзалардың бейімдеушілік механизмдері, табиғи бірлестіктер, экожүйелер, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қазіргі кездегі экологияның мәселелері мен оның дамуын қарастыру Алынған білім мен әдістерді экологиялық мониторингтің өндірістік практикаларында қолдана білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биогеохимиялық мониторинг
Мақсаты: Студенттерге биогеохимияның негізгі ережелері туралы білім беру және биогеохимиялық мониторингті жүргізудің біліктерін қалыптастыру. Курс жер биосферасында жүретін геохимиялық процестерді, оған қатысатын тірі ағзалардың химиялық құрамын және экотоксиканттардың қоршаған ортаға түсу, таралу, айналу жолдары мен зиянды әрекеттері оның алдын алу жолдары жөніндегі сұрақтарды қамтиды. Табиғи жүйелердің геохимиялық процестерін талдаудың алынған дағдылары студенттердің өзіндік жұмысы арқылы практикалық қызметте бекітіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы
Мақсаты:Этологияның маусымдық ерекшеліктерін, дарақтардың өзара қарым-қатынасын, тіршілік ету жағдайларын оқытады. Жануарлар мен өсімдіктердің қоршаған орта жағдайына бейімделуі; экологиялық өзара байланысы; түрлі экологиялық факторларға байланысты тірі организмдердің экологиялық топтары; олардың тіршілігіндегі ең маңызды қоршаған орта факторлары жарық, температура, ылғалдылықтың маңыздылығын зерттеуге арналған. Алынған білім практикалық сабақ және өндірістік тәжірибе негізінде бекітіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экологиялық токсикология
Мақсаты: Студенттерді қоршаған ортаның ксенобиотиктерін анықтауға, экожүйелерге келетін зардаптарды түсінуге, экожүйелердің динамикасын бағалауға және экотоксикологиялық сараптама жүргізуге үйрету. Экотоксикология курсы улы заттардың таралуын, миграциясын, трансформациясын, биосферадағы қоректік тізбектердегі айналымын зерттейді; ағзалық, популяциялық, биоценотикалық денгейде болатын механизмдерді қарастырады. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, практикалық жұмыстар, өндірістік практика.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ESG негіздері
Мақсаты: Студенттерде ESG аспектілерінің негізгі принциптері мен компоненттерін түсінуді қалыптастыру. Климаттың өзгеруіне, қоршаған ортаның ластануына, ресурстардың сарқылуына және басқа да экологиялық қиындықтарға байланысты тәуекелдерді бағалау және басқару әдістерін қарастыру. ESG - (Экологиялық, Әлеуметтік және Басқару)
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сандық экологиялық зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты: экологиялық зерттеулерді одан әрі жетілдіру және шешім қабылдау үшін сандық өңдеу тәсілдерін ақпараттарды талдау үшін қолдану. Курс келесі сұрақтарды қамтиды: қоршаған ортадағы экологиялық, генетикалық, цитологиялық, микробиологиялық, радиобиологиялық жағдайларды сандық өңдеу, ықтималдықты бағалау, және оларды талдау статистикалық әдістерді және өндірістік практика базасында қолдануды талап етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экологиядағы далалық зерттеулер негіздері
Далалық зерттеу арқылы алынатын қоршаған ортаға техногенді әсерлер туралы ақпаратты талдау және экологиялық тәуекелді бағалау біліктілігін қалыптастыратын білім беру. Курс келесі сұрақтарды қамтиды: қоршаған ортаның күйін тірі объектілер көмегімен бағалау. Олардың көмегімен абиотикалық факторларға да, биотикалық факторларға да бағалау жүргізіледі. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, зертханалық сабақтардағы практикалық жұмыстар, өндірістік практика.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Микроағзалар экологиясы
Курс микроағзалардың экологиялық топтарын, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттеуге, сондай-ақ әр түрлі табиғи орталарда кездесетін микроағзалардың түрлері мен штамдары, олардың ассоцияцияларының экожүйелерде алатын орны туралы мәліметтермен білім алушыларды таныстыруға бағытталған. Курстың мақсаты: білім алушыларға микроағзалардың әр түрлі экологиялық топтарын ажыратуға үйрету, олардың табиғи ортаны тазартудағы маңызы мен басқа да экологиялық мақсаттардағы қолданылу тәсілдерімен таныстыру. Курс білім алушыларды экологияның қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру, табиғи ресурс үнемдеудің баламалы жолдарын қарастыру сияқты мәселелерде микроағзалардың орнын зерделеуге ынталандырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоршаған орта туралы ілім
Мақсаты: бұзылған аумақтарды қалпына келтірудің жолдарын анықтауға, табиғи жүйелердің тұрақтылығы шеңберінде экологиялық сыйымдылығы туралы білімдерді талдауға үйрету. Студент білуі керек: ҚО объектілерін, биотикалық, абиотикалық және әлеуметтік ортаның құрамдас бөліктерін, табиғатты қорғау мақсатындағы ролін, мәнін. Адам мен ҚО өзара әсерінің заңдылықтарын түсіну; -табиғатты тиімді пайдалану негіздерін білу; антропогенді іс-әрекеттің экологиялық салдарын бағалау, экологиялық бұзылулардың алдын алу және орын алғандарын шешу жолдарын табуды меңгеру. Студенттерді экологиялық мәселелерді зерделеп, талдауға ынталандырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Биосфераның эволюциясы
Мақсаты: биосфераның эволюциясының экологиялық заңдарын, өркениеттің даму стратегиясын, тіршілік ету ортасын сақтау мақсатында көзқарас қалыптастыру. Курстың сұрақтары: Білу: Жердің пайда болуы мен биосфера түсінігі, тіршілік эволюциясының кезеңдері, биосфераның қызмет заңдылықтары, организмдердің негізгі топтарының биосфералық рөлі. Дағдысының болуы: биосфераның тұрақтылық жағдайын негіздеу; биосфераның эволюция кезеңдерін талқылау; биосфераның даму заңдылықтарын қолдану. Меңгеру: антропогенез теориясы, қоғамның орнықты дамуға көшуі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экологиялық биометрия
Курс қоршаған ортаны өлшеу жүйелерінің биометриялық принциптеріне бағытталған. Курстың мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, экологиялық эксперименттік материалды жинау, өлшеу, өңдеу мен талдау жасауда математикалық және статистикалық формулалар мен әдістерді пайдалана отырып меңгеру. Курста экологиялық биометрияның негізгі ұғымдары, статистикалық есептеулердің алгоритмдері, математикалық көрсеткіштерді биологиялық түсіндіру принциптері, статистикалық бағалау, гипотезаны тексерудің негіздері, корреляциялық, регрессиялық және дисперсиялық талдау әдістерін қолдану мәселелері қарастырылады. Курс экологиялық мәселелер мен құбылыстарды зерттеуде салыстыру, динамикалық өзгерістерді анықтау, болашақтағы жағдайын болжай білуге ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Медициналық экология
Мақсаты: қоршаған ортаның халық денсаулығына әсер ету аспектілерін анықтауға үйрету. Студент білуі керек: -тұрғындардың денсаулық көрсеткіштері, адам денсаулығын қалыптастырушы факторлар; климаттық әсерлердің қолайсыздығымен, әлеуметтік факторлармен байланысты ауырулар; профилактикалық медицина негіздері. Меңгеру: -тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау диагностикасының комплексті әдістерінің нәтижелерін интерпретациялауды. Студенттерді экология және халық денсаулығының аймақтық мәселелерін зерттеуге ынталандырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиялық геология
Мақсаты: Бұзылған аумақтарды қалпына келтірудің жолдарын сәйкестендіруді үйрету; табиғи жүйелердің экологиялық сыйымдылығын және орнықтылық шектерін талдау. Жер туралы мәліметтер, геологияның бөлімдері, жер қыртысының құрамы, құрылымы және дамуының заңдылықтары, геодинамикалық үрдістер, эндогендік, экзогендік геологиялық үрдістер, техногендік процестер, табиғи-антропогендік геожүйелерді қалыптастыру, динамика және дамыту принциптерін оқыту. Білім алушыларды студенттердің өзіндік жұмысы, практикалық жұмыстар, өндірістік практика арқылы ғылыми зерттеулерге ынталандыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Пәннің мақсаты студенттерде қоғамның инклюзивті мәдениетінің негіздерін, инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптерін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық аспектілерін білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттердің әлеуметтік және кәсіби салаларда инклюзия принциптерін қолдану қабілеті, көпмәдениетті қоғамда коммуникативтік стратегияларды таңдау қабілеті қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік экология
Мақсаты: әлеуметтік-табиғи жүйелердің жұмыс істеуімен, адам, қоғам және табиғат өзара әрекеттесуімен танысу арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сұрақтар: адам мен табиғат, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың эволюциясы және заңдары; қазіргі әлемнің жаһандық трансформациясын талдау, қоршаған ортаның сапасын әлеуметтік басқарудың саяси және экономикалық механизмдері; экологиялық дағдарыстың шешімдерін талдау; экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған орта этикасы. Мақсатқа жету үшін құралдары: зерттеулерді ынталандыру, СОӨЖ, практикалық жұмыс.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экологиялық биогеография
Мақсаты: Аймақтардың қазіргі заманғы физико-географиялық және палеографиялық сипаттамаларын ескере отырып, биогеография әр түрлі түрлердің экологиялық сипаттамаларын, организмдер мен қауымдастықтардың географиялық таралу үлгілерін, тірі планетаның құрылымдық, функционалдық және тарихи ерекшеліктерін оқытады. Қорларды қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін қарастырады. Мақсатқа жету үшін құралдары: зерттеулерді ынталандыру, СОӨЖ, практикалық жұмыс.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты білім алушыларда жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты, сондай-ақ қазіргі заманғы қаржылық қызметтер мен цифрлық технологияларды пайдалану процестерін сыни бағалау қабілетін қалыптастыру. Курс шеңберінде білім алушылар қаржы құралдарын тәжірибеде пайдалануды, меншікті жинақтарды сақтауды және көбейтуді, жеке бюджетті жоспарлауды, салықтарды есептеуді, қаржылық есептілікті талдауды және инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердің негіздері
«Ғылыми зерттеу негіздері» пәні белгілі бір объектіні анықтауды және оның құрылымын, сипаттамаларын, байланыстарын ғылымда әзірленген таным принциптері мен әдістері негізінде жан-жақты, сенімді зерттеуді, сондай-ақ адам іс-әрекеті үшін пайдалы нәтижелерді алуды, одан әрі әсермен өндіріске енгізуді қарастырады. Ғылыми зерттеу объектісі – материалдық немесе идеалды жүйе, ал пән – жүйенің құрылымы, оның элементтерінің өзара әрекеттесуі, әртүрлі қасиеттері, даму заңдылықтары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және бизнес
Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелрін шешудің ғылыми – перактикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өнеркәсіп экологиясы
Мақсаты: Қазіргі заманғы бизнестің даму үрдістерін түсінуді қалыптастыру, аймақтың экологиясы үшін маңызы; экономика мен өндірісті басқару саласындағы экологиялық мәселелерді талдай білу, бағалау, табиғи ортаға техногендік әсері туралы ақпаратты талдау. Өндірістік кәсіпорындардың қоршаған ортаға техногенді әсерлерінің сұрақтарын, ластаушы көздерін, ластаушы заттардың құрамы, сандық бағасы туралы сұрақтарды қарастырады. Атмосфераға шығарылатын шығарындыларды есептеуді үйрету. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, практикалық семинарлар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Урбоэкология
Мақсаты: урбандалған аумақтарды қалпына келтірудің жолдарын анықтау мүмкіндігін қалыптастыру, урбандалған аумақтардың қоршаған ортаға әсерін бағалауды ұйымдастыру. Курс «урбанизм», «урбанизация» түсінігі арқылы қалалардың тез өсу факторларын қарастырып, қалалардың экологиялық жүйеге түсіретін нақты ауыртпалықтармен таныстырады. Қалалардың экологиялық маңызды мәселелерін және олардың қоршаған ортаға әсерін талдауды қарастырады. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, практикалық семинарларға қатысу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды зерделеуге бағытталған. Биологиялық және сабақтас ғылымдар, қоршаған орта саласында және физика-химиялық ғылымдар саласында, сондай-ақ математика және статистика саласындағы барлық нормативтік актілер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Мақсаты: тұрақты даму қағидаттары, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негіздері, ESG-принциптері, декарбонизация бойынша білім беру, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және ғаламдық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлермен олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, ауа бассейні, жер ресурстарының тозуы, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ антропогендік қызметке байланысты табиғи және техногендік апаттармен олардан қорғау тәсілдерінің тұрақты стратегияларын әзірлеуге үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Популяциялық экология және биоценология
Мақсаты: Мақсаты: популяцияның қоршаған ортамен өзара әсерінің экологиялық заңдылықтарын зерттеумен байланысты аймақтық және жаһандық экологиялық проблемаларды түсіну. Сұрақтары: биоценоздың күрделі ішкі қатынастары; биоценоз мүшелерінің табиғи іріктеу нәтижесінде бірге өмір сүруге бейімделуі; ағзалардың ең маңызды абиотикалық қоршаған орта жағдайларына қойылатын талаптарының ұқсастығы; популяциялық процестерінің динамикасы; биотикалық және абиотикалық қоршаған орта факторларының тығыз байланыстылығы. Алынған білім мен дағдыларды тәжірибеде бекіту және қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геоэкология
Мақсаты:табиғи-антропогендік географиялық жүйелердің кеңістіктік дифференциациясының заңдылықтары туралы терең теориялық білімді меңгерген мамандарды даярлау. Курс студенттерде біртұтас экосфера, атмосфераның, гидрофераның, литосфераның және биосфераның өзара байланысы туралы түсініктерді, оларға адами қоғамның әсерін есепке ала отырып көзқарастар қалыптастырады. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, практикалық жұмыстар, оқу практикасы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғаламдық экология
Курс макроэкожүйелердің және биосфераның негізгі заңдылықтарын, сондай-ақ макроэкожүйелердің әртүрлі компоненттеріне ғаламдық экологиялық мәселелердің әсерін, оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты: білім алушыларды макроэкожүйелер деңгейіндегі жаһандық экологиялық мәселелермен, қоршаған орта компоненттеріне антропогендік факторлардың тигізетін әсер түрлерімен таныстыру, табиғатқа техногендік жүктемені азайту мақсатында табиғи макроэкожүйелер мен антропогендік экожүйелердің арасындағы байланысты зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геоэкологиялық зерттеулер әдістері
Курс табиғи компоненттерге антропогендік әсерді және осы әсерлерден туындаған процестерді бағалау кезінде геоэкологиялық зерттеу әдістерін қолдануды зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты: заманауи геоэкологиялық әдістерді қолдана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне кешенді зерттеулер жүргізуге қабілетті мамандарды даярлау. Курс геоэкологиялық деректерді жинау, талдау және түсіндіру және экологиялық тәуекелдерді бағалау және болжау үшін қажетті теориялық негіздер мен практикалық дағдыларды зерттеуді қарастырады. Курс экологиялық мониторинг, табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму салаларында мамандарды дайындайды, қоршаған орта сапасын жақсартуға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Су экожүйелерінің экологиясы
Мақсаты: бұзылған гидроэкожүйелерді қалпына келтірудің ықтимал жолдарын сәйкестендіруге үйрету, су жүйелерінің экологиялық сыйымдылығын, олардың орнықтылық шектерін талдау, гидроценоздардың динамикасын, дамуын бағалау. Пән су экожүйелерінің тіршілік шарттары, олардың құрылымы, тіршілік заңдары туралы түсінік береді. Гидробионттардың, олардың популяциясы мен қауымдастықтарының өзара әрекеттесуі туралы, бұзылған су экожүйесінің мәселелерін шешудің жолдарын біледі. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру СОӨЖ.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Топырақ экологиясы
Курстың мақсаты: табиғи және адам қалыптастырған топырақ экожүйелерінің құрылымы мен қызметі туралы базалық білім беру. Курсы келесі сұрақтарды қарастырады: топырақ құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралуы, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалану мен жақсарту жолдары. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, зертханалық сабақтардағы практикалық жұмыстар, оқу практикасы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиялық ресурстану
Табиғи қорларды тұтынудың қарқынды өсуі, өндірістік іс әрекеттің масштабының ауқымдылығы, табиғи жүйелердің бұзылуы, оларды пайдаланудың перспективалық мәселелерін шешуге бағытталған. Курстың мақсаты: табиғи ресурстарды сақтау жолдарын сәйкестендіру, табиғи ресурстарды экологиялық сараптау принциптерін білу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалу, қоршаған ортаны, биоалуантүрлілікті сақтау, экологиялық мониторингтің әдістерінде қорларға төлемдерді есептеуді меңгерту. Курс оқу-зерттеу үрдісінде экологиялық қорларды пайдалану мәселелерін шешуде әртүрлі болжамдар жасау, экологиялық сараптаманың жаңа дәстүрлі әдістерін, нормаларын, табиғи қорлардың экологиялық сыйымдылығын талдау мәселелерімен таныстырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
Мақсаты: Республикалық және халықаралық ауқымдағы табиғатты тиімді пайдаланудың стратегиялары мен әдістері туралы білу, жағдайды талдау және еңбек ресурстарын тиімді қалыптастыру технологияларын таңдау. Курс экономиканың өндіруші секторында табиғатты ұтымды пайдалану және тұрақты даму тәсілін талдауды қарастырады. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы. .
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиялық жобалау негіздері
Курс Қазақстан Республикасындағы экологиялық жобалау негіздерін қарастырады. Курстың мақсаты: қоршаған ортаны жобалаудың түрлерін, әдістерін және принциптерін зерттеу, жоспарланған шаруашылық және басқа да іс-шараларды жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаға әсерін бағалай білу, қолданыстағы заңнама талаптары негізінде «Рұқсат етілген шығарындылар нормативтері», «Рұқсат етілген төгінділер нормалары», «Қалдықтарды орналастыру стандарттарының жобалары», «Қалдықтарды басқару бағдарламалары» жобаларын, қалдықтар паспорттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасы заңдары негізінде экологиялық статистикалық есептілікті құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Курс қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму талаптарын ескеретін экологиялық қауіпсіз жобаларды әзірлеуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Курс экологиялық жобалаудың теориялық және практикалық аспектілерін, соның ішінде экологиялық тәуекелдерді талдауды, экологиялық стандарттар мен нормативтерді қолдануды және экологиялық принциптерді жобалау процесіне біріктіруді қамтиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Табиғи ресурстарды қорғау
Курс табиғи ресурстардың қазіргі жағдайын бағалау және жаңартылатын, жаңартылмайтын ресурстар қорын ұтымды пайдаланудың тиімді әдістерін зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты: білім алушыларда табиғи ресурстарды сақтау мен қалпына келтірудің ықтимал жолдарын анықтау бойынша түсінікті қалыптастыру, табиғатты қауіпсіз тиімді пайдалану принциптерін меңгеруді үйрету. Курс табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми шаралар кешенін әзірлеу, жер қойнауының байлығы, ауыз су тазалығын, ормандар мен жер ресурстарын сақтау, табиғатты қорғаудың экономикалық, тарихи, әлеуметтік және мемлекеттік маңызын түсіндіруді қарастырады. Курс табиғи ресурстар қорларын сақтауға және ресурстарды тиімді пайдаланудың әдіснамалық кешенін дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экологиялық нормалау және сараптама
Курс білім алушылардың экологиялық нормалау және сараптама саласындағы білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты: өндіріс пен технологиялық жобалардағы экологиялық нормалау принциптері мен әдістерін зерттеу, әртүрлі дәрежедегі табиғи-антропогендік геожүйелердің динамикасы мен дамуын бағалау. Курс экономикалық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктерімен, зиянды экологиялық салдардың алдын алу принциптері мен әдістерімен, табиғатты қорғау заңнамасымен, қоршаған орта сапасын бақылау құралдарымен, сондай-ақ практикалық сабақтарда нақты міндеттерді шешуде дағдыларды қолданумен таныстырады. Курста білім алушылардың экологиялық нормалау мен сараптаманың негізгі компоненттерін түсінуін, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді бағалаудың заңнамалық және нормативтік актілерін, әдістері мен құралдарын қолдана білуін дамытуға ықпал етеді. Курс шеңберінде экологиялық сараптама және қорытынды рәсімдері, практикалық кейстер және осы саладағы заманауи үрдістер қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экологиялық мониторинг
Мақсаты: Экожүйе қызметі туралы білім беру, экологиялық мониторингті ұйымдастыру үшін білімді қолдану, бақылауларды бағалау негізінде тиімді шешімдерді таңдау. Сұрақтары: тіршілік ортасын, экожүйе көрсеткіштерін бағалау, көрсеткіштердің өзгеруін, табиғи апаттар салдарын анықтау, қалпына келтіру шараларын қарастыру, өзгерістердің алдын алу жолдарын бағалау, келтірілген шығындардың орнын толтыру жолдарын анықтау, су, ауа, топырақ, биологиялық қорлар, геологиялық орта жағдайын бағалау. ЭМ негізгі параметрлері, бақылау әдістері бойынша жинақталған білімді қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қалдықтарды реттеу
Курс қалдықтарды басқарудың мәселелері мен озық тәжірибелері бойынша зерттеулерге бағытталған. Курс мақсаты: қалдықтардың түр құрамы, ерекшеліктері, залалсыздандыру, басқару мен кәдеге жарату бойынша білім қалыптастыру. Курс қалдықтардың жіктелуі, түр құрамы, ерекшеліктері, залалсыздандыру технологиялары мен әдістері, қалдықтарды басқару жүйесі бойынша түсінік береді. Курс қалдықтарды кәдеге жарату және басқару саласындағы ұлттық және халықаралық ұйымдардың іс-әрекеттері туралы хабарлайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қоршаған ортаны қорғауды институционалдық қамтамасыздандыру
Курс білім алушыларда қоршаған ортаны қорғаудың институционалдық тетіктерін түсіну және тиімді қолдану үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты: экологиялық тәуекелдер мен ресурстарды басқарудың құқықтық, экономикалық, әкімшілік және әлеуметтік аспектілерін зерттеу, сондай-ақ осы саладағы үздік тәжірибелерді қарастыру. Курс қоршаған ортаны қорғауды институционалдық қамтамасыз етудің негізгі элементтерін, соның ішінде мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды, заңнамалық базаны, экономикалық құралдарды, жоспарлау және басқару әдістерін, қоғамның қатысуы мен ғылыми зерттеулерді қамтиды. Халықаралық тәжірибеге және әртүрлі елдердің үздік мысалдарына ерекше назар аударылады. Курс қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі заңдар мен нормативтік актілермен, халықаралық экологиялық келісімдермен және конвенциялармен таныстырады. Курс қоршаған ортаны қорғаудың институционалдық аспектілерін жан жақты түсінуге ықпал етеді және оларды кәсіби қызметтегі экологиялық мәселелерді тиімді шешуге дайындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Парниктік газдардың шығарындыларын басқару
Курс жер бетіндегі орташа температураның өсуін бәсеңдету тұжырымдамасы шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын реттеудің экономикалық тетіктері мәселелерін зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты: білім алушылардың парниктік газдар шығарындыларына тиімді түгендеу жүргізу, сондай-ақ декарбонизация бойынша іс-шараларды әзірлеу үшін қажетті білімдерін, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Курс БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (Киото хаттамасы, Париж келісімі) парниктік газдар шығарындыларын азайтудың халықаралық механизмдерімен таныстырады. Әлемде және Қазақстан Республикасында (ҚР көміртегі бірліктерінің сауда жүйесі), сондай-ақ реттелмейтін көміртегі нарықтарында парниктік газдар шығарындыларын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері ашылады. Курс парниктік газдар шығарындыларының есептілігін, валидациясын және верификациясын қалыптастыра отырып, әр түрлі салалар үшін парниктік газдардың барлық түрлері бойынша парниктік газдар шығарындыларына түгендеу жүргізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. 2060 жылға дейін Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруды ескере отырып, Қазақстан Республикасында парниктік газдарды қысқарту әлеуетін бағалау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қоршаған ортаны инженерлік қорғау
Курс қоршаған ортаны инженерлік қорғау әдістері мен технологияларын зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты: білім алушылардың қоршаған ортаның ластануын болдырмауға және азайтуға бағытталған инженерлік шешімдерді әзірлеу және жүзеге асыру үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Курс ауаны, суды және топырақты ластанудан қорғау үшін қолданылатын негізгі инженерлік технологиялар мен құралдармен таныстырады. Курс экологиялық инженерия және тұрақты табиғатты пайдалану саласындағы кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіршілік ортасы және адам экологиясы
Курс тіршілік ортасы, олардың түрлері мен ерекшеліктері және адам экологиясы бойынша зерттеулерді меңгеруге бағытталған. Курс мақсаты: адамның тіршілік орталары, олардың ерекшеліктері, адам, табиғат және қоғам арасындағы байланыстар және тіршілік орталарының адамға әсері бойынша білім беру. Курс тіршілік ету ортасын сақтау саласындағы аймақтық және жаһандық экологиялық мәселелер, халықаралық және республикалық заңнама туралы білуге, табиғи ортаға техногендік әсер ету туралы ақпаратты жинақтауға, адам денсаулығы үшін экологиялық тәуекелді бағалау әдістерін қолдануға ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экологиялық туризм
Мақсаты: туризм индустриясына экологиялық туризмнің принциптері мен әдістерін енгізу, табиғатқа бағытталған, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті талап ететін, мәдени мағыналы әрекетке жергілікті халықтың ғана емес, тіпті мемлекеттің тұрақты дамуына қолдау көрсету. Адамды қоршаған табиғи және әлеуметтік ортамен үйлесімді дамуға, халықтың әртүрлі топтарына экологиялық білім мен тәрбие беру, экотуризмдегі экоменеджмент пен экоаудиттің, ерекше қорғалатын аумақтарда экотуристік қызметтің ұйымдастырылуын, қазіргі экотуризм ұйымдастырылатын аумақтардағы қоршаған ортаның жағдайына байланысты негізгі мәселелерді қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиялық аудандастыру және қашықтықтан зондтау
Мақсаты:Ақпараттық, аэроғарыштық технологиялар негізіндежергілікті, аймақтық экологиялық көрсеткіштерді сипаттау, экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу жолымен аудандастыру жүргізу. Сұрақтары: экологиялық аудандастырудың қағидалары, қашықтықтан зондтаудың әдістері бойынша білімдер. Экологиялық деректерді өңдеу бойынша геоақпараттық жүйелермен жұмыс жасау ережелерін, ArgGIS Desktop бағдарламасының мүмкіндіктерін меңгереді. Мақсатқа жету жолдары: Білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қорық ісі
Мақсаты:Республикалық және халықаралық ЕҚТА қызметі туралы білу, түрлер санының динамикасын талдау, оларды жекелеген өңірлерде орналастыру, түрлерді сақтау жөніндегі жаһандық, аймақтық іс-шараларды бағалау, биологиялық ресурстарды табысты көбейту үшін білімді синтездеу. Оқу курсы табиғатты қорғау проблемаларының кең спектрі туралы білім беруді және оларды жергілікті, өңірлік, ұлттық және жаһандық деңгейлерде шешу қажеттілігін қамтамасыз етеді. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экологиялық қауіпсіздік және болжау
Мақсаты: Жергілікті, аймақтық, ғаламдық экологиялық қауіптіліктің көздерін анықтау, экологиялық жүйелер үшін қауіпті жою бойынша шешудің тиімді жолдарын таңдау, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың экологиялық-экономикалық әдістерін меңгеруге, экологиялық ақпаратты жинау, жүйелеу, өңдеу негізінде болжам жасай білуге үйрету. Пән ҚО жай-күйін болжау әдістерін және қоршаған ортаны әртүрлі компоненттерінің сапасын бағалау кезінде болжау, бағалау әдістерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жүйелік экология
Курс халық санының өсуіне байланысты жаһандық, аймақтық мәселелерді, урбанизация процестерін бағалауға бағытталған. Курстың мақсаты: бакалавр білім алушыларына экологиялық тұрақтылықты сақтау, табиғатты пайдалану үшін білімді арттыруға, экологиялық ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді, қолдануды үйрету, экологиялық мәселелерді жүйелі талдау, экожүйедегі компонентердің бір-бірімен, ортамен қарым-қатынасын, организмнің ерекшеліктері туралы білімдерді жетілдіру. Курс цифрландыру арқылы экологиялық ақпаратты өңдеу және сақтау әдістерін қолдануға ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Мақсаты: Жергілікті, өңірлік, жаһандық экологиялық жағдайларды сәйкестендіру экологиялық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау негізінде қоршаған ортаға әсерді экологиялық-экономикалық бағалаудың әдістерін меңгеру. Сұрақтар: ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес қоршаған ортаға және адам денсаулығына жоспарланған шарушылық экономикалық әрекеттердің салдарлары, қолайсыз әсерлерді болдырмау үшін шараларды әзірлеу. Білім алушыларды СОӨЖ арқылы ғылыми зерттеулерге ынталандыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Радиациялық экология
Радиациялық экология курсы қоршаған ортадағы радионуклидтердің таралу заңдылықтарын, олардың экожүйелер мен тірі организмдерге әсерін, сондай-ақ бақылау мен қорғаныс әдістерін зерттейді. Курстың мақсаты – радиациялық әсер ету механизмдері, радиациялық қауіпсіздік принциптері және экологиялық тәуекелдерді азайту әдістері туралы білім беру. Негізгі мазмұны: Радиоактивтіліктің негіздері, сәулелену түрлері және олардың көздері; биосферадағы радионуклидтердің таралу заңдылықтары және олардың экожүйелерге әсері; радиациялық ластануды бақылау және қорғаныс әдістері; радиациялық қауіпсіздіктің нормативтік-құқықтық негіздері; радиациялық экологияның атом энергетикасында, медицинада және өнеркәсіпте қолданылуы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан экологиясы
Курс білім алушылардың Қазақстанның табиғи және антропогендік экожүйелері туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты: Қазақстанның экожүйелерінің құрылымы, ерекшеліктері, әртүрлілігі және маңызы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, экожүйелерді қорғау бойынша жүргізілетін негізгі іс-шаралармен таныстыру. Курс экологияның негізгі ұғымдарымен, организмдердің әртүрлі тіршілік ету ортасының ерекшеліктерімен және оларға бейімделуімен, биожүйелерге экологиялық факторлардың әсер ету принциптерімен, мамандандыруға қатысты экологиялық білімді қолдану қабілетімен; адамның биосфераға ретроспективті және заманауи әсері, адамзаттың өмір сүру стратегиялары туралы идеялармен таныстырады. Курс Қазақстанның табиғи және антропогендік экожүйелері және оларды қорғау жөніндегі іс-шаралар туралы білім алуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Климаттың өзгеруі және жасыл технология
Курс климаттың өзгеруінің себептері мен салдарын, сондай-ақ оның әсерін азайту және тұрақты дамуды ілгерілету үшін инновациялық жасыл технологиялар мен стратегияларды қарастырады. Курстың мақсаты: өңірлік, жаһандық климаттық үрдістерді анықтау және сипаттау, оны жұмсарту және орнықты даму үшін жасыл технологиялар негізінде экологиялық проблемаларды шешудің тиімді жолдарын талдау. Курс климаттың өзгеруінің қазіргі заманғы үрдістерін, оның салдарын, орнықты даму мәселелерін, Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманың негізгі ережелерін, климаттық өзгерістерге қарсы күрес жөніндегі халықаралық келісімдерді, сондай-ақ оны жеңілдетуге бағытталған жасыл технологияларды зерделеуге арналған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Табиғатты тиімді пайдалану механизмдері
Мақсаты:Табиғатты тиімді пайдаланудың дұрыс технологияларын анықтау және дұрыс таңдау экожүйелердің құрылымы мен функцияларының бұзылуын жою, ҚОӘБ-ның экологиялық-экономикалық негіздері мен әдістерін меңгеру. Курс қоршаған ортаның экологиялық менеджментін, тұрақты даму теориясы мен тәжірибесін, басқару принциптері мен экологиялық аспектілерді қамтиды, бірегей білім саласы ретінде түсіндіріледі. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиялық биотехнология
Мақсаты:Биотехнология арқылы шешуге болатын экологиялық проблемаларды анықтау. Сұрақтар:экологиялық биотехнологияның бағыттары. Биотехнологияның ғылыми негіздерінің жалпы мәселелері – ғылымның дамуы мен тарихы, биотехнологиялық процесстердің мүмкіндігі, спецификасы, биологиялық агенттер, субстрат, аппаратура және алынған өнімдер сипатталады. ҚО қорғау саласындағы халықаралық, өңірлік ұйымдардың қызметіне қатысу, биотехнология әдістерінің көмегімен экологиялық проблемаларды шешу. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиядағы климатология және метеорология
Мақсаты:Аймақтық, жаһандық климаттық құбылыстарды сәйкестендіру, сипаттау, экожүйелер мен шаруашылық қызметке климаттық факторлардың әсерін талдау, ақпараттық технологиялардың көмегімен климат туралы ақпаратты алу, өңдеу дағдыларын меңгеру. Оқу курсы метеорология және климатологияның негізгі ұғымдар жүйесімен, терминдерімен таныстыру, атмосфера, климат жайлы түсініктерді қалыптастыру, қоршаған ортамен байланысын анықтауды қамтиды. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мутагенез және қоршаған орта
Мақсаты:ҚО факторларының генотоксикалық әсерімен байланысты экологиялық проблемаларды анықтау, организмдердің бейімделуі мен эволюциясындағы мутациялық процестердің рөлін түсіну, ескеру. Мутагенездің экологиялық факторларының қауіптілігі, механизмі, зардаптары, экологиялық-генетикалық мониторинг жүргізудің принциптерін, генетикалық токсикология негіздері, физикалық мутагендер туралы теориялық білімдеді қамтиды. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, дағдыларды бекіту үшін зертханалық жұмыстар.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жүйелік экология
Мақсаты:Адам санының өсуі байланысты жаһандық, аймақтық мәселелерді, урбанизация процестерін бағалауға, экожүйелерді табысты сақтау, табиғатты пайдалану үшін білімді синтездеуге, экологиялық ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді, қолдануды үйрету. Сұрақтары: экологиялық мәселелерді жүйелік талдау, экожүйедегі компонентердің бір-бірімен, ортамен байланыс жүйесі, организмнің ерекшеліктері туралы білімдер. Ағзаның ҚО бейімделуін зерттеудің жүйелік әдістері. Цифровизация көмегімен экологиялық ақпаратты өңдеу, сақтау тәсілдерін қолдану. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
- Қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, ғылыми ізденістермен байланысты ғылыми сипаттағы жұмыстар, талдамалар. Сонымен бірге әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
- Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
- Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау
- Экологиялық пәндерді түсіну үшін негізгі білімге ие болу, экожүйелер мен жалпы биосфераның жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтарын түсіну, атмосфералық ауа, жерүсті сулары, топырақ, жағдайы бойынша экологиялық мониторингті ұйымдастыру мен мәліметтерді талдау үшін жасанды интеллектіні қолдану, бақылауларды бағалау негізінде тиімді шешімдерді таңдау, заманауи техникалық бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, тұрақты дамуға интеграцияланған тәсілдің маңыздылығын түсіну.
- Аймақтық және жаһандық экологиялық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық және республикалық заңнамалардың талаптары туралы білу; қазіргі заманғы бизнестің даму тенденцияларын, оның аймақтар үшін экологияның маңыздылығын түсіну; экономикалық басқару және өндіріс саласындағы экологиялық мәселелерді талдау және бағалау; далалық зерттеулер көмегімен қоршаған ортаға техногенді әсер туралы ақпаратты жинау, экологиялық тәуекелді бағалау әдістерін, экологияда сапалы далалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті практикалық дағдылар мен білім қолдану.
- Бұзылған аумақтарды қалпына келтірудің мүмкін жолдарын анықтау; табиғи жүйелердің экологиялық әлеуеті және олардың тұрақтылығы туралы білімдерін талдау; аумақтардың, өндірістік және технологиялық жобалардың экологиялық сараптамасын ұйымдастыру қағидаларын білу; әртүрлі дәрежедегі табиғи-антропогендік геожүйелердің динамикасын бағалау және қалыптасу қағидаларын білу.
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы республикалық және халықаралық ұйымдардың қызметі туралы білу, халық санының динамикасы және оның жеке аймақтарда орналасуын талдау, жаһандық және аймақтық урбанизация процестерін бағалау, зерттеу нәтижелерінің объективтілігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету, еңбек ресурстарын табысты қалыптастыру үшін білімдерді синтездеу.
- Негізгі жергілікті, аймақтық, жаһандық экологиялық мәселелерді анықтау және сипаттау, экожүйелердің құрылымы мен функцияларының бұзылуын тиімді шешу жолдарын таңдау, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жеке әдістері мен бағалаудың экологиялық және экономикалық негіздерін таңдау; қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың негіздерін меңгеру; заңдар негізінде экологиялық статистикалық есептілікті құрастыру, экологиялық ақпаратты жинауды, сақтауды және өңдеуді қолдану;