Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D10101 Қоғамдық денсаулық сақтау в С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Оқыту нәтижелері

  • Халықаралық және ұлттық деңгейлерде денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер үшін көп салалы стандарттарды қолдану.
  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы статистикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, ғылыми жарияланымдардың сапасын бағалау және сыни талдау жүргізу шараларына мониторинг жүйесін әзірлеу және енгізу.
  • Халық денсаулығын сақтау және нығайту бойынша гипотезаларға негізделген қауіп-қатерді басқару бағдарламаларын қоса алғанда, денсаулық сақтау стратегиясын әзірлеу.
  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, дипломатияны көрсету, көшбасшылық қабілеттерді кәсіби біліктілік саласында тиімді жұмыс істеуге дағдыландыру.
  • Қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын шешу үшін денсаулық сақтау саясатын жақсарту бойынша жаңа қызметтерді, шараларды енгізу әсерін болжау үшін ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық талдау жүргізу.
  • Денсаулық сақтаудың халықаралық стандарттарын қолдана отырып, денсаулықты нығайту стратегиясын әзірлеу, енгізу, басқару және бағалау.
  • Қоғамдық денсаулық сақтаудың этикалық қағидалары мен аспектілерін, авторлық құқықты, әдебиеттің ғылыми контексіндегі жарияланымдарды, зияткерлік меншік құқығын сақтауды анықтау.
  • Кәсіби салада ғылыми-педагогикалық қызметте қолданбалы білім мен дағдыларды қолдану.
Top