Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04201 Құқықтану в Қызылорда "Болашақ" университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Құқық бұзушылықтың алдын алумен, халықтың құқықтық мәдениетін арттырумен және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғаумен айналысатын, нормативтік, құқық қорғау және сараптамалық-кеңес беру қызметін жүзеге асыратын құқық саласында бәсекеге қабілетті және құзыретті мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
  • Дайындық бағыты 6B042 Құқық

Пәндер

  • Экономикалық теория

    Пәннің мақсаты студенттердің экономикалық ғылымның өзекті теориялық мәселелері және оның экономикалық саясат пен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы практикалық қосымшалары бойынша өз ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту; білім алушылардың экономикалық теорияның қолданбалы аспектілері саласындағы аналитикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді жалпылау, өз ұстанымын қорғауда дәлелдерді тұжырымдау және негіздеу қабілетін дамыту; өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша кәсіби қарым қатынас пен коммуникацияны жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Курсты оқудың мақсаты экономикалық ойлау тәсілін дамыту, экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеу, экономиканың қарапайым мәселелерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекет және құқық теориясы

    Мемлекет және құқық теориясы пәнiн оқыту процесiнде мемлекет және құқық жүйесi, құқықтық қатынастың түрлерi және құқықты iске асыру нысандары толығымен қаралады. Мемлекет және құқық теориясын оқып-үйрену барысында студенттер құқықтың барлық саласының негiздерi бойынша бiлiм алады, құқық шығармашылық негiздерiмен танысады, заңдардың даму барысын қолданыстағы құқықтың тиiмдiлiгiн талдап, бағдарлай алу мүмкiндiгiн қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық жүйесі

    "Құқық жүйесі" пәнін игерудің мақсаты білім алушылардың ұлттық заңнама саласында білімді, дағдылар мен құзыреттерді игеруі болып табылады. Курс бойынша қоғамдық қатынастар мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде қарастырылады, құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде зерттеледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: студенттерді кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық басқару саласында теориялық біліммен, кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізудің практикалық дағдыларын игеруге көмектесу, бизнес-жоспар әзірлеу, кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтау және пайдалану

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

    Курс студенттердің бойында конституциялық құқықтың ұлттық құқықтың негізгі саласы ретінде аса маңызды ғылыми-теориялық ережелері, Қазақстан Республикасының конституциялық даму тарихы, Конституцияның ролі және функциялары, адам мен азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының конституциялық жүйесі туралы фундаменталдық түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (жалпы бөлім)

    Курс қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу мәселелерін, азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысушылардың құқықтық жағдайын, заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, азаматтық құқықтық қатынастар объектілерінің түрлерін, меншік құқығын қорғау әдістерін зерттейді. Азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы құқықтық мәселелерді талдауға және шешуге, азаматтық құқық нормаларын сауатты түсіндіруге және нақты жағдайда дұрыс қолдануға үйретеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)

    Пәнді оқытуда студенттер қылмыс және құқық бұзушылықтың түсінігі, бір-бірінен айырмашылығы, қылмыс субектісі, қылмыс жасау сатылары, қылмысқа қатысушылар, жаза және жаза тағайындаудың мақсаттары қылмыстардың көптігі, қылмыс жасаушылардың түрлері, қылмыс санаттары, қылмыс жасау сатылары, қылмыс құрамының белгілері туралы оқып үйренеді. Сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату, жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы толық түсінік алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы

    Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсы Қазақстан аумағында қалыптасқан басты мемлекеттік құрылымдар мен құқықтық жүйелер, Қазақ хандығының саяси-құқықтық құрылымы, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық дамуы, Кеңестік Қазақстанда мемлекет пен құқықтық жүйенің орнығып, дамуы және Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы туралы негізгі мәліметтерден хабардар етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы

    Пән қоғамдағы азаматтардың еңбек қатынастарының даму заңдылықтарын зерттейді, еңбек қатынастары саласындағы материалдық және процессуалдық нормаларды, шарттарды қарастырады, практикалық тәжірибе процесінде Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау бойынша кәсіптік қызмет дағдыларын меңгеруге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық қорғау органдары және сот құрылымы

    Бұл оқу пәні шеңберінде құқық қорғау органдарының заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері жүйесіндегі орны туралы, құқық қорғау органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, елдегі құқыктық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды, мемлекеттік биліктің жогарғы органдары атынан Конституция мен заңдардың дәл және біркелкі орындалуын қадағалауды жүзеге асырудағы арнайы өкілеттігі туралы мәселелер оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы

    Курс мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру және атқару-өкімдік қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалардың жиынтығын, мемлекеттік басқару және қоғамдық тәртіп мәселелерін зерттейді. Атқарушы билік механизмі, әкімшілік қызметтің нысандары мен әдістері, әртүрлі салалардағы басқару негіздері, әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік түсінігі талданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)

    Курс бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлері қаралады. Топтық объект негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтар тобы, оның ішінде жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамы, олардың дәрежелеу белгілері және ол қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын жаза түрлері сараланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру.Инклюзивті білім беру барлық балалар әртүрлі оқытуды қажет ететін тұлға болып табылады деген ұстанымға бағытталған әдіснаманы дамыту. Мақсаты: Инклюзивті білім беру ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету модельдері туралы түсініктер қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (ерекше бөлім)

    Пән азаматтық-құқықтық нормаларды түсіндіру және қолдану қабілетіне байланысты мәселелер кешенін зерттейді, міндеттемелік құқықтың даму тенденцияларын зерттейді, азаматтық-құқықтық құрылыс жүйесіндегі шарттың орны мен маңызын анықтайды. Азаматтық заңнамамен жұмыс істеу дағдыларына ие бола отырып, келісім-шарттар мен басқа да құжаттарды дұрыс жасауға және рәсімдеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Бұл пән жасанды интеллекттің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Студенттер машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу (NLP) және компьютерлік көру сияқты негізгі ЖИ технологияларымен танысады. Сонымен қатар, Python негізінде деректерді талдау және ЖИ модельдерін әзірлеу дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік құқығы

    Пән Қылмыстық процестік құқығының негізгі институттары мен түсініктерін, қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі мен мазмұнын зерттейді, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, сот, прокурорлық және тергеу тәжірибесінің сипаттамасы мен талдауына ерекше назар аударылады. Соттың, прокуратураның, тергеу және анықтау органдарының қылмыстық істерді қозғау, тергеу және шешудегі қызметі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Атқарушылық өндірісі

    Пән сот қаулыларын (атқару құжаттарын) орындауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелерін зерттейді. Атқарушылық іс жүргізуді құқықтық реттеудің қайнар көздері мен қағидалары, атқарушылық іс жүргізуді қозғау және тоқтату тәртібі айқындалады. Атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық жағдайы, олардың өкілеттіктері мен қызметінің жалпы ережелері, атқару өндірісін жүргізу тәртібі зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)

    Болашақ мамандарда зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және таңдалған тақырып бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды іріктеп алу, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою дағдыларын қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мінез-құлық үлгілерін зерделеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының қаржы құқығы

    Курс студенттерді мемлекеттің қаржылық қызметімен, қаржылық құқық ұғымымен, мәнімен және жүйесімен, қаржылық нормалармен, мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздерімен, валюталық бақылаумен, сондай-ақ қаржылық бақылауды, аудиторлық қызметті реттеумен таныстырады. Пән бюджеттің құрылымымен, бюджеттік бақылаумен, бюджеттік процеспен, салықтармен қаржылық-құқықтық категориялар ретінде таныстырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық жария құқық

    Халықаралық құқықтың пәні; халықаралық жария және жеке құқық арақатынасы;дипломатиялық және консулдық құқық, халықаралық шарттардың құқығы қылмыспен күрестегі халықаралық ынтымақтастық, халықаралық құқықтағы адам құқығы, халықаралық ұйымдардың құқығы, мемлекеттердің әлемдік бірлестігіндегі Қазақстанның орны мен ролін анықтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)

    Табиғат және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын, табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптері және адамның мекендеу ортасымен қауіпсіз өзара әрекеттесуді және қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғану жүйесімен еңбек қауіпсіздінің негіздері туралы кешенді білім беру. Білім алушылардың бойына экологиялық тұрақтылықты дамыту үшін ластаушы заттардың шығарындылары экожүйелердің ассимиляция қабілетінен аспауы керек тіршілікті ұйымдастыруды және адамның тіршілік әрекетінде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларда тірі қалудың алғы шарттарын үйрету және кәсіпорындардағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау қызметінің негізгі аспектілерін қамтитын білім мен дағды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Европалық Одақ құқығы

    Пән Европалық Одақтың құқығына негізделген европалық құқықтық тәртіп түсінігі мен құрылымын қарастырады. Европалық Одақ құрылымы және европалық құқық түсінігі мен оның негізгі салалары оқытылады. Сонымен бірге европалық интеграция процесін реттеуші құқықтық нормалар жүйесі, европалық билік институттарының құрылу және жұмыс жасау тәртібі және онымен байланысты қоғамдық қатынастар қаралады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік қызмет саласындағы бақылау және қадағалау

    Курс кәсіпкерлік қызметке қатысты уәкілетті органдардың бақылау және қадағалау құзыретін талдау жасайды. Кәсіпкерлік қызметке бақылау жасау тәртібі, бақылаушы органдар өкілеттігі мен олардың құқықтық мәртебесі, бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жүргізілетін іс-шаралар жүйесі қаралады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік құқығы

    Бұл оқу курсының пәні азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ азаматық іс жүргізу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ювеналдық сот өндірісі

    Курс кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін зерделеуге, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттың төңірегіне құқық қорғау органдарындағы, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу мекемелеріндегі, адвокаттық және құқық қорғау ұйымдарындағы әртүрлі мамандандырылған құрылымдарды біріктіруге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Криминология

    Пән қылмыстылық сипаты мен мәнін, қылмыстылық себептері мен шарттарын, қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамаларын, қылмыстылықтың алдын алу деңгейлері мен нысандарын, қылмыстылықтың жекелеген түрлерінің криминологиялық сипаттамаларын зерттейді. Қылмыстылықтың алдын алудың мәні мен бағыттарын айқындайтын әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды, заңды фактілерді, құқықтық нормаларды талдай білуге, әлеуметтік және статистикалық зерттеу әдістерін жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықаралық шарт (контракт) құқығы

    Халықаралық контракт құқығының маңыздылығы мүліктік айналымды құқықтық реттеудегі шарттардың басымдылығымен анықталады. Пән халықаралық азаматтық айналымдағы шарттарды жасау, өзгерту немесе тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды оқытады. Сонымен бірге шарттық қатынастардың жалпы заңдылықтары, қағидалары, әртүрлі халықаралық шарттық қатынастардың өзара байланысы қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару құқығы

    Пән қылмыстық жазаның барлық түрлерін жүзеге асырудағы әдіснамалық және теориялық мәселелерді, жазаны орындау қағидаларын, пенитенциарлық мекемелердің қызметін құқықтық реттеуді, сотталғандармен қарым-қатынас жасау туралы халықаралық пенитенциарлық актілердің ережелерін, жазаны өтеу негіздері мен тәртібін зерттейді. Қауіпсіздік шараларын қолдану, жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтық жағдайы, сотталғандарды түзеу мекемелерінде ұстау шарттары мен тәртібі, түрлі санаттағы сотталғандардың жазаның сол немесе басқа түрін өтеу шарттары мен тәртібі түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықаралық жеке құқығы

    Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесінде алатын орны мен маңызын анықталады; халықаралық жеке құқықтың субъектілерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін сипатталады; әр түрлі мемлекеттердің жеке тұлғалары мен заңды тұлғалары арасында туындайтын отбасы, мұрагерлік, еңбек қатынастарын реттеудің тәртібін оқытылады; әр түрлі мемлекеттердің азаматтары мен шаруашылық субъектілері арасында туындайтын дауларды қарау кезіндегі соттық және төрелік тәртіптің маңызы мен ерекшелігі қаралады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Криминалистика

    Криминалистика курсы соттық құралдарды пайдаланудың теориялық білімдерін, дағдыларын және практикалық дағдыларын, қылмыстарды анықтау, шешу және алдын алу әдістерін зерттейді. Криминалистикалық білімді меңгерудің жоғарғы деңгейі және оларды тергеу тәжірибесінде пайдалану мүмкіндігі тергеушілердің кәсібилігін қамтамасыз етудің қажетті шарттары болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шет елдердің криминологиялық мәселелері

    Пән шет елдердердегі қылмыстылық мәселесін оқытады. Шет елдердегі қылмыстылықтың алдын-алу шаралары жүйесін, әртүрлі қылмыстылық түрлері бойынша жүргізілетін іс шаралар, қылмыстылықтың алдын-алудағы ынтымақтастық мәселелеріне зерделеу жасалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасы мен шет елдердің сот жүйесі

    Курс шет елдердің құқық қолдану практикасын зерделейді; қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша білікті заң консультациялары мен қорытындыларды жүргізу, қылмыстық процеске басқа қатысушылардың іс-әрекеттері мен шешімдерін құқықтық бағалау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының Сот өндірісі

    Курс сот қызметі саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу жолдары мен онда құқықтық нормаларды қолданудың негіздерін оқытады. Сонымен қатар субъектілердің құқықтық жағдайы мен олардың өзара қарым қатынасын оқытады. Мақсаты: сот органдарының түсінігі, сот билігі, сот органдарының басқа да мемлекеттік органдардың арасындағы орны және сол органдармен арақатынасын ұғындыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу

    Курс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған сәттен қылмыстық істі прокурор сотқа жіберген немесе іс бойынша өндіріс тоқтатылған аралықтағы процессуалдық әрекеттер қаралады. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабарламаны тіркеу, қарау тінту, куәландыру, сезіктіні ұстау және жауап алу, басқа іске қатысушылардан жауап алу, беттестіру сияқты тергеу әрекеттерінің процессуалдық негіздері қаралады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қылмыскердің тұлғасы

    Пән бойынша қылмыстың себептері мен шарттары болып табылатын адамның әлеуметтік-психологиялық қасиеттері мен қасиеттерінің жиынтығы қаралады. Қылмыскердің жеке басының әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-рөлдік және моральдық-психологиялық сипаттамалары зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықаралық интеллектуалдық құқық

    Пән бойынша халықаралық интеллектуалдық құқықтың қалыптасу тарихы сипатталады. Халықаралық интеллектуалдық құқықтың нормативтік түсінігі ашылады. Интеллектуалдық меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвенциялар сипатталады. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың мәртебесіне, интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдеріне талдау жасалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік құқығы

    Пән мазмұны әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырумен байланысты пайда болатын құқықтық қатынастарды, әкімшілік сот өндірісін жүргізумен байланысты қатынастарды реттеуді қамтиды. Сонымен бірге әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидаттары, әкімшілік рәсімдерге қатысушылар мен олардың құқықтық мәртебесі, әкімшілік процесске қатысушылар мен олардың құқықтық мәртебесі, әкімшілік рәсімдердің жалпы ережелері, әкімшілік сот ісін жүргізу негіздері қаралады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жеке дауларды сотта қарау практикасы

    Пән азаматтық сот ісін жүргізудің мәнін, азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі ережелерін, оны қолдану практикасын зерделеуге; негізгі азаматтық іс жүргізу құжаттарын жасай білуге; еңбек, азаматтық, тұрғын үй, отбасылық және өзге де істерді қарау кезінде сот ісін жүргізу проблемаларына еркін бағдарлануға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының Экологиялық құқығы

    Пән табиғи ортаны қорғау, сауықтыру және жақсарту саласындағы қоғамдық қатынастарды зерттейді. Экологиялық заңнаманың ерекшеліктері, белгіленген экологиялық талаптар, қоршаған ортаны тиімді пайдалану және қорғау мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алқабилер соты институты

    Курс алқабилер соты инситуты түсінігін, оның қызметі ерекшеліктерін қарастырады. Алқабилер сотының шетелдерде және Қазақстанда қалыптасу және даму тарихы, заңнама бойынша алқабилер сотының мәртебесі, алқабилерге қойылатын талаптар және алқабилердің процесуалдық мәртебесі оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасындағы Прокурорлық қадағалау

    Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері прокуратура органдарының құрылымы , оның негізгі міндеттері және заңдылықты жүзеге асыру бойынша прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру қағидаттары туралы анықтау бөлігіндегі дағдыларды меңгерумен байланысты. Заңдылықты сақталуын қадағалау жүргізу қызметінің бағыттары мен негіздері қаралады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұсылмандық құқықтық жүйедегі қылмыстық іс жүргізу құқығы

    Курс мұсылмандық құқықтық жүйедегі қылмыстық іс жүргізу құқығы негізгі түсініктері мен категорияларын, басым қағидаларын, функцияларын, маңызды институттары мен салаларын оқытады. Мұсылмандық құқықтық жүйе елдеріндегі құқық қорғау практикасына бағалау жасалады, осы елдердегі қылмыстық іс жүргізу туралы білікті заңгерлік кеңестер мен пікірлер қаралады. Мұсылман құқығының қайнар көздерін анықтап зерттеледі, мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктері зерделенеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының жер құқығы

    Оқу курсы бойынша жер құқығының теориялық ережелерімен танысады; Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және оның даму тарихына нақты сипаттама береді; Қазақстандағы жер заңнамасының қазіргі кездегі ерекше белгілерін ашады; Жер заңнамасының құқықтық нормаларын дұрыс қолданылуын үйретеді; Жер заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудағы мемлекеттік – құқықтық механизімін қолданудағы сипаттамасын береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұлғаны криминалистикалық зерттеу

    Тұлғаны криминалистикалық зерттеу криминалистиканың пәні болып табылатын объективті заңдылықтармен байланысты. Тұлғаны криминалистикалық зерттеу оқу пәні ретінде теориялық білімге негізделеді, соның негізінде тұлғаны зерттеудің әдістемелері, әдістері, тәсілдері игеріледі. Тұлғаны криминалистикалық зерттеудің соңғы мақсаты ретінде қылмыстарды ашу және тергеу мәселелерін шешуге үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет елдердің қылмыстық іс жүргізу құқығы

    Курс бойынша шетелдердің құқық қорғау практикасы оқытылады және бағалау жасалады. Шетелдердегі қылмыстық іс жүргізудің жалпы ережелер мен қағидалары, жекелеген шетелдердегі қылмыстық іс жүргізу тәртібі мен ерекшеліктеріне талдау жасалады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медиация

    Курс медиацияны жүргiзу шарттарын, медиация туралы шарттың нысаны мен мазмұнын оқытады. Медиацияға қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастары саласындағы ерекшелiктері талқыланады. Қылмыстық сот iсi барысында жүргiзiлетiн медиацияның ерекшелік тері, медиацияны тоқтату тәртібі, дауды реттеу туралы келiсiмдердің жүргізілу тәртібі қаралады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Нотариат

    Нотариат туралы заңдар тарихы; мемлекеттік нотариаттың, жеке нотариалдық кеңселердің түсінігі және міндеттері; нотариалдық қызмет және оның кепілдері; нотариалдық органдардың қызметін ұйымдастыру; нотариустың құқықтық ережесі; нотариалдық кеңселердің құзыреті, олардың жасайтын нотариалдық әрекеттері; қорғау нотариалдық әрекеттері; дәлеледемелерді қамтамасыз қаралады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жедел іздестіру қызметі

    Қылмыстық қол сұғушылықтан, сондай-ақ шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы кызметтерінің барлау-бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы, бостандығы және заңды мүдделерін қорғау мақсатында, жедел іздестіру іс-шараларын өткізу көмегімен, мемлекеттік органдардың жедел іздестіру бөлімшелерінің, өз өкілеттіктері шегінде, жария және жасырын түрде жүзеге асыратын қызметінің құқықтық негіздері қаралады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Адвокатура

    Пән адвокатура және адвокаттық қызмет туралы қазіргі заманғы заңнаманы қарастырады. Бұл курс сонымен қатар ғылыми пән ретiнде де қарастырылады, мұнда адвокат қызметiн реттейтiн заңнаманы әрi қарай жетiлдiруге байланысты мәселелерге назар аударылады. Бұған, сондай-ақ адвокатура мен адвокаттардың құқық қорғау органдарымен және лауазымды адамдармен өзара қатынасына байланысты мәселелердi зерттеу мен ұсыныстар әзiрлеу жатады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сот-медициналық сараптаманың рәсімдік негіздері

    Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар сот сараптамаларын тереңірек шешу үшін сот сарапшысының кәсіби қызметі туралы білім алады. Қазақстан Республикасында және шетелдерде сот-медициналық сараптаудың негізгі принциптерін, сот-медициналық сараптама жүргізудің процессуалдық негіздерін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қылмыстық құқық

    Пән халықаралық қылмыстық құқықтың пәнін, оның негізгі ерекшеліктерін, қайнар көздері мен жүйесін, негізгі ұғымдардың, институттардың мәні мен мазмұнын анықтайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заңгердің сөз өнері

    Курс кәсіби сөйлеуді құру және жеткізу үшін қажетті білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастырудың жалпы теориялық және әдістемелік негізін дайындауға; заңгердің шешендік қызметінің әлеуметтік мәнін және заңгер-спикердің сөйлеу тәртібі үшін жауапкершілігін анықтауға бағытталған. Заңгердің ауызша және көпшілік алдында сөйлеудің стандарттары, дайындықтың тиімді әдістері мен көпшілік алдында сөз сөйлеудің тиімді әдістері зерттеледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қылмыстық істер жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

    Курс қылмыс субъектісін іздестіру бойынша сотқа дейінгі, сот ісін жүргізу және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелерін ашады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Заң психологиясы

    Құқықтық психология субъектілердің психикалық өмірінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін құқықтық реттеу саласына қатысты қарастырады. Құқықтық психология жүйесі, оның ұғымдық аппараты құқықтық реттеу логикасына, құқықтық факторларға сәйкес келеді. Құқықпен байланысты қызметтің психологиялық ерекшеліктері зерттеледі: сот төрелігін жүзеге асыру (қылмыстық процеске қатысушылардың мінез-құлқы), заңды және құқыққа қарсы мінез-құлық, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы және басқа да заң қызметтері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ақпараттық құқық

    Құқық саласы, ғылым және оқу пәні ретінде ақпараттық құқықтың негізгі түсінігін, қазіргі қоғам өміріндегі ақпараттың түсінігі мен рөлін; ақпараттың түрлерін; ақпараттық технологияны анықтауды және олармeн жұмыс жасаудың құқықтық негіздерін үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқықтық статистика

    Курс заңгер қызметін жүргізуде құқықтық ақпаратты іздестіру, жинақтау, талдау және жүйелеудің жалпы ережелерін оқытады. Осы қызметті жүргізуде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану негіздері, құқықтық ақпараттарды статистикалық жинақтау, талдау және жүйелеу, құқықтық ақпараттарды сұраныстар мен талап етулер бойынша ұсыну тәртібі қаралады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Cот сараптама негіздері

    Пән сот сараптамасының теориялық негіздерін қалыптастырудың ерекшеліктерін жеке ғылым ретінде көрсетеді, әртүрлі сот-сараптамалық зерттеулердің қазіргі жай-күйін талдайды, Қазақстан Республикасындағы сот сараптамасы институтының дамуын бағалайды. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік процестер саласында арнайы ғылыми білімді пайдалану дағдыларын меңгергендігін көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Заң қызметіндегі ақпараттық технологиялар

    Курс бойынша қазіргі кездегі заң қызметін жүзеге асыруда жалпы және арнайы ақпараттық жүйелерді қолдану мәселелері қаралады. Жалпы заңнама жинақталған ақпараттық бағдарламалармен жұмыс жасау, полиция, прокуратура, сот органдарының, сот орындаушыларының кәсіби қызметте пайдаланатын арнайы құқықтық ақпараттық базаларды қолдану, аталған базалардан мәліметтер алу және енгізу, заң қызметіндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері зерделенеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Заттай дәлелдемелердің сот медициналық зерттеулері

    Пән сот медициналық сараптамасының теориялық негіздерін қалыптастырудың ерекшеліктерін жеке ғылым ретінде көрсетеді, әртүрлі сот-медициналық сараптамалық зерттеулердің қазіргі жай-күйін талдайды, Қазақстан Республикасындағы сот медициналық сараптамасы институтының дамуын бағалайды. Қылмыстық процесс саласында арнайы ғылыми білімді пайдалану дағдыларын меңгергендігін көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Мемлекеттіліктің қалыптасуы және тарихи-мәдени даму үдерістерін, саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық білім негіздерін меңгереді. Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллект модельдерін пайдаланады. Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға тең мүмкіндіктер мен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
  • Мемлекет пен құқықтың табиғатын және мәнін, дамуының жалпы заңдылықтарын анықтай алады, Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен құқықтың дамуының негізгі кезеңдері туралы сұрақтарда құзыретті.
  • Құқық саларының негізгі ұғымдарының, институттарының мәні мен мазмұнын ажыратады, практикалық мәселелерді шешу үшін нормативтік құқықтық актілерді және құқықтың басқа қайнар көздерін таба алады, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттаманы рәсімдей алады.
  • Мемлекеттік басқару ұғымын, жүйесін, тетігін сипаттай алады, нормативтік құқықтық актілерді қолданады, заңгер функцияларын жүзеге асыру кезінде материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын жүзеге асырады.
  • Халықаралық қатынастарды реттеудің, халықаралық ұйымдар қызметінің құқықтық негіздерін, халықаралық ынтымақтастықты, халықаралық шарттар мен келісімдерді талдайды.
  • Кәсіби қызметте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; қылмыс іздерін анықтау мен бекітудің техникалық әдістері мен құралдарын қолданады, қылмыстылықты әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде тұжырымдайды.
  • Жекелеген құқық салаларының пәні мен құқықтық реттеу әдісін, негізгі түсініктерінің, категорияларының, институттарының мағынасын біледі; заңнама жүйесін меңгереді және еркін қолдана алады.
  • Құқықтық ғылымның теориялық негіздері мен жұмыс істеу заңдылықтарын; әлемдік және отандық юриспруденцияның дамуының негізгі басымдықтары мен бағыттарын анықтай алады

Ұқсас БББ

6B04201 Құқықтану

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti

6B04201 Құқықтану

Торайгыров университеті

6B04201 Құқықтану

Халықаралық білім беру корпорациясы

6B04201 Құқықтану

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

6B04201 Құқықтану

«Тұран-Астана» университеті

6B04201 Құқықтану

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B04201 Құқықтану

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

6B04201 Құқықтану

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B04201 Құқықтану

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B04201 Құқықтану

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

6B04201 Құқықтану: құқық қорғау қызметі

Q UNIVERSITY

6B04201 Құқықтану

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B04201 Құқықтану: сот- прокурорлық қызмет

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B04201 Құқықтану

Қонаев университетi

6B04201 Құқықтану

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

6B04201 Құқықтану

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B04201 Құқықтану

«Тұран» университеті

6B04201 Құқықтану

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B04201 Құқықтану

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B04201 Құқықтану

Еуразия Технологиялық Университеті (ЕТУ)

6B04201 Құқықтану

Инновациялық Еуразия университеті

6B04201 Құқықтану

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

6B04201 Құқықтану

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B04201 Құқықтану

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B04201 Құқықтану

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B04201 Құқықтану

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B04201 Құқықтану

Алматы менеджмент университеті (AlmaU)

6B04201 Құқықтану

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Top