Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласында кәсіби құзыреттілікке ие жоғары білікті мамандарды дайындау. Білім беру бағдарламасы қабілетті маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: - ҚР заңнамасы, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танудың заманауи тұжырымдамалары мен теориялары және өзін-өзі тану құндылықтарының негізінде білім беру және тұлғаны әлеуметтендірудің кәсіби әлеуметтік-педагогикалық міндеттерін шешу; -бала құқығын қорғау, диагностика, алдын алу, әлеуметтік-мәдени анимация, әлеуметтік-психологиялық қызметтердің бағдарламаларын, жобаларын, жоспарларын жобалау, мектептерде, колледждерде, басқа білім беру ұйымдарында оқушының жеке басын сүйемелдеу және әлеуметтік-педагогикалық қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметті әзірлеу және іске асыру; - жеке тұлғаның өзгеруін және қоғамға риясыз қызмет етуге ұмтылысын шабыттандыру, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстану, терең жағымды ойлау қабілеті дамыған, сондай-ақ практикада "өзін-өзі тану" пәнінің метапредметтік рөлін жүзеге асыруға дайын болу; - жалпыадамзаттық құндылықтар, рухани-адамгершілік білім беру ұстанымдары , тәрбиенің ұлттық құндылықтары, заманауи гуманистік теориялар негізінде "Өзін-өзі тану" бойынша сабақтарды жобалау және өткізу , инновациялық стратегиялар мен оқыту әдістемелерін пайдалана отырып, мектептегі педагогикалық үдерісті жобалау және жүзеге асыру; - дамудың жеке траекториясын құру, АКТ қолданумен өзара іс-қимыл жасау, полилингвалды коммуникацияны жүзеге асыру.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мәдени-демалыс орталықтарының жұмысын ұйымдастыру; балалармен, жасөспірімдермен және жастармен мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу; ағарту жұмысының бағдарламаларын, әдістемелерін және технологияларын әзірлеу;
  • Білім беру мекемесінің тәрбие және оқу үрдісіне әдістерді креативті білім мен технологияны белсенді қолдану, стандартты емес тапсырмаларды қою және білім беру саласындағы мәселелерді шығармашылықпен шешу; тьюторлық қызметтерді жүргізу, жеке білім беру траекторияларын жобалау, соның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін тиімді қолдану.
  • Әлемдік және еуразиялық тарихи процесс контекстінде Қазақстан мемлекеттілігінің үдемелі дамуының қазіргі заман тарихының негізгі кезеңдерін білу; ғылыми-тарихи және философиялық білімдерді қалыптасқан мемлекет – Қазақстан Республикасы жолындағы дамудың қазақстандық моделінің табыс факторларын жинақтау үшін еркін түсіндіру және оны шығармашылықпен пайдалану, рухани-адамгершілік білімді практикалық қызмет мазмұнына кіріктіру;
  • Мектептерде, колледждерде және басқа да білім беру ұйымдарында бағдарламалар, жобалар, білім беру қызметін жоспарлау, оларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау және әлеуметтік және психологиялық қызметтің қызметін мектепте ұйымдастыру бойынша әлеуметтік-педагогикалық іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, мектепте осы қызметті алдын-ала бағалау;
  • Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер жүргізу, білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалау, оларды практикада қолдану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар дайындау;
  • Қоғамда әлеуметтік жауапкершілік пен адамдарға қызмет ету құндылықтарын, өзін-өзі тану және этикалық құндылықтарды қалыптастыру, еріктілер жұмысын насихаттауға ықпал ету; мәдениет, дін, этностық топтар, әлеуметтік топтардың алуан түрлілігін ескере отырып, көп мәдениетті қоғамда әлеуметтік - педагогикалық білім беру қызметін ұйымдастыру.
  • Жас өспірімдердің анатомиялық-физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктерін анықтау; жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік және тұлғалық даму заңдылықтарын түсіну, әр түрлі жағдайларда әлеуметтік педагогтың отбасымен өзара іс-қимылын жобалау, педагогикалық құжаттарды толтыру; ата-аналармен ағарту жұмыстарын жүргізу, түзету-педагогикалық үдеріске ата-аналар жұртшылығын тартудың инновациялық формалары мен әдістерін қолдану.
  • Жалпыадамзаттық құндылықтар, рухани-адамгершілік тәрбиелеу қағидаттары негізінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақтарды әзірлеу және енгізу, рухани-адамгершілік тәрбиелеу қағидаттары, заманауи гуманистік теория негізінде "Өзін-өзі тану" бойынша сабақтарды жобалау және жүзеге асыру; мектепте педагогикалық үдерісті жобалау және жүзеге асыру, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру, оларды білім беру мекемесінің тұтас педагогикалық үдерісінде тиімді пайдалану, жеке білім беру траекторияларын жобалау;
  • ҚР Білім беру саласындағы заңнаманы, республикалық және халықаралық нормативтер мен конвенцияларды (ҚР "Білім туралы" Заң, "Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау туралы" Заң, БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясын, ҚР әлеуметтік саясат негіздерін, ҚР Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын, ҚР Білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, "Өзін-өзі тану" рухани- адамгершілік білім берудің мемлекеттік бағдарламасын және т. б.) қолдану;
  • Баланың девиантты мінез-құлқын ескерту және түзету бойынша бақылау және кеңес беру әдістері негізінде балаларды бастапқы диагностикалаудың міндеттерін шешу, сұраныстың типтік жағдайларында девиантты мінез-құлықты балаларға психологиялық консультациялық көмек көрсету, даму міндеттерін шешуге бағытталған кеңес беру әдістерін қолдану, жас ерекшелік даму ресурстарын іздеу, білім беру мекемелерінде балаларға кеңес беру бойынша тәжірибелік жұмысты ұйымдастыра алады.
  • Әлеуметтік тәрбиенің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін пайдалану, білім беру мекемесінің әлеуметтік саласы мен ортасын үйлестіруге ықпал ету, ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) байланысты жүзеге асыру, әлеуметтік қорғау, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын орындау және білім беру процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету.
  • Өзінің рухани және моральдық дамуын жеке бас үлгісімен жеке тұлғаны шабыттандыру және қоғамға риясыз қызмет етуге ұмтылысын талдау және ұғыну; өзінің кәсіби қызметін үйлестіру, өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру, өз құзыреттілігінің шекарасын анықтау, әріптестерімен, аралас мамандық мамандарымен табысты қарым-қатынас жасау әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да түрлеріне қатысу;

Ұқсас БББ

6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B01801 Құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманын даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану , инклюзивті білім беру тьютері

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Top