Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Қазақ әдебиеттану ғылымының философиялық - әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Меңгерген әдеби эстетикалық білімін әдебиеттанулық ізденістері кезінде және ұлттық әдебиеттің құрылысын зерттеу тұсында қолдануды үйретеді. Қазақ әдебиеті теориясына қатысты әдебиеттанулық және ғылыми ой философиялық пайымдаулармен таныстырады. Шығармашылық процесті философиялық тұрғыдан саралаудың жолдары мен қаламгерлердің жеке әдеби дарынын анықтаудың әрі әдеби туындыларды талдаудың негізгі әдістерін жалпы ғылыми зерттеу әдістерімен ұштастыра меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Әлемдік әдебиеттануда туындаған жаңа бағыттар, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеттануының даму бағыты, қазақ әдебиеттануындағы жаңаша бастамалар, алаш әдебиеттануы, әдебиеттегі дістүр мен жаңашылдық, қазіргі қазақ романдарының поэтикасы, текстология, герменевтика, мифопоэтика, ғылым және әдебиет мәселесі қарастырылады. Тіл біліміндегі антропоөзекті зерттеулер, тіл және адам, сана қатынасы, тіл философиясы, әлемнің тілдік бейнесі, концепт ұғымы мен жүйесі қарастырылады. Когнитивті, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоаксиология, этнолингвистика, психолингвистика, нейролингвистика т.б. жаңа бағыттарды меңгертуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық хат
    Несиелер: 5

    Тезис және аргументке, рәсімделуіне қойылатын талаптар, параграфтардың түрлері мен құрылымы, бөлім мен тараушаларды біріктіретін логикалық байланыстар, аннотация, резюме, ғылыми мақаланың стильдік ерекшеліктері, халықаралық ғылыми басылымдарға жарияланымдар дайындау, сарапшылар пікірі, бағалау критерийлері, плагиат түсінігі, редакциялау, ғылыми жұмыс нәтижесін таныстыру, презентация құрылымы, аудиториямен байланыс, риторикалық әдістер меңгертіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Филологиялық зерттеулердің философиялық, психологиялық, педагогикалық, этика-эстетикалық негіздері, ғылыми қызметтің ерекшеліктері, зерттеу ұстанымдары, деңгейлері әдіснамалық мектептер (филологиялық, эстетикалық догматизм, биграфизм, мәдени-тарихи, компаративистика, психологиялық, әлеуметтік мектептер) қамтылады. Ғылыми таным әдістерін, жалпығылыми әдістерді, эмпирикалық және теориялық таным әдістерін, ғылыми бақылау тәсілдерін, зерттеуді ұйымдастыру кезеңдерін меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мәтінтану
    Несиелер: 5

    Мәтінтанудың жеке сала ретінде зерттелуі, қазақ тіл білімінде, әдебиеттану ғылымында мәтін лингвистикасының қалыптасып, даму тарихы, мәтін байласымы, мәтіннің мүшеленуі, композициялық-сөйлеу формаларына мүшеленуі, актуалды мүшеленуі, сөздердің мәтінтүзімдік қызметі қамтылады. Қазақ тіл біліміндегі мәтін лингвистикасының қазіргі даму үрдісі, мәтін түрлерінің прагматикалық қызметі, мәтіннің психолингвистикалық асектісі, көркем мәтіндегі ұлттық таным меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Филология теориясы
    Несиелер: 5

    Жалпы филологияның нақты салаларының тарихы, қазіргі жағдайы, даму перспективалары, филологияның тіл білімі, әдебиеттанудан түбегейлі ерекшеліктерін таныту, тілдік-әдеби фактілерді жинау, талдау, филологиялық сараптау, мәтінді интерпретациялаудың базалық үлгілерін карастырады. Тіл мен әдебиеттің мәдениетпен байланысын, түрлі жанрдағы мәтіндермен жұмыс жасаудың методологиясын, сөйлеу тілінің түрлерін, жанрларының классификациясын, қазақ филологиясының тарихы мен дәуірленуін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Академиялық сауаттылық
    Несиелер: 5

    Академиялық сауаттылық білімгердің кәсіби-ғылыми пікірталасқа түсу, ғылыми жобаларын дайындау және таныстыра білу, жазбаша қатысымға қажетті құзыреттер кешенін айңындаудың жолдарын қарастырады. Ғылыми дереккөздермен жұмыс жасау, ғылыми мәтіндер жазу, оны редакциялау, мәтінге редакторлық түзетулер енгізу,ақпаратқа сыни тұрғыдан баға беру, өзінің жеке идеясын білдіру және ғылыми жобаға пікір жазудың әдістерін меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON7

    зерттеу саласы бойынша ғылыми критерийлерге сәйкес келетін ақпаратты саралайды, филологиядағы жаңа және күрделі идеяларды бағалайды, синтездейді.

  • Код ON5

    лингвистика және әдебиеттанудағы әртүрлі мектептер мен жаңа бағыттардың ғылыми идеяларын салыстырады, көркем шығарма мәтініне кешенді талдау жасайды; филологиялық білім берудің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін құрылымдайды.

  • Код ON2

    лингвистика және әдебиеттану саласында өз бетімен зерттеу жүргізу дағдысын көрсетеді, дәйекті тұжырымдар жасайды, ғылыми мәтінді интерпретациялайды, ғылыми қауымдастықта филологиялық зерттеулерді талқылайды, академиялық этика кодексін басшылыққа алады.

  • Код ON8

    зерттеу жұмысына таңдаған ғылыми әдіснамасының сапасы мен нәтижелілігін бағалайды, лингвистика және әдебиеттану саласындағы ғылыми зерттеулердегі теориялық және қолданбалы міндеттерді шешеді.

  • Код ON3

    ғылыми стильде ауызша және жазбаша коммуникацияны іске асырады, ғылыми-педагогикалық зерттеу, эксперименттік-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін диссертация, мақала түрінде жалпылайды, академиялық мәтінді редакциялайды.

  • Код ON1

    білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері мен құралдарын пайдаланады, алынған нәтиженің шынайылығын талқылайды, филологияның қазіргі үрдістері бойынша өз көзқарасын, пікірін түсіндіреді.

  • Код ON6

    педагогикалық эксперимент жүргізеді, оқытудағы заманауи әдістер мен технологиялардың тиімділігін салыстырады, ғылыми зерттеу жүргізудің, текстологиялық талдаудың алгоритмін жасайды.

  • Код ON4

    педагогикалық, филологиялық ғылымдар дамуының бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын сын тұрғысынан талдайды, тілдік және әдеби құбылыстар мен үдерістерді академиялық сауаттылық және ғылыми этика қағидаларын пайдалана отырып ғылыми тұрғыда талдайды;

  • Код ON9

    қазақ тілі мен әдебиетін оқыту бойынша жаңа әдістер, технологиялар, тапсырмалар ұсынады, құрастырады, білім беру мазмұнын қайта құрылымдайды, филологияда жаңа ғылыми идеялар ұсынады.

  • Код ON10

    ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлайды, іске асырады, ғылыми болжам жасайды, өз зерттеулерінің нәтижесін бағалайды.

8D01701701 8D01701701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Докторантура

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Докторантура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Докторантура

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Докторантура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Докторантура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Докторантура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Докторантура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
8D01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Докторантура

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top