Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02302 Филология в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты:Тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық жүйесінің танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру, студенттерді тілдік талдау дағдысымен қаруландыру. Пәннің қысқаша сипаттамасы Дүниежүзі тілдерінің пайда болуы мен дамуы, генеологиялық, типологиялық ерекшеліктері, тілдің табиғаты, коммуникативтік қызметі, ойлау,тіл мен қоғамның диалектикалық бірлігі жайлы мәселелерді пәнаралық байланыста қарастырады.Пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын сыни ойлау тұрғысынан саралауды, ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып зерттеуді меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты:Әдебиеттану ғылымындағы терминдер, әдеби ұғымдар жайлы түсінік беру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы, кейіпкерлер портреті мен образы, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы, шығармадағы тілдік бейнелеулер, шығарманы өмірмен салыстырып бағалау жайлы түсінік қалыптастырады, эссе жазудың жолдарын, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдауды үйретеді; талдаудың ерекшелігіне сай сыни және жүйелі ойлауын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты:Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлері жайлы мағлұмат беру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі фольклордың тақырыптық-көркемдік ерекшеліктерінің дамуы, фольклордың тарихи құндылықтары, кейіпкер образы, көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшеліктері, оқиға желісі, шығарманың эстетикалық құндылығы, фольклор ғылымының жетістіктері және басқа салалармен, әсіресе әдебиетпен байланысы жайлы мәселелерден хабардар етеді;талдауды практикада дұрыс қолдануды, өз идеяларын ұсынуды, шығарманы талдауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі дәуір әдебиеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: Көне дәуірдегі жәдігерлердің жазылу ерекшеліктері, жанры жайлы мәселелерді меңгерту. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Пәнаралық байланыс негізінде Орхон ескерткіштері мен М.Қашғари, Рабғузи, С.Сараи, Қ.А.Ясауи, Хорезми, Ж.Баласағұни және т.б. халықтың дүниетанымы мен наным-сенімі т.б. жайында жазған шығармалары жайлы мағлұмат береді. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдауды, шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыруды, көркем мәтінді интерпретациялауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Қазақ тілі фонетикасының ерекшеліктерін жан-жақты талдап, терең меңгеріп, білім арнасын кеңейту үшін фонетикалық процестерді күнделікті істерінде дұрыс пайдалануға дағдыландыру үшін ғылыми мәселелерді жете меңгеру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Қазақ тілінің дыбыстық құрамы, дыбыстардың жасалу жолы, жасалу тәсілі, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері,сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтары, үндестік заңы,буын және екпіннің түрлері,олардың атқаратын қызметтері, фонетикалық құбылыстар жайлы мәселелерді түсіндіреді.Фонетикалық талдауды практикалық тұрғыдан меңгертеді,ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып талдау арқылы фонетикалық заңдылықтарды тұжырымдауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ тілінің фразеологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Білімгерлерге қазақ тілі фразеологиясы туралы ғылыми-теориялық білім бере отырып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Фразеология тілдік бірлік ретіндегі сөздердің семантикалық құрылымы, сөздік құрамның толығу жолдары, сөздіктерді құрастыру принциптері мен оларды жасау жолдары, пәннің тұжырымдамалық және теориялық негіздері жайлы мәселелерді қарастырады; басқа ғылым салаларымен байланыстыра отырып, тілдік заңдылықтарды талдауды және оны практикада дұрыс қолдану жолдарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Білімгерлерге қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы туралы ғылыми-теориялық білім бере отырып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Лексикология тілдік бірлік ретіндегі сөздердің семантикалық құрылымы, сөздік құрамның толығу жолдары, сөздіктерді құрастыру принциптері мен оларды жасау жолдары, пәннің тұжырымдамалық және теориялық негіздері жайлы мәселелерді қарастырады;басқа ғылым салаларымен байланыстыра отырып,тілдік заңдылықтарды талдауды және оны практикада дұрыс қолдану жолдарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Көркем мәтін теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты:Мәтіннің түрлері, құрылымы, теориясы, ерекшеліктері жайлы білім жүйесін қалыптастырып, мәтінге талдау жасау жолдарын меңгертеді. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Мәтін теориясы болашақ тілші-мамандардың санасында айтылған немесе жазылған сөйлеуге сергек қарауға, оқыған мәтінінің мазмұны ғана емес, терең мағынасына да үңілуге ерекше тілдік (стилистикалық) сезім қалыптастыратын лингвистикалық және әдебиеттану пәндерінің қорытындысын шығару жайлы мәселелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • латын әліпбиі: орфографиясы және пунктуациясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты:Қазақ жазуының тарихынан орын алатын латын әліпбиінің дамуы мен қазіргі күндегі қолданысы, дыбыстық құрамы жайлы,орфографиясы мен орфоэпиясы жайлы мәселелерді меңгертіп, қазіргі қазақ жазуының мәртебесі мен орны туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Қазақ мәдени өмірінде қолданылған әліпби түрлері, емле ерекшеліктері, фонемографиялық жазу типі түрлерінің онтогенездік дамуы, қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері,емле ережелерінің уәжі,латын жазуының тарихы, қазіргі қазақ жазуының мәртебесі мен орны туралы білімдер жүйесін қалыптастырады; латын жазуы жайлы соңғы деректерді талдап,тұжырымдауға,пайымдауға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы мен тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің қысқаша сипаттамасы:педагогикалық мамандықтарға арналып дайындалған жəне болашақ мұғалімдер мен тəрбиешілерді кəсіби тұрғыдан дайындауға бағытталған. Бағдарлама онтогенездің əр түрлі кезеңдерінде организм тіршілігінің, өсу жəне даму барысында ағзалардың жəне ағзалар жүйелерінің қызмет етуінің ерекшеліктерінің заманауи мəселелерін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Шешендік өнер
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Мәнерлеп оқу арқылы студенттердің тіл ұстарту қабілетін арттырып, әдеби тілде дұрыс сөйлеуге машықтандыру, шешендік өнерге баулу. Пәннің қысқаша сипаттамасы: Шешендік өнердің қалыптасуы, тарихымен таныстыру, студенттерді шешендік өнер тарихынан хабардар етеді. Курс барысында ортақ мақсатқа жету үшін командада тиімді жұмыс істеуде, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік,креативтілік және көшбасшылық көрсете білуге, цифрлық ресурстарды практикада қолдануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Сөйлеу мәдениеті және педагогикалық риторика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Сөйлеу мәдениеті пәні студенттердің әдеби тілде сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру. Пәннің қысқаша сипаттамасы: Сөз әдебі, тіл тазалығы, сөйлеу әдебі жайлы мәселелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Құқықтық, экономикалық және экологиялық білім (Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Экономика және бизнес, Экология және өмір қауіпсіздігі)
    Несиелер: 5

    Білім алушыларда экономика және бизнес саласындағы құзыреттілікті, құқық негіздері туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді, ҚР Мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін, кәсіпкерлік дағдыларын, көшбасшылықты, т.б. білім алушының тұлғалық дамуын қалыптастыруға бағытталған пәнаралық білімді интеграциялау жолдарын сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру. Пәннің қысқаша сипаттамасы: ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғаларға байланысты жазылған көркем шығармалардың ерекшеліктері, ақын-жазушылардың өмірі жайлы мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты:Ақын-жыраулар шығармашылығымен таныстыру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Шалкиіз, ХҮІІ ғ. өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, ХҮІІІ ғ. Ақтамберді,Үмбетай,Бұхар жырау, Көтеш, Шал,т.б ақындар шығармашылығын сыни тұрғыдан ұлттық мүддемен байланыстыра талдауды, алған білімін практикада қолдануды, мәтінді интерпретациялауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • XV ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты:Ақын-жыраулар шығармашылығымен таныстыру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Ақын-жыраулар шығармашылығымен таныстырып,тілдік, тақырыптық ерекшеліктері жайлы мағлұмат береді.XV ғасыр поэзиясындағы философиялық мәніне талдау жасай білуге, жыраулар поэзиясының көркемдік-поэтикалық ерекшеліктерін үйретеді, ақындар шығармашылығын сыни тұрғыдан ұлттық мүддемен байланыстыра талдауды, алған білімін практикада қолдануды, мәтінді интерпретациялауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Кеңес дәуірі әдебиетінің даму ерекшеліктері жайлы мағлұмат беру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:С.Сейфуллин, Б.Майлин, М. Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев,Т.Жароков,Ө.Тұрманжанов, және т.б. шығармашылығын, проза, драма, поэма, драматургия,сын,эссе жанрларының даму ерекшеліктерін, жаңа бағыттардың дамуын пәнаралық салалармен байланыстыра отырып түсіндіреді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Нормативті қазақ тілі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Мектептен алған білімдерін бекіту, қазақ тілінің салаларына қатысты материалдарды меңгертіп, әдеби тіл нормаларын игерту Пәннің қысқаша сипаттамасы:Қазақ тілінің дыбыстарының жасалу, айтылу заңдылықтары, емлесі, үндестік заңы, сөздің мағынасы, сөз құрамы, сөз тұлғасы, сөз таптары, сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, сөйлем түрлері жайлы теориялық мәселелерді меңгертіп, тілдік заңдылықтарды тұжырым-дауға, практикада АКТ-ны дұрыс қолдануға машықтандырады; сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, қоғамдық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік көрсету жолдарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Публицистика және әдебиет
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Көркем және публицистикалық шығармалардың тілдік, стильдік ерекшеліктерін сараптап, оларды қолдана білуге, топта коммуникативтілік, креативтілік танытуға баулу. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Публицистиканың пайда болуы, ерекшелігі, көркем әдебиет, журналистика және публицистиканың байланысы, қазақ публицистикасының жаңашылдық түрі,тәуелсіз Қазақстан публицистикасындағы тақырыптық, проблемалық пішіндік ізденістер жайлы білім жүйесін қалыптастырып А.Байтұрсынов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин және т.б. көсемсөз шеберлерінің еңбектері жайлы мағлұмат береді; өз практикасында АКТ-ны дұрыс қолдану, қоғамдық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік көрсету жолдарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Сөз және сөз формаларын, сөздердің тұлғалық өзгеруін,сөз табының өзіне тән лексика-грамматикалық сипатын жете меңгертуді көздейді. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Морфология бойынша ғылыми еңбектерді зерттеу қабілетін дамытады; морфологияның теориялық негіздері жайлы мәселелерді меңгертіп, талдаудан алған білімін практикада дұрыс қолдануға дағдыландырады; морфологиядағы өзекті мәселелерді ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Әдебиеттану ғылымының даму және қалыптасу ерекшеліктері, зерттеудің жаңа бағыттары жайлы мағлұмат бере отырып,әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері жайлы түсінік беру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңдері, шығарма табиғаты, автор мен адресат, кейіпкер және архетип, мәтін құрылымы, стиль, көркемдік әдіс, жанрлар типологиясы жайлы түсінік береді; әдеби құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдауды, эпизодтарды салғастыра отырып интерпретациялауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілінің семантикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:тілдік бірліктердің мағыналық жүйесінің құрылымын, өзіндік ерекшеліктерін, сөздің мағыналық құрылымын “формадан мазмұнға принципі” негізінде оқыту мақсат етілген. Қысқаша мазмұны:сөздің екі жағы: дыбыстық көрінісі мен мағыналық сипатын, сондай-ақ сөздiң мағыналық бөлшектерiн қарастырады. Білімі-семантиканың негізгі теориялық ұғымдарын меңгеру Біліктілігі-сөз мағынасының макрожүйесін құрайтын бөлшектері мен микрожүйесін құрайтын мағыналық бөлшектерді анықтау Дағдысы-сөздің мағыналық құрылымын анықтай білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Аударма теориясының негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Аударма теориясы, аудару жолдары, аудараманың принциптері жайлы мағлұмат беру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Аударматану ғылымының теориялық мәселелері, аударма жасаудың техникасы, аударма және аудармажасаушыға қойылатын талаптар жайлы мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тіл мен әдебиетті қашықтықтан оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән мақсаты: болашақ мұғалімін инновациялық қызметке дайындау; педагогикалық инноватиканың теориясы мен тәжірибесі туралы, лингводидактикадағы инновациялық әдістерді жүзеге асыру ерекшелігі туралы мәліметтермен қаруландыру, болашақ педагог-сөзшіні жаңа тұлғаны қабылдауға, кәсіпте шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруға инновациялық дайындығын қалыптастыру Пәннің қысқаша сипаттамасы:Қазақстан Республикасының мектептерінде орыс тілін оқытуда инновациялық технологияларды дамытудың жалпы үрдістерін білу мен түсінуі қарастырылады.Тәжірибеде педагогикалық жаңалықтарды пайдаланылады; орыс тілін оқытудағы инновациялық әдістердің рөлі дәйектелінеді; дәстүрлі және инновациялық білім берудің салыстырмалы сипаттамалары туралы түсінік көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: академиялық сипаттағы жазбаша мәтіндерді (оқу және зерттеу) жасау саласында базалық принциптерді меңгеру және практикалық дағдыларды игеру. Пәннің қысқаша сипаттамасы: білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми-ақпараттық мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық-прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Шығыс әдебиеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Шығыс әдебиетінің дамуы жайлы мағлұмат беру. Пәннің қысқаша сипаттамасы: Шығыс әдебиетінің даму кезеңдері, зерттелу тарихы, бағыттар мен ағымдар жайлы ақпарат бере отырып, шетел әдебиеті өкілдерінің шығармашылығымен салыстыра отырып, шығыс әдебиетінің дамуы жайлы мағлұмат береді, шығыс әдебиеті өкілдерінің шығармаларын гуманистік тұрғыдан талдауды, оны практикада қолдану жолдарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Шетел әдебиеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Шетел әдебиетінің дамуы жайлы мағлұмат беру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Антикалық әдебиеттің ролі;ағартушылық реализмнің эстетикалық ұстанымдары; ХІХғ.классикалық романтизм; Декаданс және авангардизмнің, ХХ ғ.«жаңа реализм», модернизм, постмодернизмнің эстетикалық ұстанымдары; Ч.Диккенс, Байрон, В.Гюго, Шекспир, Т.Драйзер, Дж.Лондон т.б. шығармашылығы жайлы білімдер жүйесін қалыптастырады. Шығарманы гуманистік тұрғыдан талдауды, оны практикада қолдану жолдарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • БАҚ стилі және редакциялау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:БАҚ материалдарының тілдік, стильдік ерекшеліктерін сараптап, оларды қолдана білуге, топта коммуникативтілік, креативтілік танытуға баулу. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Редакторлық түзетудің түрлері, әдеби редакциялаудың сапасы, корректуралық белгілер, эссе, хабарлама жазудың жолдары жайлы түсінік қалыптастырылады; стилистика және редакциялаудың теориясымен, әдістемесімен қаруланып, тәжірибе жинақтауларына, әр түрлі стильдегі мәтіндерді АКТ-ны қолдана отырып түзетуге, БАҚ материалдарының тілдік, стильдік ерекшеліктерін сараптап, оларды қолдана білуге, топта коммуникативтілік, креативтілік танытуға баулиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Жалпы тіл біліміндегі теориялық мәселелерді меңгерту.Пәннің қысқаша сипаттамасы:Тілдің мәні мен функциялары, оның жүйелік сипаты мен иерархиялық құрылымы, грамматикалық құрылысы, тілдің шығу тегі мен дамуы, әлем тілдерінің жіктелуі, лингвистикалық ғылымның даму кезеңдері және оның басқа ғылымдармен байланысы туралы негізгі ережелерді түсіндіреді, білімін практикада дұрыс қолдану, тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдау жолдарын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ әдеби сынының тарихы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Шәкірттерді қазақ әдеби сынының пайда болу, қалыптасу жолдарына өткен ұзақ тарихынан хабардар ету. Пәннің қысқаша сипаттамасы: Әдеби туындының идеялық-көркемдік құнын белгілеу, мәні мен маңызын анықтау арқылы шығарманың бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетуге, оқыған шығарманың байыбына барып,оны дұрыс бағалауға, сын-пікір айтуға, ұлттық мүдде тұрғысынан талдауға, салыстыру арқылы көркем мәтінді интерпретациялауға баулиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Әдебиет теориясының даму және қалыптасу ерекшеліктері жайлы мағлұмат бере отырып, әдебиеттану ғылымының ұғымдары жайлы түсінік беру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңдері, шығарма табиғаты, автор мен адресат, кейіпкер және архетип, мәтін құрылымы, стиль, көркемдік әдіс, жанрлар типологиясы жайлы түсінік береді; әдеби құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдауды, эпизодтарды салғастыра отырып интерпретациялауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен 7 модулін оқыту әдістемесінде дұрыс қолдану жолдарын меңгерту. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Оқытудың инновациялық технологиясы саласындағы жетістіктерімен; қазіргі әдістеменің негізгі бағыттарына қатысты мәселелермен, оқытудың жеті модулі жайлы түсінік қалыптастырады; мектепте қазақ тілі мен оқытудың инновациялық әдістерін әзірлеу және тәжірибеге енгізуге, инновациялық технологияларды күтілетін нәтижеге және жас ерекшелікке сай қолдана білуге, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай білуге машықтандырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Түркі халықтарының әдебиеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Түркі халықтары әдебиеті тарихының кезеңдері, қалыптасуы, әлем әдебиетінен алатын орны, түркі әлемі алыптарының шығармалары жайлы білім жүйесін қалыптастыру. Пәннің қысқаша сипаттама:Түркі халықтары әдебиеті тарихының кезеңдері, қалыптасуы, әлем әдебиетінен алатын орны, түркі әлемі алыптарының шығармалары, түркі әлемінің мәдени-философиялық идеялары, түркі тілді халықтардың көркем мәдениетіндегі табиғат пен адам болмысы жөніндегі мәселелер пәнаралық байланыс арқылы түсіндіріледі; ақпаратқа сүйене отырып, білімін практикада қолдануды, жүйелі және гуманистік тұрғыдан талдап, шығармаға баға беруге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Қазақ тіліндегі құрмлас сөйлемнің түрлері мен құрылысы жайлы мәселелерді меңгерту. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Бұл пән қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдегі сөз тіркестері мен сөйлем мүшелері,сөйлем құрылысы жайлы мәселелерді анықтайды.Қазақ тіліндегі сөз тіркестері,сөйлем түрлері,пунктуациялық ережелер тұжырым жасауға, сөздік қордың баюы,сөз тіркестері мен сөйлем қолданыстарын қарастырады, сөз тіркестерін және сөйлемдерді құрылымдау жолдарын білу дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Түркітануға кіріспе
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Түркітану ғылымның қалыптасуы, зерттелуі, дамуы туралы мағлұмат беру. пәннің қысқаша сипаттамасы:Түркітану ғылымының іргелі заңдылықтары тұжырымдалады және олардың топтастырылуы, түркі жазуы мен тіл мәдениеті, көне түркі руникалық ескерткіштері, графикалық жүйе болып қалыптасқан көне түркі руникалық алфавиті және теориялық негіздерін түсіну және интеграциялауды көрсетеді, ғылымның соңғы жетістіктерін бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен 7 модулін оқыту әдістемесінде дұрыс қолдану жолдарын меңгерту. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Спиральды қағидатпен білім беру мазмұнымен таныстырып, білім мазмұнын Блум таксономиясы арқылы меңгер-туді қамтамасыз етеді; критериалды бағалау жүйесін түсіндіреді, жаңартылған білім беру бағдарламасын практикада қолдануға қажетті дағдыларды қалыптастырады; топта тиімді жұмыс жасау, көшбасшылық қабілетті дамытуды, пәнді оқытуда АКТ-ны пайдалануға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілінің синтаксисі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:Қазақ тіліндегі сөз тіркестері мен сөйлем мүшелері, сөйлем құрылысы жайлы мәселелерді меңгертеді. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің түрлері, олардың жасалу жолдары, байланысу формалары мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, тыныс белгілері және олардың қолданылу ерекшеліктері жайлы пәннің теориялық негіздерін түсіндіреді;синтаксистік талдаудың ерекшеліктерін меңгертіп, болашақ кәсібінде дұрыс қолдануға машықтандырады; синтаксистің даму тарихын зерттеп, дұрыс тұжырым жасауға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Көркем мәтінді лингвистикалық талдау
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:қазақ тіліндегі күрделі сөйлемдердің құрылымы туралы сұрақтарды меңгеру. Пәннің қысқаша сипаттамасы:бұл пән қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердегі сөйлемдерді,сөз тіркестерін және сөйлем мүшелерін құру мәселелерін анықтайды.Қазақ тіліндегі сөз тіркестері, сөйлем түрлері,пунктуациялық ережелер, сөздік қорын байыту, сөз тіркестері мен сөйлемдерді қолдану, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрылымдау дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Түркі тілдерінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты:түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыру. Пәннің қысқаша сипаттамасы: Тіл теориясының қазіргі даму кезеңдері мен фонетика, лексика және грамматика салаларының ерекшеліктері мен ұқсастықтары, салыстырмалы және салғастырмалы типологияның талдау әдістері, түркі тілдеріне тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктер жайлы білімді игертеді. Тілдік заңдылықтар жайлы проблемаларды ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып талдайды, тұжырымдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON3

    оқушыларды сыни ойлауға, шығармашылыққа, проблеманы бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, қазіргі жағдайын саралау

  • Код ON5

    пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана білу

  • Код ON11

    Көркем шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талқылау

  • Код ON8

    педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана білу

  • Код ON6

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай білу

  • Код ON12

    Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты, гуманистік тұрғыдан шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру мақсатында көркем мәтінді интерпретациялау

  • Код ON1

    пәндік және пәнаралық саланың іргелі заңдылықтарының тұжырымдамалық және теориялық негіздерін интеграциялауды көрсету

  • Код ON7

    ортақ мақсатқа жету үшін командада тиімді жұмыс істеуде, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік және көшбасшылық көрсету

  • Код ON10

    өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни тұрғыдан саралау

  • Код ON2

    берілген ақпаратқа сүйене отырып, игерген білімін практикада қолдана алу

  • Код ON4

    пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалану

  • Код ON9

    Тілдік заңдылықтар мен тіл тарихының дамуы жайлы проблемаларды ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдау

6B02302 Филология: орыс тілі
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B02302 Орыс филологиясы
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B02302 Филология
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Филология
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Филология
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Филология: қазақ филологиясы
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Шетел филологиясы
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B02302 Филология
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Шетел филологиясы және кәсіби коммуникация
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top