Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01702 Қазақ тілі және әдебиеті в Қызылорда "Болашақ" университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты - өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби құзіреттілік пен әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындығы бар еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау; - лингвистикалық/әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту, ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастыру және инновациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Оқыту нәтижелері

  • Әдістеме ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық-теориялық негіздері, әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы мағлұмат алады. Морфтар, нольдік морфема мен нольдік форма, көмекшілер олардың құрылысы мен қызметі туралы ақпарат алады. Магистранттар әдебиеттегі ірі шығармашыл тұлғалардың өзіндік қолтаңбасын саралауға, әдеби туындыларды талдау арқылы оның эстетикалық мәнін, тақырыптық-көркемдік сипатын тануға бейімделіп, көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерін игереді.
  • Басқару психологиясы мен менеджмент теориясының негізгі әдістерін меңгереді. Қазіргі қазақ тілінің салалары жүйесіне қатысты ғылымда зерттелген тұжырымдарды саралайды. Тілдердің тарихын дәуірлеудің негізгі аспетілерін саралап, қолданады. Кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгереді.
  • Тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындайды.Диссертация, ғылыми мақала, есеп т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыс нәтижелерін игереді және ғылыми-зерттеу әрекеттерін іске асыра алады. Қызметке қатысты креативті шешімдер қабылдайды. Әріптестерімен кәсіби, мәдени қарым-қатынас орнатады. Филологияның теориялық мәселелері жайлы ғылыми ойлар мен теорияларды сыни тұрғыда талдай алады.
Top