Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01702 Қазақ тілі мен әдебиеті (ғылыми педагогикалық) в Болашақ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты - болашақ педагог мамандарды жоғары деңгейде даярлау. Бағдарлама магистранттарға қазақ тілі мен әдебиетінің теориясы теориялық және практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту процесінде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, оқу бағдарламаларын құрастыруды және тиімді оқыту жолдарын меңгереді.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы «Bolashaq» академиясы
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Ғылым тарихы және философиясы
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы
Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы
Басқару психологиясы
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Лириканы ғылыми зерттеу принциптері
Қазақ әдебиетіндегі дәстүр және жаңашылдық
Ғылыми аударманың негіздері
Қазақ тіліндегі этнолингвистиканың даму жолдары
Шетел тілі (кәсіби)
Қазақ лингвистикасындағы жаңа бағыттар
Қазақ тіліндегі синкретизм құбылысы
Қазақ тарихи романы: жеке тұлғаның философиялық мәні
Көркем әдебиетті зерттеудің ғылыми-теориялық принциптері
Ғылыми мәтіннің прагматикалық мәселелері
Жоғары мектепте оқыту әдістемесі мен әдістері. ЖИ технологиясы
Драмалық жанрлар теориясы
Арнайы мақсаттардағы қазақ тілі
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму тенденциялары
-
2 Оқу жылы
Орфография мен пунктуацияның өзекті мәселелері
Академиялық грамматика теориясы
Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттары
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар
Түркітану мәселелері
Тәуелсіз жылдардағы қазақ романы
Когинитивті лингвистика
Мәтін синтаксисі
ХХ-ХХІ ғасырлар межесіндегі қазақ әдебиеті
Түркі тілдерін тарихи-салыстырмалы зерттеу
Қазіргі қазақ прозасының типологиясы
Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері
Түркі тілдерін диахронды және синхронды зерттеу
Сөйлеу тілі синтаксисі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік қатынастар дамуындағы қазіргі заманғы тенденциялар, оқытудың психологиялық табиғаты, тарих, даму және ғылым философиясы туралы білімдерді игереді; жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін жобалау және философиялық талдау әдістерін пайдалана отырып, шығармашылық дамып келе жатқан ортаны құру қабілетін көрсетеді; жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларына, қабылданған рухани, адамгершілік және құқықтық нормаларға негізделген әлеуметтік және кәсіби өзара іс-қимылға дайындығын көрсетеді.
- Ғылымдағы нақты өзекті мәселелерді смпаттайды және зерттеу әдістерін анықтайды; ғылыми-теориялық күрделі мәселелерді талдайды; ғылым және ондағы проблемалар туралы зерттеушілік пікір-көзқарасы нақтыланады; ғылыми мақсатқа жету үшін қажет міндеттерді анықтай алады және олар жөнінде нанымды әрі жүйелі тұжырым жасауға төселеді; теория мен практиканың арақатынасын, ғылыми түйін жасау мен дәлелдеуді салыстыра алады; ғылым және ғылыми жұмыс туралы білімі тереңдейді, теориялық тұрғыда қорытындылай алады.
- Тақырып өзектілігінің негiздемесін, зерттеу обьектісін пайдалана отырып, методологиялық сипаттамаларын, зерттеудің теориялық базасы болып табылатын негізгі әдебиет көздерін iрiктейді және зерттейді. Әдебиет тарихын дәуірлеуді, әдебиеттану ғылымындағы тарих пен әдебиеттің сабақтастығын, ежелгі дәуірден бергі қазақ әдебиетінің дамуын меңгереді; әдебиет теориясының өзекті мәселелерін, көркем әдебиетті зерттеудің ғылыми принциптерін игереді.
- Тіл тарихын дәуірлеуде теориялық тұжырымдары мен әдіс-тәсілдерін, синтаксистік жүйедегі үнемдеу құбылыстарының заңдылықтарын қолданып, түркі тілдерін тарихи-салыстырмалы зерттеу және тілдердің классификациясын ұғыну арқылы ғылыми аударманың мәтіндегі контексін дұрыс қолданады.
- Тәуелсіз жылдардағы әдебиетте жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің мән-маңызын, ХХ-ХХІ ғ. аралығындағы Абай дәстүрі мен үлгісін дамытудың сан-салалы шығармашылық жетістіктеріне назар аударып, аударма саласындағы қол жеткен жетістіктерді үйретеді; ХХ-ХХІғ. әдебиетіндегі қазақ әдебиетінің басты қаламгерлерінің шығармашылығына тоқталып, әдеби процестің мәні мен мазмұнын түсінеді; өзекті ғылыми-зерттеу жарияланымдарына негізделетін және зерттеу жүргiзетiн саладағы жетекшi мамандар алған негiзгi нәтижелер мен ережелердi талдауды, диссертациялық зерттеу шеңберінде олардың қолданылушылығын бағалаудан тұратын зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді меңгереді.
- Академиялық грамматика теориясының ғылыми таным құрылымын, формасы мен әдісін, оның дамуын, жалпы қағидаларын, қазіргі филологияның негізгі бағыттарын, қазіргі ғылымда қолданылатын зерттеу әдістері мен олардың тәсілдерін, жаңа білімді жетілдіру амалдарын игереді; адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы әлеуметтік рөлдерді орындау, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін меңгереді.