Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01601 Тарих в Қызылорда "Болашақ" университеті

  • Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар
    Несиелер: 5

    Курста қазіргі пәнаралық зерттеулер аясында тарихи таным ерекшеліктері, тарихнамадағы қазіргі заманғы бағыттар, тарихи зерттеу деңгейлері, әсіресе, макротарих, микротарих, тарихнаманың әдістемелік мәселелері, жалпы негізгі шетел мектептері және тарихнамадағы бағыттар қарастырылады. Мақсаты XX ғасырдағы батыстық тарих ғылымының тарихы бойынша білім беру, шетелдік тарихнамадағы қазіргі бағыттардың даму барысын көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Курста басқару жүйесін зерттеу тәсілдері, басқару қызметінің мәні, оны зерттеудің негізгі тәсілдері, еуропалық, американдық, жапон басқару жүйесінің теориялық және практикалық психологиялық аспектілері, басқару қарым-қатынас психологиясы, іскерлік келіссөздер психологиясы, экстремалды және стресстік жағдайлардағы басқару қызметі қарастырылады. Мақсаты болашақ педагог мамандардың барлық педагогикалық процесті басқарудағы кәсіби-психологиялық құзыреттілігін дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі /кәсіби
    Несиелер: 4

    "Шетел тілі (кәсіби)" курсы тілдік емес мамандықтар магистранттарының мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс академиялық жазу нормаларын меңгеруді, сыни талдау дағдыларын дамытуды, ғылыми шолуларды, аннотацияларды дайындауды, жүргізілетін зерттеулер тақырыбы бойынша рефераттар мен библиографияларды құрастыруды қарастырады. Мақсаты шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгерту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Курста жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде ғылыми ойлау тарихы мен философиясын терең ұғынуға негізделген пәнаралық дүниетанымның қалыптасуы, ғылым тарихындағы философиялық мәселелер қарастырылады. Мақсаты Білім алушыларды ғылымның эволюциялық дамуында қалыптасқан философиялық ойларға, дүниетанымдарға, қоғамдық құндылықтарға және ғылыми зерттеулерге үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектепте тарихты оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіне қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды оқуға, жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері мен жүйелерімен, оқыту әдістемесінің теориялық негіздерімен, оқыту процесінің классикалық, дәстүрлі форматындағы ұйымдастыру тәсілдерімен, түрлерімен, сондай - ақ қазіргі инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып танысуға бағытталған. Мақсаты жоғары мектепте тарихты оқыту әдістемесін меңгерту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тарих теориясы мен методологиясы
    Несиелер: 5

    Курста тарихи процестің әртүрлі теориялары, ежелгі кезеңнен бастап қазіргі кезеңге дейінгі ең танымал теориялар, тарихи процестің негізгі факторлары, ең ықпалды теориялық парадигмалар жан-жақты қарастырылады. Мақсаты тарих ғылымында жинақталған әртүрлі бағыттағы методологиялық теорияларды меңгеру арқылы тарихты оқыту мен зерттеуде өзіндік бағдарын анықтауға негіз болатын білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Курста Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім беру жүйесі, педагогикалық ғылым әдіснамасы, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби, коммуникативтік құзыреттілігі, оқыту теориясы, жаңа білім беру технологиялары қарастырылады. Мақсаты жоғары мектепте оқытудың кредиттік жүйесі негізінде оқыту үдерісін ұйымдастыру, болашақ мамандарды дайындауда оқытудың белсенді әдістерімен, формаларымен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқу нәтижелерін критериалды бағалау
    Несиелер: 5

    Курс тарих ғылымының пәнаралық тәсілдерге қажеттілігі, қазіргі ғылымдағы пәнаралық зерттеу үлгілерін құрастыру тәсілдерін, негізгі теориялар мен әдістерді, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның мәселелерін зерттеуде әдіснамалық тәсілдерді, тарихи үрдісті талдауда пәнаралық синтездің инновациялық әдістерін қолдануды қарастырады. Мақсаты пәнаралық интеграциялық үрдістерді қазіргі әдіснамалық мәселелер және тарих ғылымының қажеттілігі ретінде түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Орталық Азиядағы мұсылмандық модернизация (ХХ ғ. басы)
    Несиелер: 4

    Курста магистранттар империяның түрік-мұсылман халықтарының саяси және құқықтық дәрежесінің ерекшелігі, жадидизм, түрікшілдік тарихы, оның тарихи кезеңдердегі эволюциясы және оның қазақ ұлт-азаттық қозғалысындағы орны мен маңызы қарастырылады. Пәннің мақсаты: жадидизмнің мәдени-ағартушылық және реформаторлық рөлін, Орталық Азия халықтарының мәдени және саяси модернизациясы мен түрікшілдік доктринасының ХХ ғ. дамуын зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Отандық тарихтың іргелі мәселелері
    Несиелер: 5

    Курста Қазақстан тарихының теориялық, әдістемелік мәселелері, қазіргі таңдағы Қазақстан тарихын тұжырымды түрде қайта қарау, қазақтардың өмір тіршілігінің негіздері, әлеуметтік құрылымның өзгерісі және оның салдары, Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігінің құрылуы, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің негізгі кезеңдері туралы қарастырылады. Мақсаты Отандық тарихтың іргелі мәселелерін тереңінен зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Археологияның іргелі мәселелері
    Несиелер: 5

    Курста археология мен тарихтың нақты мәселелері бойынша жеке материалдардың ғылыми құндылығы, зерттеушілердің ғылыми жұмыстары және тұжырымдамалық көзқарастары, тас дәуірінің өзекті мәселелері, палеометалл дәуірінің, темір ғасырының өзекті мәселелері, орта ғасырлар археологиясының іргелі мәселелері қарастырылады. Мақсаты археологиялық ғылымның дамуының негізгі кезеңдері, археологиялық зерттеудің теориялық және әдіснамалық мәселелерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тәуелсіз Қазақстан тарихының іргелі мәселелері
    Несиелер: 5

    Курста объективті тарих, жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру, мемлекеттік бірегейліктің қалыптасуы, егемендікті нығайту, азаматтылық пен патриотизмді ұғыну факторларының бірі болып табылатын Тәуелсіз Қазақстан тарихының қазіргі заманғы мәселелерін зерттеудегі жаңа әдіснамалық тәсілдер қарастырылады. Мақсаты тәуелсіз Қазақстан тарихының іргелі мәселелерін тереңінен зерттеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тарихнама мен деректанудың теориялық-методологиялық мәселелері
    Несиелер: 3

    Курста тарихнама мен деректанудың теориялық, әдіснамалық мәселелері, методологияның теориялық негізі, тарих методологиясы, тарихилық принципі, өзектілік принципі. нақтылық принципі, тарихнаманың функциялары, тарихнама жұмысын жүргізу түрлері, тарих ғылымының методологиясындағы жалпы және ерекше, заңдылықтар туралы жалпы ереже, фактіге жалпы көзқарас, дереккөзге заманауи көзқарастар қарастырылады. Мақсаты тарихнама мен деректанудың теориялық-методологиялық мәселелерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дүние жүзі тарихының іргелі мәселелері
    Несиелер: 5

    Курста тарихи зерттеулердегі феноменологияны таңдаудың құндылық алғышарттарының мәселелері, сондай-ақ дүниежүзілік тарихтағы динамикалық стратегиялар мен факторлар, тарихи жүйелер қарастырылады. Мақсаты адамның шығу тегі туралы қазіргі заманғы көзқарастар мен теориялар, ежелгі Шығыс пен антикалық әлем өркениеттерінің саяси белгілерінің салыстырмалы сипаттамалары және батыс еуропалық феодализмнің іргелі мәселелерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тарихи зерттеулер мен білім берудегі ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 3

    Курста қазіргі жаңа ақпараттық технологияларға шолу, ғылыми және білім беру қызметінде ақпараттық технологияны қолдану әдістері мен тәсілдері, білім сапасын арттыру үшін және оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үшін ақпараттық технологияны қолданудың маңыздылығы қарастырылады. Мақсаты магистранттарға өзінің ғылыми-зерттеу жəне білім беру қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі əдістері мен жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • КСРО халықтарының ұлтаралық қатынастар тарихы
    Несиелер: 4

    Курста КСРО-дағы көпұлттылықты қалыптастыру тарихы, революцияға дейінгі ұлтаралық қатынастардың қалыптасуының тарихи алғышарттары, ұлттық саясат, ұлтаралық қатынастарды шешудегі адами ресурстардың рөлі мен маңызы, КСРО халықтарына қатысты партия мен мемлекеттің ұлттық-мәдени саясаты, этникалық қақтығыстардың ерекшеліктері қарастырылады. Мақсаты кеңестік мемлекеттің жүргізген ұлттық саясатын жан-жақты ашып, оның салдарын түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Отан тарихын кезеңдеу мәселелері
    Несиелер: 5

    Курста Қазақстан тарихын ғылыми кезеңдеу мәселелері, тарихтың маңызды кезеңдерін анықтау, жүйелеу, сол сияқты сол шартты түрде бөлінген тарихи процестің белгілі бір хронологиялық кезеңдерін анықтаудың ғылыми әдістемесі, қазіргі кездегі кезеңге бөлудің жалпы типологиясы, кезеңге бөлу критерийінің мəселелері қарастырылады. Мақсаты тарихи үдерістердің өзіне тəн белгілері арқылы сатыларға бөлудің түрлі принциптерін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Архив құжаттарымен жұмыс жасау әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курста тарихи деректермен, оның ішінде архив құжаттарымен жұмыс жасау әдістемесі, архив құжаттарын іздеу, табу, катологпен, жолкөрсеткішпен, қормен, тізбемен, іспен жұмыс жасау жолдары, архив құжаттарын талдау және маңыздылығын анықтау қарастырылады. Мақсаты архив құжаттарын пайдалану әдістемесін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Этнологияның іргелі мәселелері
    Несиелер: 5

    Курста этнологияның іргелі мәселелері, этнология тарихы және қазіргі жағдайы, оның гуманитарлық жүйеде алатын орны, қазіргі адамның дүниетанымындағы тарихи және этнографиялық білімдердің реакциялық нәсілшілдік концепциялары және шовинистік наным-сенімдермен күрестегі маңызы қаралады. Мақсаты этнологияның заманауи концепцияларын, әдістерін оқып үйрену, этнология саласындағы міндеттерді іс жүзінде шешу, тұжырымдай білуді дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы
    Несиелер: 5

    Курста тоталитаризм ұғымы, оның мазмұндық сипаттамалары және типологиясы, XX ғасырдың зерттеушілерінің еңбектеріндегі тоталитаризм тұжырымдамасы, тоталитаризмнің негізгі белгілері, институттары, саяси режим ерекшеліктері және оның негізгі тарихи формалары, тоталитаризмдегі идеологияның рөлі, Қазақстан аумағында лагерь жүйесін қалыптастыру қарастырылады. Мақсаты тоталитарлық мемлекет жүзеге асырған зұлматтың себеп-салдарын талдау .

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Күнделікті өмір тарихы
    Несиелер: 5

    Курста «Күнделікті тарих» түсінігі, теориялық және методологиялық аспектілері, күнделікті тарих деректері және оның ерекшеліктері, тарихнамасы, қазақ қоғамының жалпы сипаты, Қазақстан қалаларындағы, ауылдарындағы күнделікті өмірдің әлеуметтік-экономикалық сипаты, әлеуметтік мәдени өзгерістер қарастырылады. Мақсаты қайталану динамикасының өзгеруіне əсер етуші факторлар, қоғамның интенсивті дамуын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін жағдайларды талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ халқының мәдени мұрасының зерттелу тарихы
    Несиелер: 5

    Курста қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеудің әдіснамалық мәселелері, жаһандану жағдайында мәдени мұраны сақтау мәселелері, зерттеудің маңыздылығы, мәдени мұра құндылықтарының өркениетті елдердің қатарына қосылу барысында ұлттық сана-сезімді, менталитетті қалыптастыруы қарастырылады. Мақсаты қазақ мәдениетінің тарихи маңызын, бай мұрасының мазмұнын, өркениеттік теория аясында халықтың мәдени дамуының заңдылықтары мен үрдістерін ашып көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Алаш қозғалысының тарихнамасы және деректану
    Несиелер: 5

    Курста ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының іргелі мәселелері және Алаш қозғалысын зерттеу әдіснамасы, тарихы мен тарихнамасы, мазмұны мен әдістері, тарихи оқиғалардың заңдылықтары, дереккөздері қарастырылады. Мақсаты Алаш қозғалысының тарихнамалық және деректанулық базасын талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тарихи педагогикалық ізденістің аспектілері
    Несиелер: 5

    Курста тарихи өркениеттегі педагогикалық тарихи мектептер дәстүрінің озық үлгілері, теориялық және тарихи педагогикалық зерттеудің әдістері, олардың түрлері, деңгейлері жайлы жалпы мағлұмат, тарихи-педагогикалық зерттеулердегі базалық әдіснамалық тұғырлардың ролі, теориялық зерттеу әдістерінің мәні қаралады. Мақсаты отандық және шетелдік тарихи-педагогикалық жетістіктердің білім беру үрдісін білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    Қоғамдық сананы модернизациялаудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін ғылымның тарихы мен философиясы, жоғары білім беру педагогикасы мен басқару психологиясы туралы тиісті білімін көрсетеді. Тарихи ақпараттарды еркін игеру деңгейінде шет тілін еркін қолданады.

  • Код ON3

    Тарихты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін, оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін, педагогикалық технологияның қыр-сырын түсіндіреді, оны күнделікті сабақта өз тәжірибесінде қолданады. Критериалды бағалау әдістері бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін ескеру арқылы бағалау критерийлерін анықтайды. Практикалық қызмет барысында өзінің кәсіби дайындық деңгейін бағалайды. Тарихи-педагогикалық зерттеудің аспектілерін, тарих ғылымының негізгі кезеңдерін сипаттайды. Тарих ғылымының теориялық және іргелі білімін ғылыми-зерттеу жұмыстарында, диссертацияларды орындауда қорытындылайды.

  • Код ON2

    Әлемдік, Отандық тарихтың, археология, этнологияның іргелі мәселелері, тарихнама мен деректанудың маңызды теориялық және әдіснамалық мәселелерінің өзектілігін негіздейді. Шетелдік және отандық тарихнамадағы жаңа бағыттарды, қазіргі заманғы көзқарастар мен тұжырымдамаларды салыстыра отырып талдайды. Тарих методологиясы мен тарих ғылымының әлеуметтік функцияларын бағалайды. Ақпараттық технологияларды, архив құжаттарын тарихи зерттеулер мен білім беруде, практикада қолданады. Өркениеттік теория аясында халықтың мәдени дамуының заңдылықтары мен үрдістерін ашып көрсетеді.

7M01601601 7M01601601 - Тарих
Магистратура

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих (2 ж)
Магистратура

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих (бейіндік)
Магистратура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих педагогін даярлау
Магистратура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01601 Тарих
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих: Қазақстанның жаңа және қазіргі замандағы әлеуметтік тарихы
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих: Тарих біліміндегі цифрлық технологиялар
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих
Магистратура

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01601 Тарих мұғалімдерін даярлау
Магистратура

"Сырдария" университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01601 Тарих педагогтарын даярлау
Магистратура

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01601 Тарихшы педагог
Магистратура

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих
Магистратура

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих
Магистратура

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01601 Тарих педагогтарын даярлау
Магистратура

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: M016 Тарих педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top