Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01601 Тарих педагогтерін даярлау в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

  • Археологияның іргелі мәселелері

    Археология пәнінің өзекті мәселелері. Қазақстан археологияcының іргелі мәселелері Археологияның қазба жұмыстарының проблемалары. Археология ғылымындағы классификациялық модельдер. Палеолит дәуірінің өзекті проблемалары. Мезолит дәуірінің өзекті проблемалары. Қола дәуірі. Орта Азия көне қалаларының мәселелері. Славяндар археологиясы. Ежелгі Русь археологиясы. Оңтүстік Сібір түріктерінің ескерткіштері. Орта ғасырлық қалалардың іргелі мәселелері. Орта ғасырлық қалалардың іргелі мәселелерді сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Археологиялық зерттеулердің әдістері

    Пәнде археологияны оқытудың өзектілігі және ерекшеліктері мен археологиялық ескерткіштер және олардың түрі мен сипаты. Археологиялық кезеңдеу және хронология. Мәдени қабат. Археологиялық барлау және барлаудың басқа түрлері. Әртүрлі тарихи кезеңдердің ескерткіштерін іздеу және барлау. Ашылған ескерткіштерде қазбаға дейін жүргізілетін жұмыстар және Топографиялық карталар мен ескерткіштердің түсірілген жобалары бойынша есептерді шығаруды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Шет тілін халықаралық стандарт деңгейінде меңгеру. Ғылыми стильдің грамматикалық категорияларын ауызша және жазбаша формада меңгеру. Ақпараттық және кәсіби мазмұндағы мәліметтерді тыңдап қабылдау. Мамандық және қоғамдық-саяси мәселелер бойынша монологтық және диалогтық формада кәсіби деңгейде ауызша қарым-қатынас жасау. Магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты жазбаша мәлімдеме дайындауды қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Философия және әдістеме ғылымдары философиялық білімнің саласы ретінде. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Ғылыми революция. Ғылыми рационалдық. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Әлеуметтік институт ретіндегі ғылым. Қазіргі таңдағы ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары. Адам, тарих, мәдениет және қоғам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және нәтижелерді коммерциализациялау

    Пәнде ғылыми зерттеу-ғылым мен практиканың, сондай-ақ проблемалық жағдаяттың өзара қарым-қатынасының жемісі ретінде. Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері. Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың принциптері. Ғылыми жаңалықтарды ашу мақсатымен зерттеудің принциптік жаңа бағыттарын табу. Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формалары. Зерттеушінің ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыпастырудың маңыздылығы мен негізгі кезеңдері. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерциализациялау қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Жоғары мектепте оқытудың қағидалары мен қозғаушы күштері. Жоғары білім берудің мазмұны. Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары. Білім берудің оқу үдерісі кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру. ЖОО-да оқытудың әдістері мен белсенді үлгілері. Эдвайзер, тьютер мен офис регистратордың қызметтері. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша СӨЖ және педагогикалық бақылауды ұйымдастыру қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын жобалау мен ұйымдастыру

    Ғылыми-зерттеу жұмыстары-магистранттың басты іс-әрекеттерінің бірі болып табылғандықтан бұл пәнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына материалдарды жинақтау, өңдеу, сұрыптау, тарихи деректерді саралау арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдану, теориялық зерттеу, ғылыми-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау барысында магистранттың сыни ойлауын қалыптастыруға жол ашу жолдары, соңында диссертацияны қорғауға шығару қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы

    Басқару психологиясы - өндірістердегі, оқу орындарындағы т.с.с. іс-әрекетті басқарудың жалпы психологиялық жақтарын арнайы зерттейтін әрі модельдейтін сала. Басқару психологиясы іс-әрекетті арнайы басқарудың және психологиялық жағдайдың талдамалы модельдерін және еңбектің сапасын көтеруге бағытталған. Пәнде басқару жүйелеріндегі (мемлекет басқару, ұйым, мекеме, топ, ұжым және т.б.) адамдардың қатынастарына байланысты мәселелерді зерттейтін және білімдерді жинақтайтын қолданбалы психологияның саласы сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Архив құжаттары контестіндегі тарихи-текстология

    Пәнде тарихи дерек көзі ретінде архив қоры құжаттарының мәні-маңыздылығы, басты қызметі, құрылымы қарастырылады. Архив құжаттары негізінде отандық және шетелдік тарихтағы процестер мен оқиғаларға талдау жасалынады. Тарихи дерек көзі ретінде қолданылатын архив құжаттарының басты ерекшеліктері. Архив офистері мен өзге де тарихи құжаттардың негізгі қызметтері мен функциялары. Архивтерден зерттеу тақырыбы бойынша деректерді іздеу және анықтау сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Миграциялық үрдістер және Қазақстан халқының қалыптасуы

    Пәнде Кеңес өкіметінің орнауы қарсаңындағы Қазақстандағы ахуал мен көші-қонның негізгі үрдістері. 1926-1939 жж. көші-қон: жалпы сипаттамасы, халықтың әлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген әсері мен демографиялық салдарлары.1946-1959-жылдардағы көші-қон үдерістерінің саяси аспектілері. Көші-қон үдерістерінің республика халқының құрылымындағы өзгерістерге тигізген әсері. 1959-1970-жылдардағы көші-қон және оның халықтың этнодемографиялық дамуына тигізген әсері. 1970-1991 жж. көші-қон және оның халықтың әлеуметтік-этнодемографиялық дамуына әсері. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы көші-қон тарихы сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Деректану мен тарихнаманың ілімдік, әдіснамалық мәселелері

    Пәнде тарих ғылымының негізгі ұғымдары, принциптері мен терминдері және тарихи зерттеудегі ұғымдар мен терминдердің, деректердің және категориялардың рөлі. Теориялық-методологиялық синтез: методология және тарихи таным; теорияның тарихи танымдағы рөлі. Деректерді танудың теориялық- методологиялық проблемалары. Тарихи таным жүйесі. Білім классификациясы. Білім типологиясы. Тарихи танымдағы обьективтілік пен субъективтілік және тарихи танымның интерпретациясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтарын Ресейдің отарлау саясатына қарсы күресі

    Пәнде Ресей империясының экспанциялық-отаршылдық саясаты. 1735-1747 жж. Башкириядағы шаруалар көтерілісі. Қазақтардың Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз халықтарының көтерілісі. Шамиль бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 1849 ж. Мұхаммед-Амин бастаған көтеріліс. ХІХ ғ. І жартысындағы Қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Хандық биліктің жойылуы. 1916 ж. Қазақстан мен Орта Азиядағы түркі халықтарының ұлт-азаттық көтерілісі сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Отандық тарихтың іргелі мәселелері

    Пәнде Қазақстанның ежелгі, орта, жаңа қазіргі заман тарихының теориялық және әдістемелік мәселелері. Қазіргі кезеңде Қазақстан тарихын түбірімен қайта қарау. Қазақстанның ежелгі, орта, жаңа және қазіргі заманғы экономикалық дамуының сипаты мен ерекшеліктері. Қазақтардың өмір сүруінің негізі: көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, бұл процсетің эволюциясы, әлеуметтік құрылымдардағы өзгерістер және оның салдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептегі білім беру әдістемесі

    Пәнде тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретінде зерттейтін обьектісі. ЖОО-дағы тарихты оқыту әдістемесі пәні, мақсаты мен міндеттері, даму кезеңдері. Тарих пәнінің мектеп курстарындағы заңдылықтары мен түсініктері. Тарихи процестердің заңдылығын оқушылардың түсіну әдістері. Тарихи түсініктерді қалыптастыру жолдары, пәнаралық және пәнішілік байланыстары. Тарих пәнінің басқа ғылымдармен байланысы. Тарих сабағы, оны дайындау және өткізу. Тарихи фактілерді қолдану тиімділігі. Тарихты оқытудағы фактінің рөлі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дүниежүзі елдерінде ұлттық тарихты оқыту әдістемесі

    Пәнде әлем елдеріндегі «Отан тарихы» курсын оқытудың мазмұны мен өзекті мәселелері. Еуропа елдеріндегі ұлттық тарихты оқытудың ерекшеліктері мен әдістемесі. Еуропа елдеріндегі орта мектептер үшін Тарих пәні бойынша білім беру стандарттары. Екінші дүниежүзілік соғыс мәселесіне қатысты «жапондық», «қытайлық» және «корейлік» ұстанымдар мен көзқарастардың ұлттық тарихты оқытуға әсері. Ресейдегі және ТМД елдеріндегі ұлттық тарихты оқытудың ерекшеліктері мен әдістемесі сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстандағы түркі халықтары: этнодемографиялық талдау

    Пәнде Қазақстандағы түркі халықтарының ХІХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басындағы этнодемографиялық даму тарихы, Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында түркі халықтарының Қазақстанға депортациялануы, Қазақстанға күштеп жер аударылған түркі халықтарының тағдыры, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, 1926, 1959, 1989, 1999 және 2009 жылдардағы санақ мәліметтері бойынша Қазақстандағы түркі халықтарының әлеуметтік-демографиялық дамуы, олардың орналасуы, жастық-жыныстық ерекшеліктері, әлеуметтік-таптық жіктелуі және көші-қон үдерістері зерттеліп қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихының ХХ ғасырдғы өзекті мәселелер

    Бұл пәнде ХХ ғасырдың басындағы Патша үкіметінің құлап, Кеңестер Одағының қалыптасқан сәтінен бастап, тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейінгі аралықтағы Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелер қарастырылады. Атап айтар болсақ «кеңестік идеологияны» тарату, күштеп ұжымдастыру, дінсіздендіру саясатының бағыттары, жаппай қуғын-сүргін, тың және тыңайған жерлерді игеру, еліміздің аумағына басқа диаспора өкілдерін сүргіндеу саясаты-осы аталған тарихи оқиғалардың барлығын тарихи дерек көздеріне сүйене отырып зерттеу, зерделеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастар жиынтығындағы көш-қондыру және демографиялық үрдістер

    Пәнде халықтың көші-қонысының көбеюі, әйелдердің қоғамдық еңбекке көбірек тартылуы, урбандалу, әлеуметтік – экономикалық тұрмыстың шапшаң өзгеруі. Республикадағы және әлемдегі әлеуметтiк-демографиялық жағдайға әсер ететiн факторлары, халықаралық қатынастар жүйесінің құрылысы мен құрылымы, қызметі мен бөлшектерінің өзара қарым-қатынасын, өзін-өзі реттеу заңдылықтарын түсіну, мемлекеттердің сыртқы саясатының мәнін, мазмұны мен мақсатын оқып-білу. Сыртқы саясаттың жасалу, іске асырылу құралдарын, үрдісін, оған әсер етуші факторларды саралау қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Этнологияның іргелі мәселелері

    Пәнде этнологиялық деректер. Этнологиядағы негізгі классификация. Қазіргі әлемдегі этностар мен этникалық процестер. Этникалық субэтнос және субэтникалық топтар. Метаэтностар және олардың шығуы. Этнологиядағы алғашқы ғылыми, топтық бағыттары. Эволюционистер көзқарастары. Этнологиядағы функционализм. Германиядағы этнопсихология. АҚШ-тағы этнопсихология. Революцияға дейінгі Ресей этнологиясы. КСРО-дағы этнология. Қазақстандағы этнологияның құрылуы мен дамуы, оның ерекшеліктері. Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев еңбектеріндегі Қазақстан этнологиясы. Ә.Х.Марғұлан, Э.А.Масанов, Х.А.Арғынбаев еңбектеріндегі этнологияның іргелі мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар

    Пәнде қазіргі заманғы шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар. Курс бойынша негізгі әдебиеттер. Қазіргі тарихтанудың әдіснамасының жалпы проблемалары. Тарихтанудың объекті мен зерттеу тәсілдерінің ерекшеліктері. Тарихтанудың әдіснамасының негізгі проблемалары. Тарихи факт, қазіргі заманғы тарихнамадағы интерпретациясы. Тарихи зерттеудің тәсілдері. Тарихи түсіндіру мен түсінудің концепциялары. Тарихтанудың әдіснамалық проблемалары: тарих білімдерінің түрлері мен деңгейлері. Тарих зерттеулердегі ұғымдар мен категориялардың рөлі. Тарихи білімдердің шынайылық проблемасы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әлем тарихының іргелі мәселелері

    Пәнде дүние жүзі тарихының ежелгі және орта кезеңдері бойынша төмендегі мәселелерді қарастырады: ежелгі грек демократиясы және мемлекеттің негізгі грек полистеріне байланысты. Мемлекеттің саяси даму нысандарының негізгі грек полистерімен байланысты. Грек полистері классикалық ежелгі дүние үшін де, ежелгі грек қоғамы үшін де, сондай-ақ Рим үшін де негізгі әлеуметтік-саяси ұйымның типі сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақтардың көшпелі цивилизациясы

    Пәнде көшпелі қазақ цивилизациясының мақсаты мен міндеті. Көшпелі қазақ шаруашылығы мәдени тип ретінде. Қазақ хандығы кезіндегі жібек жолы. Қазақ хандығының ірі қалалары мен тұрақтары. Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы және халқының қалыптасу процесінің күшеюі. Қазақ қоғамындағы саяси билік түрі. Қазақ халқының мәдениеті. Шаруашылығы. Қазақ халқы және оның этникалық жер аумағының қалыптасуының аяқталуы. Қазақ жүздерінің құрылу мәселесі, жер аумағы және тайпалық құрамы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тарихи-педагогикалық зерттеудің әдістері мен әдіснамасы

    Пәнде тарихи-педагогикалық зерттеу түсінігі мен тарихи-педагогикалық зерттеудің дамуының негізгі бағыттары мен принциптері. Тарихи-педагогикалық зерттеудің ғылыми, түсінікті және критерилік аппараты. Тарихи-педагогикалық фактілерді, үрдістерді қазіргі әдіснамалық тұрғыдан зерттеу. Тарихи-педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесі және қалыптасуы. Тарихи-педагогикалық зерттеулердің түрлері мен ерекшеліктері, Теориялық және тарихи-педагогикалық зерттеудің әдістері, олардың түрлері, деңгейлері. Тарихи-педагогикалық зерттеу нәтижелерін білім беру мекемелеріне енгізу қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстар тарихы

    Пәнде соғыс майданы, бағыттары. Соғыс операциялары. Соғыс кезіндегі дүниежүзілік дамудағы қарама-қайшылықтар мен шиеленістер. Соғыстың дүниенің одан кейінгі дамуына тигізген әсері. Соғыстың аяқталуы мен салдары. Ұлт-азаттық қозғалыстар. Тәуелсіздік үшін күрестер. Ұлттық мемлекеттердің пайда болуы. Революциялық бас көтерулер мен оның нәтижелері. Түркиядағы кемалдық революция. Оның басқа Азиялық елдерге тигізген әсері. Отарлау жүйесінің ыдырауы, оның себептері. Отарлауға қарсы жаппай ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуі сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ мемлекетінің эволюциясы, ілімдік әдіснамалық мәселелері

    Пәнде, көне дәуірдегі Сақ-сармат, Үйсін, Қаңлы, Ғұндардың мемлекеттері, түркі дәуіріндегі Ұлы Түрік, Батыс Түрік, Шығыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттары, Қарахан, Қарақытай, Қыпшақ хандықтары, Найман, Керей, Жалайыр ұлыстары, Монғол, Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Көшпелі Өзбек, Ноғай Ордасы мемлекеттерінің Қазақ мемлекеттілігінің, оның басқару жүйесінің қалыптасуындағы орны, Қазақ халқының қалыптасуы және оның ұлттық мемлекеті – Қазақ хандығының құрылуы, тарихи маңызы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас

    Пәнде ежелгі кезеңнен бастап қазіргі кезеңге дейінгі аралықтағы Қазақстан тарихы мен тарихнамасына қатысты жаңашыл, тың көзқарастар аясында Қазақстан аумағында тарихи институттардың қалыптасқан сәтінен бастап ұлттық тарих мәселесіне көңіл бөлінуі, тарих ғылымының қалыптасып, даму қарқыны, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан тарихының даму қарқыны мен бағыттары, Отан тарихы саласындағы соңғы жылдардағы зерттеулер мен жобалар мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдени байланыстары

    Пәнде ежелгі дүние кезеңіндегі Орталық Азия халықтары, ежелгі қалалары мен жазба мәдениеті. Орта ғасырлар кезеңіндегі Орталық Азия халықтары және Түркі қағанаттары дәуіріндегі халықтардың саяси-мәдени байланыстары мен ислам дінін қабылдауы, ХІІІ-ХІV ғасырлардағы Орталық Азия халықтарының тарихы. Патшалық Ресей тұсындағы Орталық Азия халықтары. Кеңестер Одағы тұсындағы Орталық Азия халықтары мен мемлекеттері. Қазіргі замандағы Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдени байланыстары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • командада, тұлғааралық қарым-қатынаста, тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілік көрсете біледі;
  • отан және әлем тарихындағы маңызды тарихи деректерді жинақтай алады және оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық пен практикалық білімді қолдана алады;
  • пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша білімін және интеграциялауды көрсете алады;
  • тарихты оқытудың озық әдістемелік тәсілдерін меңгере алады және білімін теория мен практикада қолдана алады;
  • пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана алады;
  • оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру мен өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға дағдыларын қалыптастыра алады;
  • кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдай алады;
  • дереккөздерден алынған ақпараттарды тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жалпы заңдылықтарды анықтай, жіктей, жүйелей, талдай алады. Оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қалыптастыра алады.
  • оқушыларды сыни ойлауға, проблеманы шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын және құрылымын айқындай біледі;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі;
  • пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі;
  • тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалап, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынуда қолдана алады;

Ұқсас БББ

7M01601 Тарих

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01601 Тарих

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

7M01601 Тарих

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01601 Тарих

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

7M01601 Тарих

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01601 Тарих

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01601 Тарих

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01601 Тарих

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01601 Тарих

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01601 Тарих

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01601 Тарих педагогтарын даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

7M01601 Тарих педагогін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

7M01601 Тарихшы педагог

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Top