Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01601 Тарих в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М01601-Тарих (магистратура) білім бағдарламасының мақсаты тарих ғылымының негізгі пәндері бойынша білім беру; педагогика магистріне қажетті практикалық дағдыларды игерту; оның шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, магистранттарда аса маңызды әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру және соған орай, педагогикалық саладағы жұмыс күші нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M016 Тарих педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Ғылым тарихы мен философиясы (қазақ тілінде)

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тарихи білімдегі педагогикалық жобалау (ағылшын тілінде)

    Курста жобалық іс-әрекет педагогикалық шынайылықты өзгерту, инновацияларды енгізу, тарихи білімдегі білім беру үдерісі субъектілерінің жеке және кәсіби өсуін қамтамасыз ету құралы ретінде талданады. Тарихи білім беру мазмұнын жобалаудың әдістемелік аспектілері, бағдарламалар, оқу жоспарлары, педагогикалық технологиялар, оқу сабақтары қарастырылған. Педагогикалық жобалардың мазмұнына, құрылымына қойылатын талаптар және оларды практикалық жүзеге асыру ұсыныстары беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ЖОО-да тарихи пәндерді оқыту әдістемесі (қазақ тілінде)

    Курсты оқу барысында магистранттар ЖОО-да тарихи пәндерді оқыту әдістемесінің теориялық мәселелері, тарихи пәндерді оқытудың ерекшелігі, оқытуды жоспарлау мен таныстыру, жоғары білім беру мекемелеріндегі оқытудың қазіргі технологиялары, оларды қолдану жолдары, оқу процесін басқару, жоғары мектептегі бағалау ерекшеліктері мен критерилері, тарих және білім беруді цифрландыру туралы білімдерін тереңдетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби) (ағылшын тілінде)

    Пәннің мақсаты: халықаралық деңгейде кәсіби салаға кірігу үшін шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілін мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану, сонымен қатар шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерін аудару үшін, аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласындағы шетелдік тәжірибені дамыту, кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты ауызша және жазбаша түрде аудару дағдыларын жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • ЖОО тарихты оқытудағы инновациялық әдістер (ағылшын тілінде)

    Курсты оқу барысында магистранттарға жоғары оқу орнында тарихты оқыту әдістемесінің ерекшелігі, оның заңнамалық негіздері, жоғары білім беру мекемелеріндегі тарихты оқытудың инновациялық әдістері, олардың кемшіліктері мен артықшылықтары, қолданылу ерекшеліктері, оқу процесін басқарудағы жаңашылдықтар, тарихты оқытуды цифрландыру туралы білімдер беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)

    Пән мазмұны зерттеу әдістемесі, ҒЗТКЖ, ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөліктері, авторлық құқық құжаттарын рәсімдеу, зерттеу жоспарының жаңашылдығы, жобаның өмірлік циклі мен құнын бағалау, идеяларды таңдау критерийлері мен сапасын анықтау дағдыларын қалыптастырады және іс жүзінде тиімді қолдану іскерліктерін меңгертеді. Оқу пәні білім алушылардың жасанды интеллектіні зерттеу барысында көмекші ресурс ретінде тиімді пайдаланып, зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектептің педагогикасы (қазақ тілінде)

    Бұл пәнді оқудың мақсаты жоғары кәсіби білім берудің теориялық және практикалық мәселелері болып табылады. Жоғары оқу орындарының педагогикасы білім беру заңдылықтары мен принциптері, жоғары кәсіби білім беру құралдары мен әдістері туралы білімнің дамуын зерттейді. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің дамуын, оның негізгі міндеттерін біледі. Сонымен қатар педагогикалық процесті басқарудың ғылыми аспектілері және заманауи педагогикалық технологияларды қолдану туралы білімдері қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Басқару психологиясы (орыс тілінде)

    Психологияның пәнаралық қолданбалы саласы, оның негізгі міндеті психологиялық білім мен теорияларға негізделген басқарушылық қызмет мәселелерін зерттеу және шешу болып табылады. Пән басқару процесін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын және осы процесте адамдар арасында пайда болатын қатынастарды зерттейді және реттейді. Басқарушылық қызметтің заңдылықтары, принциптері, әдістері қарастырылады: басқарушылық қызметтің ерекшеліктері мен психологиялық жағдайлары талданады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Архив деректерімен жұмыс жасау әдістемесі (қазақ тілінде)

    Курс барысында магистранттарға шетелдік, республикадағы орталық және өңірлік архивтерде жұмыс жасау әдістемесі, нақты ғылыми зерттеу тақырыбы негізінде катологпен, жолкөрсеткішпен, қормен, тізбемен, іспен жұмыс жасау жолдары, табылған құжаттарды алу (конспектілеу, электронды таспалау), жинақтау, саралау, талдау, салыстыру және маңыздылығын анықтау туралы білімдер беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудағы жаңа әдістер мен көзқарастар (ағылшын тілінде)

    Курста магистранттарға жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудың жаңа әдістері мен көзқарастары туралы жаңа білімдер, оқытудың жаңа технологиялары,олардың мазмұны, қолдану жолдарын меңгерту, жаңа және қазіргі заман тарихын кезеңдеу, бұл мәселеде өркениеттік көзқарасты қолдану, Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихын ұлттық тарих методологиясы тұрғысынан оқыту туралы білімдер беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жаһандану және қазіргі әлемдегі көші-қон үдерістері (ағылшын тілінде)

    Курсты оқу барысында магистранттар жаһандану және қазіргі әлемдегі көші-қон үдерістерінің теориялық мәселелері, жаһандану және көші-қон үдерістеріндегі тенденциялар, қазіргі көші-қон үдерістерінің себептері, бағыттары, сипаты мен салдары туралы білімдерін тереңдетеді. Сондай-ақ, курсты оқу барысында жаһандану және қазіргі әлемдегі көші-қон үдерістерінің әлемдік экономика мен демографияға ықпалы талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі заман тарихының өзекті мәселелері (орыс тілінде)

    Пәнді оқу барысында магистранттар курстың теориялық мәселелері, қазіргі әлемнің саяси-экономикалық дамуының үрдістері, әлемдегі аймақтық интеграциялық процестер, ондағы қайшылықтар, жаңа соғыс ошақтары, олардың пайда болуының себептері, оған жетекші державалардың саяси ұстанымдары, жаңа ғасырда орын алып отырған қауіп-қатерлер туралы білімдерін тереңдетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас (орыс тілінде)

    Магистранттар әлем тарихының іргелі мәселелерін зерттеудегі жаңа концептуалдық көзқарастармен, историософияның негізгі категориялық аппаратымен, тарихи динамика, тарихтың құрылымы, қозғалысы, мәні туралы мәселелермен танысады; шетелдердің әлеуметтік-экономикалық, саяси, конституциялық-құқықтық даму тарихының іргелі мәселелерін ой елегінен өткізудің жаңа концептуалдық негіздері, адамның тарихи дәуірлерде өмір сүруінің іргетасы болып табылатын негізгі құндылықтардың эволюциясы туралы білімдерін жүйелейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • АҚШ-тың посткеңестік кеңістіктегі қазіргі саясаты (ағылшын тілінде)

    Курста посткеңестік кеңістіктегі АҚШ-тың қазіргі саясатының негізгі аспектілері қарастырылады. АҚШ дипломатиясының мақсаттары мен әдістері, қоғамдық дипломатия институттарын пайдалану тетіктері, саяси және экономикалық мүдделерін алға жылжытуда «жұмсақ» және «қатал» күштердің үйлесуі зерттеледі. Орталық Азия мен Қазақстандағы АҚШ стратегиясына ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Отан тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас (қазақ тілінде)

    Магистранттарға Отан тарихының іргелі мәселелеріне қатысты жаңа көзқарастарға негізделген білімдерді беру, атап айтқанда, Қазақстан тарихын кезеңдеу мәселесі, ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері, Қазақ мемлекеттілігінің құрылу мәселесі, қазақ халқының ұлт-азаттығы жолындағы күресі тарихының өзекті мәселелері, кеңес дәуіріндегі және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының іргелі мәселелері туралы білімдерді түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі көшбасшылық (қазақ тілінде)

    Курстың мақсаты – білім алушыларда білім беру саласындағы көшбасшылық пен менеджменттің негізгі бағыттары және оларды кәсіби қызметте жүзеге асыра білу туралы түсінік қалыптастыру. Магистранттар басқаруды демократияландыруға, қойылған міндеттерді шешудегі алқалылық пен жеке тұлғаға, басқарудағы объективтілікке назар аудара отырып, басқару заңдылықтары мен принциптерін зерделейді. Курс коммуникативтік дағдыларды, жаңашыл және креативті ойлауды, мәдениетаралық құзыреттілікті, дизайн-ойлауды жетілдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи білім берудегі медиа-контент (қазақ тілінде)

    Курстың мақсаты магистранттарда тарихи білім беруде медиа-контентті жасақтау, өңдеу және пайдалану бағытындағы білімдерін кеңейту, икемділік-дағдыларын дамыту болып табылады. Курсты оқу барысында магистранттар медиасауаттылықтарын арттырыды, ол үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданады, ақпараттар ағынымен жұмыс жасау, оларды тексеру, талдау және пайдалану әдістерін меңгереді. Тарихи пәндерді оқыту процесіне қажетті медиа-контентті жасақтауды үйренеді, оларды қолдану құзыреттіліктерін жетілдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ресей империясының Орталық Азиядағы саясаты (қазақ тілінде)

    Курсты оқу барысында магистранттар Ресей империясының Орталық Азиядағы ХУІІ-ХІХ ғасырлардағы саясаты, олардың кезеңдік ерекшеліктері, әскери отарлау шаралары, ХІХ ғасырдағы реформалар нәтижесінде жаңа басқару жүйесін енгізуі, жергілікті халықтардың оған деген қарсылығы, патша үкіметінің жаңа отарлау тәсілдері, қоныстандыру саясаты, рухани отарлау бағыттары, мәселенің тарихнамасы туралы білімдерін кеңейтеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар (орыс тілінде)

    Магистранттар ХІХ ғ. тарихи ойлау түрлері, классикалық историзм, оның ғасырлар тоғысындағы дағдарысы, «Анналдар» мектебі, оның екінші толқыны, ментальдылық тарихы және тарихи антропология, сандық тарих, психотарих, микротарих, ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы тарихи ойдың даму үрдістері туралы білімдерін кеңейтеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Тарихи оқиғаларды талдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында методологиялық көзқарастарды, принциптерді ажырата біледі және зерттеудің жалпы ғылыми, арнайы тарихи әдістерін қолданады.
  • Қазіргі педагогикалық антропология, психология саласындағы білімдерді, жоғары кәсіби педагогтардың тәжірибелерін зерттеу, жалпылау, тарату және қолдану икемділіктері мен дағдыларын меңгерген, басқару үдерісінің психологиялық заңдылықтарын біледі.
  • Шет тілін біліп, түсінетіндігін көрсетеді, іс жүзінде білімі мен оқу қабілетін қолдана біледі, мамандығы бойынша әдебиеттерді конспектілей алады, шет тілінде акадамиялық жазу және ауызша сөйлеу дағдыларын меңгерген.
  • Әлемнің ғылыми бейнесі, дүниежүзі және отан тарихының өзекті мәселелері, әлем тарихы мен жаһандық, этнодемографиялық, миграциялық үдерістердің олардың тарихи, экономикалық және құқықтық жағдайларына қарай даму логикасы туралы білімі мен түсініктерін көрсетеді.
  • Жалпыадамзаттық мәдениет және ұлттық ерекшеліктер жетістіктері негізіндегі қызмет тәжірибесі мен танымын игерген, өз халқының мәдениетін және әлемнің мәдени көпалуандылығын бағалайды; рухани келісім және толеранттылық идеяларын қолдайды.
  • Педагогикалық қызметке деген жоғары мотивациясы бар және өзбетінше білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылады.
  • Тарихи деректермен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін қолданады, ғылыми зерттеуде архивтік-ақпараттық технологияларды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданады, түрлі тарихнамалық мектептердің тұжырымдамаларын сыни тұрғыда қабылдайды, батыстық тарихнама теорияларымен таныс.
  • Басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерді қалыптастырады: сыни ойлау, шығармашылық ұстаным, инновациялық көзқарастар жасақтау және кез-келген өмірлік жағдайда шешімдер қабылдау дағдыларын меңгерген.
  • Оқу және тәрбие үдерісін ұйымдастырады, педагогикалық үдерісті жоспарлайды және басқарады, педагогикалық қызметтің қорытындысын диагностикалайды, болжау және түзету дағдыларын меңгерген.
  • Педагогикалық интеграция теориясы, тарихи пәндерді оқыту әдістемесі, педагогикалық жобалау және тарихи білім беруде медиа-контентті қолдану саласының білімдерін; педагогикалық міндеттерді шешуде әртүрлі пәндік салалардан білімді интеграциялау, әлеуметтік серіктестік пен педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу біліктері мен дағдыларын меңгерген.

Ұқсас БББ

7M01601 Тарих педагогтерін даярлау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

7M01601 Тарих

Қызылорда "Болашақ" университеті

7M01601 Тарих

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

7M01601 Тарих

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

7M01601 Тарих

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

7M01601 Тарих

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

7M01601 Тарих

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7M01601 Тарих

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)

7M01601 Тарих

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

7M01601 Тарих

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

7M01601 Тарих педагогтарын даярлау

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

7M01601 Тарих педагогін даярлау

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)

7M01601 Тарихшы педагог

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Top