7M01102 Педагогика және психология в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Магистранттардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, жалпы және кәсіби (жобалық, ғылыми-зерттеу, коммуникативтік, ұйымдастырушылық-басқару, сыни-сараптамалық, педагогикалық) құзыреттіліктерді, міндеттерді шешуде болашақ кәсіби қызметінің табыстылығын қамтамасыз ететін негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру, сондай-ақ педагогикалық қызметке теориялық және практикалық дайындықты қалыптастырып, оларды практикалық қызметте (жобалық, ғылыми-зерттеу, коммуникативтік, ұйымдастыру-басқару, сыни, сараптамалық, педагогикалық) мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес іске асыру дағдыларын дамыту.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M001 Педагогика және психология
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M011 Педагогика және психология
Пәндер
-
Педагогикалық имиджелогия
Бұл курста педагог іс – әрекетінің құрамды бөліктері немесе компонентері бар кәсіби имидждің мазмұнын сипаттап, білімі мен түсініктерін көрсетеді және оқу – тәрбие процесінде педагогтің кәсіби іс – әркетіндегі құзіреттілік және эрудициясы, педагогикалық рефлексия, педагогикалық мақсаттылық дағдыларын қалыптастырудың сипаттарын көрсетеді. Курстың мақсаты: педагог имиджі туралы тұтас және жүйелі түсінікті қалыптастыру, педагогикалық имидждің компоненттерін талдау және қалыптастыру дағдылары мен іскерліктерін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі диагностика мен психометрия
Бұл курс білім берудегі диагностика мен психометрияның теориялық және әдіснамалық негіздерін, негізгі психодиагностикалық ұғымдар, психометриялық негіздер және тұлға мен интеллект диагностикасының әдістері туралы жалпы идеяларды қалыптастыруды қарастырады. Курстың мақсаты: кәсіби құзыреттілік шеңберінде білім берудегі психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялық негіздері туралы негізгі білім жүйесін және психологиялық диагностиканың негізгі ұғымдарын, әдістері мен рәсімдерін қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Психология
Психология ғылымының әдіснамалық негізі, принциптері, психикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің әдістері, психология ғылымының негізгі зерттейтін ұғымдары туралы сипатталады, психологиялық құбылыстар заңдылықтары туралы ғылыми көзқарастар талданады және психикалық процестердің заңдылықтары мен адамның қасиеттері туралы білімдер негізінің мазмұны айқындалады. Курстың мақсаты: психологиялық заңдылықтардың негізінде психикалық процестердің тәсілдерін, даму жолдарын оқып, меңгереді және дәлелдерін қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Менеджмент
Бұл курс басқарудың практикалық мазмұнының мәселелерін жан-жақты ашады, басқару туралы білім кешенін қалыптастырады, басқару қызметінің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың, басқару жүйелерін талдаудың және оларды жобалаудың нақты дағдыларын қалыптастырады. Курстың мақсаты: менеджменттің теориялық негізі мен дамуы негізінде басқару еңбегі мен басқару қызметінің білімі мен түсініктерін көрсетеді және менеджмент жүйесіндегі ұйымдастыру қатынастарының әдістерін жіктейді және дәлелдерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру
Бұл курс ғылыми жұмысты жоспарлауда және психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын ұйымдастыруда, ғылыми-зерттеу жұмысына дайындық пен психологиялық зерттеулерді өңдеуде зерттеу әдістерін практикалық қолдану жолдарын қарастырады. Курстың мақсаты: магистранттың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру және ғылыми-педагогикалық зерттеуде әдістерді қолдана білуді меңгерту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шетел тілі (кәсіби)
Бұл курс магистранттардың кәсіби дағдылар мен кәсіби тақырыптар бойынша ақпарат алмасуды жалғастырады, ғылыми, іскерлік, өндірістік және академиялық мәселелерді шешуде кәсіптік қызметте белсенді қолдануға арналған практикалық ағылшын тілін меңгереді, оқу дағдыларын жақсартады және ғылыми әдебиеттер мен мамандықтар бойынша әдебиеттерді қамтиды. Курстың мақсаты: шетел тіліне кәсіби бағытта оқытуда білім алушылар әлеуметтік жетерлі қарым-қатынас құзырлығын қалыптастырып, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық біліктіліктерін дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Тұлға дамуының теориясы мен әдіснамасы
Бұл курста тұлғаның әлеуметтік-психологиялық талдауын және жеке даму мәселелерін, адамның психологиялық, физиологиялық, морфологиялық, әлеуметтік аспектілерін көрсететін жеке даму сипаттамаларының теориялық және әдіснамалық негізін меңгереді. Курстың мақсаты: тұлғаның даму проблемасын және тұлғаның кең таралған теорияларының әрқайсысында әдіснамалық негізді зерттеу, тұлғаның дамуына әлеуметтік-психологиялық талдау жүргізу құзіреттіліктерін игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогтың психологиялық сауаттылығы мен құзыреттілігі
Бұл курста педагогтың тұлғалық-кәсіби психологиялық ойларының дамуын және жеке тұлғалық, мазмұндық, технологиялық компоненттерін, психологиялық сауаттылығы және кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі туралы білімдерін зерттейді. Курстың мақсаты: магистранттардың кәсіптік білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық қызмет міндеттерін шешуге дайындығын қамтамасыз ететін кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістер
Тұлғаның даму заңдылықтарының әр түрлі кезеңдерінде психологиялық ерекшеліктері мен даму феномендерін қамтитын жалпы білім жүйесін анықтайды және психология мен білім берудегі мәдени-тарихи, іс-әрекеттік әдістерді қолданудың мазмұнын анықтап, әдістерді тиімді қолдануды игереді. Курстың мақсаты: адам психикасының дамуы және оқыту үрдісі заңдылықтары мен принциптерінің өзара байланысын көрсету арқылы нақты дүниені ғылыми зерделеуді меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі инновациялық технологиялар
Оқыту процесінде инновациялық технологиялардың ғылыми негізін зерттеу арқылы теориялық - әдіснамалық мазмұнын анықтау және оқу – тәрбие процесінде тиімді қолданудың әдістері мен жолдарын ұсыну болып табылады. Курстың мақсаты: білім берудегі инновациялық технологияны б3л3м беру 9йымдарында оқу–тәрбие жұмыстарын басқарудың әдістемесін қолдануды үйренеді және оқу технологиясын айтарлықтай белсенді түрде игерудің негізінде өзіндік дамуына негіз болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық негіздері
Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби негіздері бойынша ақпарат алмасу және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, оқытушылық іс-әрекеттің формалары мен әдістерін меңгеру мен психологиялық негіздерінің мақсатын, рөлін қарастырады. Курстың мақсаты: педагогикалық іс-әрекет барысындағы әдіснамалық білімдермен қаруландырады және негізгі қызметі мен іс-әрекетінің психологиялық құрылымын игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Психологиядағы басқарудың жалпы теориялық аспектілерін, пәні мен басқару іс-әрекетінің субъектісінің психологиясы туралы білімді игеріп, басшының іс-әрекетіндегі әлеуметтік-психологиялық мәселелерді айқындау және оларды талдауда тұлға және топ туралы заманауи ғылыми тұжырымдамаларды електен өткізіп, нақты психологиялық сараптама жүргізуге қажетті әдістерді анықтау үшін әдіснамалық және теориялық талдауды қарастырады. Курстың мақсаты: психологиялық теориялар мен басқару әдістері туралы білімді қалыптастыру және басқару функцияларының психологиялық ерекшеліктері мен олардың кәсіби қызметке әсерін анықтау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми және практикалық процестерді дамыту туралы ақпарат пен зерттеу дағдыларын игеріп, нәтижелерді түсіндіріп және психологиялық қорытынды жасап отырып психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын ұйымдастыруда зерттеу және жоспарлау әдістерін, мұғалімнің педагогикалық сауаттылығы мен кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін, білім берудегі диагностиканың теориялық және әдіснамалық негіздерін талдай алады.
- Менеджменттің мазмұны, функциялары мен әдістері туралы заманауи түсініктерін қалыптастырып, теориялық-ғылыми практикалық зерттеу саласындағы базалық білімді талдай отырып, психологиялық құбылыстар мен процестердің заңдылықтарын, сондай-ақ тұлға психологиясының теориялық және эмпирикалық білімдерін меңгеріп, кәсіби тақырыптарда ақпарат алмасу және қарым–қатынас жасау үшін шет тілін меңгеру дағдыларын, сондай-ақ білім беру үдерістерінде басқару принциптерін, әдістерін, құралдарын, психологиялық жағдайдың аналитикалық үлгілерін қолдана алады.
- Психиканың даму заңдылықтарын және тұлғаның, психологиялық ерекшеліктерін және әртүрлі сатылардағы даму құбылыстарын талдап, оқытушының мақсаты мен мазмұны туралы білімдерін, теориялық және практикалық қызметінің мотивациясын пайдалана отырып оқытушының имиджін қалыптастыру қасиеттері мен теориялық және практикалық іс-әрекетінің мақсаты мен мазмұны туралы білімді игеріп, психологияда және білім беруде мәдени-тарихи әдістерді, сондай-ақ педагогтің кәсіби қызметінде және оқу-тәрбие үдерісінде құзыреттілік пен эрудиция, педагогикалық рефлексия, педагогикалық мақсаттылық дағдыларын қолдануға қабілетті.
- Топтар мен жеке тұлғалардың өмірлік іс-әрекетімен байланысты психологиялық-педагогикалық құбылыстардың диагностикасын жүргізуге, адам ресурстарын басқарумен және жұмыс процестерін ұйымдастырумен байланысты психологиялық мәселелер бойынша консультациялар ұйымдастыруға, практикада әртүрлі бағыттағы тренингтер өткізуге (жеке даму, коммуникативтік тренингтер, топтық бірлік, бизнес-тренингтер), білім беру мекемелерінде психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытуға қабілетті.
Ұқсас БББ
7M01102 Педагогика және психология
Шымкент университеті
7M01102 Педагогика және психология
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M01102 Педагогика және психология: педагогикалық өлшемдер
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01102 Педагогика және психология
«Тұран-Астана» университеті
7M01102 Педагогикалық менеджмент және психология
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
7M01102 Педагогика және психология
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01102 Педагогика және психология
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
7M01102 Педагогика және психология
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)