7M01102 Педагогика және психология в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 1.Тұлға ретінде қалыстаастыру Оқытушының кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің мәні мен және білімдермен қаруландыру.Психология саласында мәселелерді шеше алатын,өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңызын жоғары дәрежеде меңгере алады. 2. Педагог ретінде қалыптастыру.Кәсіби шеберлігі мен біліктілігі жоғары,іскерлік қабілеттілігі жетік, адамгершілік қасиеттері жоғары білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптптастыру. 3.Кәсіби маман ретінде Өзінің кәсіби енбегінің нәтижесі үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі.Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, озық ойлы, жоғары мәдениетті және толерантты мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M001 Педагогика және психология
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M011 Педагогика және психология
Пәндер
-
Тағлымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперменттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)
Психологиялық ғылымдар саласында эксперименттік және қолданбалы зерттеулер жүргізу. Магистранттарды ғылыми қызметке дайындау, кешенді емтихан тапсыру, магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау, кәсіби құзыреттілік және магистранттардың кәсіби қызметке дайындығы мәні болып табылатын ақпаратты жинақтау.Магистранттардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін бағалау.Магистранттың ғылыми жаңалығын бағалау бағытында ғылыми қызметінің қорытындысын шығару, әр түрлі деңгейдегі апробация және магистранттың алдына қойылған мәселелерді шешу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 13
-
Инновациялық педагогикалық технологиялардың ғылыми негіздері
Қазіргі заманғы инновациялық педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде, инновациялық педагогикалық технологиялар, оқу пәндерінің негізінде оқыту технологияларына сипаттама, инновациялық педагогикалық технологиялардың топтастырылуы, инновациялық педагогикалық технологиялар түрлерін меңгерту
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педогогтың инновациялық құзырлығы
Жаңа парадигмалық жағдайдағы педагогикалық инновацияда педагог (неология,аксиология,праксиалогиялық жағдайдағы) білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері мен даму бағыттарының кәсіби шығармашылық деңгейін меңгеру; педагогтың білімі, білігі, иннтеллектуалдық, кәсіби әдіс-тәсілдер жүйесін қолданудағы шығармашылық қабілет жиынтығы жоғары деңгейде болуы тиіс; мұндағы қажеттілік,қабілет,мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асуы қажет;
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ЖОО-да жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу; жаңа технология мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына ықпал беруі керек, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектесуі қажет, әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізуге бейімделуі қажет.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инновациялық педагогика
ЖОО оқу–тәрбе прцесін ұйымдастыруда педагогика ғылымының негізгі түрін, оның дидактикалық талаптарын, сабақтың тиімділігін арттырудың озат тәжірибелерін баяндайды. Магистранттардың оқу–тәрбие заңдылықтарын зерттейді.Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды топтастыра отырып, оқу және тәрбие үрдістеріндегі әрекеттерді байланыстырып, ізгілік көзқарастарды қалыптастыру жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Патопсихология
Эксперименталды-психологиялық зерттеулерді жүргізе білу; - психиатриялық сараптама (еңбек, әскери) жүргізу кезінде психиканың бұзылу деңгейі мен құрылымын психикалық талдауды және бағалауды жүргізе білу; - психикалық аурулары бар балалар мен жастардың мүгедектікке ұласуының алдын алу мақсатымен, еңбекке және оқуға ұсынуды таңдау және негіздеу үшін олардың интеллектуалдық сферасының ерекшеліктерін психологиялық талдауды жүргізе білу;
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
ЖОО-дағы психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі
Психологиялық пәндерді оқыту әдістемесінің теориялық негіздерінің мазмұнын ашу; - ЖОО-дағы психологиялық пәндерді оқытудың мәселелеріне қызығушылықты тудыру; - магистранттардың психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруге ұмтылуына бағыттау; - магистранттарды қолданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру; - магистранттарды жеке кәсіби іс-әрекеттегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға ынталандыру; әр нақты жағдайдағы оқытудың әдістемесін дұрыс қолдануға үйрену; - оқытудың әдістемесін жетілдіруге үйрену; - психология бойынша сабақтарды жүргізуде жеке позициясын түсіндіре білу; - о��у пәні ретінде психологияны оқытуда туындайтын практикалық мәселелерді шешуге теориялық білімді психолог-ізденуші және окытушы дағдысын игеру
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Нейропатопсихология
Нейропатопсихология – адам жүйке жүйесі мен психикасының өзгерістерін зерттейтін пән.Магистранттарға нейро және патопсихологияның ерекшеліктерін, оның түрлерін, медициналық психология мен байланысын қарастырады.Материалдар мазмұны арқылы «патопсихология» оқу курсының нәтижесінде студенттерге курстың мақсаты, міндеттері, мазмұны және фундаментальды патопсихологиялық түсініктер мен олардың анықтамалары туралы білімдер қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
ЖОО оқытушысының қызметін оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету
Білім беру бағдарламалары Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесінде нақты анықталған және тағайындалатын біліктілікке тиісті болып, кәсіби стандарттардың негізінде дайындалуы тиіс; оқу әдістемелік құралдар кәсіби, әлеуметтік- басқарушылық, арнайы, сыни ойлау, инновациялық өлшеу, сонымен қатар олардың тұлға ретінде дамуын, оның ішінде студенттерді белсенді азаматтық ұстанымға дайындауы, бірнеше тілдерді меңгеруін де қамтамасыз етуі қажет; .
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салыстырмалы психология
Салыстырмалы психология -психикалық дамуы түрлі деңгейдегі жануарлар эволюциясының дамуы туралы ғылым және онтофилогенездегі дамуды, жануар мен адамның психикалық процестерінің пайда болуын, дамуын зерттейді.Cалыстырмалыпсихология психиканың пайда болу деңгейінен бастап адамдар психикасына дейін төменгі және жоғарғы шектерін қарастырады.Төменгі шегі жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылықтарын, ал жоғарғы шегі адам мен жануарларды салыстырмалы түрде қарастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
Оқыту нәтижелері
- Білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды меңгеру;
- Жалпы білім беру мекемелерінде педагог-психолог ретінде педагогикалық үдерісті және педагогикалық үдерісті және педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыра білу , оқу-тәрбие үдерісіне қатысты іс-шараларының жоспарларын жасай алу, ғылыми жобаларды дайындауға қатысу, оқу-тәрбие жұмысының бағдарламаларын жасап, оларды жалпы-білім беру мекемелерінде жүзеге асыру дағдысын меңгеру;
- Елдің Ата заңына, дәстүріне,мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына , салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу;
- Қазақстанның индустриялық және басқа да ұйымдардың қажеттіліктеріне сәйкес инновациялық технологияларды дамытуға жылдам қарқынмен дайын, кәсіби құзіреттіліктері қалыптасқан білім беру саласындағы біліктілігі жоғары мамандарды дайындау;
- Магистранттарға теориялық және практикалық базаларға сүйенген, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген педагогика және психологияның негізгі салаларынан жүйелі білім беру;
- Мекемеде психологиялық жағымды және қауіпсіз білім беру ортасын жасақтауға қатысу;
- Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық –педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге , білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды даярлау;
- Білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуда қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау;
- Басқа мамандармен бірге әрекеттесе отырып пән аралық психологиялық педагогикалық және әлеуметтік – реабилитациялық іс-шараларға қатысу;
Ұқсас БББ
7M01102 Педагогика және психология
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M01102 Педагогика және психология
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M01102 Педагогика және психология: педагогикалық өлшемдер
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M01102 Педагогика және психология
«Тұран-Астана» университеті
7M01102 Педагогикалық менеджмент және психология
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
7M01102 Педагогика және психология
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M01102 Педагогика және психология
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
7M01102 Педагогика және психология
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)