Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01101 Педагогика және психология в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Педагогика және психология саласында мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдардың жұмыс істеу және даму стратегияларын жасауға, логикалық әдістерді пайдалануға, кәсіби қызмет пен өзара іс-қимыл модельдерін құрастыруға және басқару әдіснамасын менгеруге, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді модельдеуге, енгізуге және бейімдеуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D001 Педагогика және психология
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар

Оқыту нәтижелері

  • Өзекті заманауи ғылыми зерттеулерді жоспарлап және іске асырып, ғылыми зерттеулердің ұлттық және халықаралық жарияланымдарының жағдайы туралы білімді пайдалану арқылы ғылыми-зерттеу саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін алынған нәтижелерді сандық және сапалық әдістермен өңдейді және бағалайды.
  • Психологиялық-педагогикалық маңызды зерттеулердің нәтижелерін өңдеп, сараптай отырып, нәтежелерін түсіндіріп, диагностикалап, оқу үдерісінде қолданып, шешім қабылдайды.
  • Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады.
  • Зерттеу дағдылары мен әдістерін игере отырып, өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қалың жұртшылыққа хабарлай отырып, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өз түпнұсқа зерттеулерімен үлес қоса отырып, зерттеу саласы туралы жүйелі түсінік көрсетеді
  • Жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдай отырып, ғылыми көзқараспен маңызды зерттеу процесін ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсетеді
  • Әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды инновациялық технологиялардың іскерлік қолданбаларымен сыни тұрғыдан талдай және салыстыра отырып, жаңа идеялармен шешімнің прототипін әзірлейді.
Top