Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01101 Педагогика және психология в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • өзінің кәсіби біліктілігін, ғылыми еңбек өнімділігін және жариялау белсенділігін арттырады, ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс істейді;
  • академиялық мәтіндерді ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес әзірлейді, академиялық жазудың барлық стильдерін меңгереді; академиялық адалдық пен әділдік принциптерін ұстанады;
  • психологиялық-педагогикалық зерттеулер саласында және пәнаралық контексте іргелі білімдерді меңгереді;
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізеді, олардың нәтижелерін түсіндіреді және зерттеушінің әдіснамалық мәдениетін көрсетеді;
  • психология ғылымының қазіргі заманғы тенденциялары мен даму бағыттары туралы білімін жетілдіреді;
  • жоғары кәсіптік білім берудің психологиясы мен педагогикасы тұрғысынан әлеуметтену мәселелерін зерттейді; білім алушының азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруға ықпал етеді;
  • жоғары оқу орындарында оқыту мен бағалаудың білім алушыға - бағдарланған тұғырына негізделген кәсіби педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырады;
  • білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, студенттердің әртүрлі санаттары үшін бағдарламалар мен әдістемелік материалдарды әзірлеу дағдыларды меңгереді; білім алушылармен, әріптестермен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерімен оңтайлы қарым-қатынас жасайды;
  • цифрлық технологиялар, жасанды интеллект туралы білімдерді меңгереді; оларды ғылыми зерттеулер жүргізуде және білім алушылармен кері байланыс орнатуда қолданады;
  • ғылыми ақпаратпен жұмыс істеуді біледі, зерттеуді библиографиялық, математикалық және статистикалық тұрғыда ресімдей алады;
  • жаңа немесе тәуелсіз ғылыми идеяларды тудыруда, талдау, жалпылау және бағалауда шығармашылық қабілетін көрсетеді;
  • педагогикалық өлшемдер саласында қажетті білімдерді; білім беру бағдарламаларының мазмұнына және ғылыми зерттеулерге сараптамалық талдау жасау дағдылары меңгереді.
Top