Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05101 Биология в Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

  • Ботаника
    Несиелер: 5

    Ботаника курсы өсімдіктердің жалпы құрылысын сипаттайтын морфологияны, өсімдіктер әлемінің анатомиялық құрылымын түсіндіреді. Пән цитологиямен, гистологиямен, өсімдіктер физиологиясымен және экологиямен байланысты. Пән теориялық және қолданбалы мәнге ие, өйткені ол өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың әртүрлі жүйелі топтарындағы репродуктивті биологияның негіздерін айқындайды. Өсімдіктер әлемінің эволюциясы, өсімдіктер арасындағы байланыс, тірі организмдердің басқа деңгейлері мен тіршілік ету ортасы туралы көзқарастарды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математика
    Несиелер: 4

    Пән классикалық анықтамаларды, теоремаларды, әдістерді және геометриялық және алгебралық объектілер арасындағы байланысты орнатуды, геометриялық объектілерді компьютерлік есептеулерде пайдалануды, талдауда математикалық аппаратты және математикалық әдістерді пайдалануды, қазіргі заманғы процестер мен жүйелерді басқару және ақпараттық технологиялар жүйесін математикалық модельдеу және талдау, бағдарламалауды, әдістерді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Биологияға кіріспе
    Несиелер: 4

    Курс мазмұны жалпы биология ғылымының даму кезеңдері, тіршіктің пайда болуы мен тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері, микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлардың әлемінің жалпы сипаттамасы, ағзалардың көбеюі мен даму заңдылықтары, ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынасы туралы алғашқы ғылыми білімдерді қалыптастырады. Биологияның жалпы ғылым жүйесіндегі орнын және құндылығын, даму тарихын және қазіргі заманғы жағдайын білу арқылы биологияның негізгі іргелі заңдылықтарын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Зоология
    Несиелер: 4

    «Зоология» пәні жануарларды, олардың шығу тегін, дамуын қазіргі жағдайын жан-жақты зерттеп, биосферадағы маңызын талдау жасайды. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың морфологиясы, систематикасы, биологиясын түсіндіреді. Омыртқалы жануарлар пәнін меңгеру нәтижесінде студенттер теориялық курс пен қатар практикалықта тәжірибе алады. Алған білімін ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге,өсімдіктер мен жануарлар әлемінің эволюциясындағы әртүрлі топтардағы жануарлардың маңыздылығын анықтауға қолданады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Гистология және эмбриология негіздері
    Несиелер: 4

    Дененің әртүрлі физиологиялық және қорғаныс-бейімделу реакцияларына байланысты жасушалар мен тіндердің құрылымындағы өзгерістерді тануды, тіндер мен ағзалардың жасушаларында және жасушааралық заттарында байқалатын құрылымдық өзгерістерді талдау және салыстырмалы талдау жүргізуді үйретеді. Жасушалардың, тіндердің, ағзалардың жас ерекшеліктеріне, тіндердің, мүшелердің сыртқы орта факторларына бейімделуіне, цитогенез және гистогенез заңдылықтарына, тіндер регенерациясының дифференциялдану жолдарына көңіл бөледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жалпы экология
    Несиелер: 5

    Курс экологияның негізгі бағыттары туралы түсінік береді; негізгі ғылыми ұғымдар туралы, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы, тірі организмдердің экологиялық факторлармен, оның ішінде антропогендік факторлармен өзара әрекеттесуінің жалпы заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Пәнді игерудің мақсаты – негізгі тірішілік орталары туралы ; табиғаттағы зат айналымы туралы түсінік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Адам анатомиясы
    Несиелер: 4

    «Адам анатомиясы» пәнінің мазмұны адам организмінің құрылысы, морфологиясы,топографиясы, шығу тегі және онтогенездік,филогенездік дамуы туралы білімге негізделген. Бағдарламаны игеру барысында адам организмін құрайтын мүшелер мен тіндердің құрылысын, жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктеріне сәйкес мүшелердің өзара анатомо-топографиялық қатынастары туралы түсініктер жинақталып, адамның дене құрылысына сыртқы ортаның, еңбектің, әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерлерін де сипаттайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсы кәсіпкерлік және бизнес туралы түсінікті қалыптастыруға, білім алушының санасына іскерлік ойлауды енгізуге, дағдыларды бекітуге және кәсіпкерлікке оқытудың инновациялық тәсілдерін пайдалануға арналған. Осындай курс аясында шығармашылық ойлау және іскерлік жобалар арқылы идеяларды жүзеге асыруды пысықтау дағдылары қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасуша биологиясы
    Несиелер: 5

    "Жасуша биологиясы" пәні организмдердің жасушалық құрылымын, жасуша теориясы мен оның принциптерін, тірі организмдерге тән тіршілік әрекетін жүзеге асырудағы жасуша функцияларын зерттейді: өсу және көбею, метаболизм, тыныс алу, тітіркену. Жасушаның барлық аспектілерін, өмір сүру кезеңдерін, бөлінуді үйретеді. Жарық микроскоптарының негізгі түрлерін, жасуша құрылысын зерттеу үшін цитологиялық және гистологиялық препараттарды зерттейді; жануарлар мен өсімдік жасушаларының қызметін сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ұлттық руханият
    Несиелер: 5

    Пән ұлттық болмысты құрайтын, ұлттық сана, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дүниетаным, наным-сенім, ырым-жоралғы, мәдениет пен өнер, тіл мен әдебиет, ұлттық тәрбие, дәстүрлі мәдениет сияқты ұлттық руханияттың өзекті категориялары мен компоненттерін оқып білуге арналған. Пән қазіргі заман тұлғасын рухани-адамгершілік жағынан қалыптастырып, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-бабалар мұрасын құрметтеу рухында тәрбиелейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Адам және жануарлар физиологиясы
    Несиелер: 5

    Адам мен жануарлар физиологиясы пәні бүкіл ағзаның, физиологиялық жүйелердің, органдардың, жасушалардың және әртүрлі жасушалық құрылымдардың өмірлік белсенділігін қарастырады. Физиологияның міндеттері адамның немесе жануардың тіршілік әрекетінің функциялары бойынша фактіні анықтау, функция іске асырылатын және осы функция қандай мақсатта қамтамасыз етілетінін анықтау болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Микробиология
    Несиелер: 5

    Курсты игеру барысында микроорганизмдер әлемі, оларға әсер етуші сыртқы ортаның факторлары, микроорганизмдердің негізгі қасиеттері, жіктелуі, микроорганизмдердің табиғаттағы және адам өміріндегі орны, микроорганизмдердің биологиясы, оларды практикалық қолдану туралы білімді игереді. Өндірістік мақсатта қолданылатын микроорганизмдердің штамдарының түрлерімен, микроорганизмдер генетика мен физиологиясымен танысады. Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелерін үйрене отырып, кәсіби дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Оқу курсы ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері, академиялық жазу және академиялық адалдық туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу; зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқуды бітіру жұмыстарын рәсімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мазмұнын игеру арқылы маңызды мәселелер зерттеледі: өсімдік ағзасының химиялық құрамы, өсімдік жасушаларының құрылымы, сипаттамалары, фотосинтез, өсімдіктердің тынысы, су режимі, өсімдіктердің өсуі мен дамуының физиологиясы, фитохормон түрлері, минералды тамақтану, өсімдіктердің әртүрлі факторларға төзімділігі физиологиясы. Өсімдіктердің физиологиялық негіздерін білу үшін қажетті теориялық біліммен және практикалық іскерлік дағдылармен қаруланады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Органикалық және биологиялық химия
    Несиелер: 4

    Курс мазмұны органикалық және биологиялық химияның негізгі әдістерін меңгеруге, белоктардың, аминқышқылдардың, көмірсулар, майлар және нуклеин қышқылдарының қасиеті мен құрылымын ерекшеліктерімен танысуға, тұқымқуалау ақпараттарының механизмдері және клетканың генетикалық аппараттарының құрылымды-қызметі және тұқымқуалау ақпаратының іске асу механизмдерін, нуклеин қышқылдары мен белок молекулаларының құрылысын, тірі организмдердің химиялық құрамын, тірі материяда болатын химиялық реакцияларды меңгертуге негізделген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Көшеттік материалдарды өсірудің заманауи технологиясы
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты-ашық және қорғалған топырақта жеміс-көкөніс дақылдарын өндірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, құрылымды, негізгі топтардың өсіру технологиясын зерттеу. Курс барысында жылыжайларға қойылатын агротехникалық талаптармен және ашық және қорғалған топырақ объектілерін жүйелеумен танысады; ашық және жабық топырақтың негізгі технологиялық жүйелері, жеміс-көкөніс шаруашылығын реттеу шаралары қарастырылады; ашық және қорғалған топырақ жағдайында көкөніс және жеміс дақылдарын өсіру технологиялары зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Гүл шаруашылығы ландшафттық дизайн негіздерімен
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында гүлді-сәндік өсімдіктер, олардың биоалуантүрлілігі, ландшафтық дизайн, фитодизайн ұғымдарының мәні ашылып, жалпы гүл шаруашылығы, гүлді-сәндік өсімдіктердің шығу және мәденилендірілу тарихы, классификациясы, ашық және қорғаулы топырақта гүлді-сәндік өсімдіктерді өсірудің алғы шарттары, көбею жолдары, көпжылдық, екі жылдық және бір жылдық, сонымен қатар жабық интерьерде өсірілетін гүлді-сәндік өсімдіктердің биологиялық, әрі өсіру ерекшеліктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Биотехнология негіздері
    Несиелер: 5

    "Биотехнология негіздері" курсы микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының қатысуымен Адам өмірі үшін маңызды түрлі қажетті өнімдерді технологиялық жолдармен алуды үйретеді. Ауыл шаруашылығы, азық-түлік, мал, өсімдік салаларын жекелеген бағыттарда қарайды. Курс биотехнология өндірістерінде, зертханада пайдаланылатын құрал-жабдықтарды, жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін зерттейді, теориялық оқыту барысында алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдысын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Аймақтық флористика
    Несиелер: 5

    Аймақтық флористика курсы белгілі бір аймақтың флорасын зерттейді. Пәннің мақсаты-белгілі бір аймаққа тән жергілікті флораның ерекшеліктерін анықтау және олардың кеңістіктік таралуын зерттеу. Аймақтық флористика курсын меңгеру нәтижесінде теориялық білім негізінде білім алушы нақты флора мен оның өсімдіктерін сипаттау, практикалық жұмыстардың алынған деректерін талдау дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Орнитология және құстардың тұлыбын дайындау технологиясы
    Несиелер: 5

    Орнитология құстар фаунасын мен экологиялық ерекшеліктерін, жер шарында таралуын, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту жүйесінің ерекшелігіне тоқталады. Таксидермия қазіргі түсінік бойынша оқу процесіне қажет көрнекі биологиялық құралдар (тұлыптар, қаңқалар, муляждар, үлгілер, терілер, макро және микропрепараттар) музей композициясын құрастыруға қатысты іргелі теориялық білім мен практикалық дағдыға үйрететін көлемді бөлім. Осы екі ғылым саласы негізінде пән курсы құрылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Сәндік көгалдандыру, ландшафт жұмыстарын ұйымдастыру негіздері
    Несиелер: 5

    Сәндік көгалдандыру, ландшафтық жұмыстарын ұйымдастыру негіздері пәні - құрамына участокты жобалау және бөлу, белгілі бір климаттық жағдайымен топырағына байланысты өсімдік таңдау, оны участокта бір-бірімен үйлестіру арқылы орналастыру,сонымен қатар аумақта су қоймаларымен жолдар арқылы аумақты көгалдандыру өнерімен танысатаны болады. Ландшафтық дизайн, бақ саябақ өнерін ұйымдастыру сияқты участокты жобалауды, белгілі бір өсімдік пішіндерімен үйлесімін, декоративті төсемдер, жарықтандыру және басқа құралдарды қолдана отырып шектеулі кеңістікте табиғи жұмақ ұйымдастыра білетін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Орман биологиясы
    Несиелер: 5

    Орман биологиясы курсы орман дақылдарының негізгі түрлерін, орманның қызметі мен әлеуметтік рөлін зерттейді, сонымен қатар орман дақылдарының морфологиясын, географиясын, экологиясын қарастырады. Орман шаруашылығы мен өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы қызметінің, Қазақстан ормандарының айырмашылығы және орманның қазіргі тозуының негізгі себептері зерттеледі. Алынған білім орман өсімдіктері мен жануарлар әлемінің рөлін түсінуге көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Өсімдіктер биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Курс мәдени жасушалардың биологиясын, каллустың пайда болуын, in vitro жасушаларын өсірудің негізгі әдістерін, қоректік орта түрлері мен құрамын, жасушалық технологияны қолдану кезеңдерін, in vitro өсімдіктерінің морфогенезі мен регенерациясы жолдарын, клон өсімдіктерін микрокөбейту және сауықтыруды, өсімдіктердін жаңа сорттарын алу технологияларын, жасуша селекциясын, өсімдік жасушаларын культивирлеу, гендік және жасушалық инженерия технологиясының кезеңдері мен ерекшеліктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жылыжай шаруашылығы
    Несиелер: 5

    Жылыжай шаруашылығы курсы қазіргі заманғы жылыжайлардың рөлін, ерекшеліктері мен түрлерін және жабық топырақтың жағдайын, жылыжай кешеніне арналған конструкциялар мен жабдықтарды зерттейді. Жылыжай кешендерін ұйымдастыруда қолданылатын қажетті материалдардың сипаттамаларын меңгереді. Отырғызу мерзімдерін,ережелерін, мәдени өсімдіктердің белгілі бір түрлеріне күтім жасауды үйренеді. Әр түрлі сорттардың морфологиялық, экономикалық және пайдалы белгілерін және қияр, қызанақ, бұрыш және баклажан түрлерін өсіру әдістері мен әлеуетін анықтай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Орман-парктік шаруашылығы
    Несиелер: 5

    Орман-парктік шаруашылығы курсы урбандалған аумақтың сәулет-жоспарлау жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі ережелерін, ағаш және бұта өсімдіктерінің көлемдік-кеңістіктік орналасуын, жол желісін салуды, әртүрлі сәулет нысандарын пайдалануды және демалыс аумағын жалпы абаттандыруды, сондай-ақ ландшафтық таксация түрлерін, ландшафтық көрсеткіштерді анықтауға және орманды қалпына келтіруге арналған нормативтік құжаттарды зерделейді, жоспарлау және оларды ыңғайлы пайдалану бойынша іс-шаралар кешенін жоспарланған жобалау үшін ландшафт құрылымында орман саябақтарының негізгі ережелерін қолдануға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Териология
    Несиелер: 5

    Курс мазмұны аңдар туралы ерекше биологиялық маңызға ие зоологияның фундаментальды бөлімдерінің бірі болып табылатын териология ғылымының мәселелеріне негізделген. Зоологияның саласы ретінде териология жалпы, систематикалық және қолданбалы болып болып бөлінеді. Жалпы териологияға сүтқоректілердің морфологиясы, физиологиясы, экологиясы, эмбриологиясы мен таксономиясы жатса, систематикалық териология сүтқоректілердің негізігі таксономиялық топтарының класификациясын береді. Қолданбалы териология сүтқоректілерді адаммен тікелей байланысты немесе олармен жанама байланысқан объект ретінде қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Салыстырмалы флористика
    Несиелер: 5

    Салыстырмалы флористика курсы өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігімен, әртүрлі жүйелі таксондар мен таксономиялық категориялар мен таксономиялық топтардың өсімдіктерінің құрылымы мен көбею ерекшеліктерімен таныстырады. Сонымен қатар, өсімдіктер әлемі эволюциясының негіздері туралы түсінік беріледі, өсімдіктер номенклатурасы мен жүйелеу принциптері арасындағы байланыс көрсетіледі, бұл жаңартылған мазмұн бағдарламасы бойынша биологияны оқыту кезінде мектептегі биологиялық білімді толықтыруға және одан әрі оқуды жалғастыруға қажетті деңгейдің жоғарылауына ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Топырақтану және геология негіздері
    Несиелер: 5

    Топырақтану және геология негіздері курсы топырақ, табиғат, топырақ түзілу процестері, Жер шарының эволюциялық дамуы, оның тарихи қалыптасуы, табиғаттағы геологиялық процестер және қоршаған ортаның әртүрлі факторларының топырақ түзілуіне, биосфераның сақталуына әсері туралы негізгі білімді қалыптастырады және топырақтың табиғаттағы және адам іс-әрекетіндегі рөлін түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Селекцияның генетикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Селекциялық ғылымның жетістіктері адамға тұқым қуалаушылықтың нәтижелерін алуға, үлгілер мен сорттарды, будандарды жіктеуге, генетикалық материалдың өзгергіштігін сипаттауға, генетикалық процестердің молекулалық механизмдерін талдауға мүмкіндік беретіндігімен сипатталады. Тұқымқуалаушылық заңдылықтары, түрлердің алуантүрлілігін анықтау, себептерін бақылау, есептеулер мен зертханалық жұмыстар жүргізуге көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Генетика
    Несиелер: 5

    Пән бағдарламасы генетикалық материалдың өзгергіштігін, генетикалық процестердің молекулалық механизмдерін: тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері, көбеюдің түрлері, мейоз кезеңдерінің ерекшеліктері, гибридологиялық әдіс, будандастыру мен белгілердің тұқым қуалау типтері, ажырау заңдылықтары және статистикалық талдауларға негізделелген теориялық білімді қалыптастырады. Соынмен қатар адам ағзасының тұқым қуалайтын физикалық және ақыл-ой дамуы бұзылыстарының тұқымқуалау формаларын, оларды уақтылы диагностикалау және түзету әдістерін, селекция негіздерін игетреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Фитопатология
    Несиелер: 5

    Фитопатология курсы өсімдік ауруларының себептерін, қоздырғыштардың арақатынасын, қоршаған ортаны, өсімдіктердің ауруларға төзімділігін және басқа да бақылау жолдарын зерттейді. Сонымен қатар, пән өсімдік ауруларын және олармен күресу жолдарын анықтауға көмектеседі, өсімдіктер мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейді және жалпы өсімдік ауруларымен күресу жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Өсімдіктер жамылғысының қауымдастығы
    Несиелер: 5

    Өсімдік жамылғысының қауымдастығы курсы Қазақстанның құрғақ даласындағы өсімдіктердің негізгі қауымдастықтарын зерттейді. Түрлері, өсу орындарының ерекшеліктері, жағдайлары анықталады. Климаттық факторлардың биологиялық өнімділікке әсерін анықтау және салыстырмалы мәліметтер алу үшін зерттеу объектісі ретінде ұқсас экологиялық жағдайларда бір қауымдастыққа жататын өсімдіктердің біртекті топтары таңдалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Топырақ биологиясы
    Несиелер: 5

    Курстың негізгі ерекшелігі бұл ғылым саласының күрделілігі. Онда жоғары және төменгі саты организмдері,өсімдіктер, омыртқасыз және омыртқалы жануарлар бар.Тірі әлемнің күрделілігі көпжақты және негізгі элементтер айналасындағы биота рөлі,топырақтың тірі заттарының қарым-қатынастық механизмдері туралы, жердің жоғары бөліміндегі органикалық заттардың ыдырауы және түрленуі, гумустың түзілуі мен ыдырауы,оның биохимиялық жəне биологиялық айналымы туралы білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дала қауымдастық өнімділік динамикасы
    Несиелер: 5

    Дала қауымдастығының өнімділік динамикасы курсы Қазақстанның кешенді далаларының негізгі қауымдастықтарының биологиялық өнімділігінің маусымдық өнімділігін зерделейді. Әр түрлі экологиялық және климаттық жағдайларда жер үсті және жер асты фитомассаларының жиналуы қарастырылады, далалық өсімдіктер қауымдастықтарындағы өнімді және деструктивті процестер талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Менеджмент және көшбасшылық
    Несиелер: 5

    Бұл курс басқару мен көшбасшылық жөнінде білімдер кешені мен көшбасшылық дағдыларды қалыптастырады. Пәнді игеру барысында менеджмент пен көшбасшылық теориясы, басқару әдістері мен функциялары, басшылық пен билік стилдері, көшбасшылық қызметтің заңдылықтары мен оны жүзеге асырудың механизмдері, командақұру және коммуникация, басқарушылық шешімдер, мотивация, жанжалдарды және өзгерістерді басқару, көшбасшы имиджі, сұрақтары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ақтөбе облысының карантиндік фитосанитарлық жағдайы
    Несиелер: 5

    Ақтөбе облысының карантиндік фитосанитариялық жағдайы өсімдіктерді қорғаудың және карантинді дамытудың перспективалық жоспарын, отандық және халықаралық стандарттарды; облысқа әкелінетін, әкетілетін және тасымалданатын карантиндік өнімге карантиндік бақылауды айқындау үшін өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы нормативтік-әдістемелік материалдарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларын биологиялық-экономикалық ерекшеліктерді және жүйелі орналастыруды зерделейді; өсімдіктерді қорғау және карантин саласында ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемесін түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жасушаның молекулалық биологиясы
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұнында жасушаның морфо-функционалды ерекшеліктерін зерттейді. Жасушаның барлық компонентерінің (ядро, цитомембрана, митохондриялар, лизосомалар, эндоплазмалық тор және т.б.) химиялық құрамына ерекше көңіл бөлінеді. Сәйкес бөліктеріне ДНҚ және РНҚ молекулаларында қышқылды-қалыптастырушы реакциялары егжей-тегжейлі талданады. Биологиялық процестерді молекулалық деңгейде қарастырады, жеке молекулалардың өзара әрекеттесуінің нәтижесін, нақты химиялық реакциялардың жүруін қамтамасыз ететін каталитикалық әсерлер, макромолекулалардағы ақпараттарды сипаттайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ауыл шаруашылық негіздері
    Несиелер: 5

    Оқу курсы ауыл шаруашылығы ғылымы бойынша теориялық білімді, пән мазмұны бойынша тәжірибелік жұмыстардыжасауға қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге, сонымен қатар ауыл шаруашылығы ғылымының негізгі салаларымен таныстыру қарастырылған. Пән мазмұнында жер шаруашылығы жүйесі, топырақ құрамы мен құнарлылығы, мәдени өсімдіктердің түрлі сорттары және үй жануарларының тұқымдары, олардың күтімі, мал азығын даярлау туралы, ауылшаруашылы агрохимиясы туралы білімдерді игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ақтөбе облысының орман шаруашылығы
    Несиелер: 5

    Ақтөбе облысының орман шаруашылығы курсы өңірдің ормандарын зерделейді; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымдары мен екпелерінен орман өсіру, орманды қалпына келтіру; орманды күтіп-баптау; кесу түрлері және реттеу; питомниктерде көшеттер өсіру; орманды өрттен, зиянкестерден және әртүрлі аурулардан қорғау; ауруларды анықтау; орман пайдалануды реттеу шараларына оқыту. Теориялық білімді практикада қолдану мақсатында білім алушылар курстық жұмысты дайындайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру негіздері
    Несиелер: 5

    Курс топырақтың құрылымы мен құнарлылығын зерделеуге, өсімдіктерді әртүрлі факторлардан қорғаудың қазіргі заманғы жүйесін, шаруашылықтардың негізгі бағыттары бойынша егістік жерлердің құрылымын және әртүрлі жағдайларда ауыспалы егіс схемаларын әзірлеуге және пайдалануға, агроландшафттарға байланысты ауыл шаруашылығы алқаптарына әртүрлі агротехникалық қызмет көрсетуге және отандық және шетелдік ғылымның жетістіктері негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін болашақтың жоғары технологияларын қолдануға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ихтиология және балық шаруашылығы
    Несиелер: 3

    Ихтиология және балық шаруашылығы курсы балықтардың функционалдық құрылымдық ерекшеліктерін, таксондардың ерекшеліктерін және олардың экожүйелердегі рөлін зерттейді. Ихтиология және балық шаруашылығы бойынша деректер балық аулау шаруашылығы саласында, табиғи су айдындарында, аквамәдениетте балық өсіру, ғылыми зерттеулерде, сондай-ақ балық әлемін дұрыс пайдалану мен қорғауды іске асыру кезінде кеңінен пайдаланылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының флорасы мен фаунасы
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты – Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының флорасы мен фаунасын терең зерттеу. Мемлекеттік табиғи резерваттың түрлік құрамы, флора мен фаунаның қазіргі жай-күйі, экологиялық және антропологиялық факторлардың құрып кету қаупі төнген және жойылып кетудің алдын алу мәртебесі бар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлерге әсері қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Молекулалық биология
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұны молекулалық биология нуклеин қышқылдарының құрылымы мен функцияларын, тұқым қуалайтын ақпаратты жүзеге асырудың принциптері мен тетіктері, сондай-ақ жасуша құрылымы мен функцияларының молекулалық негіздері, өсу, даму, бөліну, ісік трансформациясы және жасуша өлімі процестерімен таныстырады. Тірі организмдердің молекулалық-генетикалық, жасушалық және популяциялық деңгейлерінің өзгеру қағидаларын және тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жеміс-көкөніс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
    Несиелер: 5

    Жеміс-көкөніс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы курсы жемістер мен көкөністердің жалпы түрлерін, оларды пайдалану заңдылықтарын, морфологиялық және анатомиялық құрылымын, биологиялық ерекшеліктерін, жеміс ағаштары тұқымдарының жеміс беруін және оларды есепке алу әдістерін, көкөністер мен жемістерді қазіргі заманғы технология бойынша өсіру әдістерін, тұқымнан жеміс және көкөніс көшеттерін егу және оларды ашық алаңдарға ауыстыруды, жеміс ағаштары тұқымдарының сапасын жақсарту тәсілдерін зерделейді. Сондай-ақ көкөніс және жеміс ағаштарына күтім жасау бойынша кешенді іс-шараларды оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қолданбалы биология және топырақтану негіздері
    Несиелер: 5

    "Қолданбалы биология топырақтану негіздермен курсы топырақтың белгілері, жалпы құрамы мен қасиеттері, мектеп жанындағы тәжірибелік учаскелерде жұмысты ұйымдастыру туралы қажетті біліммен қамтамасыз етеді, тәрбиелік мәні бар ғылыми жұмыстарды жүргізу әдістерін үйретеді. Курстың мақсаты-студенттерді теориялық және практикалық білім арқылы ауыл шаруашылығы салаларымен таныстыру, олардың басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімі халықтың әл-ауқатын арттыратын тамақ, жеңіл өнеркәсіптің негізгі шикізаты болып табылады. Курс өсімдіктерді өсіру биологиясымен, табиғи өсімдікке тән экономикалық маңызы бар заттарды өндіру технологиясымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанның флорасы мен фаунасы
    Несиелер: 5

    Курс Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемін зерттейді. Бағдарламада Қазақстан табиғатын жаратылыстану-ғылыми бағытқа сәйкес зерттеу, білім алушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған табиғи зерттеулердің әдістері мен тәсілдерін пайдалану көзделген. Курс Қазақстанның өсімдіктер әлемін сипаттайды, әр өңірге тән жануарлар әлемі туралы түсінік береді, Қызыл кітапқа енгізілген, Қазақстанда мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар бойынша түсінік береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Герпетология
    Несиелер: 3

    Герпетология курсы-зоологияның бір саласы, ол студенттерге жүйелілік, негізгі топтар, құрылым, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің таралуы туралы түсінік береді. Бұрын тек бауырымен жорғалаушылар зерттелген, енді оның құрамына қосмекенділерді зерттейтін батрахология саласы кірді. Курста морфологиялық, физиологиялық және гельминтологиялық зерттеулер, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің жүйеленуі зерттеледі, оларды ұтымды экономикалық пайдалану мәселелеріне назар аударылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Кәсіби биолог мамандар дайындау әдістемесі
    Несиелер: 5

    Кәсіби биолог мамандар дайындау әдістемесі курсы биологиялық жүйелерді шаруашылық және ғылыми мақсаттарда пайдалануды және табиғатты қорғауды зерттейді. Ғылыми материалдарды жинау және дайындау, эксперименттерді білікті қою, далалық зерттеулер жүргізу, далалық және эксперименттік зерттеулер нәтижелерін өңдеу биолог-мамандардың жобалық, ғылыми-зерттеу, ғылыми - өндірістік қызметін дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON8

    Физика, математика және биология саласындағы өмірлік жағдайларда базалық білімді қолданып, апаттардың, табиғи апаттардың ықтимал салдарларында өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

  • Код ON3

    Өсімдіктер жамылғысының орман, дала, шалғай қауымдастықтарының ерекшелігін, өнімділігін, динамикасын анықтап, тірі организмдердің қазіргі заманғы ғылыми зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерін біліп, оларды тиісті салада қолданып, тірі және жансыз табиғатта кездесетін негізгі процестер мен құбылыстарды сипаттайды

  • Код ON1

    Биологиялық объектілердің әртүрлілігін түсіндіреді, бақылайды, сәйкестендіріреді, жіктейді, өсіру және түсіну үшін, құзыретті шешімдерді әзірлеу үшін биологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдыларды қолданады;

  • Код ON5

    Тірі организмдерде кездесетін нақты химиялық процестерді түсіндіру және пайдалану үшін негізгі химиялық заңдарды, үлгілерді және теорияларды, сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларды қолданады

  • Код ON7

    Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының флорасы мен фаунасының ерекшеліктерін, олардың шекараларын, орналасуын, түрлерін, маңызын меңгеріп, потенциалын анықтайды

  • Код ON11

    Бауырымен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің құрылысы мен табиғатын, ерекшеліктерін, табиғаттағы маңызын теориялық тұрғыдан түсініп, практикада құстардың тұлыбын жасаудың технологиясы мен сүтқоректілердің терілерімен жұмыс жасау әдістерін меңгеріп, түрлі экспозициялар жасау дағдыларына үйренеді

  • Код ON9

    Өсімдіктер мен көкөніс дақылдарының ауруларының ерекшеліктерін, солардың ішінде өңірдің карантиндік фитосанитарлық түрлерін, аурудың жіктелу принциптерін, диагностикалық әдістерін, нақты зақымданулар кезінде қолданылатын замануи бақылау шаралары мен жалпы технологиялық процестерді біледі, аурулардың алдын алуға арналған қажетті әдіс-тәсілдерді таңдау арқылы ауыл шаруашылығы, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру технологиясын меңгереді;

  • Код ON12

    Гүл, орман-парктік, балық шаруашылықтарының, орман биологиясының ерекшеліктерін түсініп, олардың ландшафттық дизайндағы орнын сараптап, сәндік көгалдандыру мен ландшафт жұмыстарды ұйымдастыруда қолданады; әлемдегі, Республикадағы және өңірдегі жалпы биологиялық ресурстарды біле отыра, Қазақстанның, туған өңірдің флорасы мен фаунасын, биологиялық әртүрлілігінің потенциалын топшылайды, оларды болашақта ұтымды және кешенді пайдаланудың стратегиялық жоспарлау жұмыстарын жүргізеді

  • Код ON6

    Топырақтың құрылысын, қасиеттерін, геологиясын, ондағы топырақ организмдерінің ерекшеліктерін анықтап, оларды зерттеудің қолданбалы биологиялық әдістеріне үйрену арқылы ауылшаруашылығы, жеміс-көкөніс дақылдарының өнімін арттыру мәселесін шешуге өз үлесін қосады; ашық топырақта және жылжай жағдайында көшеттік материалдарды отырғызудың замануи технологияларын меңгеріп, іс жүзінде қолданады.

  • Код ON4

    Қоғамның биотехнологиялық өнімдерге қажеттілігіне, селекциялық-генетикалық бағдарламалардың құрылуына бағытталған микробиологиялық, биотехнологиялық, молекулалық-генетикалық және іріктеу әдістерін қолдану негізінде тіршіліктің ұйымдастырылуның әртүрлі деңгейлеріне талдау жүргізеді;

  • Код ON2

    Табиғи, зертханалық және өнеркәсіптік жағдайларда тірі ағзалар жұмысының морфологиялық-физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық, молекулалық-генетикалық, гистологиялық-эмбиологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін биологиялық объектілермен жасалатын тәжірибелер негізінде зepттeлeтін oбъeктіні, құбылыcты нeмece пpoцecті, oлapдың ішкі құpылымы мeн бaйлaныcтapын жaн-жaқты зepттeyгe жәнe aдaм өміpінe пaйдaлы нәтижeлepді eнгізyгe бaғыттaлғaн іc-әpeкeттepді анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді

  • Код ON10

    Кәсіби биолог мамандарды мемлекеттік және шет тілінде дайындауда заманауи цифрлық, компьютерлік технологияларды қолданып, практикалық қызметтерінде кәсіпкерлік және бизнес негіздерін түйсіну арқылы менеджмент пен көшбасшылықтың міндеттерін, «Ұлттық руханият» қағидаларын түсінеді және тарихи оқиғалар, құбылыстар, фактілер бойынша философиялық ой қозғайды;

6B05101 Өсімдіктер биотехнологиясы және микробиология
Бакалавриат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05101 Биология
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B05101 6B05101-Биология
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B05101 Биология
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биологиялық инженерия
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі
6B05101 Биология
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B05101 Биология
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B05101 Биология және ауылшаруашылығы
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B05101 Биология
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top