6B05101 Биология в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми және кәсіби қызмет саласындағы еңбек нарығының талаптарына сәйкес жалпымәдени және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген бәсекеге қабылетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
Жалпы химия
Жалпы химия пәнінің мазмұнында зат құрылысы туралы қәзіргі заманғы ұсыныстар және химиялық процестер (химиялық реакциялардың классификациясы, химиялық реакциялардың химиялық кинетикасы және химиялық тепе-теңдік) қарастырылған. Ғылыми-зерттеулерде модельдеуді қолдану, есептерді шешуде ЦБР-ды пайдалану, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
Пән өсімдіктердің және оларды құрайтын огандардың сыртқы және ішкі құрылысын қарастырады. Пәннің мазмұны білім алушыларға өсімдіктердің жеке және эволюциялық дамуы барысында қалаптасу процесі мен құрылымдық заңдылықтары негізінде білім беруге бағытталған. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Өсімдіктер систематикасы
Пән өсімдіктердің көптүрлілігін реттеу арқылы өсімдіктер әлемін танып білуді, зерттеуді, тиімді пайдалануды, өсімдіктердің жер бетіне таралуын, систематикалық топтар мен таксономиялық категорияларын, өсімдіктердің жеке және эволюциялық дамуы барысында қалаптасу процесін, құрылымдық ерекшеліктерін қарастырады. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Цитология және гистология негіздері
Пәнді оқыту жасушаның құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтары, ағзадағы негізгі ұлпалар жүйесі мен жіктелуі, қызметі туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Жасуша мен ұлпалардың құрылысы туралы биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану көзделеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Экология
Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Омыртқасыздар зоологиясы
Пән жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін, филогениясын, ұйымдасуын, экологиясын және омыртқасыз жануарлардың негізгі таксондарының практикалық маңызын қарастырады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өсімдіктер физиологиясы
Пән өсімдіктердің функционалдық белсенділігінің негізгі заңдылықтарын, су тепе- теңдігін сақтау, фотосинтез, тыныс алу, қоректену ерекшеліктерін, өсімдіктердің қозғалысын, өсу мен дамуын қарастырады. Өсімдіктердің тіршілік әрекеті туралы негізгі базалық түсініктерді, ғылыми ақпараттарды іздестіруді меңгеру, оларда жүретін физиологиялық процестердің механизмін білу, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін практикада қолданукөзделеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биохимия
Биохимия тірі организмдердің химиялық құрамын, ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің тіршілік әрекетін, құрылымын, қасиеттерін, организмдегі химиялық түрленуді, тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін қамтамасыз ететін химиялық процестерді анықтайды. Теориялық білімді практикада қолдану, мәселені шешуді талдау, химияның нақты өмірдегі рөлі мен орнын, пәнаралық білімді біріктіру жолын дәлелдеу сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Эволюциялық ілім
Жер бетіндегі тіршіліктің дамуының себептері мен жолдары туралы ғылыми түсінікті қалыптастырады. Эволюция теориясын табиғи сұрыпталуға бейімделудің, түр түзілуінің, таксондар пайда болуының негізгі себебі ретінде қарастырады. Тіршіліктің дамуы туралы білімі мен түсініктерін көрсету, жалпы кәсіби ақпаратты меңгеру және талдау, биологияның негізгі концепциялары мен даму перспективаларын білу көзделеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жануарлар физиологиясы
Жануарлар ағзасының өмірлік процестерін, оның физиологиялық жүйелерінің, жеке мүшелерінің, ұлпаларының, жасушаларының құрылысын және осы процестерді реттеу механизмдерін, сондай-ақ қоршаған орта факторларының өмірлік процестердің динамикасына әсерін қарастырады. Биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді, организмдегі физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, ізденушілік-зерттеушілік дағдыларды меңгеру көзделеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Омыртқалылар зоологиясы
Курста жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, филогениясы, ұйымдасуы, экология және омыртқалы жануарлардың негізгі таксондарының пракикалық маңызы қарастырылады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың материалистік жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биогеоценология
Биогеоценология пәні биогеоценоздардың құрылысы мен қызметін, күрделі табиғи кешендерді, тірі организмдермен табиғат арасындағы өзара байланысты, бейорганикалық ортаның әсерін және онымен материалдық-энергетикалық байланыстарды қарастырады. Биологиялық жүйелердің ұйымдасу деңгейін, өсімдіктер және жануарлардың биологиялық жүйедегі ролін, табиғи ресурстарды қорғау шараларын айқындау және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Микробиология
Тірі ағзалар жүйесіндегі микроорганизмдердің рөлін, жалпы белгілері мен ультрақұрылымдық ұйымдасуын, алуантүрлілігін, дақылдау және өсуін, гетеротрофтар және автотрофтардағы энергетикалық, биосинтетикалық процестердің байланысын қарастырады. Микроорганзмдердің əртүрлілігі мен құрылымдық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін, физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, жүйелі ойлау негізінде білімдерін практикада қолдану сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Молекулалық биология
Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудің молекулалық негіздерін зерттейді, зерттеулердің негізгі бағыттары, генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдері, оларды іске асыру және тарату қарастырылады. Молекулалық биологияның қазіргі жетістіктері мен оның даму перспективалары, ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулалық механизмін, заңдылықтарын білу, нәтижелерін және білімін практикада қолдану сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Биостатистика
Пәнде биологиядағы математикалық әдістерді қолданудың принциптері мен әдістері туралы түсінік беріледі, бұл эксперименттер мен бақылаулардың нәтижелерінің дұрыстығы деңгейін айқындаудың сенімді құралдарын, сондай-ақ олардың дұрыс жалпылығын қарастырады. Биометриялық білімдерін жүйелі ойлау негізінде практикада қолдану, ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану, ақпараттық мәдениетін көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау көзделеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Адам биологиясы
Пәнді оқу студенттерде адамның пайда болуы, эволюциясы, олардың құрылымы, дамуы, көбеюі және тіршілік процестері туралы білім негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Адам биологиясы туралы білімді қалыптастыру, биологиялық теориялар мен базалық ұғымдарды игеру, адам ағзасындағы физиологиялық процестердің жүру механизмін білу, ізденушілік-зерттеушілік дағдыларды меңгеру көзделеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері
Топырақтың жалпы құрамын, физика-химиялық қасиеттерін меңгеру нәтижесінде тәжірибелік жер телімдеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға, ғылыми жұмыстарды жүргізу әдістерін меңгеріп, іс жүзінде қолдануға машықтандырады. Топырақтың экологиялық жағдайы туралы білімі мен түсінігін ғылыми-зерттеу саласында пайдалану, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Генетика
Генетика – геннің құрылымын, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті туралы заманауи әдістер жүйесіне негізделген білім мен түсініктер қалыптастырады. Генетиканың интеграциялаушы рөлі – тірі материяның әмбебап қасиеттерін ағзаның барлық ұйымдасу деңгейлерінде және таксономиялық топтарына қатысты қарастырады. Ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулалық механизмін ,заңдылықтарын білу, нәтижелерін және білімін практикада қолдану сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Қазақстан биоресурстары
Қазақстан биоресустары – еліміздегі өсімдіктер және жануарлар ресурстарының алуан түрлілігін, олардың өзіндік ерекшелігін, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын, олардан шикізат алу тәсілдерін және оларды қолдану жолдарын қарастырады. Биологиялық жүйелердің ұйымдасу деңгейін, өсімдіктер және жануарлардың биологиялық жүйедегі ролін, табиғи ресурстарды қорғау шараларын айқындау және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Иммунология
Иммунология организмнің әртүрлі антигендерге молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды қарастырады. Иммунологиялық зерттеулердің нәтижелерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игеру,пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Биотехнология
Пән маңызды өнімдерді микроорганизмдер негізінде алу жайлы түсініктерді қалыпастырып, белок жетіспеушілік мәселелелерін шешудің биотехнологиялық әдістерін, клетка ішілік реттеудің молекулалық механизмдері және оларды микроорганизмдер селекциясында пайдалану туралы білімдері мен түсініктері, зерттеу әдістерін қолдануды қарастырады. Стандартты емес жағдайларда кәсіби проблемаларды шешу үшін өз білімі мен түсінігін жетілдіріп, қабілетін пайдалануды көздейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Биологиялық ғылыми жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру
Биология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің жетістіктері мен даму перспективаларын түсінуін, өмірлік жағдайларда зерттеу есептерін шешуге дайындықтарымен байланысты жобалық іс-әрекет дағдыларын меңгеруін, оқу үрдісінде белсенді позиция, теориялық-қолданбалы ойлау типінің негіздерін қалыптастырады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу нәтижелерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игеру көзделеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биология практикумы 1
Практикалық жұмыс студенттердің әртүрлі есептерді шешу жолдарын табуға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Тәжірибелік жұмыс коммуникация, ақпарат, оқу сапасын арттыруға, шығармашылық - ғылыми жұмысқа тартылған студенттердің даралануына және мәселелерді шешу сияқты негізгі құзыреттерге шолуды қамтиды. Биология сабағында практикалық жұмыстарды жүзеге асыруды түрлендіріп әртүрлі бағытта ұйымдастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аллергология
Курс аллергиялық реакциялар мен ауруларды, олардың себептерін, даму және көріністер механизмдерін, оларды диагностика жасау, алдын алу және емдеу әдістерін зерттейді. Тәжірибелік тұрғыдан аллергология бүгінде әлем халқының өлім-жітімінде жетекші орын алатын аурулардың мәселелерін шешеді. Курс адамның иммундық жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы, оның жас ерекшеліктері, иммундық жүйенің дамуы мен жұмыс істеуінің жасушалық және молекулалық механизмдері, оның негізгі кезеңдері және иммундық жауаптың генетикалық бақылауы туралы білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жеке даму биологиясы
Жеке даму биологиясы организмнің жеке дамуының барлық процестерін, яғни онтогенезін, әртүрлі форма түзілу процестерінің молекулярлы, биохимиялық және генетикалық механизмдерін, ұрықтың субклеткалық және клеткалық ерекшеліктерін қарастырады. Білім мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдауда сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімді практикада қолдану, комуникативтілігі мен ақпараттық мәдениетін көрсету жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Биофизика
Пән органдардың және жүйелердің физикалық негіздері, биологиялық ұлпалардың физикалық қасиеттері мен оларды зерттеу әдістері, физикалық факторлардың жасуша мен жасушалық құрылымдардағы ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады. Тірі организмдегі биофизикалық процестерді білу арқылы білімдерін жүйелі ойлау негізінде практикада қолдану, ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану, ақпараттық мәдениетін көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау көзделеді .
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биоинформатика
Биологиялық мәліметтерді сараптау үшін бағдарламалық әдістерді құрастыратын ғылым саласы. Биологиялық мәліметтерге дәл және эффектілі сараптама жасау, өңдеуді автоматтандыру процесін жүргізу әдістері туралы білім беруге бағытталған. Биоинформатикадан алған білімдерін жүйелі ойлау негізінде практикада қолдану, ақпараттық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану, ақпараттық мәдениетін көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау көзделеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Биология практикумы 2
Практикалық жұмыс студенттердің әртүрлі есептерді шешу жолдарын табуға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Тәжірибелік жұмыс коммуникация, ақпарат, оқу сапасын арттыруға, шығармашылық - ғылыми жұмысқа тартылған студенттердің даралануына және мәселелерді шешу сияқты негізгі құзыреттерге шолуды қамтиды. Биология сабағында практикалық жұмыстарды жүзеге асыруды түрлендіріп әртүрлі бағытта ұйымдастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердің әдістері
Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері бойынша білім алуға мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
«Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану іскерлігін қалыптастыру арқылы ізденушілік-зерттеушілік дағдыларын игеру;
- ғылыми зерттеу жұмыстарының, ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін меңгеріп, олардың нәтижелерін оқытылатын салада қолдану;
- әр түрлі ақпараттық ресурстарды, компьютерлік жəне мультимедиялық технологияларды, сандық білім беру ресурстарын кəсіби қызметте қолдана білу;
- биологиялық тұжырымдарды дәлелдеу мен ой-қорытулар жасауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдауда сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану;
- тірі ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігінің заңдылықтарын, генетика және биотехнологиялық заманауи зерттеу әдістерін, биотехнологиялық әдістердің көмегімен селекциялық процестерді жүргізуді меңгеру;
- инновациялық технологияларды пәнді оқытудың мақсат-міндеттеріне және білім алушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолдану;
- тірі организмдердің құрылысын молекулалық, клеткалық және ұлпалық деңгейде зерделеп, организмге тән қызметтер мен физиологиялық процестердің жүру механизмін, экологиялық қауымдастықтардағы заңдылықтарды және табиғи ресурстарды қорғау шараларын білу;
- білім алушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай білу;
- кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру мен білімін өмірде қолдану тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалай білу;
- биологиялық жүйелердің ұйымдасу деңгейлерін, қызметін, өзара байланысын, биологияның негізгі концепциялары мен даму перспективаларын білу;
- академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну;
- биологиялық нысандардың əртүрлілігі мен құрылымдық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін, кəсіби базалық түсініктерді, ғылыми ақпараттарды іздестіруді меңгеру;
Ұқсас БББ
6B05101 Биология
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B05101 Биология
Торайгыров университеті
6B05101 Биология
Астана халықаралық университеті
6B05101 Биология
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B05101 Биология
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B05101 Биология
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B05101 Биологиялық инженерия
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B05101 Биология
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B05101 Биология
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B05101 Биология
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B05101 Өсімдіктер биотехнологиясы және микробиология
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B05101 Биология
Шымкент университеті
6B05101 Биология
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B05101 Биология
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B05101 Биология
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B05101 Биология
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi