Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01406 Кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Машинатану негіздері және салалар бойынша материалтану
    Несиелер: 6

    Курс бойынша: материалдар өндірісінде қолданылатын шикізаттың шығу тегі, ассортименті, тоқыма өндірісінің негіздері, маталардың құрылымы мен қасиеттерін зерттейді. Машинатану негіздері және тұрмыстық техниканы жөндеу. Күнделікті өмірде және жұмыста қолданылатын тігін және кесте машиналарының, ылғалды-термиялық өңдеуге арналған үтіктердің, престердің түрлерін меңгеру және жөндеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқу шеберханасының жабдықтары
    Несиелер: 6

    Оқу шеберханаларының жабдықтары бөлімінде тігін машинасы, оверлок, станок және тоқыма өндірісінің барлық құралдары қарастырылады. Тігін машиналарының тарихы, тоқыма станоктарының негізгі түрлері, төсеу принципі бойынша станоктардың түрлері, қазіргі заманғы тоқыма станоктары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады. Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған. Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Үй мәдениеті және тағам даярлау технологиясы
    Несиелер: 5

    Аспаздық тағамдарды дайындаудағы практикалық дағдылар: дұрыс тамақтану негіздері, әлем халықтарының тағамдары, дастархан әзірлеу және этикет, жеке гигиена, үйдің ішкі көрінісі және көркем безендіру, өсімдік шаруашылығы және сәндік гүл өсіру негіздері. Үй шаруашылығын жүргізу, техниканы пайдалану, интерьерді ұйымдастыру және жоспарлау дағдылары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тұрмыс және сервис мәдениеті мен технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән құрылыс жұмыстарының технологиясына бағытталған: тұсқағаздар, сылақ, сырлау, қаптау. Қазіргі заманғы тұрмыстық техника: жіктелуі, жұмысы, таңдауы. Қалалық және ауылдық (ауылдық) үйлердегі электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің негізгі элементтерінің сипаттамалары. Шкафты және жұмсақ жиһазды жөндеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
    Несиелер: 4

    Студенттердің бухгалтерлік есеп және аудит негіздерін меңгеруі, қолданыстағы стандарттарға, бухгалтерлік есеп принциптеріне, нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес ұйымдарда оны жүргізу дағдылары мен техникасын алуы; өндірістік процестің жекелеген кезеңдеріне аудит жүргізу әдістемесін игеру, қаржылық нәтижелерді және іске асыру циклін қалыптастыру және т. б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Визуалды өнер
    Несиелер: 7

    Студенттерге композицияның негізгі элементтері туралы түсінік беріліп, әлеуметтік желілік байланыстарды білімді тәжірибеде қолдануға үйретеді, әр түрлі техникалармен және материалдармен таныстырылып ой мен қиялды дамытып, көру жадын, ассоциативті және бейнелі ойлауды дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қаржы негіздері және қаржылық сауаттылық
    Несиелер: 4

    Бұл курс қаржы ғылымының пайда болу, қалыптасу және қазіргі уақытқа дейінгі даму кезеңдерін, жария қаржының қазіргі заманғы теорияларын, экономикалық циклдің әр түрлі сатыларында мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асыруда қолданылатын құралдарды зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тігін бұйымдарының технологиясы
    Несиелер: 6

    Курс қазіргі заманғы өңдеу технологиялары бойынша тігін бұйымдарын дайындаудың негізгі мәліметтері мен тәртібі туралы білім мен дағдыларды практикалық меңгеруге, қол және машина тігістерін орындау тәсілдері, тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеу, тігін бұйымдарының тораптары мен бөлшектерін технологиялық өңдеу тәсілдері туралы білім мен дағдыларды іс жүзінде меңгеруге бағытталған, әртүрлі ассортименттегі бұйымдарды құрастыру схемалары қаралады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тігін бұйымдарын технологиялық дайындау негіздері
    Несиелер: 6

    Курс киім үлгілерін дайындау кезінде технологиялық жұмыстарды орындаудың практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған. Жобалау қызметін жүзеге асыру үшін қажетті конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу, киімді өнеркәсіптік жобалаудың негізгі кезеңдерін зерделеу; киім бөлшектерінің негізгі, туынды және қосалқы лекалоларын әзірлеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Өнер және костюм тарихы
    Несиелер: 7

    Өнер мен костюм тарихының дамудың негізгі кезеңдерімен, әлемдік мәдениет құндылықтарын игеру барысында отандық және шетелдік өнер және дизайнерлерлік шығармашылық туындыларымен танысу, мәдениеттегі көркем шығармашылықтың шыңдары, олардың өзіне тән ерекшеліктерін ажырату. Әр ұлттың костюм тарихын ажырата білу, жобаланған объектілерінің көркемдік экспрессивтілігін іздеуде пропорция сезімін түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Арнайы сурет және композиция
    Несиелер: 7

    Табиғаттан және қиялдан сурет салудың кәсіби дағдылары, сызбаларды орындау техникасының негізгі әдістері мен ережелерін, заттардың конструкциясын оның ерекшеліктерін, перспективасын қолдана отырып, сурет салады. Композиция категорияларын, қасиеттері мен сапасын, қоршаған ортаның визуалды сипаттамалары (түс, форма, фактура, пропорция). Композиция заңдары: тепе-теңдік, композиция құралдары: контраст, ритм, динамика және статика, масштабты ажырата біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудегі робототехника және мехатроника
    Несиелер: 5

    Курс мехатрондық модульдердің, білім беру роботтарының бөлшектерін және оларды құрастыруды, компьютерлік және электротехникалық компоненттерді біріктіру принциптерін оқытады, олардың негізінде инновациялық жүйелер мен машиналар жобалау және құруды қарастырады. Сондай-ақ білім беру роботтары мен жүйелерін құрастыру бойынша дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кескіндеме
    Несиелер: 7

    Бейнелеу өнері әдістерін және пәндік орта объектілерін колористикалық шешуді кешенді игеру. Студенттердің шығармашылық, көлемдік-кеңістіктік ойлауын дамыту, жұмысты безендіру кезінде дизайн, композиция жұмыстарында бейнелеу өнері әдістерін қолдану қажеттілігіне байланысты табиғатты колористикалық қабылдау туралы білім алу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Дизайн және шығармашылық жобалау жұмыстары
    Несиелер: 7

    Кәсіби қызығушылық саласында зерттеу және шығармашылық дағдыларды дамыту. Қазіргі заманғы технологиялар мен өнердегі ғылыми жетістіктер негізінде эксперименттік көркем жұмыстарды орындаудың практикалық дағдылары. Пәндерді әзірлеу және жобалау, зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде кәсіби іскерліктер мен дағдылар қалыптасады (таңдалған салаға сәйкес).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Дизайн негіздері
    Несиелер: 6

    Әртүрлі шығармашылық түпнұсқалар көмегімен көркем дизайн, дизайн обьектілерін құру принциптерін, жобалау объектілерін жоспарлау. Дизайн бағыттары: өндірістік, графикалық, арт-дизайн, фитодизайн, интерьер, киім дизайны және т.б. Дизайн объектілерінің негізгі категориялары: образ, функция, морфология, техникалық форма, эстетикалық құндылық. Заманауи дизайн жүйесі. Дизайндағы экология проблемалары мен дизайнның рухани және материалдық мәдениеттегі орнын ажырата білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Шығармашылық жобалау іс әрекеті
    Несиелер: 7

    Курстың мақсаты – адам қызметі саласында қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстары мен идеялар, әзірлемелер мен инновациялық өнімдер негізінде шығармашылық жобалау қызметі. Белгілі бір өнімді жасау, кезең-кезеңімен әзірлеу және шығармашылық жобаларды орындау, көрмелерді ұйымдастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Көркем еңбек және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс шығармашылық педагогикалық қызметке, оқу үдерісін жобалау мен жүзеге асыруға, шығармашылық және кәсіби жақындауға қабілетті, балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін білімді, практикалық іскерлікті және қажетті дағдыларды меңгеруге дайындайды. Мектептер мен колледждерге арналған білім беру бағдарламасының бөлімдерінде тақырыптарды оқытудың әдістері мен принциптері қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Киімді көркем құрастыру және модельдеу
    Несиелер: 6

    Тігін бұйымдарының көркем-конструкторлық және модельдеу жобаларын әзірлеудің негізгі заңдылықтары; базалық конструкциялау негізінде үлгілерді әзірлеу әдістері, киімдерді үлгілеу, лекалоларды дайындау және градациялау, пішудің ерекшеліктері, өлшеулерді жүргізу тәртібі және бұйымды отырғызу ақауларын жою, пішудің ерекшеліктері туралы мәліметтер келтірілген

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Құқықтық сауаттылық және кәсіпкерлік құқық
    Несиелер: 4

    Курсты оқу студенттерді кәсіпкерлік және әкімшілік заңнаманың негіздерімен, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарды реттеу тәртібі мен тәсілдерімен таныстыруды көздейді. Зерделеу процесінде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметке құқықтық ықпал етудің алуан түрлі аспектілері, оның ішінде мемлекеттік саясат пен кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару және т. б. қозғалады. Бұл курсты оқу кезінде студент Қазақстан құқығы салаларының негіздері, заң жүйесі, Заңның заңды күші туралы, негізгі заңдар – ҚР Конституциясы және т.б. туралы білім алады, заңнамаларға бағдарланады, заң әдебиеттерімен жұмыс істейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Адам ресурстарын басқару
    Несиелер: 4

    Бұл курс функционалдық бөлімшелер шеңберінде Адами ресурстармен жұмыс істеу жөніндегі міндеттерді шешуге; компанияның Персоналды басқару жөніндегі саясаты мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысуға; компанияның адам ресурстарын басқару жөніндегі стратегиясын іске асыруға қатысуға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кілем тоқу технологиясының негіздері
    Несиелер: 7

    Курс кілем тоқу тарихымен, құрамымен және түсімен, кілем үлгісін құру принциптерімен, тоқу машинасын толтыру әдістерімен, эскиздерді орындаумен, тоқу машинасын жұмысқа дайындаумен және жақтаумен, материалдарды таңдаумен, матаны және бұйымды жасау үшін әрлеумен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Гобелен және қазіргі заман интерьері
    Несиелер: 5

    Гобелен тоқу өнерімен танысуға бағытталған практикалық курс. Заманауи технологиялар мен өнердегі ғылыми жетістіктер негізінде эксперименттік өнер туындыларын орындау, заманауи интерьер дизайнын дамытудың көркемдік бағыттарымен, олардың дизайн ерекшеліктерімен және жобалау дизайнымен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Сәндік-қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясы және дизайн негіздері
    Несиелер: 5

    Сәндік-қолданбалы өнерде ұлттық ою-өрнекті пайдаланудың практикалық дағдылары. Бағдарламада дизайнның негізгі платформалары, ою-өрнектердің әр түрін композициялық құрудың негізгі принциптері, сәндеу әдістері, тапсырмаларды орындау тәсілдері, сонымен қатар жеңімпаз шешімдерді іздеу жолдары көрсетілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Сәндік-қолданбалы өнер және кілем тоқу
    Несиелер: 7

    Курс кілем тоқу және сәндік өнердің білімі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Сәндік өнер мен кілем тоқыманың қалыптасуы мен дамуының тарихы мен негізгі кезеңдері, сәндік өнердегі негізгі ұғымдар мен терминдер зерттеледі. Өңделетін материалдар бойынша түрлері, жіктелуі. Сәндік өнерді қабылдаудың эстетикалық мәні мен ерекшелігі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Кәсіптік білім және кәсіпкерліктегі Менеджмент
    Несиелер: 5

    Студенттердің қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің теориялық және практикалық негіздерін құрайтын ғылыми білім жүйесін оқуы, менеджмент пен маркетинг тәжірибесін ғылыми ұсынымдармен қамтамасыз етеді, менеджерлік дағдыларды қалыптастырады, оқу процесінде алынған білімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Киім жобалаудағы ою-өрнек композиция және дизайн негіздері
    Несиелер: 5

    Халық шығармашылығын зерттеу контексінде ою-өрнек тарихы, ою-өрнек өнерінің қалыптасуы саласындағы білімді қалыптастыру, композициялық құрудың негізгі принциптері, стилизация тәсілдері, белсенді шығармашылық ортадағы шеберлік дағдылары. Дизайнның негізгі платформалары қарастырылады-жобалау, бұйымдарды сәндеу және қызмет нәтижесі, ою-өрнекті практикалық салу мен сәндеуге көп көңіл бөлінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Менеджмент және маркетинг негіздері
    Несиелер: 5

    Студенттердің қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің теориялық және практикалық негіздерін құрайтын ғылыми білім жүйесін оқуы, менеджмент пен маркетинг тәжірибесін ғылыми ұсынымдармен қамтамасыз етеді, менеджерлік дағдыларды қалыптастырады, оқу процесінде алынған білімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Этностилдегі интерьер дизайны
    Несиелер: 5

    Пәндік-кеңістіктік ортаны, қоғамдық интерьерді құрастыру және жобалау бойынша білімді, дағдыларды қалыптастыру. Интерьердегі және сыртқы көріністегі ландшафттың сәнді элементтері, интерьер дизайнын дамытудың көркемдік бағыттарымен, заманауи технологияларды қолдана отырып, оларды жобалау ерекшеліктерімен және дизайнмен таныстыру. Алынған білімді практикалық қолдану. Этностилде бұйымдарды дайындау және безендіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Тігін өндірісін жобалаудың заманауи формалары мен әдістері
    Несиелер: 5

    Тігін бұйымдарын өндірудің технологиялық және өндірістік процестерін дамытудың заманауи формалары мен әдістері, оларды жобалаудың заманауи әдістері қарастырылады. Тігін кәсіпорнының бизнес-жоспарының ерекшеліктері ашылады. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандарына сипаттама және тігін бұйымдарын өндіруді жобалау кезінде қабылданатын шешімдердің тиімділігін бағалау берілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ ұлттық киімдері
    Несиелер: 5

    Қазақтың ұлттық киімдері мен бас киімдерінің тарихын зерттеу және практикалық дайындау. Этникалық жағдайларды ескере отырып, киімдерді заманауи әдіспен және ежелгі дәстүрлерге сәйкес жасау. Жібек түсті жіптермен, моншақтармен, інжу-маржандармен, асыл тастармен, жылтырақтармен, монеталармен және т.б. кестелерді қолдана отырып, ұлттық стиль ел дизайнының ерекшеліктерін ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ ұлттық көркем қолөнері
    Несиелер: 5

    Қазақстанның көркем-мәдени мұрасының тарихы туралы тұтас түсінік қалыптастыру, ұлттық қолөнердің даму кезеңдерімен таныстыру. Қолөнер түрлерінің ерекшелігі мен әртүрлі қолданылатын материалдың, техниканың және көркемдік өңдеу технологиясының сипатымен анықталады. Көркем қолөнерді зерттеу ұлттық мәдени құндылықтарды жаңа әлеуметтік жағдайларда сақтауға және пайдалануға ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Киім дизайнындағы компьютерлік графика
    Несиелер: 6

    Екі өлшемді және үш өлшемді бейнелерді, векторлық және растрлық бейнелерді құру әдістерін меңгеру. Екі өлшемді және үш өлшемді бейнелерді құру әдістері. Полиграфияға арналған компьютерлік графика. Сурет салуға арналған компьютерлік графика (2D), презентацияға арналған бағдарламалар, екі өлшемді анимация, Модельдеу (2D және 3D).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Салық және салық салу
    Несиелер: 4

    Салық салудың теориялық негіздерін игеру, мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптас-тыруда, экономикалық қатынастарды реттеуде салықтардың рөлін зерделеу, қазіргі заманғы салық жүйесі, оның негізгі элементтері туралы, ұйымдар мен жеке тұлғалар төлейтін салық және алымдар туралы кешенді білімді қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдарды жобалау технологиялары
    Несиелер: 5

    Дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдармен таныстыру және жобалау. Экологиялық дизайнның принциптері мен мүмкіндіктерін зерттеу, әртүрлі материалдарды өңдеудің құралдары, тәсілдері, әдістері туралы білімді қалыптастыру. Түрлі материалдардан көркемөнер бұйымдарын жасау технологиясын оқыту, көркем бұйымдарды дайындау және өңдеу үшін әртүрлі технологияларды қолдану тәсілдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Дизайндағы сәнді аксесуарлар
    Несиелер: 5

    Киімдегі стильдер мен оның әшекейлерінің нұсқалары туралы түсінік қалыптастыру. Оқылатын курс аясында көркем бұйымдар жасау бойынша теориялық білім мен практикалық іскерлікті қалыптастыру. Өнер туындыларын көркем-эстетикалық дамыту, құндылық-мағыналық қабылдау және түсіну

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Көркем білім берудегі Стартап және инновациялар
    Несиелер: 5

    Стартаптың мәні мен негізгі сипаттамалары. Оның өмірлік циклінің кезеңдері, көркем білім беруде стартап-жобаларды әзірлеудің перспективалы салалары. Білім беру саласындағы инновациялық қызмет саласында шешімдер қабылдаудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларының жүйесін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бизнесті жоспарлау және маркетинг
    Несиелер: 4

    Курсты оқу студенттердің маркетинг пен бизнес-жоспарлаудың мәні туралы теориялық білім алуына, бизнес-жоспарлардың міндеттері, мақсаттары мен түрлері туралы білім алуына, бизнес-жоспарды әзірлеу дағдыларын игеруіне, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын бағалай білуге, осы білім саласында жинақталған озық тәжірибені игеруге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жеңіл өнеркәсіптегі ақпараттық технология
    Несиелер: 6

    Пәнді игерудің мақсаты, жеңіл өнеркәсіпті дамытудың барлық бағыттарында инновациялық технологияларды ілгерілету және енгізу саласында білім, білік және дағды жүйесін қалыптастыру болып табылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне негізделген инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттерге ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON4

    Педагогикалық менеджмент принциптерін, құрылымын, моделін талдай отырып, кәсіби оқыту жүйесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, технологияларын компьютерде жұмыс жасаудың дағдыларын меңгерген;

  • Код ON6

    Виртуалды орындаушылар мен жасанды интеллектіні басқару үшін алгоритмдерді қалыптастырады, сондай-ақ әр түрлі роботтардың модельдерін ортасын әзірлеу, құрастыру және программалау технологияларын меңгерген;

  • Код ON11

    Инновациялық технологияларды, функционалдық және заманауи материалдарды пайдалана отырып, көркемдік мақсаттар үшін объектілерді жобалайды;

  • Код ON7

    Тоқыма материалдарының фурнитуралары мен қасиеттерін, талшықтардың құрамын, астар материалдарын, станоктық жабдық элементтері мен құралдарын жұмыс процесінде, қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтай отырып, тұрмыстық техника туралы практикалық білім мен дағдыларды игеріп пайдаланады

  • Код ON9

    Тігін бұйымдарының құрастыру технологиясы негізінде жасалған материалдарды және сәндік бұйымдар мен шығармашылық туындыларды жасау үдерісінде визуалды өнерінің теориялық және практикалық білімін қолдана отырып, креативті ойлау дағдыларын қалыптастырады ;

  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген;

  • Код ON10

    Кәсіпкерлік саласында тігін бұйымдары технологиясы, сәндік-қолданбалы өнер, компьютерлік графика және басқа да автоматтандырылған бағдарламалар дағдыларын меңгере отырып, кәсіби білімдерін практикада талдайды.

  • Код ON5

    Әр түрлі материалдарды көркемдеп өңдеу кезінде киімнің негіздерін және технологиялық операцияларды жобалау, модельдеуде АКТ пайдалану кезінде дизайнерлік дағдыларды қолданады

  • Код ON8

    Кәсіби білім берудің әртүрлі деңгейлік жаңартылған бағдарламалары бойынша білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау мен бағалаудың, қызметті ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын қолдану дағдыларды меңгерген;

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар цифрлық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген

  • Код ON12

    Кәсіпкерлік бизнес-идеяларды пайдалана отырып, нормативтік-құқықтық базаны, экономикалық және құқықтық білімді, салық жүйесін біле отырып және нарық құрылымы мен кәсіпорын бөлімшелерін талдау әдістерін пайдалана отырып, кәсіптік және өзге де міндеттерді шешу кезінде стартап-жобаларды әзірлейді және іске асырады;

  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді

Top