Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02302 Филология в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 6

    Пән лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді. Тіл ғылымының негізгі ұғымдары, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксистің жалпы мәселелері, әлемдік лингвистикалық мектептер туралы ақпарат алып, олардың лингвистикалық зерттеулерін бүгінгі күн тұрғысынан зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл білімінің негіздері
    Несиелер: 6

    «Тіл білімінің негіздері» курсы тіл білімінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, тіл ғылымының негізгі ұғым–категорияларын, тілдің құрылымы, жүйесі, қызметі жөніндегі негізгі мәселелерді қарастырады. Тілдің табиғатын, қоғамды қызметін, тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысын зерттейді. Дүниежүзі тілдерінің генеологиялық және типологиялық тұрғыдан классификациялау принциптерін саралайды. Тіл ғылымының зерттеу әдістерін және тіл біліміндегі жаңа бағыттарды зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фольклор және ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстырады. Ауызша нысанда көрсетілген туындылардың идеялық-көркемдік мәнін түсініп, халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыту. Ежелгі әдеби мұралармен танысу және оларды ғылыми негізде сараптап, әдеби ескерткіштердің өзіндік ерекшеліктерін және көркемдік мұратын айқындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
    Несиелер: 5

    Лексикология мен лексикографияның қарастыратын негізгі мәселелері – сөздердің, фразеологизмдердің лексикалық жүйеде алатын орны, лексикалық және фразеологиялық мағына, сөздердің, фразеологизмдердің пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтары, жасалуы мен шығу тегі, қарым-қатынас кезіндегі қолданылу қабілеттілігі, сөздердің мағыналық, семантикалық қатынасына қарай жіктелуі, сөздердің лексикалық мағыналарының типтері, стильдік сипаты. Сөздіктік түрлері, құрылымдық ерекшеліктері, сөздікте семантиканың ролі қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 4

    Әдебиеттің тектері мен түрлерін, ұлттық болмысын, тақырыптық-идеялық бірлігін айқындаумен бірге, әдебиеттанудың болмысы мен бітімі (әдебиет туралы жалпы түсінік, әдебиеттану және оның даму кезеңдері, образ және образдылық); әдеби шығарманың сыры мен сипаты; әдеби дамудың мағынасы мен мәні (әдебиеттегі тек пен түр, әдеби бет пен бағыт) толық сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Академиялық қазақ тілі
    Несиелер: 4

    «Академиялық қазақ тілі» пәнінде болашақ филологтар қазақ тілінің салалары туралы білімдерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде кәсіби – мамандандырылған мәтіндерді оқып түсінуге, іскерлік келіссөздер мен сұхбаттар жүргізуге, мамандығына байланысты ғылыми бағытта жазбаша жұмыстар жазуға дағдыланады. Қазақ тіліндегі сөзжасам мен сөз оралымдардың қолдану әдістерін, орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолдануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • «Абайтану: «Толық адам» ілімі»
    Несиелер: 5

    «Абайтану: «Толық адам» ілімі» пәні ұлы ойшылдардың ақыл–ойды дамытуға арналған пікірлерін негізге ала отырып Абайдың толық адам болу жайындағы тұжырымдарымен сабақтастыра оқытылады. «Абайтану» саласындағы зерттеулерді, Абай шығармаларындағы «Толық адам» ілімін зерделей отырып, сананы тәрбиелеу және «Жаңа Қазақстанға» қызмет ететін әрбір жастың мінез-құлық прагматизмін қалыптастыру әдіс-тәсілдері теориялық және практикалық тұрғыдан жүйелі беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
    Несиелер: 5

    Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін, жіктелімін, дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін, үндестік заңы мен буын табиғатын, сөздің фонетикалық ұйымдасуын, сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістер туралы мағлұмат алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жыраулық және сал-серілік кезеңдегі әдебиет
    Несиелер: 5

    Жыраулық поэзияның басты жанры толғау жанрын нақты мысалдар арқылы талдау, ақын-жырауларды авторлық позициясы тұрғысынан көрсетіп дәлелдеу, ерлік, қайраткерлік қасиеттеріне игереді.Әнші-ақындар шығармашылығын саралай отырып, әр түрлі нұсқаларын меңгер, текстологиялық анализ жасай алады. Ақындар шығармашылығындағы синкретизмді түсіндіре отырып, Қазақстанның әр аймағындағы белгілі әнші-ақындар мектебімен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Нормативті қазақ тілі
    Несиелер: 4

    Фонетика, лексика, морфология, синтаксис, сөзжасам салаларының жалпы сипатын, жеке тілдік қабаттардың өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, тереңірек біледі. Қазақ тіліндегі грамматикалық категориялар мен формалар меңгереді. Қазақ тіл білімінің салалары бойынша теориялық, практикалық білім мазмұнын жаңа тұжырымдармен толықтырады, жаңа еңбектермен, теориялық тұжырымдамалармен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Фонология және интонология
    Несиелер: 5

    Фонологияның басты зерттеу нысаны – фонема, яғни дыбыстың сөздегі қызметін толық түсінеді. Интонология сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнерін, дауыс ырғағын, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесін зерттейтін ғылым ретінде танып, пәннің меңгеру барысында фонология мен интонологияның зерттеу әдістері туралы түсінік беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сөзтану ғылымының көкейкесті мәселелері
    Несиелер: 5

    Тіл мен сөзтану ғылымдарының арақатынасын айқындай алады. Сөзтану ғылымын тілді игерудің жаңа бағыты ретінде игереді. Мәтін тақырыптарына ерекше тілдік бірлік ретінде талдайды. Оны негізгі прагматикалық компоненттердің бірі ретінде қарастырады. Дұрыс, шешен сөйлеу дағдысын игереді. Дәріс сабақтарында студенттер теориялық білім дағдыларын жетік меңгереді, өтілген тақырыпты ой-талқыға салып, ұсыныс пікір білдіре алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Отаршылдық дәуірдегі әдебиет
    Несиелер: 5

    Курс барысында отаршылдық дәуірдегі әдеби мұраларды идеялық-көркемдігіне қарай талдай келе, әдеби бағыттар мен әдеби ағымдар туралы мәліметтерін тереңдете отырып, зар заман әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін қазіргі тәуелсіздік талаптары тұрғысынан қайта зерделеп оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
    Несиелер: 5

    Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы екендігі, оның салалары мен зерттеу әдістері; сөздердің жасалу жолдары мен тәсілдері; сөзжасамның негізгі мәні, оның зерттеу нысаны; негізгі сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Латын графикасы және қазақ жазуы
    Несиелер: 6

    Жалпы жазу туралы, жер бетіндегі түрлі ареалдардағы жазудың пайда болуы, дамуы, тарихы, жазудың қазіргі жай күйі туралы түсінік; жазудың пайда болу және қазақ жазуының даму кезеңдері, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі, емле ережелері туралы білім алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • XV-XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    ХV-XIХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы ақын-жыраулардың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасын, жыраулар поэзиясының көркемдік негіздерін, әдеби мұралардың тарихи мәселелерін, оның даму бағыттарын ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіреді. XIX ғасырдағы көркем әдебиеттің рухани-танымдық дамуына ұлт азаттығын, ел бірлігін арқау еткен зар заман ақындары, сал-серілер, айтыс ақындары шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері арқылы баға береді. Қазақ жазба әдебиетінің тарихын саралап, даму заңдылықтарын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Мамандықтың цифрлық мәдениеті
    Несиелер: 5

    Заманауи ақпараттық технологияларды, олардың қызметін түсіну, оларды жұмыста сауатты пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Сандық мәдениет саласында дағдыларға ие маман IT саласында бейінді білімі бар-жоқтығына қарамастан, бізге заманауи ақпараттық технологиялар ұсынатын құралдарды қалай пайдалану керектігін біледі. Сандық мәдениетте сандық этиканы сақтайды, өзін ақпараттық кеңістікте дұрыс ұстауды үйренеді. Филолог мәтіндерді талдай білуі керек.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Салғастырмалы лингвистикалық терминология
    Несиелер: 4

    «Салғастырмалы лингвистикалық терминология» пәні орыс және қазақ терминологиясының пайда болу, қалыптасу жолын, термин жасау ұстанымдарын, терминжасам тәсілдерін қарастырады. Пәнді оқу барысында студенттер қазақ терминологиясының қалыптасу тарихымен танысып, терминнің басты белгілерін, термин жасауға негіз болған лексикалық бірліктерді, терминжасам жолдарын оқып үйренеді. Нәтижеде студент қазақ және орыс тілдеріндегі лингвистикалық терминдерді салғастыра зерттей біледі және аударма ісінің термин жасаудағы рөлін сараптай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мәтін синтаксисі
    Несиелер: 5

    Мәтін синтаксисі саласындағы теориялық білімді, сонымен қатар лингвистикалық бірліктерді мәтіндік деңгейде талдауға арналған практикалық білік-дағдыларды меңгереді, фразалар арасындағы бірлік тема-ремалық қатынастар арқылы айқындалатынын біледі. Ремалық доминант сөйлеудің төмендегідей функционалды-мағыналық типтерін анықтайтындығын сипаттайды, хабарлайды, талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
    Несиелер: 6

    Қазіргі қазақ тілінің морфологиясында морфема, оның түрлерін, дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын, категория оның түрлерін, сөз таптары, оның түрлерін, сөз таптарына бөліну принциптерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілінің жай және құрмалас сөйлем жүйесі
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ тілі синтаксисінің негізгі бірліктерін, олардың басты белгілерін, синтаксистік бірліктердің байланысу амалдары мен формаларын, синтаксистік қатынастарды, сөз тіркестері, жай және құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық түрлерін біледі. Сөз тіркесі мен сөйлемге, мәтінге синтаксистік талдау жасай алады, грамматика бойынша зерттеу жұмысын жүргізе алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазіргі қазақ тілінің терминологиясы
    Несиелер: 4

    «Қазіргі қазақ тілінің терминологиясы» пәні терминологиялық мектептер тарихы мен олардың жеке зерттеу әдістерін қарастырады. Пәнді оқу барысында студенттер терминологиядағы теориялар мен ғылыми бағыттарға талдау жасап, қазақ терминологиясының қалыптасу тарихымен таныса алады. Сонымен қатар терминжасаушы лексикалық бірліктерді, терминге тән белгілерді ажыратып, терминжасам жолдарын оқып үйренеді. Қазақ терминологиясын қалыптастырушы ғалымдардың еңбектерімен танысып, қазіргі қазақ терминологиясының өзекті мәселелерін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 6

    Тіл теориясы, тіл бірліктері мен олардың қатынасы туралы тұжырымдамалар; тіл білімінің іргелі теориялық-әдіснамалық дамуы, негізгі лингвистикалық бағыттары мен мектептері, тіл және оның бірліктерін талдаудың әдістерін меңгеру мен оларды тәжірибеде қолдану жолдары таныстырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Шешендік өнер
    Несиелер: 5

    Шешендік өнердің қалыптасу тарихы. Қазақ шешендік өнерін дәуірлеу, тарихи кезеңдері. Ежелгі түркі шешендігі. Билер шешендігі. Ақын-жыраулар шешендігі. Қазіргі шешендіктің өзіндік белгілері. Қазіргі шешендіктегі сөйлеудің түрлері. Әлеуметтік-саяси және академиялық шебер сөз, олардың түрлері. Соттағы шебер сөз. Әлеуметтік-тұрмыстық және діни уағыз шебер сөз, олардың түрлері. Шешендік сөздегі тіл тазалығы мен тіл көрнекілігі. Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер. Шешендік сөздің мазмұндылығы, дәлдігі, ой айқындығы. Шешенге қойылатын талаптар

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Адамзат тілінің пайда болуы, алтай тілдер теориясы, түркі тілдерінің даму кезеңдері, ежелгі тілдермен байланысы, Шумер мәдениеті мен жазуы, әліпбиі мен көне түркі әліпбиінің байланысы, көне түркі тілдеріндегі тарихи атаулар, олардың семантикалық жақтан дамуы қарастырылады. Көне түркі тіліндегі сөзжасамдық тәсілдер, түркі тілдерінің тарихына қатысты мұралар, тарихи атаулардың танымдық мәні меңгертіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы, поэзиясы, драматургиясы, сыны, әдебиеттануы мәселелері қарастырылады. Тәуелсіздікпен бірге әдебиетке келген жаңа есімдер. Қазақ прозасындағы түрлі сарындар, әңгіме жанрының дамуы, поэзиядағы жас ақындар шығармашылығы, айтыс өнерінің дамуы. Қазақ драматургиясының дамуы. Әдебиеттегі модернизм және постмодернизмнің қазақ әдебиетіне кіргізген тәсілдік, түрлік, мазмұндық, стильдік өзгерістерін түсінеді, шығармашылыққа баулу көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің тарихи-грамматикалық сипатын көне түркі, орта ғасыр және одан бергі кезеңдердегі ескерткіштер тілінің негізінде зерттеп, оқиды; тарихи тұрғыдан фонетика, лексикология, морфология, сөзжасам мен синтаксис деңгейлерінің даму сипаттарын біледі; салыстырмалы-тарихи, ретроспективті т.б. әдістер арқылы тарихи грамматиканы қарастырады. Қазақ тіліндегі тарихи грамматикалық категориялар мен формалардың өзгерісін біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ахметтану
    Несиелер: 5

    Ахмет Байтұрсынұлы - Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ағартушы педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, аудармашы, қоғам қайраткері. А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына жан-жақты ғылыми талдаулар жасау; ғылыми еңбектері мен оқулықтарын зерделеу, бай мұрасын зерттеуге бағыттау, тіл мен әдебиет, педагогика, әдістеме салаларындағы А.Байтұрсынұлы салған ғылыми негіздерді одан әрі дамыту, нығайту, болашақ бағыттарды айқындау. Сондай-ақ қазіргі гуманитарлық білім парадигмалары тұрғысынан ғалымның рөлі мен орнын бағамдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
    Несиелер: 5

    Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының негізгі мәні, оның зерттеу нысаны туралы; фонетикалық құбылыстар мен сөздік қор, негізгі сөзжасамдық бірліктер туралы; сөздердің жасалу жолдары мен тәсілдері туралы; сөз топтары мен сөз таптарының лексика-грамматикалық ерекшеліктері, грамматикалық категориялар, түркі тілдері морфологиясы мен синтаксисі жайында туралы біртұтас жүйе ретінде ғылыми тұрғыдан түсінік қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдағы әдебиет тарихын қамтитын бұл пәннің аясында студенттерге сол кезеңдегі ұлттық әдебиеттің, көркемдік-эстетикалық ой-сана дамуының жайынан мәлімет беру көзделеді. Қазақ әдебиетінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік жағынан айрықша ілгерілеу процесін бастан кешіргендігі, әдебиеттің барлық жанрларында жаңашыл сипаттағы тың шығармалар, әдеби бағыттар мен ағымдар, әдеби сынның дамуы көркем шығармалар негізінде талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Стилистика және тіл мәдениеті
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ тілі стилистикасының жалпы теориялық мәселелерін, дәстүрлі салалары мен даму бағыттарын, сөз мәдениетін, функционалды стиль түрлері мен олардың өзіндік белгілерін біледі. Әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгереді. Функционалды стиль түрлеріне және оларға тән тілдік бірліктерге стилистикалық талдау жасай алады. Тіл білімінің антропоөзектік парадигмасы аясында сөз мәдениетіне зерттеу жұмысын жүргізе алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мәтін лингвистикасы
    Несиелер: 5

    Мәтін – тіл білімін зерттеуге арналған негізгі нысан. Оның тілі мен прагматикасын, сөздердің қолданыс деңгейін, аясын, мағына жасаудағы рөлін, оның сөзжасамға, одан ары тілжасамға апаратын жол екендігін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлем әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Әлемдік әдебиет пен өнердің әлемдік мәдениет жүйесіндегі орны туралы нақты түсінік қалыптастыру; әдебиеттің даму заңдылықтарын және оның маңызды құбылыстарын зерттеу; ежелгі, орта ғасырлар, қайта өрлеу, жаңа ғасыр, XVIII – XX ғасыр әдебиетіндегі негізгі жанрлар мен олардың дамуына талдау жасау; сөз өнері мен пішін, түс, дыбыс және пластика өнерінің қалыптасуының кезеңінің бірегейлігін игеру. Курстың міндеттеріне әлемдік әдебиеттің мәселелері туралы ғылыми және сыни материалдармен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Шығыс әдебиеті
    Несиелер: 5

    «Шығыс әдебиеті» пәнінде парсы, араб, түрік, үнді, қытай әдебиеттерінің озық үлгілері қарастырылады. Шығыс халықтарының әдебиеті ғылыми-теориялық тұрғыда сараланып, шығыс әдебиетінің классикалық мұралары мен бүгінгі дәуірдегі әдеби шығармалары арқылы эстетикалық таным, ұлттық әдеби арна ерекшелігі танылады. Әлемдік көркем сөз шеберлігіне шығыс әдебиетінің ықпалын кеңірек ашу мақсат етіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазіргі қазақ әдеби тілінің өміршеңдігі
    Несиелер: 5

    Қазақ әдеби тілін өміршеңдігін қамтамасыз етіп, дамыту үшін тіл экологиясын, тілдің демократиялануын, тілдік норманың сақталуын, ауызша әдеби тіл мен жазба тілдегі тіл мәдениетін сақтауды, тілдің әлеуметтік-лингвистикалық жай-күйін, коммуникативтік қызметін біледі, БАҚ-тың, әлеуметтік желілердің тіліндегі норманы қалыптастыра алады; жаңа номинатив сөздер мен тіркестерді нормаландырады; қазақ әдеби тілінің қоғамға қызмет ету мүмкіндігін арттыруды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON5

    Түркі мәтіндерінің тілдік ерекшеліктеріне салыстырмалы синхронды және диахронды талдау жасайды.

  • Код ON2

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген

  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді.

  • Код ON9

    Кәсіби қызметте тiл бiлiмi салаларының негiзгi (базалық) қағидаларын орынды пайдаланады.

  • Код ON10

    Бiлiм берудiң жаңартылған мазмұнында, тəжiрибе жүзiнде цифрлық технологиялар мен əдiстердi қолданады.

  • Код ON12

    Қазақ филологиясының даму перспективасы мен қазiргi ахуалын зерттейдi.

  • Код ON4

    Қазақ тілінің даму тарихы туралы білімі негізінде, латын графикасын қолданудағы мәселелерді шешуге қабілетті.

  • Код ON8

    Ұлттың рухани-танымдық дамуындағы қазақ əдебиетi туындыларының рɵлiне баға бередi.

  • Код ON7

    Қазақ жəне əлем əдебиетi дамуындағы əр кезең ерекшелiктерi туралы бiлiмiне сүйене отырып, кəсiби мəселелердi шешедi.

  • Код ON3

    Қазақ тіліндегі түрлі жанрдағы мәтіндерге кәсіби тұрғыда талдау жасай алады.

  • Код ON11

    Шешендiк ɵнер мен академиялық жазу шеберлiгi машықтарын кɵрсетедi.

  • Код ON6

    Əдебиеттанудағы теориялық база мен инновациялық теорияларды синтездейдi.

6B02302 Филология: орыс тілі
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B02302 Орыс филологиясы
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B02302 Филология
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Филология
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Филология
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Филология: қазақ филологиясы
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Шетел филологиясы
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B02302 Филология
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B02302 Шетел филологиясы және кәсіби коммуникация
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B037 Филология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top