Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01502 Математика-Физика в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия
    Несиелер: 6

    Курс мазмұны үш саланы қамтиды: сызықтық алгебра, векторлық алгебра және аналитикалық геометрия. Курсты оқу нәтижесінде студент: - қарапайым геометриялық модельдерді қалыптастыру кезінде туындайтын есептерді шешу үшін аналитикалық геометрия әдістерін; - сызықты теңдеулер жүйесін шешу үшін сызықтық алгебра әдістерін; - аналитикалық геометрия есептерін шешу үшін координаталық әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады. Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған. Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физика тарихы
    Несиелер: 5

    Пәнде болашақ мамандарға физика ғылымының пайда болуы мен даму этаптары мен болашақ тенденциялары туралы білім бере отырып, оларды физиканың дамуына үлес қосқан ғалымдардың өмірімен және ғылыми еңбектерімен таныстыра отырып физиканың ежелгі дәуірден бастап қазіргі заман физикасына дейінгі кезеңдерін зерделеу арқылы тұтас физикалық білімдердің өзара байланысын айқындауға мүмкіндік береді. Пәннің мазмұны бойынша физиканың ғылым ретінде пайда болу кезеңі,классикалық физиканың, релятивистік және кванттық физиканың даму тарихы және қазіргі физиканың даму тенденциялары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математикаға кіріспе
    Несиелер: 5

    "Математикаға кіріспе" курсының бағдарламасы студенттерді жиындар теориясы мен математикалық логика негіздерімен, екілік қатынастардың, бейнелеулердің әр түрлі түрлерімен, қайталаусыз комбинаторика элементтерімен таныстыруды қамтиды. Бұл бөлімдер қазіргі математика тілін меңгеру үшін қажет және мамандық бойынша көптеген математикалық курстарды дұрыс игеруге негіз болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Механика
    Несиелер: 5

    Механика кеңістікте уақыт бойынша денелердің өзара қозғалысына байланысты физикалық процестер мен құбылыстарды қарастырады. Механиканың негізгі есебі – бұл кез-келген уақытта дененің орнын анықтау болып табылады.Пәннің мазмұны кинематиканы, динамиканы, статиканы және сұйықтар мен газдар механикасын қамтиды. Пән академиялық білім беру траекториясының физика мамандану пәндерінің алғашқы пәні болатындықтан студенттерде бірегей, логикалық дұрыс байланысқан, тізбекті физикалық білімдерді қалыптастыруда маңызды болып табылады. Пән академиялық білім беру траекториясында мамандану пәндерінің алғашқы пәні болғандықтан, студенттер үшін бірегей, логикалық тұрғыдан дұрыс байланысқан, дәйекті физикалық білім қалыптастыруда маңызды болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Элементар математика
    Несиелер: 5

    Элементар математика практикалық білім мен дағдылардың базасы болып табылады, оның негізінде мектептегі математика курсының нақты тақырыптарын оқытудың әдістемелік аспектілері ашылады. Сондықтан курс бағдарламасында басты назар мектеп математикасымен тығыз байланысты бөлімдерге бөлінеді: Жалпы математикалық әдістер. Арифметика. Комбинаторика. Алгебра және анализ бастамалары. Тригонометрия. Планиметрия. Стереометрия.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Молекулалық физика және термодинамика
    Несиелер: 5

    Молекулалық (жылу) физикаға кіріспе. Заттардың физикалық құрылысын сипаттау әдістерін. Газдардың молекула-кинетикалық теориясы. Температура. Газ заңдары. Максвел және Больцман таралулары. Тасымалдау құбылыстары. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Жұмыс циклі. Пайдалы әсер коэффиценті. Реал газдар. Сұйықтар. Қатты денелер. Фазалық ауысулар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Алгебра және сандар теориясы
    Несиелер: 6

    Курс материалдары практикалық физикалық есептерді шешу үшін қажетті дифференциалдық геометрияны, топологияны, функционалдық талдауды, дифференциалдық теңдеулерді және басқа да көптеген пәндерді оқытуда қолданылады . Бұл оны зерттеудің өзектілігін анықтайды. Курстың жалпы ғылыми және кәсіби бағыты бар. Пәнге логикалық дәлелдемелерді жүргізудің әртүрлі әдістері, сондай-ақ алгебра мен сандар теориясы саласындағы кәсіби есептерді шешу әдістері оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жоғары алгебра
    Несиелер: 6

    Пән алгебраның жалпы курсы бойынша білімді жалпылауға және тереңдетуге, сондай-ақ абстрактілі-логикалық ойлауды қалыптастыруға және мұндай жалпыматематикалық түсініктерді қолдана білуге бағытталған. Курс жоғарғы алгебра курсының көптеген тақырыптарын: комплекс сандарды, көпмүшеліктерді, сызықты және евклидтік кеңістіктерді, квадраттық формаларды, топтар теориясының негіздерін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кинетикалық теория негіздері
    Несиелер: 5

    Термодинамикалық жүйелердегі қайтымсыз процестер. Статистикалық әдіс. Кинетикалық теорияның даму кезеңдері. Молекулалық жүйелердің тепе-теңдік қасиеттері. Макропараметрлердің кең ауқымында тасымалду құбылыстарының ерекшеліктері. Газдардағы тасымалдау процестерінің элементар кинетикалық теориясы. Кинетикалық теңдеулер. Больцман теңдеуі. Газдардың кластерлік моделі. Газ қоспаларында процестердің кластерлік моделі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Математикалық талдау 1
    Несиелер: 6

    Курс базалық болып табылады, өйткені жоғары математиканың көптеген есептерін зерттеу және шешу кезінде осы курста оқытылатын әдістер мен ережелер қолданылады. Курс математикалық талдаудың іргелі ұғымдарын (функция, тізбек және қатар, шектер, үзіліссіздік, туынды және дифференциалдар, интегралдар), сонымен қатар шектердің, үзіліссіз функциялардың, дифференциялданатын функциялардың негізгі қасиеттерін қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Электр және магнит өрісіндегі өткізгіштер
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған әлемнің бірлігі мен әрекеттесуіндегі физикалық заңдарды бейнелейді. Білім алушылар ғылыми-техникалық тапсырмаларды шешуде қолданбалы аспектілермен қаруланады. Курс физикалық құбылыстар мен процестерді эксперименттік зерттеу дағдыларын қалыптастыру, физикалық құбылыстарды талдауда теориялық әдістерді үйрену, табиғат құбылыстарына ғылыми талдау жасауда іргелі физика заңдылықтарын сауатты қолдау мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Математикалық талдау 2
    Несиелер: 6

    Курста алғашқы функция ұғымдары; анықталмаған интеграл, анықталмаған интегралдың қасиеттері; интегралданатын функциялардың класы; анықталған интеграл, оның қасиеттері; Ньютон-Лейбниц формуласы; интегралдау әдістері; анықталған интегралдың қолданыстары; меншіксіз интералдар; көп айнымалы функциялардың дифференцалдық есептеулері қарастырылады. Курс студенттердің: - шектерді есептеу, дифференциалдау және интегралдау біліктері мен дағдыларын; - қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық талдаудың теориялық аспектілерін қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Электр және магнетизм
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің табиғаттағы негізгі іргелі өзара әсерлесудің бірі болып табылатын электромагниттік құбылыстар негізінде физикалық процестер мен заңдылықтардың заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.Электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрлік тербелістер мен толқындар туралы теориялық білім практикалық және зертханалық сабақтарда есептер шешу және зертханалық жұмыстарды жүргізу арқылы жетілдіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Критериалды бағалаудың технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Математикалық талдау 3
    Несиелер: 7

    Курс көп айнымалы функциялардың интегралдық есептеулерін, қатарлар мен тізбектер теориясының негізгі ұғымдарын зерттеуге арналған. Тізбектер мен қатарлар математиканың көптеген бөлімдерінде кеңінен қолданылады (Комплексті айнымалы функциялардың теориясы, Математикалық физика және т.б.). Мақсаты болашақ мамандардың математикалық пәндерде қолдану үшін, сондай-ақ түрлі қолданбалы есептерді шешу үшін қажетті заманауи қатарлар теориясы саласында теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Физиканы оқытудың әдістемеcі
    Несиелер: 6

    Физиканы оқыту әдістемесі физикалық процестерді және заңдарды зерделеу, физика негіздерін оқып-үйрену, осы негіздерді тиімді меңгеру әдістемесі және студенттердің практикалық дағдылар мен дағдыларды игеру бағдарламасымен қарастырылады. Физика әдіснамасы - оқытудың жолдары мен құралдарын, заңдарын, сонымен қатар студенттерді тәрбиелеу және дамыту жолдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Интегралдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Интегралдық теңдеулер теориясы - математикалық талдаудың тез дамып келе жатқан бөлімі. Оның тарихы математикалық физика есептерімен тығыз байланысты. Бұл курста Вольтерра мен Фредгольмнің 1-ші мен 2-ші текті интегралдық теңдеулері және оларға қойылатын есептердің ерекшеліктері мен оларды шешудің әртүрлі әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес жалпы мәдени, жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша базалық теориялық білімді меңгертуге және оларды оқыту тәжірибесінде қолдана білуге, пәндік сипаттағы жүйелі білім негізінде бәсекеге қабілетті білікті педагогтарды сапалы даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Курс практикалық есептерді математикалық модельдеу саласында жүйелендірілген білімді қалыптастыруға және оларды классикалық әдістер мен дифференциалдық теңдеулерді шешудің тәсілдері негізінде шешуге бағытталған; қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдары, дифференциалдық теңдеулерді шешуде қолданылатын математикалық аппарат туралы түсінік қалыптастыруға негізделген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Физикадан күрделі және құрлымданған есептерді шешудің әдістемесі
    Несиелер: 5

    Физикалық оқу эксперименті және көрнекіліктер технологиясы болашақ физика мұғалімдерінің эксперименттерді жүргізу техникасының жүйелі білім мен біліктерін қарастырады. Студенттерге эксперименттер мен көрнекіліктер технологиясының оқыту мүмкіндіктерін кеңейтіп көрсету. Тәжірибе дайындауға және көрсетуге студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу; физикалық эксперимент теориясы мәселелеріне студенттердің назарын аудару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Білім берудегі робототехника және мехатроника
    Несиелер: 5

    Курс мехатрондық модульдердің, білім берудегі роботтардың бөлшектерін және оларды құрастыруды, компьютерлік және электротехникалық компоненттерді біріктіру принциптерін оқытады, олардың негізінде инновациялық жүйелер мен машиналар жобалау және құруды қарастырады. Сондай-ақ білім берудегі роботтар мен жүйелерді құрастыру бойынша дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Толқындық оптика
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманғы физиканың дамуындағы оптика рөлі өте жоғары. Қазіргі заманғы физиканың түрлі салаларының дамуына, сонымен бірге бүгінгі күннің қарқынды дамуы кезеңінде оптика ықпал етіп келеді. Оптикалық құбылыстардың физикасы пәні молекулалық оптика, қазіргі заманғы материалтанудағы, плазмалық зерттеулерде, астрофизикада қолданылатын оптикалық спектроскопияны қарастырады. Сондай-ақ, ол электронды және нейтронды оптика теориялық және практикалық негіздерін, ақпаратты беру және өңдеудің оптикалық әдістерін талқылайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мектеп физикалық эксперименттер технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ кәсіби қызметі үшін физикалық экспериментті әдістемелік дұрыс ұйымдастыру, физикалық шамаларды өлшеу, эксперименттің алынған нәтижелерін өңдеу және оларды дұрыс талдау дағдыларын, сондай-ақ физикалық аспаптар мен жабдықтарды жинауды тиімді ұйымдастыру әдістерін біліктілігін (аспаптарды құрастыру, қолдан жасалған аспаптар және т.б.) қалыптастырады. Осылайша, жаңартылған мектеп физика курсы аясында студенттер шығармашылық және сыни ойлауды талап ететін, теориялық білімді практикалық қолдана отырып, әртүрлі нақты мәселелерді шеше отырып жүзеге асырды, одан әрі кәсіби қызмет үшін қажетті құзыреттерді дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Оптика
    Несиелер: 5

    Пәннің бағдарламасы бойынша жарықтың электрмагниттік сипаты, жарық, фазалық және топтық жылдамдықтардың таралуы және электромагниттік толқындардың спектрлері зерттеледі. Фотометрия, геометриялық оптика негіздері мен заңдылықтары, когеренттік, жарық кедергісі, жарық дифракция, Гюйгенс-Френел қағидасы, Френел және Фраунхофер дифракциясы, дифракциялық тор, оптикалық аберрациялар, жарық поляризациясы. Жарықтың шашырауы, жұтылуы және шашырауы, сәулелену түрлері, Кирхгоф заңы, Стефан-Больцман радиациясы және Виннің ығысу заңы, Рэлея-Джинс формуласы, Планк формуласы, оптикалық кванттық генераторлар, фототүсірілім, Комптон эффектісі, жарық қысымы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Электродинамика бастамалары және АСТ
    Несиелер: 5

    Пән бағдарламасы электромагниттік құбылыстар саласында физикалық көріністі жасау арқылы студенттердің ғылыми дүниетанымы мен заманауи физикалық ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді. Вакуумдағы электромагниттік өріс үшін Максвелл теңдеулер жүйесін зерттеу арқылы олардың физикалық мәні ашылады. Курс материалын зерттеу үшін қажетті тиісті математикалық аппарат алдыңғы математика курстарында (Математикалық талдау, Дифференциалдық теңдеу, Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра) оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бөлшектердің толқындық табиғаты
    Несиелер: 5

    Бөлшектердің толқындық теориясы, Шредингер теңдеуі кванттық физикадағы негізгі түсініктер болып табылады. Курс толқынды функциямен және оның физикалық мәнімен байланысты. Суперпозиция принципі. Физикалық шамалар операторлар. Динамикалық айнымалылар операторлар арқылы ұсынылады. Сызықтық операторлардың сипаттамасы. Физикалық шамалардың орташа мәндері. Қосқыштар. Координаторлық, импульстік, кинетикалық және потенциалдық энергияның операторлары, Бұрыштық импульс. Шредингер теңдеуі және оның ең қарапайым қолданыстары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ықтималдықтар теориясының негізгі курсы
    Несиелер: 6

    Пән кездейсоқ оқиғаларды, кездейсоқ шамаларды, олардың қасиеттерін және оларға операциялар жасауды оқытады. Қазіргі заманғы маманды дайындау кездейсоқ құбылыстарды формальды сипаттау мен талдаудың негізгі әдістерімен ұсынылатын мүмкіндіктерге сенімді иелік етуді талап етеді, ал бұл ықтималдықтар теориясының негізгі ережелерін меңгермей мүмкін емес.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
    Несиелер: 6

    Бұл курс қолданбалы қызметті математикалық қамтамасыз етуде туындайтын міндеттерді шешу үшін қажетті Ықтималдықтар теориясы бойынша негізгі білімдер мен негізгі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған; студенттерде теориялық және қолданбалы есептерді шешу үшін қажетті теориялық-ықтималдық аппаратты қалыптастыру; математикалық статистиканың негіздерін түсіну және оны қолдану үшін қажетті ұғымдық теориялық-ықтималдық базасын және алгебралық дайындық деңгейін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Математикалық физика теңдеулері
    Несиелер: 5

    Математикалық физика – қолданбалы математика бөлімдері арасындағы ерекше орнын сақтап отырған физикалық құбылыстардың математикалық модельдерінің теориясы. Бұл курста классикалық математикалық физиканың негіздері берілген. Толқын және жылуөткізгіштік теңдеулері, Пуассон мен Лаплас теңдеулеріне арналған бастапқы және шеттік есептерді шешудің айнымалыларды ажырату, интегралдық түрлендіру, Грин функциялары әдісі сияқты маңызды әдістер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Вариациялық және операциялық есептеулер
    Несиелер: 5

    Ғылым мен техниканың дамуы нақты есептерді шешуде математиканың арнайы тарауларын қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Курстың мақсаты студенттердің ЭЕМ-ді қолдана отырып қолданбалы есептерді талдауға, модельдеуге және шешуге көмектесетін қажетті математикалық аппараттарды меңгеру болып табылады. Курстың міндеттеріне: студенттердің логикалық және алгоритмдік ойлауын дамыту; студенттердің математикалық есептерді шешу және зерттеу әдістерін меңгеру; студенттердің өз математикалық білімдерін өз бетінше кеңейте білуін және қолданбалы есептерге математикалық талдау жасай білуін қалыптастыру кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Кванттық механика негіздері
    Несиелер: 5

    Курс микрообъектілер туралы кванттық-механикалық түсінікті қалыптастыруға бағытталған.Қазіргі физиканың дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын курста микроскопиялық масштабтағы микромир процестері және микробөлшектердің қасиеттері, олардың қозғалысы мен өзара әрекеттесу заңдылықтары кванттық шамалардың дискреттілігі, толқындық сипаты және объектілерді сипаттаудың ықтималды (статистикалық) әдісі туралы түсініктеріне сүйене отырып зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Өріс теориясы
    Несиелер: 5

    Өрістер туралы түсінік. Өрістер түрлері. Базистік вектордың ыдырауы. Скаляр және векторлық шамалар, аралас және қос векторлық шамалар. Скаляр өрісінің градиенті. Гамильтон операторы, векторлық өрістің дивергенция және роторы. Гаусс теоремасы. Пуассон-Лаплас теңдеуі және оны сфералық қабат үшін шешу. Дипольдік өріс, қос қабатты өріс. Энергетикалық өріс. Гетерогенді ортадағы өрістер. Поляризацияланған дененің потенциалы. Дирихле және Нейман проблемаларын интегралдық теңдеулер арқылы шешу. Электр және магнит өрісінің ағымы. Электромагниттік өрістің потенциалы үшін негізгі дифференциалдық теңдеулер. Электромагниттік өрістердің векторлары үшін шекаралық шарттар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON9

    Қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, интеграция қағидаттарын ескере отырып, математика және физика сабақтарының қысқа мерзімді;жоспарларын әзірлейді және критериалды бағалаудың әртүрлі нысандарын қолданады;

  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген;

  • Код ON6

    Математиканың, физиканың негізгі бағыттары мен ережелерін меңгерген және есептерді шешу үшін ақпараттық ресурстарды, пәндік саланың әдістерін қолдана алады;

  • Код ON8

    Өз тәжірибесінде рефлексия жасай алады конструктивті сын мен ұсыныстарға барабар жауап бере алады және өзгерістер енгізе алады;

  • Код ON10

    Жеке кәсіби даму аспектілері туралы түсінікке ие және үнемі жетілдіруге ұмтылады.

  • Код ON5

    Педагогикалық технологияларды іздеу, бағалау, іріктеу және пайдалану дағдылары мен машықтарын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу;

  • Код ON4

    Базалық физика-математикалық пәндерден білімін көрсете отырып, математикалық ойлау мен математикалық мәдениеті бойына қалыптасқан;

  • Код ON7

    Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен АКТ-технологияларды пайдалана отырып, математика мен физиканы оқытуда кәсіби дағдыларды көрсетеді;

  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді;

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар сандық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген;

6B01502.1 6B01502.1-Математика-Физика
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01502 Математика-Физика
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01502 Математика-физика
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01502 Математика-Физика
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01502 Математика және физика
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top