Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11401 Әлеуметтік жұмыс в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен тарихы
    Несиелер: 6

    Курс әлеуметтік ғылымдар саласындағы негізгі ұғымдарды, теорияларды және тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған. Әлеуметтік жұмыстың тарихын, негізгі теорияларын, маманның адамгершілік қағидалары мен мінез-құлық нормаларын зерттейді. Әлеуметтік органдар мен мекемелерде жұмыстың негізгі технологияларын пайдалана отырып, ойлану кәсіби тұрғыдан әлеуметтік саланың түрлі деңгейіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуді табу, әлеуметтік шындық құбылыстарын қарастыру кезінде алынған ақпаратты қолдану

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік институттар мен процестер
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру барысында студенттер әлеуметтік институттар мен ұйымдарды әлеуметтік жүйе ретінде қарастырып, жаңа әлеуметтік жүйелер және Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік жүйелердің сипаттамасын меңгереді. Оның дамуының негізгі тенденцияларын нақты әлеуметтік шындық ретінде танып, біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттерге әлеуметтік және ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық және жеке әлеуметтік қауіпсіздік жүйесіндегі орны туралы ғылыми көзқарас мазмұнын қалыптастырып, қоғам мен тұлғаның әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекет, қоғам, жеке тұлғаны жағымсыз әсерден қорғау шараларын зерттеу ішкі және сыртқы сипаттағы әлеуметтік факторлар түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік статистика
    Несиелер: 5

    Пән студенттерге әлеуметтік саланы зерттеуге тән ерекше тәсілдерді қолдана отырып, қоғамның тіршілігін сипаттайтын көптеген мәліметтерді жинауғ өңдеу және талдау әдістерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері
    Несиелер: 6

    Курс студенттерде жоғары экономикалық сауаттылықты және әлеуметтік жұмыс саласында экономикалық мәдениетті қалыптастырады. Әлеуметтік саладағы және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі экономикалық заңдылықтар үдерісін зерттейді. Клиенттердің барлық санаттарындағы азаматтардың құқықтарын қорғаудың барлық бағыттарында сауатты бағдарланудың әдістері мен технологияларын қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік жұмыстағы қоғаммен байланыс
    Несиелер: 6

    Әлеуметтік жұмыстағы қоғаммен байланыс пәні нарықтық ортадағы әріптестік қызмет және коммуникациялардың барлық түрлері, құралдары, нысандары мен әдістері туралы базалық түсініктерді қалыптастырып, Қоғаммен байланысты кәсіп, ғылым ретінде қарастырып, өзінің бойынша басқарушылық, ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік жұмыстың психологиясы
    Несиелер: 6

    Курс студенттердің кәсіби және жеке тұлғалық өзін-өзі дамыту үшін психологиялық білімді қолдану дағдысын, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінің қызметін жетілдіру, клиенттердің түрлі әлеуметтік топтарымен Әлеуметтік жұмыстың психологиялық ерекшеліктерін көрсету дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік жұмыс қайшылықтары
    Несиелер: 6

    Курс студенттерді бүкіл әлемдік қайшылықтарды осы пәнмен салыстыра отырып, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жұмыс қайшылықтарының орнын анықтауды үйретеді. Қоғамдағы түрлі жағдайларға өзіндік көзқарас қалыптастыру, мемлекет, халық алдында өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қарама-қайшылықтарға жол бермеу қасиеттерін студенттерге қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Азаматтың әлеуметтік-психологиялық негіздері
    Несиелер: 6

    Адамдар арасындағы ақпарат алмасу, өзара әрекеттесу заңдылықтары, қоғамдық, тұлғааралық қатынастар құрылымындағы жүздесудің рөлі, құрылымы, атқаратын қызметі, жүздесу үдерісінде әсер ету амалдары; таптар мен ұлттар сияқты ірі және еңбек ұжымы, отбасы сияқты шағын әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелері, ұжымшылдық, басқару және жетекшілік, топ болып шешім қабылдау, топ қызметінің тиімділігі сияқты үдерістерді зерттеу; тұлғаның әлеуметтік психологиясы, оның коммуникативтік сапалықтарына талдау жасау, әлеуметтену мәселелері, әлеуметтік мақсаттардың қалыптасуымен ауысуын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Пенитенциарлық (түзету) мекемелерінде әлеуметтік жұмыс жүргізу түрлері
    Несиелер: 6

    Курс студенттерге девиантты мінез-құлық әлеуметтануы жөнінде толық мағлұмат береді және оның қоғамды танып-білудегі орнын қарастыру, аталған ғылымның пәндік-түсініктік аппаратын, теориялық-методологиялық және практикалық мәселелерін оқытады. Студенттің өзіндік талдау жасау білімін, негативті әлеуметтік құбылыс саласындағы бағалау және болжау тенденцияларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Әлеуметтік жұмыстағы жаһандану мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән студенттерге адамзат баласының мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеруді, жаһанданудың тұтастығын, ерекшеліктерін сараптау қабілетін қалыптастырады. Әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау, мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтауды үйретеді. Жаһандану туралы түрлі философиялық мектептердің идеяларын, бағыттарын талдау, жаһанданудағы қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарын оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Тұрғындардың түрлі топтармен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 6

    Пән студенттерге ҚР Халықты ә»леуметтік қорғау заңдарымен көзделген әлеуметтік қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, әлеуметтік қорғауды ұйымдастыруды, тұғындардың қауіпсіздігі және халықты әлеуметтік қорғау туралы білім береді. Ақпараттарды қорытындылауға, талдауға, қабылдауға, мақсат қоюға және оған жету жолдарын табу қабілетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Елдегі және шет елдегі әлеуметтік жұмыс (ағылшын тілінде жүргізіледі)
    Несиелер: 5

    Курс елдегі және шет елдердегі әлеуметтік жұмыстың жүйесінің маңыздылығын көрсетеді және осы проблеманың әлеуметтік жағдайлар мен процестерінің құрылымдағы мекенін көрсетеді. Студенттерге әлеуметтік жұмыстағы негізгі зерттеулер мәселесіне талдау жасау, халықтың әртүрлі категорияларына арналған әлеуметтік қызметтің әр алуандығын және олардың инновациялық техникалық жабдықталғандығын ашып көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Әлеуметтік әділеттілік: теориясы және практикасы
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік әділеттілік:теориясы және практикасы пәнінде студенттер әлеуметтік әділеттілік теориясын және практикасын меңгере отырып, әлеуметтік әділеттіліктің қоғамдағы орнын айқындайды. Әлеуметтік әділеттіліктің қолдану аясын, мүмкіндіктерін ажыратады. Студент бойында азаматтық жауапкершіліктің құндылығын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Еңбек қатынастарының этикасы
    Несиелер: 5

    Еңбек қатынастарының этикасы пәні студенттерге этика тарихы мен принциптері, құқықтық этика, еңбек қарым-қатынасы, этикалық және экономикалық еңбек қатынастары туралы білім беріп. Студенттер гуманизм қағидаларын талдап, өмір жолында жан-жақты қолдана алатын дағды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік геронтология
    Несиелер: 5

    Курс Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық мәселелер, қоғамдағы қарттықтың стериотиптері, қарттық кездегі денсаулық жағдайы, қарттық кездегі жалғыздық феномені, экономикалық және әлеуметтік аспектілерді оқытып, болашақ әлеуметтік қызметкерлерде әлеуметтік геронтология саласында білім жүйесін және әлеуметтік геронтологиялық бағыттағы іс-әрекетті тиімді қолдану іскерлігін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік педагогика
    Несиелер: 5

    Курс студенттерде педагогикалық үрдістерді талдаудың негізгі тәсілдері мен бағыттары туралы білім береді. Әлеуметтік психология мен педагогиканың қазіргі мәселелері мен даму үрдістері туралы теориялық түсініктерді қалыптастырады. Әлеуметтік педагогиканың негізгі тұжырымдамаларымен таныстырады.Студенттер әлеуметтендіру процесінде тұлғаның қалыптасу және даму ерекшеліктерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік сақтандыру жүйесі
    Несиелер: 5

    Курс студенттерге сақтандыру саласындағы теориялық білімді терең меңгеруге, сақтандыру ісін жүргізу әдістерін, негізгі практикалық тәсілдерін меңгеруге үйретеді. Сақтандыру нарығындағы статистикалық және ақпараттық материалдарды талдау дағдысын қалыптастырады. . Сақтандыру қызметінің қаржылық негіздерін бағалау әдістерін меңгеру және сақтандыру ұйымдарының қаржылық және инвестициялық қызметінің тиімділігін бағалауға талдау жүргізуге дағдылайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік жұмысты әлеуметтік-педагогикалық қамтамасыз ету
    Несиелер: 5

    Пән әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз етуді құрайтын педагогикалық технологиялар кешені туралы және клиенттердің білім алуына, тәрбиесіне, оқуына байланысты проблемаларын шешуге бағытталған арнайы педагогикалық бағдарламалардың жиынтығы туралы түсініктерді қалыптастырады. Әлеуметтік-педагогикалық тәжірибедегі клиенттердің мәселелерін тұтас зерттеу дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
    Несиелер: 5

    Пән әлеуметтік жұмыстың негізгі технологиялары, оларды ҚР заңнамалары, халықаралық ережелер, өңірлік бағдарламалар, ҚР халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ұлттық стандарттарының қолданыстағы нормаларына сәйкес қолдану шарттары туралы үйретеді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік технологияларды меңгереді. Тұрғындардың түрлі санаттарына қатысты заңнамалық базаны іс жүзінде қолдану дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік медицина негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы нормативті-құқықтық құжаттармен таныстырып, әлеуметтік-медициналық көмекті ұйымдастыру, негізгі аурулардың әлеуметтік-медициналық аспектілерін анықтау, мүгедектерді реабилитациялау, алғашқы медициналық көмек түрлері көрсету,салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік, ұйымдастыру және басқару
    Несиелер: 5

    Пән студенттерге әртүрлі әлеуметтік мекемелерді ұйымдастыру және әкімшілік басқару тәжірибелерін таныстырып, басқарудың негізгі функцияларының бірі ретінде ұйымдастыру және әкімшілік басқару, әлеуметтік қызметті әкімшілік басқару және ұйымдастыру ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік әл-ауқаттың қазіргі заманғы негіздері
    Несиелер: 5

    Курс әлеуметтік әл-ауқаттың негізгі теориялары туралы түсінік береді, әлеуметтік әл - ауқаттың негізгі санаттарының философиялық-әдіснамалық мазмұнын ашады, студенттердің бойында алынған білімді әдіснамалық пайымдау қажеттілігін қалыптастырады. Әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандардың кәсіби әлемнің құрамдас бөлігі ретінде философиялық, әлеуметтік, психологиялық және саяси білімнің қағидасын түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік өзгерістер және әлеуметтік саясаты
    Несиелер: 6

    Пән студенттерге саяси жүйелердің, әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде мемлекеттердің саяси, әлеуметтік экономика, мәдени даму деңгейі туралы білім береді. Әлеуметтік қорғау және халықты қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты, қоғамдық өмірдегі өзгерістер мәселелерін зерделей отырып, студенттердің салыстырмалы талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Халықты әлеуметтік қорғаудағы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаты.
    Несиелер: 6

    Курс әр түрлі елдердегі әлеуметтік саясаттың негізі мен тарихымен таныс. ҚР-дағы әлеуметтік саясаттың мәселелері және әлеуметтік халықты қорғаудың әдіснамалық принциптерінің тақырыптары мен негіздерін зерттейді. Студенттердің ҚР-дағы Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын роанализациялай білу қабілетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік жұмыстағы болжау және жобалаудың әдісі мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Курс студенттерді әлеуметтік жұмыста болжау, жобалау және үлгілеу концепциялары мен теорияларымен таныстыру; әлеуметтік жұмыс бойынша болашақ маманның әлеуметтік-жобалық қызметті ұйымдастыру бойынша практикалық біліктері мен дағдыларын дамыту; әлеуметтік сала мекемелерінің мысалында әлеуметтік жобаларды құруға студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Коммуникативті менеджмент
    Несиелер: 5

    Курс студенттерге ұйымдағы коммуникация, келіссөз жүргізу негіздері, коммуникациядағы байланыс, кедергілер, igital-коммуникация ережелері, басқару жүйесіндегі шиеленістерді ретту әдістерін оқытады. Студенттердің бойында талдау, саралау, ынтымақтастық, қызметті басқару, шешім қабылдау, бастамашылық құзіреттілігін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг
    Несиелер: 5

    Курс студенттерді әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг әрекетінің мәнін тануға бағдарлап, әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг әрекетінің тұғырларын, ұстанымдарын, кезеңдерін үйретіп, педагогикалық үдеріс барысында практикалық міндеттерді шешуде жобалау әрекетінің әдістерін қолдануды меңгеру мен біліктілікті қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік еңбек табиғаты. Әлеуметтік жұмыстағы моральдық нормалар мен қағидаттар. Қоғамдық сыйластық пен қайырымдылықтың қалыптасуы мен дамуындағы адамгершілік дәстүрлер. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасы. Негізгі ұғымдар мен принциптер. Әлеуметтік қызметкердің моральдық қасиеттері. Әлеуметтік жұмыстағы зерттеулердің моральдық мәселелері. Клиентпен қарым-қатынас этикасы. Үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас этикасы. Серіктестік этикасы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мамандардың өзара қарым-қатынасы. Ұлттық (этно) - әлеуметтік жұмыстағы адамгершілік қатынастардың аймақтық ерекшеліктері. Деонтология Этика бөлімі ретінде, борыш және тиісті ғылым. Қоғамның тіршілік әрекетінің нормативтік реттелуі. Жүйе ішіндегі әр түрлі өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік қызметкердің борышы мен жауапкершілігі. Әлеуметтік жұмыстағы өзара әрекеттестіктің жекелеген түрлерінің деонтологиясы. Кәсіби қатынастар жүйесіндегі Деонтология ұжымдардың.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 5

    Пән әлеуметтік ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша теориялық білімді меңгеруге, қоғамның әлеуметтік-мәдени саласын зерттеу әдістері мен құралдарын меңгеруге негізделген. Студенттерді зерттеу жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу әдістерімен және негізгі әдістерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметке қатерлі ересектермен және олардың отбасымен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 5

    Әлеуметке қатерлі ересектермен және олардың отбасымен әлеуметтік жұмыс пәнін оқу барысында студенттерәлеуметке қатерлі ересектермен және олардың отбасымен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігін меңгереді. Ересек адамдардың әс-әрекетінің теориялық-методологиялық ерекшеліктерді ажыратады. Азаматтық позиция, азаматтық жауапкершілік дағдыларын қалыптастырады. Отбасы құндылығын құрметтеуді үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі дағдарыс орталықтары
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі дағдарыс орталықтары пәні дағдарыс орталықтарының қызметі туралы оқтып,әлеуметтік жұмыс саласындағы дағдарыс орталықтарының рөлін түсіндіреді,шетелдік тәжірибелермен таныстырады. Студенттің бойында қарым-қатынас дағдысы қалыптасып, әлеуметтік әріптестік, педагогикалық, психологиялық, экономикалық білімді қолдану білігі қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен әдістері
    Несиелер: 5

    Курс студенттерге кәсіби міндеттерді шешу қабілетін дамыту, кәсіби қызметтің зерттеу түріне сәйкес әлеуметтік саладағы зерттеу стратегиялары туралы тұтас, жүйелендірілген зерттеу бағдарламаларын дайындау және іске асыру ережелері үйретеді. Студенттерге әлеуметтік зерттеулерден алынған әр түрлі мәліметтерді қолдануға дағдылайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу
    Несиелер: 5

    Курс студенттерді әлеуметтік-экономикалық феномен мәнімен, еңбекпен қамтудың басты концепцияларын, дамыған капиталистік елдердегі жұмыспен қамту саясатын реттеу тәжірибесін туралы білім беру. Болашақ мамандардың әлеуметтік, экономикалық, механизмдерді жетік меңгеру, әлеуметтік қызметкердің кәсіби шыңдалуына дағдылау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметке қатерлі балалармен және олардың отбасымен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 5

    Пән студенттерге әлеуметке қатерлі балалармен жұмыс жөнінде толық мағлұмат берңп, оның қоғамды танып-білудегі орнын қарастырады. Әлеуметке қатерлі балалармен жұмыс жүргізу дағдыларын үйретеді. Маман ретіндегі тәжірибелік зерттеулерді жүзеге асыру дағдылары қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON4

    Әлеуметтік жұмыстағы өмірлік және әлеуметтік құндылықтардың, адамгершілік пен мінез-құлық этикасы мазмұнын, рөлін түсінеді.

  • Код ON8

    Әлеуметтік-мәдени және кәсіби-этикалық талаптарды сақтай отырып, кеңес беру қызметін жүзеге асыру дағдыларын меңгерген.

  • Код ON9

    Азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін зерттеуде математикалық талдау, модельдеу және эксперимент әдістерін қолданады .

  • Код ON10

    Халыққа және халықтың түрлі әлеуметтік топтарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуде қазіргі заманғы жаһандық, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіби қызметтер көрсете біледі.

  • Код ON5

    Әлеуметтік қамсыздандыру саласында нормативтік-құқықтық актілерді біледі және қолданады.

  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді

  • Код ON6

    Әлеуметтік мәселелерді шешу, әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру және әлеуметтік көмек көрсету кезінде әлеуметтік жұмыстың қазіргі заманғы технологияларын қолданады.

  • Код ON7

    Әлеуметтік қызметкердің имиджін арттыру мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізеді және әлеуметтік сала менеджментінің технологиясын меңгерген.

  • Код ON3

    Кәсіби қызметте әлеуметтік-педагогикалық саланың теориялық білімін қолданады.

  • Код ON2

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген.

Top