Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Курс жоғары білім берудің негізгі бағыттарын, қағидаттары мен заңдылықтарын зерделеуге бағытталған. Курсты оқу барысында қазіргі педагогиканың базалық ұғымдары, оқыту мен тәрбиелеудің тұжырымдамасы мен теориясы, жоғары мектептің дидактикасы қарастырылатын болады. Магистрант білім беру процесін ұйымдастыруды жобалау дағдыларын, жеке және топтық рефлексия тәсілдерін меңгереді, педагогикалық мақсаттарды сауатты тұжырымдай алады, білім беру технологияларын оқу үрдісінде қолдана алады, пәндердің жұмыс бағдарламаларын құрастыра алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Грамматика теориясының негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің грамматикалық құрылымының жүйесі, оның басқа тілдік деңгейлермен өзара байланысы, негізгі грамматикалық бірліктер мен ұғымдарды тіл білімі теориясы тұрғысынан қарастырады. Морфем мен сөз, сөз тіркесі мен сөйлемнің лингвистикалық табиғаты, олардың бір- бірінен айырмашылықтарын, грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысын таныстыру. Грамматика теориясының ұғымдық аппаратын, негізгі грамматикалық теорияларды, грамматикалық талдаудың негіздерін игерту. Тілдік материалды сауатты талдауға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміндегі ағымдар мен көзқарастар
    Несиелер: 5

    Курс барысында қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттар туралы мәлімет алады. Жалпы лингвистиканың негізгі ғылыми парадигмаларының ғылыми концептуалды- терминологиялық аппаратын, әртүрлі ағымдардың, бағыттардың және мектептердің негізгі идеяларымен танысады. Парадигматикалық білімдердің қалыптасуындағы әртүрлі кезеңдердегі ғылыми теорияны меңгереді. Лингвистикалық бағыттар мен мектептердің ғылыми парадигмалары, ұстанымдары және постулаттарының онтологиялық және эпистемологиялық негіздеріне сыни талдау жасауға машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Курс барысында қазақ әдебиеттану ғылымы, дәуірлеу кезеңдері, бүгінгі әдебиеттану мәселелері талданып, ақын-жазушылардың бай мұрасы және шығармашылығы зерттеулеріндегі тұжымдар сараланады. Ұлт әдебиетінің тарихы тың тұжырымдармен нақтыланып, әдеби- теориялық аспектіде қарастырады. Қазақ әдебиетінің тарихы, орта ғасырлық, көне дәуір әдебиеттері туралы жан-жақты мәлімет беріледі. Әдебиет тарихын дәуірлеу сатылай кешенді талдау, тарихи-салыстырмалы, тарихи талдау арқылы талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үдерістер
    Несиелер: 5

    Қазақ тіліндегі тіл дамуындағы соңғы жылдардағы тіл дамуының динамикасын, динамикалық үдерістердің коммуникативті- прагматикалық сипатын игертеді. 20ғ. 80-90 жылдарындағы тіліміздің стилистикалық динамизімін саралай түсіндіреді. Термин жасау үдерісі, терминография, лексикадағы жүйелі үдерістерді нақтылай отырып меңгерту. Лексикалық топты идеологиясыздандыру, саясаттандыру, метофоризациялау- әлеуметтік-саяси жағдайлардың бағасын беретін құрал екендігін игертеді. Аталым теориясы, тілдік семантика, функционалды грамматика, функционалды синтаксис мәселелерін салыстыру арқылы тәжірибеден өткізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміндегі жаңа бағыттар
    Несиелер: 5

    Қазіргі таңдағы әлемдік және отандық тіл білімінің дамуын антропоцентристік лингвистикалық зерттеулер тұрғысынан талдауға үйретеді. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы лингвистикадағы бағыттар жайлы мағлұматтар беру. Лингвогнесология, этнолингивистика, психолинвистика, әлеуметтіклинвистика, лингвомәдениеттану, паралингвистика, прагмалингвистика бағыттары бойынша талдауға үйрету. Адами қарым-қатынасқа тіл білімі, психологиялық зерттеу жүргізу тәсілдерін салыстыру. Әлемдік, отандық тіл ғылымдары дамуындағы тұжырымдар мен концепцияларды сыни тұрғыдан қарастырып, меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиетін дәуірлеу
    Несиелер: 5

    Курс барысында әдебиет тарихын зерттей отырып, стиль, ағым, бағыт, әдеби мектепке назар аударып, сол кезеңнің әдеби өміріндегі басты тенденцияны анықтайды. Әдебиет тарихын дәуірлеуге қатысты ғылыми еңбектермен, тәжірибелерді жүйелі саралап, бағыттар мен көркемдік әдістерді, дәстүрмен жаңашылдықтың, әдебиеттің даму үрдісіне ықпалын жекелеген ақын- жазушылар шығармашылығы арқылы меңгереді. Қазақ әдебиеттану ғылымын бүгінгі кезең талабында қарастырып, шығармашылық қырларының зерттелуіндегі тұжырымдарды нақтылап түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 3

    Тиісті білім саласының түпнұсқа әдебиетін шет тілінде еркін оқуға оқытуды көздейтін кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттерді меңгеру; мамандық бойынша монологиялық және диалогтік нысанда ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамыту; магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты тақырыптарда жазбаша ғылыми қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ ғылыми саладағы халықаралық ынтымақтастықтың нысандары мен түрлерімен танысу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 5

    Пән бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымының дамуын тарихи-салыстырмалы әдісі негізінде жан-жақты қарастырады. Зерттеу көздеріне сүйеніп, сөздердің грамматикалық түрлерге топтастырылу тарихы, грамматикалық категориялардың даму жолдары мен дыбыстық жүйеде болған тарихи өзгерістерді, оның тілдегі лексикалық қорға, грамматикалық құрлысына әсерін игертеді. Көне түркі мәтіндеріне тілдік тұрғыда тарихи талдау жасайды, қазақ тіліндегі қазіргі шығармаларды толық талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектепте көркем шығарманы ғылыми талдау
    Несиелер: 5

    Курс жоғары оқу орындарында көркем шығарманы талдаудың тиімді жолдарын меңгертеді, мәтін талдаудың тиімді тәсілдері мен әдебиеттің теориялық ұғымдарын білім алушылардың өзіндік жұмыс жасауы арқылы меңгеруге баулытады. Көркем мәтіннің рухани-эстетикалық мәнін шығарманың рухани- эстетикалық мәнін түсіндіреді. Көркем шығарманы талдау кезінде бақылау, топтау, салыстыру, тұжырымдау, диагностикалық сауалнама, суреттеу, жинақтау, саралау әдістерін терең меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Курстың мазмұны басқару психологиясының негізгі тәсілдері мен бағыттарын; басқарудың негізгі ұғымдарын, психологиялық заңдарын; басқару міндеттерін жоспарлау және шешу ерекшеліктерін игеруге; жанжалды жағдайларды реттеудің психологиялық әдістерімен танысуға; басқару процесінің тиімділігін төмендетудің негізінде жатқан психологиялық себептерді талдау дағдыларын қалыптастыруға; еңбекті ынталандыру тәсілдерін меңгеруге; басқарудың тиімді стильдерін пайдалану тәсілдерін игеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми ойлау мәдениетін зерттеуге бағытталған, аналитикалық мүмкіндіктер мен зерттеу дағдыларын қалыптастырады, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білім береді. Ғылымның тарихи эволюциясын және олар қалыптастыратын философиялық перспективаларды зерттейді. Қазіргі ғылымның пайда болуы, оның әлеуметтік және институционалдық байланыстары сипатталған. Ойлау эксперименттеріне, теорияларды растау мен теріске шығаруға, сандық және жоғары сапалы зерттеу әдістерінің пайда болуы мен қолданылуына байланысты жалпы философиялық мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Функционалды грамматика
    Несиелер: 5

    Курс функционалды грамматиканың басты ұғымдары мен категориялары, аспектілері жайлы мағлұмат береді. Дəстүрлі құрылымдық жүйе мен функционалды грамматиканың өзара сабақтастығын түсіндіреді. Оның белгілі бір семантикалық категорияларға жіктелген тілдік бірліктер, категориялар, құбылыстарды топтастыратын жүйе екендігіне көз жеткізіп, ғылыми тұжырым жасауға машықтандыру. Тіл білімі теориясында лингвистикалық талдаудың құрылымдық- жүйелік аспектілерін коммуникативті-функционалды аспектілермен бірлікте қарастыру дағдысына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиетті жоғары мектепте оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс барысында әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық ұғымдары оқытылады. Әдебиетті оқыту барысындағы амал- тәсілдер, қолданылытын әдістерді меңгертеді. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай талдауға үйретеді. Сабақ жоспарын жасау тәжірибесін меңгертеді. Теориялық білімді практикада жүзеге асыруды үйретеді. Оқытудың әдісі - лекцияның құрылымын, логикасын, жоспарын, әдебиеттердің берілуін, жаңа терминдерді, дәлелділігі, негізгі ойлар мен қорытыңдыларды, оларды ажырата білу, жекеленген жазбаларды, тірек конспектілерді қолдануды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әуезов және түркі әдебиеттану мәселелері
    Несиелер: 5

    Мұхтар Әуезовтің ұстанған басты арнасының бірі – түркі халықтарының әдебиеті. Түркі халықтары әдебиетінен алған әсерлерін оның шығармаларынан көптеп кездестіреміз. Түркі әдебиетінің ірі өкілдері мұраларын Мұхтар Әуезов шығармаларымен салыстыра, байланыстыра қарастыру. «Манас», «Қараш- қараш» шығармаларын және Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айқындау. Түркі халықтары әдебиетінде Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларын оқу, талдау арқылы меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының фольклоры мен әдебиетінің типологиясы
    Несиелер: 5

    Фольклордың қалыптасуындағы архетиптік бейнелердің ортақтық сипаты, жалпы түркілік мифологиялық көркем бейнелердің қалыптасу және қазіргі түркілік ұлттардың мәдениетіндегі алатын орнын анықтайды. Фольклор тарихын зерттеудегі әлемдік және түркілік ғалымдардың зерттеу принциперінің салғастырмалы талдау жұмыстарын жасайды. Түркі халықтарының әдебиет тарихын дәуірлеуіндегі типологиялық ерекшеліктерге зерттеу жүргізеді. Қырғыз, өзбек, татар, түркімен, түрік, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт әдебиетінің әр алуан жанрдағы үлгілерін, тарихи-салыстырмалы әдіспен меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әуезов және әдебиеттану мәселелері
    Несиелер: 5

    М.Әуезовтің шығармашылығы мен әдебиеттанудың мәселелерін жан-жақты таниды, қаламгердің әлем, түркі әдебиетіне көзқарасын, шетелдік жазушылармен рухани байланысын көрсете алуға баулиды. Жазушының шығармалары, аудармалары, мақалалары арқылы лабораториясының әр түрлілігін танытып, түрік әдебиетімен байланыста меңгертеді. Жазушының стильдік ерекшеліктеріне негізделген және әдебиеттануда қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтап, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алуға үйретеді. Концепциялар мен теорияларды қаламгер шығармашылығы арқылы игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі түркі халықтарының әдебиеті
    Несиелер: 5

    Курс түркі халықтарының әдебиеті тарихының даму сатысы мен қалыптасу кезеңдерін қарастырады. Түркі халықтарына ортақ тарихи бейнелер туралы көркем туындылардың тақырыбы мен идеясы, жанрлық ерекшеліктерін меңгереді. Кейіпкер психологиясындағы ұлттық колорит, көркем туындылардағы бейнелердің ортақ түркілік сипатының тарихи-типологиялық ерекшеліктерін түсіндіреді. Салыстырмалы-типологиялық зерттеулер және теориялық ұғымдардың ортақ түркілік ерекшеліктерін анықтай алатын зерттеушілік құзіреттілігі дамиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім алушылардың зерттеу қызметі
    Несиелер: 5

    Курс барысында оқу үрдісін ғылыми-зерттеу бaғытында ұйымдaстырудың ғылыми-теориялық және әдіснaмaлық негіздеріне талдау жасалады. Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары айқындалады. Зерттеу жұмыстарын жекелей, шағын таптарда, топпен талқылауға және оларды практикада қолдауға мүмкіндік алады. Ғылыми-зерттеу әдістерін меңгеру негізінде магистранттардың зерттеушілік құзыреті қалыптасады. Ғылыми-зерттеу бaғытындағы жобa, прaктикaлық жобa түрлері және оны іске aсыру жолдaры ұсынылады. Магистранттар зерттеу қызметін ұйымдастырудың ұтымды әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесінің тарихы
    Несиелер: 5

    Кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан, жан-жақты жетілген, теориялық білімі мен практикалық дағдысы жетілген маман даярлайды. Әдістеме ғылымындағы жаңышылдықтарға талдау жасап, тиімді қолдануды үйренеді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін меңгереді. Жоғары мектепте қазақ әдебиетін оқытуды қатысымдық-танымдық тұрғыдан талдап көрсетеді. Интербелсенді əдістерді жоғары оқу орындарында қолдануды үйрету. Дидактика мен инновациялық технологияларды тиімді қолдануға баулиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиетті жоғары мектепте оқыту мәселелері
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының және тәжірибесінің қазіргі жағдайын меңгертеді. Оқытудың ауызекі әдістері, көрнекілік, практикалық әдістер, аналитикалық ойлау жүйесі тәрізді әдістемелердің ғылыми негіздемесін игереді. Әдебиеттік білімді саралап, жаңа бағдарламаны қарастырады, тұжырымдамалар негізінде талдау жасайды, базалық білім бағдарламаларын деңгейлеп сараптама жасауға үйренеді. Қазақ әдебиетінің жалпы орны мен негізгі ерекшеліктерін ажыратады. Қазақ әдебиетінен берілетін ғылыми материалдың эмпириалдық деңгейден теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Когнитивті лингвистика
    Несиелер: 5

    Лингвокогнитивтік зерттеулердің теориялық тұжырымдары, қалыптасуы мен басты бағыттары жайлы қарастырады. Когнитивтік лингвистикаға қатысты ұғымдарды және метатіл түсініктерін игерту. Танымдық аспектіге қатысты ғылыми еңбекті, концептуалды пікірді, көзқарасты талдай білуге дағдыланады. Қазақтың тілтанымдық теориясының концептуалдық жүйесін және когнитивтік парадигмасын тіл білімінің ұлттық сипатын танытатын, сонымен бірге әлемдік қордың негізгі ғылыми арнасын құратын қағида тізбегі ретінде анықтап, талдау жасауға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Психолингвистика
    Несиелер: 5

    Тілді психикалық құбылыс ретінде тани отырып, әлеуметтік- мәдени қарым- қатынасқа бейім тұлғаның сөйлеу механизмін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлармен байланыстыра отырып, тілдің функционалдық ерекшеліктерін қарастырады. Тіл фактілерін тіл білімі және психолингвистика ұстанымдары тұрғысынан талдауға дағдыланады. Психолингвистикалық талдау әдіснамасын және практикалық іскерліктерді игереді. Ғылым және білім беру қызметі салаларында психолингвистиканың жетістіктерін қолдануға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің академиялық грамматикасы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің бүкіл грамматикалық құрылысын, оның бар деңгейінің теориялық мәселелерін бірге қарастырып, фонетика, сөзжасам, морфология және синтаксис салаларының қазіргі теориялық мәселелері жайлы мағлұмат алады. Грамматикалық ілімнің теориялық дамуындағы жаңарулар негізінде қазақ тіл білімі салаларының қазіргі қалпы туралы неғұрлым жан-жақты түсінік қалыптасады. Қазақ тілі академиялық грамматикасының бөлімдері саналатын морфология және синтаксис салаларына қатысты көзқарастарды талдап, саралай біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    ХХ –ХХІ ғасырлардағы әлем және қазақ әдебиеттануындағы жаңа бағыттар бойынша мәлімет беру. Әдебиеттанудағы жаңа бағыттар мәдени-психологиялық бағыттың ерекшелігін, қағидаларын авторлық ракурс тұрғысынан қарастыру. Мәтін теориясы мен поэтикасы бағыттары бойынша мәтін жайлы көзқарастарды суреткер тұлғасы туралы ғылыми-теориялық ұғымдарды түсіндіру. Психоаналитикалық, стуктурализм, постструктурализм, конструктивизм, деконструктивизм, герменевтика, компаративистік, философиялық-эстетикалық, семиотикалық, әдеби-когнитологиялық , әдеби-антропологиялық, психопоэтикалық т.б. жаңа бағыттарды меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тілді туыстас тілдермен байланыстыра отырып оқыту
    Несиелер: 5

    Пән барысында мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілік қалыптасады. Оқыту барысында туыстас тілдердегі шағын әдеби шығармалары, әңгіме, эссе, новелла, публицистикалық, көркем мәтіндерін, деректі және көркем фильмдерін, тарихи материалдарын қолданады. Туыстас тілдердің интернационалдық терминдері мен терминологиялық атауларын тәжірибеде қолдануға үйренеді. Туыстас тілдер ерекшеліктерін анықтайды. Туыстас тілдердің ерекшеліктерін талдай отырып, өзара байланысын анықтауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Коммуникативті грамматика
    Несиелер: 5

    Коммуникативтік мәдениет және грамматикалық құрылымдардың рөлі туралы түсінік қалыптастырады. Қазақ тілі грамматикасын оқытудағы қатысымдық әдістің тиімділігіне тоқталады. Әр түрлі мәтіндерді мазмұндап, баяндай алады, ғылыми-анықтамалық әдебиеттерді оқиды және керегін таңдайды. Игерген білімді пайдалана алу қабілеті болады. Материалды тілдік, әдеби негізде, қарым-қатынаста сұрыптай алуға дағдыланады. Ана тіліндегі тілдік қатынастың ортологиялық, стильдік және риторикалық негізін біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдеби ағымдардың қалыптасу тарихы
    Несиелер: 5

    Пән барысында әдеби ағымдардың қалыптасу тарихының кезеңдері, бүгінгі табыстары, жаңа әдеби бағыттардың даму жолдары, әдеби ағымдардың қалыптасу тарихының өзекті мәселелері, жаңа әдеби бағыттың даму кезеңін меңгереді. Жаңа әдеби бағыттардың қалыптасуына үлес қосқан зерттеушілердің жаңа әдеби бағыттардың постструктурализмдік, неомифологизмдік, постмодернистік, феминистік, мифопоэтикалық, герменевтикалық дәстүр т.б. жетістіктері мен ізденістерін, қазіргі әдебиеттанудағы негізгі мәселелерді игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс тілді жоғары мектепте оқытуда оқытушы әдебі, сөйлеу мәнері мен мәдениеті, әдеби тіл қалпын сақтау ережелерін игертеді. Пән магистранттың болашақ мамандағына қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады. Кәсіби теориялық білім мен тәжірибелік әдістемелік дағдыларды қалыптастырады. Білім берудің жаңашыл әдістерін оқу үрдісінде тиімді қолдануды үйренеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық және әдістемелік негізін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдеби ағымдар мен бағыттар
    Несиелер: 5

    Əдеби ағымдар мен бағыттардың əдебиеттану ғылымындағы өзекті және күрделі мəселелердің бірі ретінде қарастырылады. Əдебиеттің даму ерекшелігі, көркемдік таным арнасы ағымдар мен бағыттар, əдіс мəселесімен танысады. Бағыт пен ағым мəселелерін жан-жақты талқылап, терең зерттеуді үйренеді. Әдебиеттану ғылымының тарихындағы танымал ағымдармен таныстыру. Әдебиет теориясының даму заңдылығын меңгерту. Орта ғасырлық символизм, қайта өрлеу кезеңіндегі реализм, модернизм, постмодернизм ағымдарында жазылған көркем шығармаларды талдауға баулиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пән қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны, методологиялық- теориялық негіздері туралы мәлімет береді. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы, даму жолдарын игереді. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің бүгінгі жағдайы, болашақ міндеттері, шешімін тапқан және шешілмеген негізгі мәселелер бойынша толық білім беріліп, тиімділігі жоғары әдістерді қолдану дағдысын қалыптастырады. Әдістемелік бағыттардың басты нысаны, мәселесі, өзіне тән ерекшелігі, әдістеме ғылымының даму тарихы талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Теориялық грамматика
    Несиелер: 5

    Тіл жүйесінің қазіргі даму тенденцияларын, грамматикалық құбылыстың аспектісі мен екі негізгі бөлімі морфология және синтаксис жайлы мағлұмат алады. Теориялық тұжырымдар мен өзіндік қорытынды жасау қабілеті дамиды. Ауызша және жазбаша сөйлеудің қажетті дағдыларын игерту. Кәсіби қызметті жетілдіру үшін алынған ақпаратты талдай алуға үйрету. Оқытылатын тілдің әдеби нормада сөйлеуге және осы білімді қарым-қатынаста және кәсіби қызметтерінде қолдана алуға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Лингвистиканың жалпы теориясы
    Несиелер: 5

    Тіл ғылымы дамуының негізгі кезеңдері мен олардың ұлттық дәстүрлердің қалыптасуына қосқан үлесін сипаттайды. Әр түрлі лингвистикалық бағыт пен ғылыми мектептің философиялық негізін түсіндіреді. Тілді ғылыми тұрғыда зерттеуге орай әдістемелік және теориялық көзқарасты сараптай алуға баулиды. Лингвистика ғылымының қалыптасуының негізгі заңдылықтарын, эволюциясын, парадигмаларын зерделейді. Лингвистикадағы салыстырмалы, контрастивті, компоненттік, типологиялық, дистрибутивтік, валенттілік, трансформациялық, құрылымдық әдіс- тәсілдерге кеңінен тоқталып түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.

  • Код ON7

    Кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық дағдыларды қалыптастыру.

  • Код ON4

    Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері жайында жүйелі білім беру мақсатын көздеу.

  • Код ON10

    Сөйлеу актілерінің теориясында семантикалық бағдарланған және прагматикалық ағымдар мен жаңа бағыттарды білу.

  • Код ON11

    Сөздердің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрылысын, сөздердің қызметін, сөйлем жүйесін меңгеру.

  • Код ON6

    Қазіргі түркі халықтары әдебиеті тарихының дамуы мен олардағы әдеби процесс жүйесіне талдау жасауға үйрену.

  • Код ON3

    Ғылыми-зерттеуді және ғылыми-педагогикалық істерді ұйымдастырудың методологиясын және жоспарлау алгоритмдерін білу.

  • Код ON5

    Грамматиканы зерттеудегі қалыптасқан теориялардың ролі мен маңызын меңгеру.

  • Код ON2

    Жоғары кәсіби білім проблемаларын және оның болашақ өркендеуін шешу.

  • Код ON8

    Филологиялық білім ретінде сөз өнерінің өзіндік мазмұны мен оны көрсететін пішіндердің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін меңгеру.

  • Код ON9

    Тіл біліміндегі ағымдар мен көзқарастардың теориялық мәселелерін, заңдылықтарын игеру.

7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Бейінді)
Магистратура

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701701 7M01701701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (н/п)
Магистратура

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
Магистратура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Торайгыров университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қайнар академиясы

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (1 жыл)
Магистратура

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Шымкент университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Магистратура

"Сырдария" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті бейіндік
Магистратура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (Ғылыми-педагогикалық бағыт)
Магистратура

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top