Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01401 Дене шынықтыру және спорт в Мирас Университеті

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік және құқықтық құбылыс ретіндегі мәні; қоғамдық өмірде сыбайлас жемқорлықтың көрінісі; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілік шарасы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама; құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қалыптастырылатын құзыреттер: қолданыстағы заңнама мәселелерінде бағдарлану; Заңмен реттелетін нормативтік-құқықтық актілерді, қатынастарды талдау, ақпаратты заңдық талдау дағдыларын меңгеру; нақты жағдайларда құқық нормаларын қолдану, күнделікті практикада адамгершілік және құқықтық нормаларды ұстану; құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелері бойынша өз көзқарасын білдіру және негіздеу; құқықтық салада полемика жүргізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыни және креативті ойлауды дамыту бойынша практикум
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: сын тұрғысынан және креативті ойлаудың табиғаты, құрылымы, функциялары және оларды қалыптастыру әдістері; сын тұрғысынан ойлау модельдері; ынталандыру әдістері, шығармашылық ойлаудың функциялары, түрлері; шешім қабылдау теориясының қазіргі жай-күйі; шешім қабылдау процесін ұғымдық қамтамасыз ету; шешім қабылдау үшін қажетті сын тұрғысынан және креативті ойлаудың құралдары; шешімдер қабылдаудың түрлері, стратегиялары мен әдістері. Қалыптастырылатын құзыреттер: ойлаудың сыни және креативті тәсілдерін зияткерлік қызметтің өзге түрлерінен ажырата білу; креативті ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру; сыни және креативті ойлаудың әртүрлі модельдерін практикада пайдалану; түсіну және түсіндіру рәсімдері негізінде шешімдер қабылдау процесінде жағдайды сыни талдауды жүзеге асыру; түрлі проблемалар бойынша өз ұстанымын тұжырымдау және дәлелді түрде қорғау, сондай-ақ оппонент ұстанымын дұрыс теріске шығару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: экономиканың қоғам өміріндегі рөлі мен маңызы; материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау және бөлу заңдары; нарықтық экономиканың жұмыс істеуінің теориялық негіздері; кәсіпорын экономикасының негіздері; кәсіпкерліктің мазмұны мен мәні; кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен нысандары. Қалыптастырылатын құзыреттер: нақты жағдайларда экономикалық білімді қолдану; экономикалық есептеулерді жүзеге асыру; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда өз мүмкіндіктерін айқындау; өз ісін ұйымдастыру үшін кәсіпкерлік негіздерінің білімін пайдалану; бизнес-жоспарды әзірлеу; кәсіпкерлік бірлікті құруға дайындық және оның қызметін ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қарым-қатынас психологиясы және жанжалдарды басқару
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: қарым-қатынастың мәні; қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті, перцептивті жақтары; қарым-қатынас функциялары; қарым-қатынас құрылымы; қарым-қатынас түрлері; қарым-қатынас модельдері; ауызша және вербалды емес қарым-қатынас құралдары; қарым-қатынас деңгейлері; жанжалдардың әлеуметтік табиғаты; жанжалдардың себептері; жанжалдардың түрлері; жанжалдардың динамикасы мен тетіктері; ұйымдастырушылық жүйеде қақтығыстарды басқару. Қалыптастырылатын құзыреттер: кәсіби қызметте тиімді қарым-қатынас әдістері мен тәсілдерін қолдану; тұлғааралық қарым-қатынас процесінде Өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеру; тұлғааралық, мәдениетаралық, этносаралық және іскерлік қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру; жанжалдардың себептерін анықтау; жанжалдар процесін және жанжалдағы өзінің мінез-құлқын басқару; жанжалды жағдайларды талдау; басқару саласындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу үшін Жанжалдарды басқару саласындағы білімді практикада қолдану; келіссөздерді ұйымдастыру және практикалық қызметте келіссөздер процесінің әртүрлі технологияларын қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шешендік өнер
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: шешендік өнердің негізгі категориялық аппараты; шешендік өнердің тарихы; тиімді сөйлеу коммуникацияларының стратегиялары мен тактикасы; тиімді көпшілік хабарламаны құру алгоритмі; пікірталас және полемика. Қалыптастырылатын құзыреттер: өз ойларын түсінікті жеткізе білу, қарым-қатынас және сөйлеу кезінде өзін сенімді сезіну; дауысты және сөйлеудің мәнерлілігін меңгеру; тыңдаушылардың назарын басқару; күтпеген сұрақтарға жауап бере білу, қарсыластарды тиімді сендіру және тыңдаушыларға әсер ету; әріптестің сөйлеу мінез-құлқын талдау әдістері мен әдістерін, өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Инноватика және инновациялық қызмет негіздері
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: 'инновациялар', 'инновациялық қызмет', 'инновациялық жоба' ұғымдарының мәні; инновацияларды жіктеу; инновациялық қызметті айқындайтын факторлар; инновациялық идеялардың көздері; экономиканы басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі инновациялық саясаттың басымдықтары; инновациялық дамудың негізгі модельдері. Қалыптастырылатын құзыреттер: инновациялық жобаларды талдау және бағалау; инновацияларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды жоспарлау, инновациялық жобаларды таныстыру; инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлауды жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқық негіздері
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: құқық және оның әлеуметтік реттеу жүйесіндегі орны; құқықтың негізгі нысандары (көздері); құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастар; құқықтық мінез-құлық және құқық бұзушылық; ҚР адамы мен азаматының құқықтық мәртебесінің негіздері, құқықтың негізгі салалары және т.б. Қалыптастырылатын құзыреттер: қолданыстағы заңнама мәселелерінде бағдарлану; Заңмен реттелетін нормативтік-құқықтық актілерді, қатынастарды талдау, ақпаратты заңдық талдау дағдыларын меңгеру; нақты жағдайларда құқық нормаларын қолдану, күнделікті практикада адамгершілік және құқықтық нормаларды ұстану; құқық мәселелері бойынша өз көзқарасын білдіру және негіздеу; құқық саласында полемика жүргізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазу негіздері
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: 'академиялық жазу' түсінігі, академиялық жазу жанрлары (аннотация, эссе, рецензия, реферат, ғылыми мақала және т.б.), академиялық мәтіндерді құрастыру мен ресімдеудің негізгі принциптері және оларды таныстыру. Қалыптастырылатын құзыреттер: әр түрлі жанрдағы жазбаша академиялық мәтіндерді жасау; қабылданған нормаларға, талаптарға, стандарттарға сәйкес жазбаша мәтінді ресімдеу; баспа басылымдары мен электрондық ресурстардың библиографиялық сипаттамасын жасау білігі мен дағдысы; ғылыми көздермен талдау жұмысы дағдылары; академиялық мәтіндерді редакциялау; жазбаша жұмыстарды сыни бағалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық және команда құру негіздері
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: 'көшбасшылық', 'команда', 'команда құру' ұғымдарының мәні; көшбасшылық модельдері және олардың типологиясы; көшбасшылық стильдері; көшбасшылық шешім қабылдау модельдері, команданы қалыптастыру технологиялары. Қалыптастырылатын құзыреттер: көшбасшылық стильдерін талдау және бағалау; көшбасшылықтың әртүрлі стильдерін іске асырудың шарттары мен салдарын бағалау; команданы қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: экологияның мазмұны мен міндеттері; экожүйе мен биосфера ұғымдары; экожүйелердегі заттар айналымы мен энергия ағыны; адамзаттың жаһандық проблемалары; табиғатты қорғау жөніндегі заңнамалық шаралар; экологиялық қауіпті және төтенше жағдайлардың туындау жағдайлары, олардың көріну заңдылықтары; ТЖ жіктемесі, сипаттамасы және болжауы; адам мен мекендеу ортасын теріс әсерлерден қорғау шараларын әзірлеу және іске асыру, алғашқы медициналық көмек және т.б. Қалыптастырылатын құзыреттер: экологиялық факторлардың адам денсаулығының жай - күйіне әсерін бағалау; адам мекендейтін ортаның негізгі қауіптерін сәйкестендіру; қауіптерден қорғау әдістерін таңдау; төтенше жағдайларда қорғау тәсілдері мен технологияларын меңгеру; алғашқы медициналық өзіндік және өзара көмек көрсете білу; төтенше жағдайлар мен ТЖ қаупі және туындауы кезінде тиімді әрекет ету; жарақат кезінде адам ағзасы жағдайының симптомдарын анықтау; медициналық дәрі қобдишасы құралдарын дұрыс қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру және спорт тарихы
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: ежелгі әлемдегі дене шынықтыру; ежелгі Грециядағы дене шынықтырудың дамуы; орта ғасырлардағы дене шынықтыру; қазіргі уақыттағы дене шынықтыру; қазіргі Олимпиада ойындарының тарихы. Қалыптастырылатын құзыреттер: дене шынықтыру мен спортты қалыптастыру және дамыту саласындағы білімді, іскерлікті, дағдыларды және құзыреттілікті көрсету; дене тәрбиесі мен спорттың отандық және шетелдік жүйелерінің тарихын зерделеу; әлемдегі дене шынықтыру мен спорттың қазіргі жай - күйін бағалау; дене шынықтыру және спорт саласындағы әртүрлі заманауи түсініктерді, санаттарды, жүйелерді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жеңіл атлетика
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: дене шынықтыру жүйесіндегі жеңіл атлетиканың орны мен маңызы; жеңіл атлетикалық спорт түрлерінің жіктелуі мен жалпы сипаттамасы; ережелер, құрал-саймандар мен жабдықтар; жеңіл атлетикалық спорт түрлерінің техникасы мен тактикасы; жеңіл атлетикадан жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. Қалыптастырылатын құзыреттер: жеңіл атлетиканы оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша оқыту принциптерін, әдістерін, құралдарын, рәсімдерін тұжырымдау және қолдану; техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды меңгеру; жеңіл атлетикадағы жаттығу үдерісңн жоспарлау үшін қажетті дағдыларды игеру, жеңіл атлетика бойынша жарыстарды ұйымдастыра және өткізе білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың құрамы, функциялары, оларды педагогтің кәсіби қызметінде пайдалану мүмкіндіктері; қолданбалы бағдарламалар пакеттерімен жұмыс істеудің негізгі ережелері мен әдістері; 'Ақпараттық жүйелер', 'ақпараттық технологиялар' ұғымдары; теориялық негіздер, деректер базасының түрлері мен құрылымы; ақпаратпен жұмыс істеудің желілік технологияларының мүмкіндіктері. Қалыптастырылатын құзыреттер: Педагогтің кәсіби қызметінде бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану; компьютерлік және телекоммуникациялық құралдарды қолдану; ақпараттық анықтамалық жүйелермен жұмыс істеу дағдылары; кәсіби қызметте қолданбалы бағдарламаларды пайдалану; жергілікті және жаһандық ақпараттық желілердің ресурстарын пайдалану білігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: балалардың жас анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәні;балалар организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары; жас кезеңділігі; балалар организмінің реттеуші жүйелерінің дамуы; дені сау бала ағзалары жүйелерінің құрылымы мен функциялары; балалар дамуының жас анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері; балалар гигиенасының негіздері; онтогенездің әртүрлі кезеңдерінде денсаулықты сақтау мен нығайтудың гигиеналық нормалары, талаптары мен ережелері; қоршаған орта факторларының балалар денсаулығына әсер ету ерекшеліктері. Қалыптастырылатын құзыреттер: бала организмінің құрылымы мен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастыру; баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін анықтай білу; қоршаған орта факторларының балалар денсаулығына әсер ету ерекшеліктерін білу; балалар гигиенасының негізгі ережелерін білу; балалардың гигиеналық тәрбиесін ұйымдастыра білу; жалпы гигиеналық талаптарды бағалау әдістерін білу; балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: педагогика ғылым ретінде: педагогиканың объектісі, пәні, міндеттері мен функциялары; педагогиканың категориялық аппараты; оқытудың дидактикалық тұжырымдамалары мен принциптері; білім беру педагогикалық процесс ретінде; оқытудың формалары мен құралдары;тәрбиенің мәні, түрлері және оның білім беру процесінің тұтас құрылымындағы орны; тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері; отбасы педагогикалық өзара іс-қимыл субъектісі және тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы ретінде. Қалыптастырылатын құзыреттер: оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерін білу; оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларын талдау және әзірлеу тәсілдерін меңгеру; дидактиканың жалпы қағидаттарын және оларды оқытудың пәндік әдістемелерінде іске асыру тәсілдерін білу; педагогикалық процестің мақсатын, қағидаттарын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, нысандарын айқындау, ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістерін қолдану, білім беру процесінің сапасын бағалау дағдыларын меңгеру; алған педагогикалық білімді оқу және кәсіби қызметте қолдана білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мұғалімнің кәсіби жетістік технологиясы
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: білім беру жүйесінің әлеуметтік функциялары мен маңыздылығы, Педагогтің кәсіби қызметінің құндылық негіздері; педагогтің жеке және кәсіби қасиеттеріне қойылатын талаптар; педагогтің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар; көрнекті педагогтер; мансапты дамыту траекториясы, кәсіби этика. Қалыптастырылатын құзыреттер: білім беру, педагогика, тәрбие процесі, кәсіби этика саласындағы қазіргі заманғы мәселелерді түсіну қабілеті мен дайындығын көрсету; кәсіби қызметте кәсіби этика мен этикет қағидаттары мен ережелерін қолдану; кәсіби имиджді модельдеудің жеке ерекшеліктерін меңгеру және көрсету; кәсіби және жеке имидждеу әдістерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жобалық қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: жобалау қызметінің негіздері; жобалау технологиялары; жобаларды енгізу және тиімді басқару; бастапқы деректерді жинау әдістері және жобалау әдістері, жобаларды әзірлеу және іске асыру әдістері. Қалыптастырылатын құзыреттер: ақпаратты жинау және талдау әдістерін меңгеру; жобаларды құрастыру және дайындау; жобалық қызметті ұйымдастыру құралдарын меңгеру; жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде мақсаттар мен міндеттерді қою; проблеманы шешу тәсілдерін әзірлеу; кәсіби қызметте жобалау әдістерін практикада қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жалпы және жас психологиясы
    Несиелер: 7

    Оқытылатын мәселелер: психологияның пәні, міндеттері мен әдістері; психикалық процестер; психиканың құрылымы; тұлғаның эмоционалды-еріктік және мотивациялық саласы; тұлға және психикалық қасиеттер; психиканың жеке ерекшеліктері; жас психологиясының пәні, міндеттері мен әдістері; балалардың психикалық дамуының негізгі теориялары, принциптері, проблемалары, жас кезеңдері, заңдылықтары мен ерекшеліктері; баланың психикалық дамуындағы қарым-қатынас пен қызметтің рөлі. Қалыптастырылатын құзыреттер: жалпы психологияның әдіснамалық және теориялық негіздерін, психикалық процестер ағымының ерекшеліктері мен заңдылықтарын білу; онтогенетикалық дамудың әр кезеңінде тұлғаның психологиялық сипаттамаларын білу; жалпы және жас ерекшелік психологиясының ұғымдық аппаратын қолдана білу; психологиялық зерттеу жүргізу дағдыларын меңгеру;жеке тұлғаның жас дамуының негізгі сипаттамаларын білу; психологиялық денсаулықты, әл-ауқатты, жеке тұлғаның зияткерлік, рухани әлеуетін тиімді және үйлесімді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау стратегиялары мен құралдарын білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Халықаралық туризм географиясы [minor]
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: халықаралық туризм саласындағы заманауи зерттеу әдістері, туризмнің кеңістіктік дамуын анықтайтын факторлар, туристік ресурстарды құрайтын табиғи және антропогендік компоненттер, сондай-ақ, жекелеген елдердің туристік макроөңірлері мен субөңірлері аумағында туризмді ұйымдастыру және дамыту үшін алғышарттар. Қалыптастырылатын құзыреттер: халықаралық туризмнің негізгі туристік ағындарын қалыптастыру негіздерін зерделеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Анатомия және спорт морфология негіздері
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: дененің өсуі мен даму заңдылықтары; қаңқа бұлшықеттері; жүрек-тамыр жүйесі; ішкі секреция мүшелері; жүйке жүйесі; жасуша құрылымы; тіндер, тіндердің жіктелуі, құрылымы. Қалыптасатын құзыреттер: адам ағзасының анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық жүйелерінің негіздерін білу; Физикалық және ақыл-ой жұмысы кезіндегі шаршау үдерістерін, гипокинезия мен гиподинамияның адам ағзасына әсерін түсіну; жеке типологиялық, жас параметрлерін ескере отырып, әртүрлі бағыттағы қозғалыс белсенділігінің және адамның морфо-функционалдық сипаттамаларының өзара байланысының ерекшеліктерін пайдалана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Анатомия және кинезиология
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: дененің өсуі мен даму заңдылықтары; қаңқа бұлшықеттері; жүрек-тамыр жүйесі; ішкі секреция мүшелері; жүйке жүйесі; жасуша құрылымы; тіндер, тіндердің жіктелуі, құрылымы. Қалыптастырылатын құзыреттер: адам ағзасының жұмыс істеуі мен дамуын, дене белсенділігі мен қалпына келу үдерістерінің физиологиялық заңдылықтарын білу; дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезінде зат алмасудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім берудегі тьюторлық қызмет
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: тьюторлық туралы түсінік;инклюзивті білім берудегі тьютордың мақсаты, міндеттері мен құзыреті; инклюзивті практика жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тьюторлық сүйемелдеуді ұйымдастыру кезеңдері;ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің теориялық негіздері; инклюзивті білім беру ортасы; инклюзивті білім берудің педагогикалық шарттары мен технологиялары. Қалыптастырылатын құзыреттер: инклюзивті білім беруде тьюторлықтың негізгі сипаттамаларын білу; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен түзету-дамыту жұмысын ұйымдастыру дағдыларын меңгеру; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыру процесінде білім беру интеграциясының нысанын таңдауды жүзеге асыру; арнайы және интеграцияланған білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау сапасын арттыру тетігі ретінде кәсіби құзыреттерді игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Гимнастиканың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: дене тәрбиесі саласындағы гимнастика; гимнастика теориясы мен әдістемесінің негіздері; гимнастикалық жаттығулар техникасының негіздері; гимнастикалық жаттығуларды оқыту негіздері; ережелер, құрал-саймандар мен жабдықтар. Қалыптасатын құзыреттер: гимнастика теориясы мен әдістемесі саласында білімді, іскерлікті және дағдыларды қолдану қабілеті; снарядтарда гимнастикалық жаттығуларды орындау техникасын меңгеру, гимнастика бойынша сабақтар мен жарыстарды ұйымдастыру және өткізу кәсіби-педагогикалық дағдылары мен қабілеттерін игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: инклюзивті білім берудің рөлі мен теориялық-әдіснамалық негіздері; инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі, шарттары, модельдері мен нысандары; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім берудің психологиялық негіздері; инклюзивті білім беру процесін оңтайландырудың психологиялық тәсілдері; инклюзивті білім беруді бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету. Қалыптастырылатын құзыреттер: инклюзивті білім берудің тұжырымдамалық негіздерін білу; бастауыш сыныптарда түзету-педагогикалық қызметті жүзеге асыру дағдыларын меңгеру; инклюзивті білім берудің негізгі категориялық аппаратын пайдалана білу; білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәсілдерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Брендинг және бренд менеджмент [minor]
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: брендингтің рөлі мен маңызы; стратегиялық бренд-менеджмент; бренд-маркетинг кешенін іске асыру; бренд-менеджменттің негізгі міндеті ретінде брендтің сәйкестілігі мен даралығы; бренд идентификаторларын әзірлеу; бренд-менеджменттегі зерттеулер; бренд-зерттеудің сапалық және сандық әдістері; брендті позициялау тұжырымдамасы; бренд коммуникациясын басқару; тұтынушылармен өзара іс-қимылды басқару; бренд портфелін басқару; бренд дамуындағы брендтік стратегиялар; брендингтегі мерчандайзинг саясаты; бренд капиталын басқару; брендингтің құқықтық аспектілері. Қалыптастырылатын құзыреттер: брендинг саласындағы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру, яғни болашақта бәсекеге қабілетті және қорғауға қабілетті сауда белгілерін жасауға, олардың орналасуы мен имиджін анықтауға, компанияның маркетингтік стратегияларын ескере отырып, олардың дамуын басқаруға көмектесетін брендтерді құру және басқару қызметіне кәсіби көзқарасты дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Салауатты өмір салтының негіздері [minor]
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: салауатты өмір салтының негіздері, білімдерді, дағдыларды кеңейту, жүйелеу және тұлғалық делдалдық арқылы денсаулыққа мотивациялық-құндылық және белсенділік; Қалыптастырылатын құзыреттер: салауатты өмір салтын қалыптастыруға және насихаттауға, дене шынықтыру құралдарын, табиғаттың табиғи күштерін пайдалануға, жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге, белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Спорттық ойындарды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 8

    Оқытылатын мәселелер: спорттық ойындардың жалпы сипаттамасы (баскетбол, волейбол, гандбол); спорттық ойындардың техникалық және тактикалық дайындық негіздерін оқыту әдістемесі; жалпы және арнайы дене шынықтыру даярлығы; шабуыл және қорғауда ойнау техникасы; ойын ережелері және жарыстарды ұйымдастыру. Қалыптастырылатын құзыреттер: спорттық ойындарды оқыту әдістемесінің білімін, іскерлігін және дағдыларын көрсету, жаттығу үдерісін жоспарлау үшін техникалық әдістер мен тактикалық іс-қимылдарды меңгеру, спорттық ойындар бойынша жарыстарды ұйымдастыра және өткізе білу; қауіпсіздік техникасы мен төрешілік қағидаларын білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Экскурсиятану [minor]
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: туристерге және жергілікті тұрғындарға экскурсиялық қызмет көрсету негіздері, экскурсиялық маршрутты құру, педагогикалық танымдық тәрбие процесі ретінде экскурсияның технологиялық картасы. Қалыптасқан құзыреттер: экскурсияның функциялары мен принциптерін, әңгімелеу мен көрсетудің әдістемелік әдістерін ашады, экскурсиялардың жіктелуі келтіріліп, олардың кең тақырыптары егжей-тегжейлі талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Шығармашылық ойлау психологиясы [minor]
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: психологиялық құбылыстар, категориялар, психиканың заңдылықтары мен шығармашылық процесінің механизмдерін зерттеу және сипаттау әдістері, шығармашылық тұлғаның психологиялық ерекшеліктері және оның өмір жолы, шығармашылықтың адам өміріндегі орны мен рөлі қарастырады. Оқытылатын мәселелер: креативті ойлауды дамыту бойынша психологиялық әдістемелерді қолдану; кәсіби қызметтегі креативті рефлексия дағдылары; күрделі кәсіби жағдайларға бейімделу дағдылары; кәсіби қызмет процесінде ұжымның басқа мүшелерінің креативті әдістерді қолдану тәжірибесін беру дағдылары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Үстел теннисі және оқыту әдістері
    Несиелер: 7

    Оқытылатын мәселелер: үстел теннисінің тарихы; үстел теннисінің ережелері; сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асыру кезінде әртүрлі жас топтарындағы мектеп бағдарламасы бойынша үстел теннисін ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері. Қалыптастырылатын құзыреттер: үстел теннисін оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша оқыту принциптерін, әдістерін, құралдарын тұжырымдау және қолдану; үстел теннисінің ережелері мен техникасын білу; үстел теннисінен жарыстар ұйымдастыра және өткізе білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Радиациялық қауіпсіздік негіздері [minor]
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: иондаушы сәулеленудің радиоактивтілігі мен дозиметриясы туралы жалпы ұғымдары, иондаушы сәулеленудің биологиялық объектілермен өзара әрекеттесу механизмдері, қоршаған ортаның радиоактивті ластануының табиғи және техногендік көздері, радиациялық бақылау әдістерін және радиоактивті сәулелену көздерімен қауіпсіз жұмыс істеу шарттары. Қалыптастырылатын құзыреттер: табиғатты қорғау проблемаларын диагностикалау, оны қорғау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу мүмкіндігі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: дене шынықтыру негіздері, негізгі заңдылықтар, қағидалары, денені жетілдіру бойынша қызметті ұйымдастырудың құралдары, әдістері мен нысандары; спорттық даярлық түрлерінің жіктелуі, жүйеленуі, әдістері мен технологияларының терминологиясы. Қалыптастырылатын құзыреттер: дене шынықтыруды оқыту әдістемесінің теориялық және тәжірибелік негіздерінің білімін, іскерлігін, дағдыларын көрсету; кәсіби спорт терминологиясын меңгеру; оқу үдерісіне дене шынықтырудың жаңа заманауи технологияларын енгізу; спорт әдістерін тәжірибеде қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Футбол және оқыту әдістері
    Несиелер: 8

    Оқытылатын мәселелер: футболды оқыту әдістемесі; футболдағы техникалық тәсілдер мен тактикалық әрекеттер; футболдағы жаттығу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру, футбол бойынша жарыстарды ұйымдастыру және өткізу дағдылары мен біліктері. Қалыптастырылатын құзыреттер: футболды оқыту әдістемесінің білімін, іскерлігін және дағдыларын көрсету, техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды меңгеру, футбол бойынша жарыстарды ұйымдастыра және өткізе білу; қауіпсіздік техникасы мен төрешілік қағидаларын білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Спорт биохимиясы
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: ағзаның химиялық құрамы; зат алмасудың жалпы сипаттамасы; бұлшықет биохимиясы, бұлшықет жиырылуы және релаксация; спорттық жұмысқа қабілеттіліктің биохимиялық негіздері; тамақтанудың биохимиялық негіздері. Қалыптастырылатын құзыреттер: дене дамуы мен спорттық жаттығудың биохимиялық заңдылықтарын, спорттық дайындықтың әртүрлі кезеңдері мен биохимиялық көрсеткіштерді білу; жүйелі дене жаттығуларының әсерінен ағзада болатын өзгерістердің механизмдері мен заңдылықтарын түсіну.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қозғалмалы ойындар және ұлттық спорт түрлері
    Несиелер: 7

    Оқытылатын мәселелер: қозғалмалы ойындар туралы негізгі түсініктер; қозғалмалы ойындардың педагогикалық негіздері; дене тәрбиесі жүйесіндегі қозғалмалы ойындар мен ұлттық спорт түрлері; дене шынықтыру сабақтарындағы қозғалмалы ойындар мен ұлттық спорт түрлері. Қалыптастырылатын құзыреттер: ұлттық спорт түрлерін оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша оқыту қағидаттарын, әдістерін, құралдарын қалыптастыру және қолдану; қозғалмалы ойындардағы жаттығу үдерісін жоспарлау үшін техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды және қажетті дағдыларды меңгеру; жарыстарды ұйымдастыру және өткізу білу қабілеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жүзу және оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: жүзуді оқытудың құралдары мен әдістері; қолданбалы жүзу; қолданбалы жүзуді жіктеу; жүзу сабақтары кезіндегі қауіпсіздік техникасы; жүзу бойынша жарыстарды ұйымдастыру және төрешілік ету. Қалыптастырылатын құзыреттер: жүзу әдістемесі және оларды дәйекті зерделеу саласындағы білімді, іскерлікті және дағдыларды көрсету, қозғалыс сапаларының дамуымен сүйемелденетін жүзудің жекелеген стильдері мен техникаларын игеру; қауіпсіздік ережелерін сауатты тұжырымдай білу, көмек көрсету; жүзу бойынша жарыстарды ұйымдастыра және өткізе білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Нанотехнология [minor]
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: нанотехнологияның бағыттары, биологиялық және технологиялық әдістердің жиынтығы, табиғи ортада қалыпты функционалдық тіршілікті қамтамасыз ететін организмдердің тіршілік әрекетінің процесін басқару үшін нанобөлшектерді, наноқұрылымдарды, наноматериалдарды, наноқосылыстарды және басқаларды зерттеу. Қалыптастырылатын құзыреттер: наноматериалдардың құрылымы, құрамы мен қасиеттері арасында байланыс жасай білу, олардың құрылымы мен қасиеттері бойынша анықтамалық материалдарды қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Психосоматика [minor]
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: психосоматикалық бұзылулар, олардың пайда болу факторлары, олардың адамдарындағы жағдайды оңтайландыруға бағытталған психологиялық әсерлер, негізгі психосоматикалық теориялар, психосоматикалық бұзылулардың түрлері, адамның ауруға қатынасы және оның қалыптасу факторлары туралы зерттеу. Қалыптастырылатын құзыреттер: әртүрлі кәсіби қызмет түрлері шеңберіндегі өзгерістерді болжау және қалыпты және патологиядағы психиканың әртүрлі компоненттерінің қызметін түсіну қабілеті

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы [minor]
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: пән туралы ұғымды ашу, тактика және ұйымдастыру әр түрлі белсенді саяхаттар туризмнің бірі ретінде қызметтің перспективалық нысандары Қазақстанның туристік құрылымдарының, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып туристік-рекреациялық ресурстар Қазақстан. Қалыптастырылатын құзыреттер: белсенді туризмнің әртүрлі түрлерін жіктей білу; белсенді туристік жорықты ұйымдастыру және өткізу; өзінің туристік бағытын әзірлеу;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Спорттық физиология негіздері
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: дененің физиологиялық резервтері туралы түсінік, олардың сипаттамасы және жіктелуі; дене белсенділігі кезіндегі ағзадағы функционалдық өзгерістер; спорттық іс-әрекеттегі ағзаның физиологиялық сипаттамасы; спортшының физикалық өнімділігі. Қалыптастырылатын құзыреттер: дене жаттығуларының физиологиялық жіктелуін, жарыс алдындағы жай-күйдің сипаттамаларын, шаршау және қалпына келу үдерстерінң физиологиялық сипаттамаларын білу және түсіну; жүйелер мен мүшелердің функцияларын, олардың тыныштықта реттелуін, қайталанатын дене жүктемелеріне бейімделу жағдайында және сыртқы ортаның әртүрлі факторлары жағдайында бұлшық ет қызметі кезінде бағалау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Базалық спорт түрлерін оқыту теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша)
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: мектеп бағдарламасы бойынша базалық спорт түрлерін оқытудың теориялық негіздері; базалық спорт түрлері санатының негізгі түсініктері; мектептегі білім беру жүйесіндегі спорттың ойын түрлері; дене шынықтыру сабақтарында дене қасиеттерін тәрбиелеу; мектептегі спорттық-бұқаралық жұмыс. Қалыптастырылатын құзыреттер: мектеп бағдарламасы бойынша спорттың базалық түрлерін оқытудың теориялық негіздері бойынша білімдерін көрсету; жаңартылған білім беру бағдарламалары және инклюзивті оқыту бойынша базалық спорт түрлерін оқыту қағидаларын, әдістерін, құралдарын, үдерістерін меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бейімделетін дене шынықтыру
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: бейімделу дене шынықтыруды ұйымдастыру; бейімделу дене шынықтырудың әлеуметтік функциясы; бейімделудене шынықтырудың педагогикалық функциясы; бейімделу дене тәрбиесі. Қалыптастырылатын құзыреттер: дене жаттығуларының дәстүрлі және заманауи сауықтыру жүйелерін қолданудағы қабілеттерін көрсету; бейімделу дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми, теориялық және практикалық білімдерге ие болу; дене шынықтыру сабақтарында және оқу-жаттығу сабақтарында мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқытудың әдістемесі мен технологиясын білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 6

    Оқытылатын мәселелер: дене шынықтыру және таңдалған спорт түрі бойынша оқытушы-жаттықтырушының кәсібилігін құрайтын негізгі құзыреттер; педагогикалық және спорттық технологиялар, қозғалыс әрекеттерінің техникасы мен тактикасына оқыту, таңдалған спорт түрінде дене қасиеттерін дамыту; жарыстарды жоспарлау және ұйымдастыру. Қалыптастырылатын құзыреттер: дене шынықтыру және таңдалған спорт түрі саласындағы білімді, іскерлікті, дағдыны және құзыреттілікті көрсету; спорт теориясының әдістерін тәжірибеде қолдана білу және психологиялық, тактикалық, техникалық даярлықты талдай білу; жаттығу үдерісінде спорттың жаңа заманауи технологияларын енгізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Үстел ойындары және оқыту әдістері
    Несиелер: 7

    Оқытылатын мәселелер: үстел ойындарының тарихы; үстел ойындарының түрлері; үстел ойынының механикасы; үстел ойынының ережелері; үстел ойындарының әртүрлі түрлерін ұйымдастыру; әр түрлі жас топтарында және сыныптан тыс жұмыстарда мектеп бағдарламасы бойынша үстел ойындарын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері. Қалыптастырылатын құзыреттер: үстел ойындарын оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша оқыту қағидаттарын, әдістерін, құралдарын қалыптастыру және қолдану; үстел ойындарының (дойбы, шахмат, үстел теннисі) қағидалары мен техникасын білу; үстел ойындары (дойбы, шахмат, үстел теннисі) бойынша жарыстарды ұйымдастыра және өткізе білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Спорттық тамақтану
    Несиелер: 6

    Оқытылатын мәселелер: тамақтанудың негізгі түсініктері; тамақтану түрлері; теңдестірілген тамақтану; жеке диетаны құру. Қалыптастырылатын құзыреттер: ұтымды спорттық тамақтануды қалыптастыру әдістемесін білу және рационалды - теңдестірілген тамақтанудың ағзаның жай-күйіне әсері; спортшының жеке тамақтану режимдерін әртүрлі жаттығу және бәсекелестік циклдарда жоспарлау қабілеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Спорттық биомеханика
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: биомеханика; спортшы денесінің құрылымы, қасиеттері және қозғалыс функциялары; спортшы денесінің құрылымы, құрылымы, қасиеттері мен қозғалыс функцияларын зерттеудегі спорт биомеханикасының міндеттері; спортшыны ұтымды спорттық техника және техникалық жетілдіру. Қалыптастырылатын құзыреттер: спорттық биомеханика саласындағы білім, дағдыларды, ағзаның және оның жеке жүйелерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін, адамның физиологиялық және жас ерекшеліктерін қолдану; денелердің кеңістіктегі орналасуындағы өзгерістер және осы өзгерістерді тудыратын себептер немесе күштер туралы білімді меңгеру; дене шынықтыру құралдарының ағзаның әр түрлі жүйелеріне әсер ету сипатын бағалау мүмкіндігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Емдік дене шынықтыру және массаж
    Несиелер: 5

    Оқытылатын мәселелер: емдік дене шынықтыру мен массаждың жалпы негіздерін қалыптастыру, әртүрлі аурулардың емдік дене шынықтыру; ЕДШ мен массаждағы дене жаттығуларын жіктеу; ЕДШ-дағы дене жүктемесінің мөлшері мен өлшемдері; ЕДШ құралдары, әдістері мен нысандары; ЕДШ көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдері; өздігінен массаж жасау. Қалыптасқан құзыреттілік: студенттердің әртүрлі контингенттері үшін сауықтыру жаттығуларының бағдарламаларын жүзеге асыра білу, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қатысушылардың жағдайын түзету үшін қозғалыс әрекетінің құралдары мен әдістерін дұрыс таңдай білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жарыс қызметіндегі төрешілік шеберлігі
    Несиелер: 7

    Оқытылатын мәселелер: таңдалған спорт түрінің жарыс ережесі; таңдалған спорт түріндегі жарыстарды өткізуді ұйымдастыру құрылымы; төрешілік әдістемесі; жарыстың бас төрешісінің міндеттері; жарыс хатшысының міндеттері; төрешілік қызметті басқару. Қалыптастырылатын құзыреттер: өңірлік маңызы бар жарыстарда және жоғары деңгейдегі жарыстарда спортшылардың жарыс қызметін бағалау дағдыларын және жарыс ережелерін білуін көрсету; таңдалған спорт түріндегі жарыс қызметінің нәтижелерін талдай білу; таңдалған спорт түріндегі төрешілік қызметінің құрылымы және төрешілік әдістемесі туралы білімді меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Таңдаған спорт түріндегі дайындық компоненттері (физикалық, техникалық, тактикалық, психологиялық және интегралдық)
    Несиелер: 7

    Оқытылатын мәселелер: спортшының 'теориялық' және 'физикалық және функционалдық дайындығы' ұғымдары; спортшының теориялық, физикалық және функционалдық дайындығының мақсаттары мен міндеттері; спорттағы техникалық және тактикалық дайындық, спорттық дайындық жүйесі, спорттық дайындықтың басқа түрлерімен өзара байланыс. Қалыптастырылатын құзыреттер: жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу, денсаулықты нығайту және қорғау мақсатында таңдалған спорт түріндегі жаттығу үдерісін жоспарлау үшін техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды меңгеру; жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру әдістемесін білу және қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Спорттық нутрициология негіздері
    Несиелер: 6

    Оқытылатын мәселелер: спорттық нутрициологияның жалпы принциптері; ТСТ базалық және мамандандырылған тамақтанудың негізгі принциптері, формалары мен ерекшеліктері. Қалыптастырылатын құзыреттер: спорттық нутрициология саласындағы кәсіби қызметте қолдану үшін практикалық дағдылар мен дағдыларды қалыптастыру; спорттық нәтижелерді арттыру және денсаулықты нығайту үшін тамақтану бағдарламаларын әзірлеу қабілеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 6

    Оқытылатын мәселелер: балалар-жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориялық негіздері; жас спортшылардың спорттық қабілеттері мен дарындылығын анықтау; жас спортшылармен жаттығу үдерісін жүргізуді ұйымдастыру, жаттығу жүктемелерін жас кезеңінде кезеңдестіру. Қалыптастырылатын құзыреттер: балалар мен жасөспірімдер спортының психологиялық, тактикалық, техникалық дайындығын талдай білу; балалар-жасөспірімдер және кәсіби спорт теориясы мен әдістемесінің негіздерін тәжірибеде қолдану; спортшылардың анатомиялық-физиологиялық, психологиялық және жыныстық-жас ерекшеліктерін игеру және оларды кәсіби қызметте пайдалану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON2

    Жалпы білім беру пәндері саласында білімдерін, іскерліктерін, дағдылары мен құзыреттерін көрсетеді

  • Код ON11

    Спорттық, ұлттық, қозғалмалы ойындар, жеңіл атлетика, жүзу, гимнастика саласындағы теориялық және әдістемелік білімді тәжірибеде қолдануға, оқу-жаттығу үдерісінде техникалық қателіктердің себептерін болжауға және анықтауға қабілетті. Оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлау, өткізу, олардың тиімділігін бақылау үдерісінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын және жарыс қызметін ұйымдастыру қағидаттарын, әдістерін меңгерген

  • Код ON12

    Адамның анатомиялық-физиологиялық, биохимиялық, биомеханикалық қозғалыс әрекеттерінің негіздері және гигиеналық талаптар мен жас ерекшеліктеріне сәйкес дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың медициналық-биологиялық ерекшеліктері туралы білімді қолдануға қабілетті. Емдік дене шынықтыру әдістерін, құралдарын және дене бітімінің түрін анықтау, дене дамуының морфологиялық көрсеткіштерін бағалау дағдыларын меңгерген

  • Код ON4

    Командада жұмыс істей алады, өндірістік процеске қатысушылармен диалог жүргізе алады, адамдармен тікелей қарым-қатынас кезінде сындарлы байланыс орната алады, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын меңгере алады

  • Код ON14

    Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі, дидактика ережелері негізінде білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, спорттың базалық түрлері және балалар мен жасөспірімдер спорты бойынша оқу сабақтарын өткізуге қабілетті, базалық спорт түрлерінің техникалық элементтерін, негізгі және қосалқы элементтерін түсіндіру және көрсету тәсілдерін меңгеруге қабілетті

  • Код ON5

    Ақпаратты жинау және өңдеу дағдыларын көрсетеді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оның ішінде кәсіби міндеттерді шешуді меңгергенін көрсетед

  • Код ON8

    Арнайы педагогикалық ғылымның ұғымдық-категориялық аппаратын, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және педагогикалық сүйемелдеу туралы білім жүйесін меңгерген

  • Код ON3

    Ғылыми зерттеу әдістерін меңгергенін, Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, жобаларды орындау біліктері мен дағдыларын көрсетеді, академиялық жазуды және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерген

  • Код ON1

    Тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынасты қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде жүзеге асыруға қабілетті

  • Код ON10

    Балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, бала ағзасының өсуі мен дамуының негізгі биологиялық заңдылықтарын анықтауға, гигиеналық талаптарға сәйкес мектепте қоршаған ортаны ұйымдастыруға, өмір мен денсаулықты қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті

  • Код ON13

    Дене шынықтыру мен спорттың, олимпиадалық қозғалыстың қалыптасуы мен даму тарихы саласындағы білімдерін, іскерліктерін, дағдылары мен құзыреттерін көрсетеді және дене шынықтыру мен спорт бойынша оқытудың әртүрлі кезеңдері мен деңгейлері үшін оқу материалын, оқыту тәсілдерін, жұмыс режимдерін жүйелейді. Толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін дене шынықтыру құралдары мен әдістерін меңгерген

  • Код ON9

    Педагогикалық қағидаттар негізінде, сондай-ақ әлеуметтік, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды, тәрбиелеуді және дамытуды жүзеге асыруға қабілетті, психологиялық, психофизикалық және жеке ерекшеліктері бар, жалпы және жас ерекшелік психологиясының ұғымдық аппаратын және оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге дайындығын меңгерген

  • Код ON15

    Дене жаттығуларының техникасын орындау алгоритмдерін құруға, арнайы спорттық терминологияны, таңдаған спорт түріндегі төрешілік қызметтің құрылымы мен төрешілік әдістемесі туралы білімді еркін меңгеруге қабілетті. Таңдаған спорт түріндегі жаттығу-жарыс жүктемелерін нормалау және бақылау тәсілдерімен техникалық-тактикалық әрекеттерді көрсету дағдыларын меңгерген

  • Код ON7

    Жеке және кәсіби дамудың өзіндік траекториясын құруға қабілетті, жеке және кәсіби өзін-өзі жетілдіру қабілетін көрсетеді

  • Код ON6

    Қосымша білім мен құзыреттілікті, біліктілік пен дағдыларды қолдануды, студент үшін бейінді емес дайындық бағытының тиімді қызметін жүзеге асыруды көрсетеді

6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Қазақ спорт және туризм академиясы

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01401 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және таңдаған спорт түрінен жаттықтырушы
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01401 Дене шынықтыру және спорт мұғалімі
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01401 Дене шынықтыру және спорт
Бакалавриат

Халықаралық туризм және меймандостық университеті

БББТ: B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top