Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02201 Тарих және әлеуметтік-дінтану ғылымдары в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстан Республикасының еңбек нарығындақоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын, ғылыми білім жүйесін, тарихи және әлеуметтік-дінтану ғылымдарының теориясы мен практикасын осы саладағы соңғы теориялық және методологиялық жетістіктер деңгейінде меңгерген гуманитарлық ғылымдар магистрін даярлау. Білім алушылардың ғылыми-шығармашылық құзіреттілігін арттыру.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M053 Тарих
  • Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Деректану мен тарихнаманың қазіргі заманғы бағыттары мен теориялық-методологиялық мәселелерін, тарихи зерттеудің методологиясын білу. Дүниежүзілік және отандық тарихнамадағы пікірталас туғызатын мәселелерді сыни тұрғыдан талдау.
  • Тарихи, әлеуметтанулық, этникалық аспектілерді, қазіргі әлемдегі діни жағдайды, қоғам мен мемлекеттің діни қауіпсіздігін, зайырлы мемлекет пен көп мәдениетті қоғамдағы діни ағарту мен тәрбие мәселелерін талдау және түсіндіру.
  • Пәнаралық байланыста зерттеу позицияларын іске асыру, зерттеу қызметінде жоғары зияткерлік адалдық дағдыларын қалыптастыру, тарихи дереккөздерді ғылыми жариялауға дайындау.
  • Ғылыми жұмыс нәтижелерін өзінің кәсіби қызметінде іс жүзінде қолдану, кәсіби қызметте шет тілінде білім берудің халықаралық стандарттары аясында коммуникативтік құзыреттілікті игеру.
  • Әлемнің ғылыми бейнесін, ғылым философиясының негізгі тұжырымдамаларын, ғылыми білімнің құрылымы мен деңгейлерін; тарихи, әлеуметтік, қоғамдық, мәдени, этникалық және діни құбылыстарды білу, түсіну және талдау; сыни ойлау дағдыларын көрсету.
  • Жоғары мектеп педагогикасы мен әдістемесі саласындағы сыни ойлау, сөйлеу шеберлігі бойынша теориялық білімді меңгеру, тарих, әлеуметтік-дінтану ғылымдарындағы соңғы жаңалықтарды зерттеу, педагогикалық тәжірибеде коммуникативтік, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді қолдану.
  • Білім алушылардың оқу процесіндегі танымдық қызметінің психологиясын білу және түсіну, оқытудың әртүрлі технологияларын сыни тұрғыдан салыстыру, тарихи және әлеуметтік-дінтану ғылымдарының дүниежүзілік және отандық ғылыми тұжырымдамаларын білу, қазақстандық қоғамның даму проблемаларын шешуге бағытталған ғылыми нәтижелер алу.
  • Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ғылыми мақалалар, есептер түрінде жариялау, зерттеу барысында ғылыми мәліметтерді бұрмаламау, плагиатқа жол бермеу, ғылыми этикалық қағидаттарды сақтау, қазіргі әлемдік және отандық тарих ғылымында ғылыми-зерттеу міндеттерін дербес шешу әдістемесін меңгеру.
Top