Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B03102 Психология және білім беру менеджменті в Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В03102 «Психология және білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасының мақсаты - психология саласындағы кәсіби құзыреттерге ие мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, адамдарға, топтарға, қоғамдастықтарға кәсіби көмектің адамгершілік-әтикалық қағидалары негізінде психологиялық практиканы пайдалану және қазақстандық білім беру жүйесінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайларында білімдегі басқару
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B041 Психология
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Дайындық бағыты 6B031 Әлеуметтік ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты, білім беру жүйесінің жұмыс істеу мақсаттары мен міндеттерін, білім беруді мемлекеттік басқарудың мәнін, білім беру саласындағы мемлекеттік жоспарлауды, өңірлік деңгейде білім беруді басқаруды біледі және жұмыс істейді, интеграцияланған ақпарат береді және Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша талдау мен болжам жасайды
  • Психологиялық құбылыстар, категориялар, психиканың жұмыс істеуі мен даму заңдылықтарын зерттеу және сипаттау әдістері туралы білімдерін көрсетеді, эволюция процесінде психиканың пайда болуы мен дамуының психологиялық теорияларын талдайды; психологиялық қасиеттер мен жағдайларды, психикалық процестердің сипаттамаларын, жеке тұлғалардың әр түрлі іс-әрекеттерін талдаудың негізгі әдістерін біледі, өз қызметін оңтайландыру мақсатында кәсіби психолог ретінде өз қызметін талдау дағдыларын меңгерген, психологияның іргелі және қолданбалы салаларының ерекшеліктері мен мақсаттарын, олардың пайда болуы мен дамуын түсінеді
  • Басқару ғылымдарының негізгі ережелерін іске асырады, білім беру саласын инфрақұрылымдық қамтамасыз ету саласындағы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл тетіктерін білетіндігін, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың практикалық дағдыларын, білім беру қызметтерін ұсыну сапасына басқарушылық шешімдердің әсерін бағалай білуді көрсетеді, сыртқы ортадағы тұрақты өзгерістер жағдайында білім беруді басқару жүйесінің тиімділігін талдау әдістерін қолданады
  • Психологиялық зерттеу дизайнын әзірлеу, психологияның әртүрлі ғылыми және ғылыми-практикалық салаларында кәсіби білім мен іскерлікті қолдану негізінде психологиялық зерттеулер жүргізу білігін көрсетеді; психологиялық зерттеу нәтижелерін талдау, бағалау және түсіндіру, теория мен эмпирикалық деректердің арақатынасын тексеру және бағалау, есептік құжаттаманы дайындау және ғылыми мақалалар мен баяндамалар түрінде алынған деректерді қорыту тәсілдерін меңгерген
  • Инновациялық психоәлеуметтік технологияларды білуін көрсету, психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру, психологиялық түзету, психологиялық көмек және қолдау дағдыларын, объективті психодиагностикалық тәсіл шеңберінде әзірленген техника мен тәсілдерді, негізгі әдістемелерді пайдалану дағдыларын меңгеру, жеке және топтық жұмыстың тұлғааралық, мінез-құлық, кәсіби дағдыларын көрсету, жеке тұлғаны, топты психологиялық қолдау бағдарламасын жасау дағдыларын көрсету
  • Құқық құндылықтарын және ортақ игілік тұжырымдамасын түсінеді; құқық пен заңға құрметпен қарауды, құқыққа қарсы мінез-құлыққа, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті көрсетеді, әділ мінез-құлық пен құқық қолдануға ұмтылады; өз іс-әрекеттерінің құқықтық, моральдық-этикалық салдарын бағалайды; академиялық адалдық стандарттарына бейілділікті, іскерлік қасиеттерді көрсетеді
  • Орталық жүйке жүйесінің құрылымы мен дамуы, оның негізгі бөлімдері, олардың құрылымдық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің функционалдық ұйымдастырылуы, рефлекторлық мінез-құлықты ұйымдастырудың нейрондық механизмдері және ми функцияларын жүйелік ұйымдастырудың принциптері туралы білімді көрсетеді; адамның жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын түсіну үшін жүйке жүйесінің анатомиясы туралы білімді қолданады, психиканың анатомофизиологиялық негіздерін түсінеді, жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы саласындағы заманауи зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратты табу және пайдалану
  • Инклюзивті білім беруді іске асырудың қазіргі заманғы жағдайларын, инклюзивті білім беру ортасын нормативтік-құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етуді, инклюзивті білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдауды, инклюзивті білім беру нәтижелілігін бағалау критерийлері мен көрсеткіштерін біледі; білім беру процесін психологиялық қолдау бағдарламаларын әзірлеу, халықтың әртүрлі топтарымен және әлеуметтік институттармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс дағдыларын жүзеге асырады
  • Жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін, азаматтық ұстанымын, экономикалық, дене және экологиялық мәдениетін, академиялық адалдық мәдениетін, сыни ойлаудың қалыптасуын, креативтілікті және коллаборацияға дайындығын көрсетеді
  • Экономикалық процестердің табиғатын түсінуді, кәсіпкерлік, көшбасшылық, инновацияларды қабылдау дағдыларын көрсету, оларды тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдалану, кәсіби салада бизнесті құру және дамыту, оның табысты жұмыс істеуі үшін жағдайларды дамыту
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде грамматикалық білімдері мен сөйлеу құралдары мен академиялық түрде ауызша және жазбаша түрде баяндау дағдыларын пайдалана отырып, тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби коммуникацияларды жүзеге асырады, қарым - қатынас жағдайына сәйкес ақпаратты талдайды
  • Оқу іс-әрекетінің, білім беру процесі субъектілерін тәрбиелеу мен дамытудың психологиялық феномендері мен заңдылықтарын, кәсіби ойлау, психологиялық мәдениет, этика, тиімді коммуникация, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерудің қалыптасқандығын көрсетеді
  • Білім беру жүйесінің сапасын бағалаудың халықаралық және отандық тәжірибесін, білім беру ұйымы қызметінің бағдарламаларын, жоспарларын, жобаларын және нәтижелерін бағалаудың әдістерін, технологиялары мен құралдарын қолдана білуін көрсетеді; білім беру қызметтерін ұсыну сапасының ішкі және сыртқы мониторингін және сараптамасын жүзеге асырады; білім беру ұйымдарында білім беру сапасы жүйесін ішкі және сыртқы бағалаудың әдістері мен рәсімдерін, ұғымдарын, қағидалары мен қағидаттарын жаңғыртады
  • Білім беру ұйымының ақпараттық-цифрлық ортасын қолдаудың қазіргі заманғы электрондық құралдарын қолданудың практикалық дағдыларын көрсетеді, білім беру қатынастарына қатысушылардың, әлеуметтік серіктестердің әртүрлі пікірлері жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдайды, қақтығыстардың алдын алады және өз ұстанымын қорғайды; білім беру ұйымы дамуының әлеуметтік-әкімшілік ресурстарын, білім беру сапасы жүйесін бағалау нәтижелерін бағалайды; білім беру сапасы жүйесіндегі проблемаларды, тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтайды; білім берудегі басқарушылық міндеттерді іске асыруда шығармашылық және талдамалық қабілеттерін көрсетеді
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әр түрлерін пайдаланады: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді сервистер
Top