Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03102 Психология в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімдері мен коммуникативтік іскерліктерді көрсете білу, қоғамның қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Мамандықтың жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсіну, кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен және сапалы орындау, кәсіби этика қағидаларын сақтау, кикілжіңсіз бірлескен қызметті және психологиялық орта субъектілерінің тұлғааралық өзара әрекеттестігін ұйымдастыру.
  • Клиентпен психологиялық байланыс орнату және оны кеңес беру процесінде қолдау, психикалық белсенділіктің нормалары мен патологиясының критерийлерін және олардың көріністерін тану, клиентке психологиялық көмек сұрауын қалыптастыруға көмектесу.
  • Психологиялық зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру технологияларымен жұмыс жасау, психодиагностикалық әдістердің заманауи құралдарын жіктеу; денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тексеруді ұйымдастыру; арнайы мекемелердегі психологтың қызметін практикалық психологияның әртүрлі салаларында жұмыс істеуге дайындығын ескере отырып бағалау.
  • Ұжымдағы және командадағы жұмысты үлгілеу, әріптестермен, басшылықпен, зардап шеккен және төтенше жағдайлар аймақтарындағы басшылықпен тиімді қарым-қатынас жасау; жұмыс уақытын тиімді пайдалану дағдыларын меңгеру.
  • Психологтың кәсіби қызметінде инновацияны қолдану тәсілімен этногуманистік дүниетаным мен психологиялық денсаулық арқылы тұлғалық әлеуетті өзін-өзі жүзеге асыру үшін қалыптасқан доминанттарды көрсету.
  • Адамның немесе топтың психологиялық жағдайын талдау және бағалау, танымдық процестердің ауқымын, сондай-ақ адамның барлық мүмкін мінез-құлық көріністерін ажырата білу, психологтың тәжірибесінде заманауи психотехниканы қолдану.
  • Этномәдени ерекшеліктерді ескере отырып, бала-ата-ана және неке қатынасының психологиялық тәуекелдері мен қауіптерін синтездеу; кәсіби қызметте қарым-қатынас мәдениетінің іскерлігін көрсету; басқару іс-әрекетінде әдістер мен тәсілдерді қолдану
  • Суицидтік және аутодеструктивті мінез-құлықтың психодиагностикасын, психологиялық көмегін және алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру, суицидтік қауіп факторлары мен суицидтік қауіпті дағдарыстарды болжау.
  • Психологтың кәсіби міндеттерін шешуде қызмет түрлерінің психологиялық аспектілерін анықтау.
  • Бір жас кезеңінен екіншісіне ауысудың психологиялық мәселелерінің кең спектрін қарастыру, психиканың даму деңгейлерін, формаларын сипаттау, тұлғаның психикалық және соматикалық даму ерекшеліктері бойынша психологиялық көмекке сұраныс жасау.
  • Дамудың жас кезеңдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, адамның психикалық қызметінің ерекшеліктері туралы қорытынды жасау, психикалық және тұлғалық құрылымдардың табиғатын ашатын тарихи ретроспективалық және болашақтағы негізгі психологиялық теорияларды салыстыру.
Top