Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03102 Психология в Қазақстан-Американдық еркін университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі психологиялық категориялар мен түсініктерді, механизмдер мен қалыптасу заңдылықтарын, психика мен сананың дамуы және оның қызметін, психикалық құбылыстардың ерекшеліктерін, классикалық және заманауи психологиялық теорияларды, сонымен қатар, психология ғылымының басқа да теориялық негіздерін, оның ғылымдардың жалпы жүйесіндегі орнын және салалық ерекшелігін анықтау.
  • Тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын, толеранттылықты, ынталылықты, әріптестікке ұмтылысты, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшін қызмет пен көпәдениетті, көпэтникалық және көпконфессионалды қоғамдағы қызмет пен қарым-қатынаста іске асыру үшін әлеуетті көрсету.
  • Кәсіби қызметтің жүзеге асырылу ерекшелігі аясын және психологиялық қызмет әдістерінің мақсатқа сәйкес пайдаланылуын ескере отырып, теориялық, практикалық және зерттеушілік білімдерді, икемділік пен дағдыларды, кәсіби қызметтегі жүйелік ойлауды қолдану.
  • Профилактикалық, дамыту және түзету жұмыстарының техникалары мен әдістерін меңгеру, солардың негізінде басқа қызмет түрлерінің психологиямен сүйемелденуін өңдеу және психологиялық араласуды жүзеге асыру.
  • Экономика және кәсіпкерлік, экология және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы білім мен дағдыларды, қызметтің әртүрлі салаларындағы құқықтық білімнің негіздерін қолдану және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қатынасты қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби қызметте ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолдану.
  • Клиенттердің жас, жыныстық, ұлттық, даралық және басқа да ерекшеліктерін есепке ала отырып, жеке немесе топтық жұмыс түрлерін психодиагностиканың түрлі әдістерін, психологиялық кеңес беруді және тренингті жүзеге асыру.
  • Заманауи экономика мен кәсіпкерлік қызметтің, кәсіби қызметтің құқықтық негіздерін, қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени қоғам үрдістерін талдау негіздерін анықтау, жан-жақты дамыған тұлға болу.
  • Психологиялық қызметтің ерекшелігін және әлеуметтік маңызын анықтау, үрдіс және еңбектің нәтижесі үшін жауапкершілікті көрсету, клиенттермен, өзара байланысты сала қызметкерлерімен қарым—қатынас кезінде кәсіби этиканың қағидаларын қолдану, әріптестермен құрылымдық диалог орнату.
  • Заманауи әдіснаманың негізінде жобалау және жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу қызметін бар және жаңа кәсіби білімді растау үшін жүзеге асыру, ғылыми гипотезалар мен мәселелерді тексеру және оларды шешудің жаңа жолдарын іздестіру.
Top