Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05102 Биотехнология в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметте, жұмыс құжаттамасын жүргізуде, электронды байланыста ДК пайдалану дағдыларын меңгерген. Цифрлық құзыретті тұрақты түрде жоғарылатады.
  • Биотехнологиялық өндірістегі қауіпсіздік техникасының негіздері туралы түсінікке ие, биологиялық нысандармен жұмыс істеуге байланысты өндірістік үрдістермен орындау дағдыларын меңгерген.
  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға ықпал ететін қолданбалы құқықтық, жаратылыстану пәндері бойынша өзекті білімдерін көрсетеді.
  • Биология ғылымдарының теориялық ұстанымдарын, өсімдіктердің, жануарлардың және адамның құрылысын дәлелді түсіндіре алады, организмдердің қызметін аналитикалық түрде салыстырады.
  • Микроскоппен дайын препараттармен және муляждармен жұмыс істей алады
  • Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын биотехнология әдістерін меңгерген, қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу үшін биотехнологиялық әдістерді пайдаланады.
  • Дәрілік заттарды өндіру жағдайларын оңтайландырады, моноклоналды антиденелерді, гендік терапияны қолдану мүмкіндіктерін талдайды.
  • Өсімдіктердің зат алмасу ерекшеліктерін, биологиялық белсенді заттарды түсінеді және дәрілік заттарды алу үшін биотехнологиялық әдістерді қолданады.
  • Әр түрлі сипаттағы мутагендік факторларды зерттейді, геномдық, хромосомалық және гендік мутацияны анықтау дағдыларына ие.
  • Тұқым қуалаушылықтың түрлерін түсінеді және әртүрлі генетикалық есептерін шығарады.
  • Ақпаратты, эксперимент нәтижелерін және есептелген жобалау деректерін талдау, іздеу және тексеру үшін цифрлық ресурстарды пайдаланады
  • Өзінің кәсіби қызметінде прагматизмнің, өзара түсіністіктің, толеранттылықтың және қазіргі қоғамның демократиялық құндылықтарының бәсекеге қабілеттілігінің басымдықтары бойынша өзінің азаматтық ұстанымын бекітеді.
  • Ауыл шаруашылығы көрсеткіштерін жақсарту үшін биотехнологиялық әдістерді қолданады, маңызды биологиялық объектілерді сақтау әдістерін пайдаланады, криоконсервациялау әдістерін меңгерген.
  • Қоғамның біртұтас жүйе ретіндегі және адам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың заңды мүдделері, кәсіпкерлікті жүргізудің экономикалық және әлеуметтік жағдайларымен зиянды заттардың әсері туралы білімдерін қолданады.
  • Биотехнологиялық өндірістің негізгі сызбанұсқасын әзірлейді, биотехнологиялық жабдықтың қолдану мақсатын біледі, құжаттаманы жүргізу туралы түсінігі бар
Top