6B02201 Тарих в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Гуманитарлық және әлеуметтік білімдер саласында, жан-жақты және пәндік-арнайы құзыреттіліктері бар, еңбек нарығында әлеуметтік мобильдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін маман дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B034 Тарих
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Ежелгі дүние тарихы
Пән студенттің бойында ежелгі өркениеттер дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтары туралы кешенді және ғылыми түсінікті қалыптастырады. Студенттер адамзат қоғамы дамуының Батыс Рим империясы құлағанға дейінгі тарихи оқиғаларын меңгереді, ежелгі өркениеттердің адамзат тарихындағы орны мен рөлін, олардың мәдени және тарихи өзіндік ерекшеліктерін анықтайды, тарихи өткенімізді саналы түрде қастерлей білуге тәрбиелейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Археология
Курстың мақсаты – студенттерде археология ғылымының негіздері, археология ғылымының даму тарихы, Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы білімдерді қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студенттерге тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірінің мәдениеттері, сол кезеңдерде Қазақстанды жайлаған тайпалардың тұрмысы мен шаруашылығы, діни сенімдер жүйесі, олардың археологиялық ескерткіштері, жерлеу ғұрыптары туралы білімдер беріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақстанның ежелгі тарихы
Пән мақсаты Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуірден ХІІІ ғасырдың басына дейінгі тарихи үрдістерінің негізгі кезеңдері және ерекшеліктері туралы білім беру. Қазақстанның ежелгі қоныстанушыларының саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерін, мәдениетін археологиялық, жазбаша және т.б. дерек көздері арқылы зерттей отырып, студенттер тарихи бағалау дағдыларын игереді, жалпыадамзаттық мәдениеттің жетістіктері мен ұлттық ерекшеліктеріне негізделген білім мен тәжірибені игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Пәнаралық білім беру модулі (Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері, Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Экология және өмір қауіпсіздігі)
Модуль пәндері қаржы өнімдерін тұтыну кезінде туындайтын мәселелердің ықтималдығын азайту мақсатында қаржылық сауаттылық бойынша, кәсіпкерлік қызмет негіздері, экономикалық ойлауды қалыптастыру және өз ісін құру, құқық негіздері, құқықтық өзін-өзі тануды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, экология және экологиялық мәдениет негіздері, тіршілік қауіпсіздігі бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын игеруіне арналған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Орта ғасырлар тарихы
Курстың мақсаты: Батыс Еуропа (V-XVII ғғ.) елдері мен Шығыс елдерінің, ортағасырлық дәуірі туралы, орта ғасырдың әлемдік өркениет тарихындағы орны туралы түсінік беру. Студенттер феодалдық жүйенің генезисін, ортағасырлық феодалдық қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымын зерттейді. Олар сол дәуірдің европалық мемлекеттері дамуының негізгі проблемаларын, нақты афро-азиялық қоғамның даму кезеңдері мен проблемаларын талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қосалқы тарихи пәндер
Студенттерге қосалқы тарихи пәндер және олардың тарихи білім жүйесіндегі ролі туралы, қосалқы тарихи пәндердің түрлері хронология, метрология, нумизматика, топономика, геральдика, сфрагистика және т.б. туралы білім беріледі. Курсты оқу барысында студенттер тарихи деректерді топтауға, олармен жұмысты ұйымдастыруға, тарихи материалдың мәнін ашуды үйренеді, теориялық мәліметтерді талдау дағдысы қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Пән VI-XVIII ғғ. басында Қазақстан территориясында орын алған тарихи үдерістер туралы білім береді. Студенттер Қазақстан аумағында ерте және дамыған ортағасырлық мемлекеттер, моңғолдық кезең, қазақ халқының этногенезі, Қазақ хандығының құрылуы, оның саяси-әлеуметтік тарихы туралы мәселелерді талдайды. Қазақстандағы тарихи құбылыстар мен оқиғаларды адамзат қоғамының әлемдік тарихи дамуының ортақ үлгісімен байланыстырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музейтану
Курстың мақсаты – студенттерде музей ісінің негіздері және музей қызметі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студенттерге музейтанудың теориясы мен ұғымдық-категориалдық аппараты, музей ісінің даму тарихы, музейлердің ғылыми, әлеуметтік-мәдени қызметі және музейлерді сыныптау туралы білімдер беріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Этнология
Пән этнографиялық деректер мен зерттеу әдістерін, этнология ғылымының қалыптасу тарихын, этнологиялық мектептер мен әлем халықтарын классификациялау принциптерін, этнос теориясын, этногенез және этникалық тарихтың теориялық аспектілерін, мәдениет және этникалық психология негіздерін, этникааралық коммуникация, этникалық жанжал оны шешу және болдырмау жолдарының концепцияларын оқытады. Этнологияның теориялық және қолданбалы аспектілермен байланысты ұғымдарды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихтағы тұлға факторы
Курстың мақсаты–тарихтағы тұлға факторының рөлі мен маңыздылығын, дүниежүзілік тарихтың көрнекті қызметкерлерінің өткен мен қазіргі заманның маңызды қоғамдық-саяси процестеріне әсерін зерттеу, олардың саяси, шығармашылық және мәдени мұраларын талдау. Студенттер оқиғалар мен қоғамдық-тарихи даму үдерістерін тарихтағы жеке тұлға фактры арқылы игеріп, дүниежүзілік тарих туралы білімдерін бекітеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясының теориялық проблемалары
Пән Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясының тарихи зерттеулер нәтижесінде қалыптасқан және әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелері туралы білім береді. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер жұмысының тарихы мен жетістіктері оқытылады. Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясының әлемдік тарихтағы орнына баға беріледі. Ежелгі Қазақстан тарихын археологиялық тұрғыдан зерттеуге, нәтижелерді білім саласында қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Бұл курс ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу; зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және дипломдық жұмыстарды ресімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ұлттық руханият
Курс рухани құндылықтар жүйесін, қазақтың ұлттық болмысын, руханияттың этномәдени бастауларын, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дүниетанымды, діни шыдамдылықты, салт-дәстүрлерді, өнерді, әдебиетті, ұлттық тәрбиені, дәстүрлі мәдениетті, жоғары сананы тәрбиелейтін рухани мұраны зерттейді. Пән әлемдік және жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-баба мұрасын құрметтеу рухында тәрбиеленген рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кәсіби бағытталған шетел тілі
«Кәсіби бағытталған шетел тілі» бағдарламасы ағылшын тілін және өз мамандықтары бойынша кәсіби терминдерді оқып жатқан студенттерге арналған. Білім бағдарламасы негізгі курс ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген. Бағдарламада тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларына арналған тапсырмалармен қамтылған. Граматикалық дағдыларды арттыруға арналған жаттығулар, термин сөздер мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағытталған жаттығулармен қамтылған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Архивтану
Пән архив ісі, құқықтық базасы туралы объективті түсінікті қалыптастыруды мақсат етеді. Архив құжаттамасымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, жолсілтермен, тізімдемелермен жұмыс, архив каталогтарымен жұмыс жасау, қазіргі заңнамалық құжаттардың, ақпараттық технологияның көмегімен архив құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу, жеке анықтамалар дайындауға, архив құжаттарын айналымға енгізу жолдарымен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Алаш зиялылары және қазақ мемлекеттілігі проблемасы
Пәннің мақсаты студенттерге ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметі, алаш қайракерлерінің қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру жолындағы іс-әрекеті туралы білім беру. Студенттер Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің құрылуы, жалпықазақ съездері және онда көтерілген туралы оқып-біледі. Алаш қайраткерлерінің қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру жолындағы қызметіне баға береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тарихының тарихнамасы мен деректемесі
Курсты игеру барысында зерттеу жұмысын жүргізу барысында шетел зерттеушілерінің еңбектері мен қазіргі әлемдік зерттеу әдістемелерімен танысады. Тарихтың даму барысында қалыптасқан ғылыми мектептер мен ғалымдардың тарихи зерттеулері білім алушылардың бойында зерттеушілік дағдыны қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Европа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы
Курсты оқу барысында жаңа замандағы Еуропа мен Америка елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму ерекшеліктері зерттеледі. Ал оның негізгі мазмұны феодалдық-абсолюттік қатынастардан буржуазиялық-капитализмге өту болып табылатындықтан, Англия, Франция, Италия мен Солтүстік Америкадағы буржуазиялық революцияларға, сонымен бірге ескі отарлық империялардың күйреп жаңаларының пайда болуына баса назар аударылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Пән XVIII–ХХ ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы тарихи үдерістерді, тарих ғылымындағы қазіргі замандағы әдістемелік көзқарастар контексінде көрші елдер халықтарының тарихымен өзара байланыста және өзара әрекетте оқытады. Ресей империясы саясатының ықпалымен көшпелі қоғамдағы өзгерістер, қазақ қоғамының бейімделу механизмдері, империя саясатының қазақ халқының мәдениетіне тигізген әсері зерттеледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Археологиялық зерттеу әдістері
Курстың мақсаты – студенттерде заманауи археологиялық зерттеу әдістері туралы білімдерді қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студенттер археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері, атап айтқанда, ескерткішті далалық зерттеу, ескерткіштің мәдени қабатын ашу, сызба жұмыстарын жүргізу, ғылыми құжаттама жасау, ескерткішті мәдени-тарихи тұрғыдан бағалау, табылған олжаларды қалпына келтіру, ескерткіштің мерзімін анықтау туралы білімдерді игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музей ісін ұйымдастыру
Курстың мақсаты – студенттерге музей ісін ұйымдастыру, оның жолдары мен әдіс-тәсілдері туралы білімдер жүйесін беру. Пәнді оқу барысында студенттер музей ісін ұйымдастырудың заңнамалық негіздері, музейдің ғылыми-қорлық, экспозициялық және ғылыми-ағартушылық қызметін ұйымдастырудың жүйесі, залдарды ұйымдастыру, оның экспонаттарын жасақтау әдіс-тәсілдері, экскурсия жүргізу тәртібі туралы білімдерді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан тарихының деректемесі
Пәннің мақсаты студенттерге ежелгі дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі Қазақстан тарихының деректері туралы білім беру. Студенттер Қазақстандағы деректанулық мектептің қалыптасуы туралы білім алады және Қазақстан тарихының деректемесі бойынша базалық білімді игеріп, тарихи деректерге деректанулық талдау жасайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арал-Каспий өңірінің архитектуралық және археологиялық ескерткіштері
1. Курс ежелгі, ортағасырлардағы және жаңа замандағы Арал-Каспий өңірінің архитектуралық және археологиялық ескерткіштері туралы білім береді. Ескерткіштердің түрлері, ондағы жазбалар мен суреттер туралы ақпарат беру. Студенттердің бойында көшпелілер ескерткіштерінің генезисі, топталуы, археологиялық және архитектуралық ескерткіштердің орналасу ерекшеліктері туралы білім қалыптасады. Ескерткіш түрлерінің типтік сыныпталуын көрсетеді. Архитектуралық және археологиялық ескерткіштердегі тарихи-этнографиялық және археологиялық деректер туралы түсінік қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Менеджмент және көшбасшылық
Бұл курс басқару мен көшбасшылық жөнінде білімдер кешені мен көшбасшылық дағдыларды қалыптастырады. Пәнді игеру барысында менеджмент пен көшбасшылық теориясы, басқару әдістері мен функциялары, басшылық пен билік стилдері, көшбасшылық қызметтің заңдылықтары мен оны жүзеге асырудың механизмдері, команда құру және коммуникация, басқарушылық шешімдер, мотивация, жанжалдарды және өзгерістерді басқару, көшбасшы имиджі сұрақтары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан тарихының тарихнамасы
Отандық тарих ғылымының жетістіктерін кешенді зерделейді. Қазақстан тарихы ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдер мен оқиғаларды талдай отырып, білім алушының бойында ғылыми қорыту және сараптау, зерттеу нәтижелерін пайдаланудағы қазіргі заманғы әдістемелерді меңгертеді. Тарихнамалық зерттеулерді меңгерген студенттер бойынша ғылыми еңбектерге тарихнамалық талдау жасауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Музей ісін цифрландыру
Пәннің мақсаты – студенттерде музей қызметін цифрландырудың әдіс-тәсілдері мен алгоритмдері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студенттер музей ісін цифрландырудың аудиогид, маршруттық терминал, ақпараттық портал, толықтырылған шындық (AR), онлайн галерея, сфералық панорамаларды (виртуалды панорама, 3D панорама, фотосфера) қолданатын виртуалды турлар, 3D моделдеу сынды әдіс-тәсілдері туралы білімдерді меңгеріп, оларды жасаудың алгоритмін үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы
Курстың мақсаты: Шығыс елдерін батыстың отарлық жаулап алу кезеңін, отарлау жүйесінің қалыптасуын және адамзат тарихындағы алғашқы бірыңғай әлемдік капиталистік шаруашылықтың құрылуын (XVII ғ.ортасы-ХХ ғ.басы) оқыту. Студенттер тарихнамалық материалдарды зерттеу негізінде Шығыс елдеріне қатысты кезеңдеу мәселелерін, отарлау кезеңдерін және метрополия елдерінің отарлауына қарсы күрес процесін оқиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тарих ғылымының әдіснамасы
Курстың мақсаты ғылымдағы таным принциптері мен әдістері туралы білім беру. Тарихи дереккөзді талдау негіздерімен, құжаттың және оның хабарламаларының шынайылығын тексерумен таныстырады. Студент қорытынды жасауды үйренеді, тарихи әдебиетке сыни қарайды. Тарих ғылымы саласындағы жаңа жетістіктерді, ғылыми-әдістемелік білімді және зерттеу мүмкіндіктерін пайдаланады. Ақпаратты талдайды және мифтерді, жалған бағаларды теріске шығаруды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Археологиядағы ақпараттық технологиялар
Курстың мақсаты – студенттерге археологиядағы ақпараттық технологиялар, оларды қолданудың әдіс-тәсілдері туралы білімдерді беру. Пәнді оқу барысында студенттер SAS Planet, Arcmap, Qgis және 3D өлшемді модельдеу бағдарламалары арқылы ескерткішті анықтау, маршруттау, сызбасын жасау туралы білімдерді меңгереді, сондай-ақ, ГИС-тік құрылғылар арқылы геодезиялық әдіс-тәсілдерді қолдануды, ескерткіш пішінін анықтау және параметрлеуді үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
Курсты оқытудың негізгі мақсаты студенттердің Еуропа және Америка елдерінің қазіргі замандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі заңдылықтарын игеруі, маңызды оқиғалардың хронологиясын білуі, оларды талдауы және ой қорытуы, сонымен бірге студенттерде батыс елдерінде постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы, жаңа ұлттық мемлекеттердің құрылуы мен дамуы туралы нақты, объективті түсініктің қалыптасуы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тарихи демография
Курс болашақ мұғалімдердің Қазақстандағы қазіргі демография ғылымының өзекті мәселелері туралы түсініктерін қалыптастырады.Болашақ мұғалімдер қазақстандық өткен демографиялық құбылыстар мен оқиғаларды адамзат қоғамының дүниежүзілік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыра алады; цифрлық сауаттылықты, деректерді басқару дағдыларын дамытады, демографиялық жағдайды және дәлелді ақпаратты талдау негізінде аналитикалық және сыни ойлауды дамытады, сапалы және сандық әдістерді, демографиялық талдау мен болжауды пайдалана отырып, демографиялық ақпаратты өңдеу дағдыларын дамытады; топта және өз бетінше жұмыс істеу, ынтымақтастық атмосферасын құру, көшбасшылық қасиеттерді таныту қабілетін арттырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
Курстың мақсаты: ХХ ғасырдың басына таман империализмнің отарлық жүйесінің қалыптасу процесі мен оның екі дүниежүзілік соғыс нәтижесінде бөлінуін, отарлық жүйенің күйреуі және Шығыс елдерінің саяси тәуелсіздік алуы туралы білім беру. Студенттер Азия және Африка елдерінің XX-XXI ғғ. даму аспектілерін, шығыс қоғамын модернизациялау проблемаларын, оның геосаяси дамуын зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшпелілер өркениеті
Курс көшпелі өркениет, атап айтқанда қазақ халқын тарихын зерттеуге арналған. Курстың мақсаты-көшпелі қоғамның қызметі мен тыныс-тіршілігінің негізгі ерекшеліктерін, көшпелі әлемнің ауылшаруашылық өркениеттерімен өзара қарым-қатынасын зерттеу, көшпенділердің экожүйе жағдайларына бейімделу тәсілдері, көшпелі табиғатты пайдалану стратегиясының ерекшеліктері, көшпенділердің материалдық өндіріс жүйесінің ерекшеліктері, жерді пайдалану, жерге меншік ерекшеліктерін зерттеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ диаспорасының тарихы
Қазіргі жаhандану үдерісіндегі көшіп-қону факторы, халық тарихындағы табиғи-тарихи катаклизмдердің себебі мен салдарынан мағлұмат береді. Білім алушының бойында Қазақстан тарихындағы зұлмат оқиғалардың қазақ диаспораларының қалыптастырудағы орны туралы теориялық білімдер жүйесі қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы, Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары, Қазақстанның тәуелсіздік алуы мен экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі, әлеуметтік жаңғыру және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған, жаңа тарихи сана мен дүниетанымды қалыптастыру саясаты туралы білімдерді береді. Тарихи өткенге сыни қарап, дәлелді мағлұматтардың негізінде қазіргі қоғамдық мәселелерді шешу жолын түсіндіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы
Пәнді оқыту барысында қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы туралы мағлұмат беріледі. Қазақ халқының ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі рухани мәдениетінің жетістіктері туралы білім алады. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрі, ән-күй өнері және оның өкілдері туралы оқытылады. Студенттер қазақ халқының рухани мәдениетінің жетістіктеріне баға бере алады. Алған білімін зерттеу жұмыстарында қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Дүниежүзі және Қазақстан тарихының кезеңдері бойынша білім мен түсінікті игеріп, тарихтың ғылыми бағыттарының іргелі мәселелеріне қатысты теориялық білімдер жүйесін қалыптастырады, Қазақстанның әлемдік тарихтағы және мәдени үдерістердегі орны мен рөлін көрсетеді.
- Тарихи процестің мазмұнына қатысты білімдер мен түсініктерін кәсіби деңгейде қолданады, оқиғалар мен құбылыстардың генезисі мен тарихына қатысты дәлелдерді қалыптастырады және ғылыми бағыттардың өзекті мәселелерін шешеді.
- Бәсекеге қабілетті маманның құзыреттілігі шеңберінде мемлекеттік басқару, кәсіпкерлік және құқықтық қатынастар туралы білім жүйесін кәсіби қызметінде қолдана білу дағдыларын көрсетеді.
- Әлеуметтік-гуманитарлық және философиялық құндылықтарды меңгере отырып, тұжырымдар жасайды, қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымын талдайды, қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға дағдыланады, құқықтық білімін жетілдіреді, тарихи үдерістерге негізделген пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда, музей қызметі арқылы тарихи сана мен қоғамдық пікірді жаңғыртуда теориялық білімдерді іс жүзіне асырады, қоғамда белсенді бола отырып өзінің азаматтық позициясын көрсетеді, кәсіби қызметінде жинақтаған икемділік дағдыларын қолданады.
- Көшбасшылық және өз бетінше оқу мен даму дағдыларын жетілдіру үшін, ғылыми аппараттарды игеріп, тарихнамалық талдау әдістерін меңгереді, тарихи тұжырымдамалар мен қорытындыларды сыни талдап, бағалайды, өзіндік пікір білдіреді.
- Тарихтың ғылыми бағыттарының ғылыми-зерттеу әдістерін біледі, ғылыми-зерттеу жұмысының бірлескен іс-әрекетін жүйелі үйлестіреді. Тарих ғылымы саласындағы жаңа жетістіктерді, ғылыми-әдіснамалық білім мен дағдыларды пайдалана отырып, академиялық жазу дағдыларын жүзеге асырады.
- Адамзат қоғамының және тарихи процестің даму заңдылықтарының айырмашылықтары мен ортақ белгілерін ажыратады, тарихи даму заңдылықтарына қатысты теорияларды сыни талдайды, жаһандану үдерістеріне тарихи баға беруге дағдыланады, алған білімін зерттеу жұмысында қолданады.
- Академиялық адалдық ұғымдары мен принциптерін, оларды қолдану мақсаттары мен міндеттерін айқындай отырып, өзінің қызметі мен өмір жолында академиялық адалдық қағидаларын ұстанады.
- Тарихшы маманның құзыреттілігі шеңберінде көптілді және көпмәдениетті қоғамда білім алушылар өзара коммуникация үшін қазақ, орыс және шет тілдерін меңгереді, іс-қағаздармен жұмыс жүргізіп, мәдениетаралық деңгейде еркін қарым-қатынас жасайды. Шет тілін меңгеріп, кәсіби қызметінде қолдана біледі, шет тіліндегі ғылыми мақалаларды оқиды, халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда шет тілінде сөйлейді.
- Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгере отырып, түрлі компьютерлік бағдарламалар мен ақпараттық жүйелерді пайдалана алады, компьютерлік желілермен жұмыс жасайды, жасанды интеллектті қолдану арқылы ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, тарату үшін интернет-ресурстары және мобильді сервистерді пайдалана біледі, жасанды интеллектінің көмегімен диаграммаларды қолдану арқылы демографиялық мәліметтерді сандық және сапалық тұрғыдан талдауды меңгереді.
- Археология және музейтанудың фундаментальды негіздерін түсінеді, археологиялық зерттеу әдістерін, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолданады, музей ісін ұйымдастыру және цифрландыру қызметін жүзеге асырады, музейлерде экскурсия жүргізеді.
Ұқсас БББ
6B02201 Тарих
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B02201 Тарих
Торайгыров университеті
6B02201 Тарих
Астана халықаралық университеті
6B02201 Тарих
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B02201 Тарих
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B02201 Тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B02201 Тарих
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B02201 Ғылыми тарих
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi