Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04103 Менеджмент в Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • процестерді, құбылыстарды, жағдайларды сипаттау мен болжау үшін модельдерді пайдалану арқылы сапалық, сандық талдау мен синтезді жүзеге асыру, басқарушылық шешімдерді қабылдау, ғылыми негізделген қорытындылар жасау және өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың қажетті нысандарын таңдау, экономикалық объектілердің қызметін талдау
  • ұйымдардың адами ресурстарын басқару стратегиясын өңдеуге қатысу, бренд-менеджментті, персоналды іріктеу, орналастыру, жалдау, бағалау, аттестаттау оны іске асыруға бағытталған іс-шараларды жоспарлау, бақылау және жүзеге асыру
  • тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасау; қазіргі әлемге бейімделу, сыни тұрғыдан ойлай білу, физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру, Қазақстанның тарихи және экономикалық дамуының өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымды көрсету;
  • шаруашылық қызметтің құқықтық, әлеуметтік, этикалық және мәдени аспектілері бойынша білімін көрсету, денсаулық сақтау және тіршілік қауіпсіздігі мәселелерінде хабардарлықты көрсету, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану
  • кәсіпорын қызметкерлерін, олардың іс-әрекеттерін, мүмкіндіктерін, қабілеттерін басқару, оларды уақытты тиімді жоспарлауға, тиімді шешімдер қабылдауға, көшбасшылық ойлауды дамытуға, коммуникативті болуға, жауапкершілікті өзіне алуға, іскерлік хат-хабарларды құра білуге, этикалық және құқықтық нормаларды басшылыққа ала отырып, командада жұмыс жасау
  • бастапқы деректерді дайындау және қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны ескере отырып, типтік әдістемелер негізінде бастапқы деректерді дайындау және қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны ескере отырып, типтік әдістемелер негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің есебін жүргізу үшін математикалық пәндерді, статистиканы, қаржыны, аудитті, бухгалтерлік есеп пен микро және макродеңгейде талдауды қолдану, академиялық адалдық қағидалары мен мәдениетінің маңызын ұғыну.
  • ұйымдастыру құрылымын жобалау, өкілеттіктер мен жауапкершілікті, көшбасшылық қасиеттері негізінде бөлуді жүзеге асыру
  • әртүрлі деңгейдегі экономикалық жүйенің, экономика мен экономикалық ғылымның тарихы бойынша білімді қолдану негізінде қоғамда болып жатқан әлеуметтік-маңызды мәселелер мен үрдістерді талдай отырып мемлекеттік және жергілікті басқару ұйымдары мен органдарының жұмыс істеуіне макроэкономикалық ортаның әсерін бағалау
  • менеджмент жүйесі мен салалары бойынша білімін пайдалана отырып, ұйымдарды, бөлімшелерді, инновацияларды, инвестицияларды, қызметкерлер командаларын, жобаларды, құжаттарды, коммуникацияларды, және желілерді басқара алу
  • салалық тиістілігін ескере отырып, кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, басқарушылық және қаржылық қызметін сипаттау үшін қазіргі заманғы көрсеткіштер жүйесін пайдалану
  • нарық қажеттіліктерін, тұтынушының сипаттамасын, өндірістік қуаттарды, ұйымның материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ескере отырып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы кәсіпорынның басқару стратегиясының, бренд-менеджменттің экономикалық негіздемесінің есебін жүргізу және кәсіпорындағы өндірісті талдау және жоспарлау білімін қолдана отырып, бизнес-жоспарларды құру
  • ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын, ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын белсенді пайдалану, ғаламдық компьютерлік желілерде ақпаратпен жұмыс істеу
Top