Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01702 Қазақ тілі мен әдебиеті (ғылыми педагогикалық) в Болашақ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты − Жаратылыстану пәндерін жан-жақты меңгерген, өзіндік ой-танымы қалыптасқан жоғары білікті маман даярлау; − Гуманитарлық ғылымдар, оның ішінде лингвистика мен әдебиеттің өзекті мәселелері жөнінде толыққанды мәліметі бар, негізгі проблемалармен таныс және оларды шешу үшін теориялық әрі практикалық жағынан білімі шыңдалған, инновациялық технологияларды білетін бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру; − Ғылыми тақырыптар жөнінде зерттеу жүргізе алатын, мәселенің мақсат-міндетін айқындау және оған жету жолдарын алдын ала дұрыс бағдарлай алатын зерттеуші маман дайындап шығару; − Тұлғалық құндылықтары қалыптасқан, жауапкершілігі жоғары, азаматтық принциптері орныққан, кәсіби құзырет-қабілеті жетілген маман дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы «Bolashaq» академиясы
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Ғылым тарихы және философиясы
Шетел тілі (кәсіби)
Басқару психологиясы
Жоғары мектеп педагогикасы
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы
Қазақ лингвистикасындағы жаңа бағыттар
Қазақ тіліндегі этнолингвистиканың даму жолдары
Лириканы ғылыми зерттеу принциптері
Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттары
Қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар
Драмалық жанрлар теориясы
Көркем әдебиетті зерттеудің ғылыми-теориялық принциптері
Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері
Қазақ тіліндегі синкретизм құбылысы
Түркі тілдерін тарихи-салыстырмалы зерттеу
Түркі тілдерін диахронды және синхронды зерттеу
Түркітану мәселелері
-
2 Оқу жылы
Мәтін синтаксисі
Орфография мен пунктуацияның өзекті мәселелері
Ғылыми мәтіннің прагматикалық мәселелері
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму тенденциялары
Қазақ әдебиетіндегі дәстүр және жаңашылдық
Ғылыми аударманың негіздері
Сөйлеу тілі синтаксисі
ХХ-ХХІ ғасырлар межесіндегі қазақ әдебиеті
Академиялық грамматика теориясы
Тәуелсіз жылдардағы қазақ романы
Қазақ тарихи романы: жеке тұлғаның философиялық мәні
Когинитивті лингвистика
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Арнайы мақсаттардағы қазақ тілі
Қазіргі қазақ прозасының типологиясы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік қатынастар дамуындағы қазіргі заманғы тенденциялар, оқытудың психологиялық табиғаты, тарих, даму және ғылым философиясы туралы білімдерді игереді; философиялық талдау әдістерін қолдана білу арқылы оқу процесін жобалау және шығармашылық дамушы орта құру дағдыларын көрсетеді; жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларына, қабылданған рухани, адамгершілік және құқықтық нормаларға негізделген әлеуметтік және кәсіби өзара әрекеттестікке дайын екендігін көрсетеді.
- Ғылымдағы нақты өзекті мәселелерді смпаттайды және зерттеу әдістерін анықтайды; ғылыми-теориялық күрделі мәселелерді талдайды; ғылым және ондағы проблемалар туралы зерттеушілік пікір-көзқарасы нақтыланады; ғылыми мақсатқа жету үшін қажет міндеттерді анықтай алады және олар жөнінде нанымды әрі жүйелі тұжырым жасауға төселеді; теория мен практиканың арақатынасын, ғылыми түйін жасау мен дәлелдеуді салыстыра алады; ғылым және ғылыми жұмыс туралы білімі тереңдейді, теориялық тұрғыда қорытындылай алады.
- Тақырып өзектілігінің негiздемесін, зерттеу обьектісін пайдалана отырып, методологиялық сипаттамаларын, зерттеудің теориялық базасы болып табылатын негізгі әдебиет көздерін iрiктейді және зерттейді. Әдебиет тарихын дәуірлеуді, әдебиеттану ғылымындағы тарих пен әдебиеттің сабақтастығын, ежелгі дәуірден бергі қазақ әдебиетінің дамуын меңгереді; әдебиет теориясының өзекті мәселелерін, көркем әдебиетті зерттеудің ғылыми принциптерін игереді.
- Тіл тарихын дәуірлеуде теориялық тұжырымдары мен әдіс-тәсілдерін, синтаксистік жүйедегі үнемдеу құбылыстарының заңдылықтарын қолданып, түркі тілдерін тарихи-салыстырмалы зерттеу және тілдердің классификациясын ұғыну арқылы ғылыми аударманың мәтіндегі контексін дұрыс қолданады.
- Тәуелсіз жылдардағы әдебиетте жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің мән-маңызын, ХХ-ХХІ ғ. аралығындағы Абай дәстүрі мен үлгісін дамытудың сан-салалы шығармашылық жетістіктеріне назар аударып, аударма саласындағы қол жеткен жетістіктерді үйретеді; ХХ-ХХІғ. әдебиетіндегі қазақ әдебиетінің басты қаламгерлерінің шығармашылығына тоқталып, әдеби процестің мәні мен мазмұнын түсінеді; өзекті ғылыми-зерттеу жарияланымдарына негізделетін және зерттеу жүргiзетiн саладағы жетекшi мамандар алған негiзгi нәтижелер мен ережелердi талдауды, диссертациялық зерттеу шеңберінде олардың қолданылушылығын бағалаудан тұратын зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді меңгереді.
- Академиялық грамматика теориясының ғылыми таным құрылымын, формасы мен әдісін, оның дамуын, жалпы қағидаларын, қазіргі филологияның негізгі бағыттарын, қазіргі ғылымда қолданылатын зерттеу әдістері мен олардың тәсілдерін, жаңа білімді жетілдіру амалдарын игереді; адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы әлеуметтік рөлдерді орындау, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін меңгереді.
Ұқсас БББ
7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (1.5)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (1)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
7M01702 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
7M01702 Қазақ тілі және әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M01702 Қазақ тілі мен әдебиеті (2 жыл)
«Тұран-Астана» университеті
7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті