Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01401 Музыкалық білім в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жеке тұлғалық қатынасты қолдау арқылы балалар музыкалық ұжымдарының қызметін ынтымақтастық принциптеріне негіздеп ұйымдастырады және басқарады.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады
  • Балалардың музыкалық репертуарын ойнау, сүйемелдеу және транспозициялау дағдыларын меңгереді, оқушының музыканы меңгеруге қызығушылығын арттыру үшін оның жеке музыкалық қабілеттерін ескеріп, даму траекториясын айқындайды.
  • Мектепте вокалдық-хор әдістемесін оқытудың іскерлігі мен дағдыларын көрсетеді, ұйымдық мәдениетте оң өзгерістерді бастауға және жүзеге асыруға қабілетті.
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Қазіргі заманғы музыка өнерінің жетістіктерін кәсіби қызметінде пайдаланады, музыкалық шығармашылықты дамытуға ықпал ететін жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде белсенді қолданады, музыкалық білім беру саласындағы мәліметті шығармашылықпен түрлендіреді.
  • Музыкалық-педагогикалық қызметте тарихи-теориялық, музыкалық-орындаушылық білім мен дағдыларды пайдаланады.
  • Болашақ міндеттерге инновациялық жауаптарды әзірлеу үшін сыни және шығармашылық ойлауды қолдана отырып, музыканы оқытудың мазмұндық және әдістемелік аспектілерін пайдаланады.
  • Топтық ортада музыканы оқыту әдістемесін қолданады, инклюзивті ынтымақтастық, интеграция және өзектілік қағидаттарына негізделген инклюзия әдістерін музыкалық білім беруде пайдаланады.
  • Музыканы оқыту әдістерін кәсіби өсу перспективасы мен өзін-өзі жетілдіру үшін меңгереді және шығармашылық орта құрады.
  • Мәдениетаралық қарым-қатынас мақсатында қазіргі ғылымның әлеуметтік-мәдени, философиялық, психологиялық-педагогикалық аспектілерін талдау дағдыларын меңгереді.
Top