Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01902 Арнайы педагогика в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Ұлттық мәдениет негізінде білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын оқу-тәрбие жұмысын жобалау
  • Ерекше қажеттілігі бар балаларды табысты оқытуға кедергі келтіретін білім беру кедергілерін бағалайды және жояды, ерекше қажеттілігі бар балаларды оқытудың жеке траекторияларын және бейімдеу бағдарламаларын әзірлеу
  • Білім алушылардың жеке білім алу қажеттіліктерін, даму процестерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжау, жоспарлау және басқару
  • Қазақ, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін коммуникативтік дағдыларды меңгеру
  • Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінің қалыптасу кезеңдерін, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы саясатты, ҚР және шетелде арнайы және инклюзивті білім беруді реттейтін заңдар мен нормативтік актілерді талдау
  • Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді зерделеуде зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалау және қолдану қабілетіне ие
  • Ерекше қажеттілігі бар баланың жеке тұлғасын дамыту мақсатында білім алушылардың жеке қабілеттерін және қоғамда психологиялық-педагогикалық қолдау технологиялары арқылы табысты әлеуметтендіруді анықтау және дамытуға жәрдемдесу
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке және әлеуметтік даму проблемаларына педагогтар мен ата-аналарды бағдарлау мақсатында диагностика нәтижелері бойынша психологиялық-педагогикалық тұжырымдама жасау
  • Бұзылған функцияларды қалпына келтіру бойынша түзету-дамытушы топтық және жеке сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді, ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерге төзімді қарым-қатынас көрсете отырып, педагогикалық мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын түсіну және кәсіби этика қағидаларын сақтау
  • Педагогикалық қызметкерлерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға топтық жұмыстың әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, ерекше қажеттілігі бар балаларды түзету-дамыту оқытуды ұйымдастыру технологияларын қолдану бойынша кеңес беру
  • Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады, оқу-тәрбие процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін меңгеру
  • Түзету-дамыту оқыту нәтижелілігінің мониторингін жобалау және талдау, оқушылардың психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылыстарын диагностикалау, олардың құрылымы мен айқындылық дәрежесін анықтау
Top