Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01902 Арнайы педагогика (IP) в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен ерекшеліктерін терең түсіну мен талдауды ескере отырып, табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми және философиялық таным әдістерімен ғылыми түсінуді және зерделеуді қамтамасыз ететін философия негіздері мен жалпы пәндерді білумен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындықты бағалау;
  • қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларына сәйкес әрекет ете отырып, әлеуметтік-саяси, экономикалық және құқықтық білімнің негіздерін біліп әлі түсініп, жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсете отырып, өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту;
  • Тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалау, қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау, жеке қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін: интернет-ресурстар, бұлттық және мобильді ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату қызметтерін қолдану;
  • дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби белсенділікті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бығытталу;
  • жаңа білімді синтездеу үшін ғылыми әдістері мен зерттеу әдістерін қолдана отырып, әдіснама мен талдауды таңдауды жүзеге асыру;
  • сындарлы жеке педагогикалық және қоғамдық қызмет үшін қажетті осы қызмет түрінің алдына қойылған мақсаттарды ескере отырып, офлайн және онлайн режимінде әр түрлі интерактивті, көпмәдениетті, кәсіби қарым-қатынастар мен қауымдастықтар шеңберінде, сындарлары қарым-қатынас жасау;
  • білімгерлердің әртүрлілігін, білім беру ортасының әртүрлі типтерінде олардың психологиялық әл-ауқатына этикалық қолдауды, соныммен бәрге педагогтың әртүрлі сандық ресурстарды пайдалану қабілетін ескере отырып, оқыту, бағалау және білім беру үдерісін дамыту туралы негізгі білімдері мен түсінігінің болуы;
  • Халықаралық және ұлттық құжаттарды, қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымдарын, ұйымның қызметіне және өз жұмысына әсер ететін ұлттық білім беру жүйесінің қағидаттары, заңдары мен ережелерін шарлау, олардың құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптері мен жұмыс әдістерін сыни тұрғыдан бағалау, сондай-ақ өзінің педагогикалық дамуына, ұйымшылдық пен кәсіби әл-ауқатының дамуына жаңа мақсаттар қоя білу;
  • кешенді диагностика мен бағалаудың стандартталған әдістемелерін қолдана отырып, Қазақстан Республикасында қабылданған стандартарға сәйкес оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін және оларды қолдауды анықтай алады;
  • мүмкіндігі шектеулі оқушыларды (бірінші топтағы ерекше білім теру қажеттіліктері бар балаларды) дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелерін түсіну, білім алушылардың әртүрлі білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы және инклюзивті білім беру процесінде кәсіби функцияларды орындау, мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына қосу және олардың дамуы мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау мүмкіндігі;
  • әртурлі білім беру жағдайларында олардың тиімділігін бағалау мақсатында динамикалық мониторингті жүзеге асыра отырып, дамудың шектеулі мүмкіндіктері салдарынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыру;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға және инклюзия жағдайында жұмыс істейтін педагогтарға (бала-педагог-ата-ана) консультациялық көмек көрсету барысында субъектілік қатынастар кешенінде педагогикалық ынтымақтастықты және оң қоғамдық пікірді қалыптастыру және халық арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың білім беру саласындағы идеялары мен білімдерін танымал ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру.
Top