Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B11107 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Туристік өнімді ішкі және сыртқы нарықта ілгерілету үшін заманауи маркетингтік тәсілдерді қолдана білу, ішкі және сыртқы нарықтағы тұтынушылық мүмкіндіктерін зерттеу дағдыларын қолдану
  • Әр түрлі туристік аймақтардағы қонақтарға қызмет көрсету ерекшелігін білу, лауазымдық позицияға сүйене отырып, аймақ мәдениетінің ерекшеліктеріне сәйкес этикалық мінез-құлық нормаларын сақтай білу
  • Заманауи талаптар бойынша қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарындағы талаптарға сай білімді көрсету, қолайлылық деңгейіндегі қызмет көрсетуге қарай кәсіпорынды жүйелей білу.
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу
  • Нарықтың перспективалы бағытын анықтау және ойын-сауық пен қонақжайлылық саласындағы бәсекеге қабілетті нарықтың жаңа сегменттерін қалыптастыру
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі
  • Қонақ үй және мейрамхана бизнесі қызметтерінің ерекшеліктерін білу, қонақүй және мейрамхана кәсіпорынның қызметтерін (бөлімдерін) басқару және қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етуді ескере отырып, стратегиялық саясатты қалыптастыру
  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау
  • Ұйымның корпоративтік мәдениетін сақтау және еңбек қызметін орындау позициясына сәйкес негізгі және қосымша қонақ үй (мейрамхана) қызметтерін ұсыну үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезіну
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
  • Қонақтарға қызмет көрсетудегі базалық білімнің болуы, рәсімдеу және номерлерді брондау бойынша өтініштердің есебін жүргізу және де номерлік қордың жоспарын жүктеу, автоматтандырылған қызмет көрсету ,жүйесіне ақпаратты шығару, үстелді даярлау және тағамды ұсыну технологиялық жүйесіне қатысу
  • Сұранысқа ие қонақ үйлер мен мейрамханаларда қызмет көрсету талаптары бойынша өздігінше дамыту дағдыларын жетілдіру, қонақтардың тұруына қолайлы жағдай жасау үшін қажетті ресурстарды таңдай білу.
  • Электронды және цифрлық технологиялар негізінде қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету дағдыларын меңгеру ,ресурстарды есепке алудың ерекшеліктерін білу, қонақүй және мейрамхана кәсіпорны үшін ресурстарды басқарудың тиімді тәсілдерін анықтай алу
  • Ұйымдастыру және қызмет көрсету үдерісіне тартылған қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының өзге шаруашылық жүргізуші кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау ерекшеліктерін білу, аталған ұйым өкілдерімен келіссөздер жүргізе білу

Ұқсас БББ

Top